Инфоурок Директору, завучу СтатьиЭссе "Абай болмаса, Шәкәрім болар ма еді?"

Эссе "Абай болмаса, Шәкәрім болар ма еді?"

Скачать материал

Абай болмаса, Шәкәрім болар ма еді?

 

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды,

Ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды».

            Алдымен өзімді таныстырудан бастауды жөн көріп отырмын Зауре Молдасадыққызы Утеулинова Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай батыр ауылының тумасымын. Педагогикалық еңбек жолын 1999 жылдан Алматы қаласындағы №122 мектепте география пәні мұғалімі ретінде бастап, аталған мектепте 2000 жылдан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарамын. «Ұстаз болу- өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» демекші, өскелең ұрпаққа тәрбие беру, білім нұрын себу сияқты көп қырлы және жауапты үдерістің бір белсенді мүшесі екенімді мақтан тұтамын, сонымен қатар жауапкершілікті сезінемін.

            «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деген  К.Ушинскийдің  қағидасын ескере отырып,20 жылға жуық еңбек жолымда көптеген біліктілікті арттыру курстарынан өттім.Ондағы алған білімімді мектепте пайдалауға тырыстым.Соның ішіндегі ерекше, қайталанбас орны бар, заман талабына сай «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ, Кембридж университеті мен Педагогикалық шеберлік орталығының «Мектеп басшыларының біліктілігін арттыру» 9 айлық курсы жөнінде ой бөліспекпін.Бағдарламаның негізгі идеясы- үздік әлемдік педагогикалық тәсілдер мен білім беру тәжірибесі негізінде Қазақстан Республикасы жалпы білім беру жүйесін жаңғыртуды қамтамасыз етуге бағытталуы заман талабына сай деп ойлаймын. Өйткені, білім саласындағы қызмет атқарып жүрген әрбір азаматты толғандыратын «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырда өмір сүруге қалай дайындайды?» деген проблемалық сұраққа жауап береді.

            Мен ПШО-ң Алматы қаласындағы филиалында 13 қыркүйек 2016 жылы  аталған  курстың 6 тобына топтастырылдым, оқудың бірінші күні тренеріміз Ғалия Толықбаева «Өзгеріс мектепке қажет пе?» деген тақырыппен миға шабуыл жасады.Бала күнімізден сүйіп, көрген «Менің атым Қожа» фильмінен үзінділер көре отырып ХХ ғасырдың мектебі, Қожасы, Майқановасы және қазіргі ХХІ ғасыр Қожасы мен Майқановасы қаншалықты өзгергені туралы топтық жұмыс арқылы салыстыру жүргізіп,образдарын ашуға тырыстық. Бірінші аудиториялық кезеңнің әрбір күні мен және топ мүшелері үшін өте маңызды болды.Өйткені, біз бұл аралықта топтық жұмысты ұйымдастыру, формативті бағалау, қоғамдастық жұмысын ұйымдастыру,көшбасшылық пен басқару, мектеп мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы, рефлексия жасай білу, мектепті дамыту жоспарын құру, демек, «өзгерісті қалай енгіземіз?», «нені өзгертеміз?» деген сұрақтарға жауап табуға тырыстық. Жалпы 6 топта креативті тренеріміздің арқасында жағымды ахуал мен белсенді, шығармашыл жұмыс ортасы, «мен» емес, «біз» ұғымының қалыптасуы мені өте қуантты.Күнделікті жаңа тақырыптарды меңгере отырып, бір-біріміздің тәжірибемізбен бөлісіп отырдық. Себебі топта тәжірибелі мектеп басшылары, директордың оқу, тәрбие жөніндегі орынбасарлары болды.Мен де мүмкіндігінше тәрбиеге байланысты жинақтаған тәжірибеммен бөлісіп, мектепте тәрбие үдерісін жүйелі түрде қалай ұйымдастыруға болатыны жөнінде ұсыныстар беруге тырыстым.Курс барысында маған ерекше әсер берген «Абай болмаса, Шәкәрім болар ма еді?» деген жаттығу болды. Осы жаттығу арқылы, Абай мен Шәкәрім арасындағы үндестікті зерттей келе, тәлімгерлік үдерістің маңыздылығын түсіндік. «Шәкіртсіз ұстаз- тұл» дегендей  мен мектептің тиімді жұмыс істеуін, мұғалімдердің кәсіби дамуын осы тәлімгерлік үдерісті дұрыс ұйымдастыра білу арқылы қол жеткізуге болатынын түсіндім. Тәлімгерлік пен коучинг үдерісі арқылы бұрынғыдай «Саған не үйретті емес», «Мен не үйрендім?» деген сұрақтың мән-мағынасын  ашуға болатынын айқындадым. Тәлімгер ретінде тренеріміз- Ғалия Толықбаева  әрбір топ мүшесімен сенімді қарым-қатынас орната отырып, өзінің меңгерген, жинақтаған тәжірибесін ортаға салу арқылы курс бағдарламасының орындалуына талапты күшейтіп отырды.МДЖ-1 мен МДЖ-2 іске асыруда зерттеу сұрағым «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін пайдалану арқылы жетістіктерге ынталандыруға бола ма?» деп анықталды.Басымдықтары: мектеп мәдениетін қалыптастыру,бөлінген көшбасшылыққа қолдау көрсету, коучинг, тәлімгерлік, Lesson study үдерісі арқылы мұғалімдердің кәсіби оқуын ұйымдастыру, 7 модульды ықпалдастыру арқылы қабілеті әртүрлі оқушылардың үлгерімін жақсарту. Мектеп мәдениетін қалыптастыру арқылы қарым-қатынастық құзыретті жақсарту, ол өз ретінде мектептің иммиджінің өсуіне әсерін тигізеді деп ойлаймын.Тәлімгерлік үдерісте тәлім алушыларымның кәсіби өсуіне ықпал етуім мені қуантты.Ресурстармен бөлісе отырып, мүмкіндігінше бар үйренгенімді тәлім алушыларыма үйретуге  тырыстым: эмоцияны өзін-өзі реттеу теориясы арқылы басқару, оқушыларды формативті бағалау арқылы ынталандыру, Блум таксономиясы негізіде бағалау, сыни рефлексия жасай білу, ментальды карта сызу, SMART мақсаттар қоя білу т.с.с. Коучинг үдерісіндегі «оқушы үнін» тыңдау мен үшін өте маңызды, өйткені мектепте тәрбие үдерісінің мақсаты ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген, көшбасшылық қасиеті бар, өз ойын еркін жеткізе білетін азамат тәрбиелеу.Оқушылар бойында көшбасшылық қасиетті мектептің өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын дұрыс ұйымдастыру арқылы іске асыруға болса, ұлттық құндалықтарымызды жасөспірім бойына Назарбаев Зияткерлік мектебінің «100 ән,100 кітап» бағдарламасы негізінде жасалған «25 ән,25 кітап» жобасы арқылы мақсатқа жетуге болады. Мектебімізде «Мектеп дауысы», патриоттық әндер байқауы дәстүрлі түрде жүргізілсе, биылғы оқу жылы 25 әнге байланысты сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылып, орта буын оқушылары Н.Тлендиевтің мемориалды музейіне саяхат жасағаннан кейін «Бұл әннің шығу тарихын сіз бұрын білуші ма едіңіз?» тақырыбында  эссе жазды. Кітап оқуға келетін болсам, мектебімізде дәстүрлі түрде Абай, Мағжан оқулары, М.Мақатаевтың туылған күніне орай әдеби-сазды кеш ұйымдастырылып отырады. Мектебіміздегі драмалық үйірме де кітап оқуды насихаттауда өз үлесін қосуда. «Үздік оқырман» номинациясы бастауыш, орта, жоғары сынып оқушылары  және мұғалімдер арасында 25 мамырда марапатталады деп жоспарланып отыр.Бұл үдерісті дәстүрге айналдырсақ нұр үстіне нұр болар еді. Менің  сүйікті кітабым,соңғы оқыған кітабым, оқуға ұсынатын кітабым деген сұрақтардан тұратын  мектеп фойесіне ілінетін кесте әзірлеуді жоспарлап отырмын.

Қорытындылай келе, мектеп басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы білім саласындағы тұсбағдар іспеттес, өйткені ол көкжиектің тұстарын көрсеткендей, қандай бағытта даму қажеттігін нақты айқындап отыр.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе "Абай болмаса, Шәкәрім болар ма еді?""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 311 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.05.2017 2871
    • DOCX 16.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Утеулинова Зауре Молдасадыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12431
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация работы и руководство подразделением по научным исследованиям и разработкам

Руководитель научной организации

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Формирование метапредметных компетенций учащихся на уроках ИЗО и искусства

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 72 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 845 человек из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 422 человека

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 22 регионов

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе