Инфоурок Физика Другие методич. материалыФизика пәнінен сабақтан тыс іс-шара "Тапқыр достар"

Физика пәнінен сабақтан тыс іс-шара "Тапқыр достар"

Скачать материал

Физика пәнінен өткізілетін «Тапқыр достар» сайысының ж о с п а р ы

Мақсаты:

-         Физика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру;

-         Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.

-         Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  бірлескен ұжымдық іс- әрекет.

  Сабақтың әдісі: дәстүрлі емес сабақ.

  Пәнаралық байланыс: информатика,  математика, география, биология, информатика, әдебиет

Сайыстың жоспары:

1.     Іріктеу туры (12 сұрақ)

2.     Әріптерді құрастыру арқылы екі топтың ұйымдасуы, топтың атауы беріледі.

3.     Таныстыру (әр топ тобын, ұранын айту);

4.     «Кім жылдам» (викториналық сұрақтар);

5.     «Домино» (сөздерді ретімен орналастыру);

6.     «Ойлан тап!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

7.     «Тіл өнер» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару;

8.     Серігіту сәті.

 

 Физика жайлы өлең.

 

Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой.

Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой,

Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап, алдыңнан қалмайды екен тіріде ол.

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас, космос кораблі, атылған тас

Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр, бәрінің бағынары физика ғой

Сондықтан табиғаттың сырын терең

Деушіге оқып, зерттеп, білем, көрем,

Демесең болсын егер еңбегім еш,

Әуелі физиканы оқы дер ем! 

 

Іріктеу туры

Турнирды бастау үшін, алдымен екі топ құрылу керек. Ол үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіздер: (2-13 слайд)

 

1.     Сағаттың ¼ -і неге тең? 15 минут

2.      Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар? 50

3.     1 кг судың көлемі неге тең? 1 литр

4.     Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (егер ата, әке, бала болса)

5.     2-нің 6 дәрежесі. 64

6.     Ең үлкен уақыт өлшем бірлігін айтыңыз ғасыр

7.     Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? 3

8.     Қай жағдайда біз 2-ге қарап тұрып, 10 деп айтамыз? (сағаттың минуттік тілі 2-де тұрса біз 10 мин өтті д.а)

9.     Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/

10. Қай жағдайда біз 2-ге қарап тұрып, 10 деп айтамыз? (сағаттың минуттік тілі 2-де тұрса біз 10 мин өтті д.а)

11. Қайсы үлкен 2 м ме әлде 198 см ме? 2 м

12. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар? 12

 

 

2.     Әріптерді құрастыру арқылы екі топтың ұйымдасуы, топтың атауы

беріледі.

- Енді топтарымыз құрылғасын, әріптер бойынша өз топтарыңызға атау бересіздер

Ойынға 2 топ қатысады.

1.     «Протондар» тобы

2.     «Нейтрондар» тобы

 

3.      (Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады.) ( 5-10 ұпай)

1-топ: «Ойшылдар» тобы

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

              Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.

Сәлемдесуі:

              Достарым ерігіп жүрме бос,

              Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

              Жеңіспен мәреге барайық,

              Жеңістің ұранын салайық.

 

2-топ: «Тапқырлар» тобы

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

              Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:

              Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

              Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

              Алға қойған мақсатымыз бір екен,

              Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

 

Шеберлікті, білімді
сараптап сіздер көріңіздер
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне
, тапқырлығына баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстыру.

І тур.
   4.  «КІМ ЖЫЛДАМ» (блиц-сұрақтар 10/10)

1-топ

 

р/с

 

 

Сұрақтары

 

 

Жауабы

1

Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі

Бит

2

Сурет салуға арналған бағдарлама?

Paint

3

Күштің өлшем бірлігі?

Ньютон

4

Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал

Амперметр

5

Дүние жүзі бойынша алғашқы ғарышкер

Юрий Гагарин

6

Электр тогы дегеніміз не?

Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы

7

Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі?

Джоуль

8

«Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? /

механика

9

Ауаның қысымын анықтайтын құрал /

Барометр

10

Ток күшінің өлшем бірлігі?

Ампер

 

2-топ

 

 р/с

 

Сұрақтары

Жауабы

1

Бір байтта қанша бит бар?

8 бит

2

Вирусты тауып жоятын программа

Антивирус

3

Жұмыстың өлшем бірлігі

Джоуль

4

Кернеуді өлшейтін құрал

Вольтметр

5

Қазақстандық ғарышкерлерді ата

Тоқтар Әубакіров, Талғат Мұсабаев

6

Радионың атасы

Александр Сергеевич Попов

7

Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі

Рекс

8

Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым

Әл-Фараби

9

Заттың ең кішкентай бөлігі?

атом

10

Физика не туралы ғылым?

табиғат

ІІ тур. 5. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);

 

     Жауабын тапқан топқа – 10 ұпай.

     Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек: келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.

 

Сөздер:  Евклид – файл – телеграф – килобайт – робот – дюим – процессор – монитор – тире – разряд – диск.


ІІІ тур. 6. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау)

2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды. Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай.

 

«А» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.

2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.

 

«В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

1. Бетін қағазбен жап.

2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?

Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су


IV.  7. «ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

Дұрыс жауапқа қазақ тілінде – 10 ұпай, орыс тілінде – 10 ұпай, ағылшын тілінде – 10 ұпай.

Сұрақтар:

1.     Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)

2    Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

      Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)

3.   Суға салсаң батпайы,

      Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)

      4.   Қабат-қабат қаптама,

      Ақылың болса аттама.  (кітап, книга, book)

5.   Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)

      6.  Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)

8.     Серігіту сәті

1

Потенциалдық энергиясы 400 Дж, 4 м биіктіктегі дененің массасы (g=10 м/с2

Жауабы: 10 кг 

2

Электр қоздырғышындағы ток 5 А, кернеу 220 В. Кедергісі нешеге тең? 

Жауабы: 44 В 

3

6 Н күштің әсерімен массасы 3 кг-ға тең дененің үдеуін табыңыз? 

Жауабы: 2 м/с2

 

 

9.     Қорытынды

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Физика пәнінен сабақтан тыс іс-шара "Тапқыр достар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 075 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2016 1315
    • DOCX 83 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мадирова Кумыс Жумабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мадирова Кумыс Жумабековна
    Мадирова Кумыс Жумабековна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18729
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 539 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 134 человека

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 866 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек