Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыЕртеңгілік "Қош, бол балабакша"

Ертеңгілік "Қош, бол балабакша"

Скачать материал

№ 31 «Күншуақ» мектепке дейінгі ұйымы

 

 

 

 

 

«Қош бол, балабақша!»

ертеңгілік

 

 

 

 

 

                                                                         Тәрбиешілер: Елеусінова М.Ә.

                                                                                        .

                                                                                                   

 

 

 

 

 

 

                                                     

 

 

 

                           2014-2015 оқу жылы

Мақсаты: Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Балабақшаның бала өмірінде алатын орны туралы түсінік беру, ата-ана мен бала, балабақша ұжымы мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты бекіту. Ойын тапсырмалары арқылы балалардың білімін анықтау.

Қолданылған көрнекілік құралдар: проектор, хат қалтасы, ойын атрибуттары, шарлар.

Қатысқан кейіпкерлер: Буратино.

Музыка залы шараға сай безендірілген.

Залға бір топ бала жүгіріп келеді.

Би «Буратино»

1-жүргізуші:Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Қуаныштарың құтты болсын ата-ана,

Мереке құтты болсын балаларға!

2-жүргізуші:Жас жүректің өмірлік құштары-гүл,

                       Бағбан — ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Аружан: Ой, қандай керемет, біршама сергіп қалдық - ау!

Назерке: Ия, маған да таңертең ертемен жаттығу жасаған ұнайды.

Нұрай: Шіркін, биді биледік қой, бірақ сол Буратиноны шынымен көрсек  

              қой ия?

1-жүргізуші: Балалар, бүгін біздер сендердің барлық тілектеріңді орындауға

әзірміз. Сендер Буратиноны көргілерің келеді ме?

Балалар: Ия!

2-жүргізуші:Ендеше, бәріміз бірге оны шақырайық.

Балалар: Бу-ра-ти-но!

Залға Буратино келеді. Амандасады.

1-жүргізуші:Сәлеметсің бе, Буратино?!

Буратино: Ой, балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Ал сендер

осындай әдемі болып қайда жиналдыңдар?

Балалар: Біз балабақшамен қоштасып, мектепке барамыз.

Буратино жылап жібереді.

2-жүргізуші: Ой, Буратино сен неге жылайсың? Мектептен қорқудын қажеті

жоқ.

Буратино: Жоқ, мен керісінше мектепке барғым келеді. Бірақ, әкем

Карлоның маған алып берген әліппесін қу Түлкішек мен Базилио

мысыққа алданып беріп жібердім.Енді әліппе де жоқ, кітап та

жоқ, ештеңе білмеймін, мектепке де бара алмаймын, әкеме де

қарай алмаймын (жылайды).

1-жүргізуші: Мәссаған, ол түлкі мен мысықтың жасап жүргендерін қара.

Балалар, бұл жағдайда мен құқықбұзушылықты байқаймын.

Буратинонын қандай құқығы бұзылған деп ойлайсыңдар?

Балалар жауаптары.

2-жүргізуші: Ендеше, Буратиноға өзіміздің білетінімізді көрсетіп, үйретіп

жіберейік. Оның әкесі білетінін байқап, мүмкін ренжімей, оған

басқа әліппе алып берер. Қалай ойлайсыңдар?

Балалар жауаптары.

Буратино: Бірақ, әкем маған мектептегі достарына тапсырмаларды берерсің,

өзңде бірге орындап үйренерсің деген. Оларды қайтеді екем?

1-жүргізуші: Ендеше, бәріміз Буратиноның әкесінің дайындаған

тапсырмаларын орындап көрейік балалар?!

Балалар: Ия!

1-тапсырма «Алғырлар»

Мазмұны: Балалар 3 топқа бөлінеді. 1 топ - әріпке сөз ойлайды, 2 топ – сөздерді буынға бөледі, 3 топ – сөздерге сөйлем құрайды.

2-тапсырма «Кім зерек?»

Мазмұны:экранда берілген есептерді шешу керек.

3-тапсырма «Тапқырлар»

Мазмұны: мақалды жалғастырып, жұмбақ шешімін табу керек.

4-тапсырма «Сен білесің бе?»

Мазмұны: берілген сөздерге тақпақ айту керек.

Буратино: Бәрекелді, балалар, сендер білімді балалар екенсіңдер. Рахмет,

мен енді көп нәрсені білемін. Әкем қуанатын болды.

2-жүргізуші: Буратиноны бізбен бірге мереке тойлауға шақырғым келеді.

Буратино: Алғысымды білдіремін, бірақ мен алдымен әкеме барып

тапсырмаларды орындағанымды айтайын. Сосын қайтіп келіп

мереке тойлаймыз. Жарай ма?

Барлығы: Жарайды!

Буратино шығып кетеді.

1-жүргізуші:Бізде қарап тұрмайық
                       Ән айтайық, жырлайық,
Ата-анамыз қуансын
Қолын соғып аямай, - деп балаларымыздың орындауында

тамаша әнді қабыл алыңыздар!

Ән «Достық»

2-жүргізуші:Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты,

Мың бұралып бишілер би билейді.

Халайық, қол соғыңыз мархабатты - дей келе, алдарыңызда

«Шығыс арулары» биі. Қабыл алыңыздар!

Би «Шығыс арулары» (Салтанат, Лаура, Мерует, Назерке)

1-жүргізуші:Сүйкімді балалық шағы, қызықты күндері, қуанышты сәттері

өткен балабақшасы туралы балаларымыздың ақ тілектерін

қабыл алыңыздар!

Салтанат:Балабақша, балабақша

Шаңырағы шаттықтың,

Балабақша қорғанышы

Балғын сәби жастықтың.

Қуанамыз сыйлаймыз                    

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызбен қимай біз

           Қоштасатын күн бүгін!

Жасулан: This is the mother, (Touch pointer finger.)
                  Who loves everyone,
                  And this is the father, (Touch big finger.)
                  Who is lots of fun.
                  This is my sister -- (Touch ring finger.)
                  She helps and she plays.
                  And this is the baby. (Touch little finger.)

                   He's growing each day.

Николай: Знаем все: вы нас любили,

И хорошему учили.

Одеваться очень быстро,

Умываться очень чисто,

Книжки по слогам,

                  Все, что видим, сосчитать.

Наргиз: This is a family -- (Hold up hand with fingers spread)
                Let's count them and see,
                How many there are,
                And who they can be. (Count 1, 2, 3, 4, 5.)

Назерке:Сен деп соққан балабақшам жүрегіміз,
Өзіңнен бастау алар тілегіміз.
Әркез бізді, колдаған білім берген,
Тәрбиеші мен бақша - ұғым егіз!

2-жүргізуші:Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп – деп, ортаға қазақ биімен

балаларымызды шақырамыз.

Би «Жұмыр қылыш» (Алтынай, Нұрбек, Жасулан, Нұрлан, Диас, Ақнұр, Жоламан, Қолғанат, Ақылбек)

1-жүргізуші:Достарымызды ұмытпай, 
Есімізде сақтаймыз. 
Қимай тұрып ұяны, 
Достық әнін саламыз. 

Балаларымыздың орындауында әнді қабыл алыңыздар!
Ән «Colours song»

2-жүргізуші:Түлектеріміздің жылы лебіздеріне кезек берейік.

Тақпақтар

Әйгерім: Балабакшам-бесік тұлға байсалды 
Құшақ жайып өзің мені қарсы алдың 
Қуанышты, жарқын тілек білдіріп 

Құттықтаймыз дос-жаран, баршаңды! 
Мерует: Jump the rope, Jump the rope,

        Jump, Jump, Jump,

        Jump it high, Jump it low,

        Jump, Jump, Jump,

        Jump it fast, Jump it slow,

        Jump, Jump, Jump,

Нұрай: Сегодня день весенний, светлый,

Такой волнующий для нас.

Промчится лето незаметно...

Нас встретит школа – первый класс!

Алишер: One-have some fun,

Two-I like you,

Three-watch TV,

Four-run to the door,

Five-learn to drive

1-жүргізуші:Балаларымыздың орындауында би өнерінен попурри,

тамашалаңыздар!

Би «Түлектер көңілі»

(«Лезгинка», «Қара жорға», «Хуторянка», «Латино», «Жаңа заман» )

Буратино келеді: Ой, балалар, не деген би қимылдары, керемет билейді

екенсіңдер. Мен әкемнен кешірім сұрап, рұқсат сұрап

міне сендерге қайтып оралдым.

1-жүргізуші: Ой, Буратино сен дәл келдің, біз балаларымызды келесі

көрініске дайындалсын деп жіберіп, олардың ата-аналарымен

ойын ойнағымыз келім тұр.

Буратино: Солай ма? Ал ендеше, ойын шарттарын мен түсіндірсем болады

ма?

1-жүргізуші:Болады. Сен қандай ойын білесің?

Буратино: Маған Карло әкем көптеген ойын түрлерін үйретті. Соның бірі

«Кім бірінші?» деп аталады.

Ойын шарты: 3 ойыншы шығып, музыка әуенімен

қарындаштардан жол салады. Жолы ұзын және тез орындаған

ойыншы жеңеді.

«Қиялдау» ойыны.

Ойын шарты: 4 ойыншы шығады. Үстел үстіндегі 4 аяқталмаған

суретті өз қиялы бойынша салады. Сол суретке қысқаша әңгіме

құрастырады.

«Ата-ана – тәрбиеші» ойыны.

Ойын шарты: 4 ойыншы шығады. Екі жұптан бөлінеді. Топқа

жағдай суреттелген парақша беріледі. Жағдайды өз түсінігі

бойынша сахналап, мәселені шешуі тиіс. Жақсы орындап

шыққан топ мадақталады.

2-жүргізуші:Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,

Есейді де бантикті қыз кешегі.

1-жүргізуші:Алғашқы достарымен қол ұстасып,

Тәрбиешімен қимай барып қоштасып

Келеді бітіруші түлектерің,

Қызыл бантигі өздеріне жарасып.

Залға жұптасып балалар келеді.

2-жүргізуші:Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге де арналады.

Алдарыңызда «Достық» тобының түлектеріне білім беріп,

өнер үйреткен балабақша қызметкерлеріне ақ тілектерін

арнайды!

Алтынай: «Күншуақты» басқарған

 Алмажай Тажиданқызы жақсы адам
                   Сондықтан да біз үшін
                   Артықсыз өзіңіз басқадан!

Жасұлан: Жайдары жүз, ай қабақ

Жүреді бізді аймалап,

Тобымызға жиі кеп

Білгеніңді сұрайтын

Ақыл айтып тұратын

Әдіскер Гүлнара Орналықызына көп рахмет!

Әлішер: Қайнаған су әкеліп 
Іш деп дәрі береді.
Жылтындатып инесін 
Түршіктірер дененді. 
Дәрумен алып қолынан 
Өскен сәби баламыз,
Дәрігер апайлар сіздерге 
Топ атынан мың алғыс!

Диас: Үйретіп әннің сөздерін 
Тақпақтар мен күйлерді 
Өткізетін кештерді 
Дайындайтын біздерді, 
Лариса Илалқызы

Қимаймыз біз сізді де!

Ақылбек:Тақпақты да жаттаймыз 
Оқимыз біз, жатпаймыз.
Ағылшын тілін үйреніп, 
Ақ сенімді ақтаймыз. 
Гүлжан Молдағалиқызы

Thank you very much!
Жоламан:Жаттығулар жасатып,
   Шынықтырған біздерді 

Жарыстарға қатыстырып,
Денсаулықты қолдаған

Мейрамгүл Асхатқызына көп рахмет!

Әсемай:Мың бұралта түрлі биді үйреткен,
Ортамызда өнерлі жандар жүр көптен.

Би үйретіп, көз жанарын түйреген 
Биші Әйгерім Әзімханқызынарахмет көптен!

Қолғанат:Гүлмира Сидагиттоллақызы сізге де
Алғыс айтып қимай барамыз
Қабыл алып мына гүлімізді,
Әрқашан әдемі болып жүріңіз!

Ақнұр:Түрлі дәмді тағамды

Бізге арнап пісірген.
Бақыт апай аспазшыға

Топ атынан мың алғыс!

 

Аружан:Баулап баптап өсірдің,
Балалық етсек кешірдің.
Ұмытпаймыз өзіңізді,
Ұмытпаймыз сөзіңізді

Әлпештеп бізді баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Кенжегүл Жарқынбайқызына мың алғыс!

Лаура:Бізді баптап қараған,

Күлімдеген жақсы адам

Ақ төсекке жатқызған

Басымыздан сипаған,

              Күтуші Гүлмира Абулқызына көп рахмет!

Нұрбек:Жазу жазып үйреткен

Әріптерді оқытқан,

Санамақты жаттатып                              

Санауды бізге үйреткен.

Жақсы болсақ қуанған

Қате болсақ кешірген,

Тәрбиеші Әлия Мұратқызына

Айтамыз біз мың алғыс!

(Балалар қызметкерлерге гүл шоғын сыйлайды)

1-жүргізуші: Балаларымызға балабақша ұжымы атынан үлкен алғыс

айтамын! Әріптестерімнің еңбек нәтижелері мектепте де өз

жалғасын табады деп сенемін. Рахмет!

2-жүргізуші:Бір ата, бір ананың тірегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,

Бірлік барда, тірлік бар деген бабам.

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!, - дей отырып, 

алдарыңызға түлектеріміз соңғы биімен шығып тұр. Қабыл

алыңыздар!

Би «Қоштасу вальсі»

(Бимен қатар «Түлектер күнделігі» слайд-презентация жүреді)

1-жүргізуші:Қымбатты ата – аналар, құрметті балабақша ұжымы міне

сендердің алдарыңызда бірнеше жыл мәпелеп, күтіп,

тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндеріміз мектеп табалдырығын

аттағалы тұр. Әрине бұл үлкен той, тойларыңыз тағы бір

мәрте құтты болсын! Қәне, бәріміз бірге кішкентай

түлектерімізді қошеметтеп, қол соғып қояйықшы.

2-жүргізуші:Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді, 
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды 
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер 
Өздеріңмен қоштасатын күн туды!

1-жүргізуші: Келесі құттықтау сөзін және балабақша түлектеріне диплом

табыстау рәсімін мектепке дейін ұйым меңгерушісі

Тажиданова А.Т.-ға береміз.

(Меңгеруші сөз сөйлейді, диплом табыстайды)

2-жүргізуші:Бізден ұшып талмай қанат қағындар, 
Жүректерден арман отын жағындар 
Жақсы оқып алтын ұя мектепте 
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін 
Өздеріңді сағынып біз жүрейік, 
Құтты болсын қадамдарың аттаған 
Біз сендерге сәтті сапар тілейік! 

Ән «Қош бол, балабақшам»

Ата-аналарға құттықтау сөз беріледі.

Соңы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алия:Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Қуаныштарың құтты болсын ата-ана,

Мереке құтты болсын балаларға!

Кенжегуль: Жас жүректің өмірлік құштары-гүл,

                       Бағбан — ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Би «Буратино»

Алтынай: Ой, қандай керемет, біршама сергіп қалдық - ау!

Меруерт: Ия, маған да таңертең ертемен жаттығу жасаған ұнайды.

Ақнұр: Шіркін, биді биледік қой, бірақ сол Буратиноны шынымен көрсек  

              қой ия?

Алия: Балалар, бүгін біздер сендердің барлық тілектеріңді орындауға

әзірміз. Сендер Буратиноны көргілерің келеді ме?

Балалар: Ия!

Кенжегуль :Ендеше, бәріміз бірге достық туралы әнімізді орындайық,әнімізді естіп, ол міндетті түрде келеді.

Залға Буратино келеді. Амандасады.

Алия:Сәлеметсің бе, Буратино?!

Буратино: Ой, балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Ал сендер

осындай әдемі болып қайда жиналдыңдар?

Балалар: Біз балабақшамен қоштасып, мектепке барамыз.

Буратино жылап жібереді.

Кенжегуль: Ой, Буратино сен неге жылайсың? Мектептен қорқудын қажеті

жоқ.

Буратино: Жоқ, мен керісінше мектепке барғым келеді. Бірақ, әкем

Карлоның маған алып берген әліппесін қу Түлкішек мен Базилио

мысыққа алданып беріп жібердім.Енді әліппе де жоқ, кітап та

жоқ, ештеңе білмеймін, мектепке де бара алмаймын, әкеме де

қарай алмаймын (жылайды).

Алия:Мәссаған, ол түлкі мен мысықтың жасап жүргендерін қара.

Балалар, бұл жағдайда мен құқықбұзушылықты байқаймын.

Буратинонын қандай құқығы бұзылған деп ойлайсыңдар?

Балалар жауаптары.

Кенжегуль: Ендеше, Буратиноға өзіміздің білетінімізді көрсетіп, үйретіп

жіберейік. Оның әкесі білетінін байқап, мүмкін ренжімей, оған

басқа әліппе алып берер. Қалай ойлайсыңдар?

Балалар жауаптары.

Буратино: Бірақ, әкем маған мектептегі достарына тапсырмаларды берерсің,

өзңде бірге орындап үйренерсің деген. Оларды қайтеді екем?

1-жүргізуші: Ендеше, бәріміз Буратиноның әкесінің дайындаған

тапсырмаларын орындап көрейік балалар?!

Балалар: Ия!

1-тапсырма «Алғырлар»

Мазмұны: Балалар 3 топқа бөлінеді. 1 топ - әріпке сөз ойлайды, 2 топ – сөздерді буынға бөледі, 3 топ – сөздерге сөйлем құрайды.

2-тапсырма «Кім зерек?»

Мазмұны:экранда берілген есептерді шешу керек.

3-тапсырма «Тапқырлар»

Мазмұны: мақалды жалғастырып, жұмбақ шешімін табу керек.

Буратино: Бәрекелді, балалар, сендер білімді балалар екенсіңдер. Рахмет,

мен енді көп нәрсені білемін. Әкем қуанатын болды.

Кенжегуль: Буратиноны бізбен бірге мереке тойлауға шақырғым келеді.

Буратино: Алғысымды білдіремін, бірақ мен алдымен әкеме барып

тапсырмаларды орындағанымды айтайын. Сосын қайтіп келіп

мереке тойлаймыз. Жарай ма?

Барлығы: Жарайды!

Буратино шығып кетеді.

Алия:Бізде қарап тұрмайық
                       Ән айтайық, жырлайық,
Ата-анамыз қуансын
Қолын соғып аямай, - деп балаларымыздың орындауында

тамаша әнді қабыл алыңыздар!

Ән «Түстер»

Кенжегуль:Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты,

Мың бұралып бишілер би билейді.

Халайық, қол соғыңыз мархабатты - дей келе, алдарыңызда

«Шығыс арулары» биі. Қабыл алыңыздар!

Би «Шығыс арулары» (Салтанат, Лаура, Мерует, Назерке)

Алия:Сүйкімді балалық шағы, қызықты күндері, қуанышты сәттері

өткен балабақшасы туралы балаларымыздың ақ тілектерін

қабыл алыңыздар!

Жамал:                 

Коля: Знаем все: вы нас любили,

И хорошему учили.

Одеваться очень быстро,

Умываться очень чисто,

Книжки по слогам,

                  Все, что видим, сосчитать.

Наргиз:

Кенжегуль:Бишілерде өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп – деп, ортаға қазақ биімен

балаларымызды шақырамыз.

Би: жұмыр қылыш

 Алия:Достарымызды ұмытпай, 
Есімізде сақтаймыз. 
Қимай тұрып ұяны, 
Достық әнін саламыз. 

Салтанат:Балабақша, балабақша

Шаңырағы шаттықтың,

Балабақша қорғанышы

Балғын сәби жастықтың.

Қуанамыз сыйлаймыз                    

Қуаныштың мың гүлін

Мерует:

 Алишер:

Назерке:Сен деп соққан балабақшам жүрегіміз,
Өзіңнен бастау алар тілегіміз.
Әркез бізді, колдаған білім берген,
Тәрбиеші мен бақша - ұғым егіз!
Психолог тренинг

Алия: Ендігі кезекте балаларымыздың орындауында би папуриге берейік.

Би «Түлектер көңілі»

(«Лезгинка», «Қара жорға», «Хуторянка», «Латино», «Жаңа заман» ) Буратино келеді: Ой, балалар, не деген би қимылдары, керемет билейді

екенсіңдер. Мен әкемнен кешірім сұрап, рұқсат сұрап

міне сендерге қайтып оралдым.

Алия: Ой, Буратино сен дәл келдің, біз балаларымызды келесі

көрініске дайындалсын деп жіберіп, олардың ата-аналарымен

ойын ойнағымыз келім тұр.

Буратино: Солай ма? Ал ендеше, ойын шарттарын мен түсіндірсем болады

ма?

Алия:Болады. Сен қандай ойын білесің?

Буратино: Маған Карло әкем көптеген ойын түрлерін үйретті. Соның бірі

«Кім бірінші?» деп аталады.

Ойын шарты: 3 ойыншы шығып, музыка әуенімен

қарындаштардан жол салады. Жолы ұзын және тез орындаған

ойыншы жеңеді.

«Қиялдау» ойыны.

Ойын шарты: 4 ойыншы шығады. Үстел үстіндегі 4 аяқталмаған

суретті өз қиялы бойынша салады. Сол суретке қысқаша әңгіме

құрастырады.

«Ата-ана – тәрбиеші» ойыны.

Ойын шарты: 4 ойыншы шығады. Екі жұптан бөлінеді. Топқа

жағдай суреттелген парақша беріледі. Жағдайды өз түсінігі

бойынша сахналап, мәселені шешуі тиіс. Жақсы орындап

шыққан топ мадақталады.

Кенжегуль:Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,

Есейді де бантикті қыз кешегі.

Алия:Алғашқы достарымен қол ұстасып,

Тәрбиешімен қимай барып қоштасып

Келеді бітіруші түлектерің,

Қызыл бантигі өздеріне жарасып.

Би «Қоштасу вальсі»

Кенжегуль: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге де арналады.

Алдарыңызда «Достық» тобының түлектеріне білім беріп,

өнер үйреткен балабақша қызметкерлеріне түлектеріміз ақ тілектерін арнайды.

Алтынай: «Күншуақты» басқарған

 Алмажай Тажиданқызы жақсы адам
                   Сондықтан да біз үшін
                   Артықсыз өзіңіз басқадан!

Жасұлан: Жайдары жүз, ай қабақ

Жүреді бізді аймалап,

Тобымызға жиі кеп

Білгеніңді сұрайтын

Ақыл айтып тұратын

Әдіскер Гүлнара Орналықызына көп рахмет!

Әлішер: Қайнаған су әкеліп 
Іш деп дәрі береді.
Жылтындатып инесін 
Түршіктірер дененді. 
Дәрумен алып қолынан 
Өскен сәби баламыз,
Дәрігер апайлар сіздерге 
Топ атынан мың алғыс!

Диас: Үйретіп әннің сөздерін 
Тақпақтар мен күйлерді 
Өткізетін кештерді 
Дайындайтын біздерді, 
Лариса Илалқызы

Қимаймыз біз сізді де!

Ақылбек:Тақпақты да жаттаймыз 
Оқимыз біз, жатпаймыз.
Ағылшын тілін үйреніп, 
Ақ сенімді ақтаймыз. 
Гүлжан Молдағалиқызы

Thank you very much!
Жоламан:Жаттығулар жасатып,
   Шынықтырған біздерді 

Жарыстарға қатыстырып,
Денсаулықты қолдаған

Мейрамгүл Асхатқызына көп рахмет!

Әсемай:Мың бұралта түрлі биді үйреткен,
Ортамызда өнерлі жандар жүр көптен.

Би үйретіп, көз жанарын түйреген 
Биші Әйгерім Әзімханқызынарахмет көптен!

Қолғанат:Гүлмира Сидагиттоллақызы сізге де
Алғыс айтып қимай барамыз
Қабыл алып мына гүлімізді,
Әрқашан әдемі болып жүріңіз!

Ақнұр:Түрлі дәмді тағамды

Бізге арнап пісірген.
Бақыт апай аспазшыға

Топ атынан мың алғыс!

Аружан:Баулап баптап өсірдің,
Балалық етсек кешірдің.
Ұмытпаймыз өзіңізді,
Ұмытпаймыз сөзіңізді

Әлпештеп бізді баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Кенжегүл Жарқынбайқызына мың алғыс!

Лаура: Бізді баптап қараған,

Күлімдеген жақсы адам

Ақ төсекке жатқызған

Басымыздан сипаған,

              Күтуші Гүлмира Абулқызына көп рахмет!

Нұрбек:Жазу жазып үйреткен

Әріптерді оқытқан,

Санамақты жаттатып                              

Санауды бізге үйреткен.

Жақсы болсақ қуанған

Қате болсақ кешірген,

Тәрбиеші Әлия Мұратқызына

Айтамыз біз мың алғыс!

Алия: Балаларымызға балабақша ұжымы атынан үлкен алғыс

айтамын! Әріптестерімнің еңбек нәтижелері мектепте де өз

жалғасын табады деп сенемін. Рахмет!

Кенжегуль:Бір ата, бір ананың тірегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,

Бірлік барда, тірлік бар деген бабам.

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!, - дей отырып, 

алдарыңызға түлектеріміз соңғы биімен шығып тұр. Қабыл

алыңыздар!

Әйгерім: Балабакшам-бесік тұлға байсалды 
Құшақ жайып өзің мені қарсы алдың 
Қуанышты, жарқын тілек білдіріп 

Құттықтаймыз дос-жаран, баршаңды! 
Алия: Келесі құттықтау сөзін және балабақша түлектеріне диплом

табыстау рәсімін мектепке дейін ұйым меңгерушісі

Тажиданова А.Т.-ға береміз.

(Меңгеруші сөз сөйлейді, диплом табыстайды)

Кенжегул:Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді, 
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды 
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер 
Өздеріңмен қоштасатын күн туды!

2-жүргізуші:Бізден ұшып талмай қанат қағындар, 
Жүректерден арман отын жағындар 
Жақсы оқып алтын ұя мектепте 
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін 
Өздеріңді сағынып біз жүрейік, 
Құтты болсын қадамдарың аттаған 
Біз сендерге сәтті сапар тілейік! 

Ән «Қош бол, балабақшам»

Ата-аналарға құттықтау сөз беріледі.

Соңы.

 

 

 

 






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертеңгілік "Қош, бол балабакша""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 158 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2016 2026
    • DOCX 42.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елусинова Маржан Абукызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Елусинова Маржан Абукызы
    Елусинова Маржан Абукызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5322
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 125 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 408 человек

Курс повышения квалификации

Образовательные ресурсы системы дошкольной образовательной организации в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 135 человек

Курс повышения квалификации

Индивидуализация психического развития ребенка дошкольного возраста в контексте системного подхода

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек