Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Обществознание / Презентации / ЭССЕ на тему: "ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ, ҚОЗҒАЛЫС БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ"

ЭССЕ на тему: "ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ, ҚОЗҒАЛЫС БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ"

  • Обществознание

Поделитесь материалом с коллегами:

ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ, ҚОЗҒАЛЫС БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

Қазақстанда адам денсаулығына, соның ішінде жасөспірімдер денсаулығына көп көңіл бөлінеді. 1997 жылғы Қ.Р. Президенті Н.Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» халыққа жолдауына байланысты бөлімдерінің бірі азаматтардың денсаулығын жақсартуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған болатын.

Мақсаты мен міндеті:

Дене тәрбиесі әлеуметтік жүйе түсінігі мынандай бөліктерден құралады: бірнеше элементтердің бірігуі; бір-бірімен қарым – қатынаста, байланыста болуы; белгілі әр мақсатқа құрылуы.

Дене тәрбиесі тек ғана мынандай жағдайларда ғана өз нәтижесін бере алады, яғни ол белгілі бір жүйе, әдіс – тәсілдер бойынша ұйымдастырылып, қоғамдық мақсат, мүддесіне сай келсе.

Дене тәрбиесінің жалпы мақсаттары түрлі жолдармен жүзеге асады. Осы мақсаттар мектепте дене тәрбиесі сабақтары, денсаулық топтары, секциялар,стадиондағы клубтар,сонымен қатар үйде жеке гиммнастикалық жаттығулармен айналысу,серуендер т.б арқылы жүзеге асырылады.Дене тарбиесінің теориялары мен методикалары,арнайы теориялары мен спорттық педагогикалық тәртіптері дене тарбиесі жүйесінің сипаттамасын толық ашып көрсетеді. Дене тәрбиесінің негізгі түсініктері мыналар: “спорт”, “дене шынықтыру”, “дене тәрбиесі”. Денешынықтыру тусінігіне дене тәрбиесі оның негізгі бір бөлігі ретінде педагогикалық процесінің 3 бағытында кіреді.

1.Жалпы дене тәрбиесі.

2.Кәсіби бағыттағы дене тәрбиесі.

3.Спорттық бағыттағы дене тәрбиесі.

Осы 3 дене тәрбиесі бағытының тең дәрежеде болуын ал 2-ші жағынан әртурлі өзіндік критерийлерінің барын және олардың дене тәрбиесі мақсаттарының шешудегі маңызы зор.

Мектептегі дене шынықтыру ол қоғамның материялдық және рухани байлықты байланыстырып мектепте балалардың дене күші жағынан өмірге дайындығы.

Денешынықтыру пәнінің білім беру саласындағы негізгі мақсаты – оқушылар денсаулығын нығайту, білім, өмірлік маңызда қозғалыс біліктілігі мол дағдыларын қалыптастыру, адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке тұлғаны үйлесімді дамыту. Денешынықтыру пәнінің міндеттері – маңызды қозғалыс дағдыларын танымдық қозғалыс белсенділігін қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі турлерімен оқушыларды таныстыру.

Сабақ тығыздылығы көп жағдайда оқушылардың оқу әрекеттерін ұйымдастыруға байланысты болады. Педагогика теорияся мен тәжірибесінде оқытуды ұйымдастырудың кеңінен қолданылатын келесі түрлері қалыптасқан: фронтальды, ағымдық, топтық, форнтальды-топтық, ( ауыспалы, жеке). Фронтальды тәсіл: сыныптың оқушылары бір уақытта мұғалімнің жетекшілік етуімен бір тапсырманы орындайды. Бұл әіс барлық сыныптарда, әсіресе 5-6 сыныптарда көп қолданылады, себебі бұл топтағы жастард қимылды өз бетімен меңгеру бойынша жеткіліксіз дайындалған. Фронтальды әдіс бойынша оқушыларды жаңа материалмен, сақтандыруды қамтамасыз және жоғары және төмен стартты орындау, тік жүгіру, мәрені аяқтау, секіру схемасы , допты лактыру техникасы, сапқа тұру, жадлпы дамытушылық және акробатикалық жаттығуларды, канатпен тартылу, баскетбол, волейбол, қол добы, футболға үйрету және ойнау барысында көмекті қажет етпейтін қарапайым қимылдарды үйретуге өте қолайлы.

Сабаққа дайындалу кезінде қиындығы бойынша әр түрлі, бірақ мақсаттары бірдей бірнеше сабақ нұсқаларын құруға болады. Мысалы: бірінші бөлу бойынша (күшті оқушылар) қимылдық әрекет тұтастай беріледі, екінші бойынша – дайындық жаттығулары. Келесі сабақта екі топ та әрекетті тұтастай орындайды, тек бірінші топ қиындатылған, екінші топ жеңілдетілген жағдайда орындайды.

 

 

Мысалы: Мектептегі 7- сыныптың біріне жүргізген іс-тәжірибеде мына нәрселер айқындалды. Сабақ барысында класс оқушыларын 2- топқа бөліп,сабаққа өте белсенді және орташа белсенділеріне әртүрлі тапсырмалар берілді. І-топтағы оқушыларды баскетбол ойынында шабуылшы болуға, ІІ-топтағылар қорғаушы болуға дайындалды.

Нәтижесінде: Өте белсенді және орташа белсенді оқушылар тапсырманы орындап шықты.

Соған байланысты әр топтағы оқушылар деңгейіне, шамасына қарай бағаланды. Бірақ, оқушыларға бұл жаттығулардың оңай және қиындығы айтылмады. Оқушылардың біліктілік деңгейіндегі кемшіліктер бірте – бірте деңгейлік тапсырмалар беру арқылы жетілдірілді.

Топтық әдістің қарапайымдылығын қысқарту мақсатында оқушыларға қимыл қозғалыстарының сапасын дамыту мен ағды икемдерін жетілдіру үшін қосымша тапсырмалар беріледі.

Соңғы уақыттарда оқушыларды дене тәрбиесіне тәрбиелеуде әртүрлі дәстүрлі емес әдістер қолданылуда. Ол әдістердің көздеген мақсаты оқушылардың өз денсаулықтарына деген дұрыс көзқарас қалыптастыру.
Дәстүрлі емес дене жаттығулары дене тәрбиесін түрлендіру үшін емес, сондай-ақ, жеке шығармашылық ерекшеліктерді қалыптастырады. Мақсатқа жетудің әдістері мен мүмкіндіктерін табуға көмектеседі. (Эмоциональдық көңіл күй, жұмысқа деген құлшыныстың артуы).
Дәстүрлі емес тәсілдерге халықтың әдістердің енгізілуі, баланың бойындағы жеке психологиялық денсаулығын қалыптастырады, осының негізінде әрқилы ойлау қабілеті артады, өзін-өзі тану процесі басталады.
Дәстүрлі емес формалар мен әдістер оқушының ағзасына әсері келесі бағыттармен анықталған: «цигун» жаттығуларының элементтерін қолдану М. Норбековтың сауқтыру жаттығулары стретчинг (созылу), омыртқаның дұрыс қалыптасуы және аурулардың алдын алу, таяқпен жаттығу жасау, зеректік жаттығулар және өзін-өзі бақылау және т.б.

Бұл әдістерді жоспарлы бағдарламаға сай гимнастика бөлімін өткенде жоғары және төменгі иілу, омыртқаның тік және бүгілген қалыпта созылуы, аяқ – қол буындарын бүгу ию, мойын омыртқаны әртүрлі бағытта қозғалту, таяқпен, доппен, гимнастикалық обручпен қимыл – қозғалыстар жасату дәстүрлі емес әдіс – тәсілдерге жатады. Бұл әдістерді сабақ арасында қосымша пайдаланып отырудың оқушының көңіл – күйі мен денсаулықтарын нығайтуда маңызы зор.

Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру — қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді.

Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», — дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді.

Бұл ұлттық ойындарды 6 – 7 сыныптар арасында орындаған нәтижелі болады.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Мектептегі денешынықтыру, 2010ж.№13 32 – 34 б.

  2. Қазақ спорты.

  3. Әдістемелік нұсқау.



Автор
Дата добавления 29.11.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Презентации
Просмотров15
Номер материала ДБ-400131
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх