Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Фонетиканы ақпарттық комуникативтік технология арқылы оқыту
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Фонетиканы ақпарттық комуникативтік технология арқылы оқыту

библиотека
материалов

Фонетиканы ақпараттық комуникативтік технология арқылы оқыту.

Май ауданы

Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп

Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі

Кайракбаева Алмагуль Базарбаевна

Қазақстан Республикасындағы оқу мен тәрбие жүйесін техникаландыру мен автоматтандыру тенденциясының болашақ қарқыны мен қадамдары іздеумен және компьютерлік жүйені оқу-тәрбие үрдісіне енгізумен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа технологияларымен қамтамасыз етілуі міндеттелген. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алғаннан бері мектептер аудиторияларда оқыту мәселелері терең зерттеліп, көптеген әдістемелік жаңалықтар оқыту үрдісіне енгізілді. Қазақстан Республикасының қоғамдық-әлеуметтік дамуы мен қазіргі уақыт сұранысына орай компьютерлік оқыту технолгиясының алатын орны күн өткен сайын зор.Компьтердің кең мүмкіншіліктерінің бірі – интернет жүйесі. Мектептегі оқу пәндерін оқытуды сапалы дәрежеге көтеруге ықпал ететін интернеттегі программалардың қоры оқыту үрдісіне жаңа мүмкіндіктер жасайды. Осымен бірге оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудағы компьютерлік оқыту технолгиясының маңыздылығы күн өткен сайын анық аңғарылуда. Қазіргі заманда ақпараттың көптігі мен жету жылдамдығы, осы мәселенің психологиялық ерекшелігі де мектеп қабырғасында, сабақта компьютерлік технологияны меңгерудің маңызы мен қажеттілігін дәлелдейді. Қазақ тілін мектепте оқытуда қатысымдық  (коммуникативтік) бағытты ұстану басты мәселе болып табылады. Қатысымдық тұрғыдан ұйымдастырылған қазақ тілін оқыту үрдісінің тиімді болуы осы зерттеу жұмысында қатысымдық тұлға – мәтінді компьютер арқылы оқытумен тығыз байланысты. Өйткені компьютердің мультимедиалық мүмкіншіліктері оқушының тілін дамытуды жан-жақты басшылық жасай алады. Қазақстандық білім беру жүйесінде барлық пәндер бойынша электрондық құралдар жасалып жатқаны белгілі. Дегенмен практикадағы қолданыс барысы әлі мардымсыз екендігін республикалық басылымдардан да, мектептердегі қазақ тілін оқыту тәжірибесінен де көп байқауға болады. Зерттеу жұмысының өзектілігі осы айтылғандармен байланысты айқындалады.

Бүгінгі білімденудің үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығы өте төмен болып тұр. Аталмыш мәселені шешу барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы оқу бағдарламасында: Қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасы- қазақ тілді емес мектептерден қазақ тілін комуникативтік тұрғыдан меңгеруді қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім ортадан жоғары деңгейден іс жүзінде асыратын; оқушының сөйлеу дағдысымен сауатты жазу дағдысын қалыптастыратын білім мазмұнын қалыптастыру мақсаттары белгіленген.Сондықтан ерекше бөлінетін мәселе басқа ұлт балалардың қазақ тілі фонетикасы орфографиясын, орфоэпиясын меңгерту өзекті мәселе. Осы мәселені тиімді шешудің бір жолы қазақ тілі сабағында инновациялық технологиялар, соның ішінде ақпараттық комуникативтік технологиялардың қолдануларының мәні зор.Оқу әрекетінде ақпарттық коммуникативтік технологияларын оқушылардың қызығушылықтарын тудырады, танымдық белсенділігін арттырады.Жалпы тұлғалық қабілеттерін қасиеттерін дамытуда зор әсері бар.

«Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі - тіл,бірі - ділінің жүректігі»

ғұлама Жүсіп Баласағұнның пайымында терең мәні бар.Себебі адамның дүниетанымын кеңейтетін адами қасиеттерін қалыптастыратын рухани дүниесін байытатын құрал -тіл.

Тіл меңгеру оңай үдеріс емес.Оның ішінде ұлты басқа балаларға қазақ тілін меңгерту әлі де баршылық.

Бұның оң шешудің бір жолы оқыту үдерісінде баланың өзіндік белсенді іздену зерделеу, зерттеу әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру.Оның ішінде шешуші рөлі ақпараттық коммуникативтік технологиясы себебі замануи қоғамда жаһандану қоғамда үдерісінің қарқындап кезеңінде ақпараттық толасыз ағымында дұрыс бағдарламалар да болу өте маңызды. Мектепте ақпарттық коммуникативтік технологияларын меңгерту арқылы ақпарат пен сауатты жұмыс істей білуге қажеттісін сұрыптап алуға, оны оқу әрекеттерінде ұтымды қолдануға машықтандыру керек. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.
Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.
Орыс мектептерінде Қазақ тілін, мемлекеттік тілді оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ тарауы, 18-ші бағытының 7-ші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ 17-ші бағыттың 3-ші тармақшасында «он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз – балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім.
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің, мемлекеттік тілді оқытудың басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген [1]. Өз бетімен білім алу – педагогтың кәсіптік шеберлігін көтерудің бірден бір жолы.
Оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдылар қалыптастыруда олардың психикалық қасиеттері, оқуға бейімділігі, икемділігі мен дайындық дәрежесі ескерген маңызды іс болмақ.  Міне, осы сияқты әр түрлі жұмыстар жүйесінде әрбір оқушының оқуға деген бейімділігі мен икемділігі арта түседі.




Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010ж

2.12 жылдық білім беру тұжырымдамасы, 2010ж

3.   Л.П.Крившенко «Педагогика» М, 2004г

4. «Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдіру »
Қобдиқова Ж.У. А.,2005 жыл

5.Г.К.Селевко «Современные образовательные технологии» 1998г

6.Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А. Санат, 1995

7.Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – А. Қазақ университеті, 1993

8.Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары –А. 2001 









Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров94
Номер материала ДБ-372346
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх