Инфоурок Школьному психологу СтатьиГАДЖЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ тақырыбындағы Баяндама

ГАДЖЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ тақырыбындағы Баяндама

Скачать материал

 БҚО, Теректі ауданы,

Подстепный қазақ жалпы

орта білім беретін мектебі

педагог-психологы

 Сакипкалиева Рита Алибековна

 

 

Қазір гаджетті ұстайтындардың жасарып бара жатқаны жасырын емес. Өйткені тілі шықпаған, аяғын баспаған балалар смартфон, планшетті, компьютерді меңгеріп алған. Психолог, социолог, психиатр, медицина саласының мамандарының бұл құбылыс жөнінде ортақ тоқтамы жоқ. Өйткені оның жеткіншектерге психологиялық, физикалық оң және кері әсері туралы дау әлі толастамай тұр. Инновациялық техноло­гиялар өндірісін жетік меңгере білу – қазіргі заманның талабы, сұранысы.

Осы гаджеттерді пайдаланудың тиімді тұстары  бар екенін  білесіз бе?

  

 

 

Гаджеттерді пайдаланудың тиімділігі

 

Қазір көп жағдайда балалардың мобильді телефон, планшет сияқты технологияларды еркін меңгеріп кететініне таңғалып жатамыз. Оны көп пайдаланудың зиян екені де миы­мызға сарт еткенде, қолдарынан жұ­лып аламыз, ойнауына дереу ты­йым саламыз. Ал мұнымыз дұрыс па? Жалпы, қай жасынан бастап қолдан­ғаны жөн? Тиімділігі қандай? Аз-кем ойланып көрейікші.

Жаңа медиа институтының (МОМRI) зерттеуінше, қалыптасып қалған стереотиптерге қарамастан, кәсіби психологтардың көбі мобильді ойындар мен ой-қабілетті дамытатын қосымшалар (приложение) балаларға пайдалы, кей жағдайда ата-аналарға тиімді деген пікірде. Бастысы, белгілі ережелерді сақтау керек. 

Қайта балаға гаджеттерді таныс­тырған дұрыс екен. 1,5-2 жасар сәбиге мобильді телефон мен планшеттің не екенін, үйдің басқа да заттары, ыдыс-аяқтары сияқты түсіндіріп, оған «тыйым салынған» дүние ретінде ой қалыптастырмаған жөн. Балаға гаджетті 3-5 жастан бастап беруге болатын көрінеді. Жалпы  балаларға 3 жасқа дейін гаджеттерді көрсетпеген абзал. Өйткені 1 мен 3 жас аралығында баланың бойында затты тану процесі жүреді, сол уақыт­та қайта ата-ана оның затты көріп, қолымен ұстап, иіскеп, тістеп көре алатындай жағдай туғызғаны дұрыс. Ол ішкі түйсік пен ақыл-ойдың да­муына алып келетін маңызды қадам. Баланың тілі де үлкендермен сөйлесу қажеттілігі туындағанда және әр нәрсені атаумен айту қажет болғанда тезірек шығады. 

Қазір барлық гаджеттер сенсорлы экранды. Сондықтан экранда саусақтың ұшымен объектілерді жылжытуда баланың моторикасы дамиды. Моториканың қимылды, координацияны жақсартумен қатар баланың миындағы сөйлеу қабілетіне жауапты бөлігінің жұмысын жақсартып, дамытады. Тілінің шығуы кешіккен балалар үшін логопед, дефектолог мамандар саусақ ұштарымен түрлі жаттығу жасап моторикасын дамытуға кеңес береді. Ал, сенсорлы экран арқылы ойын ойнаған бала осы шарттарды әлдеқашан орындап шығады.

Гаджеттерді пайдалана отырып, бала қимылдайды да, бір жағынан демалады, коммуникацияға түседі, бұл мидың жұмыс істеуіне алып ке­леді. 3 жастан бастап сәби «әлеумет­тену» сатысынан өте бастайды. Дәл сол кезде балаға гаджетті дұрыс пайдалануды үйретуді қолға алуға болады. Мысалы, ата-ана баланы планшет, мобильді телефоннан мүлдем шектеп тастаса, күндердің бір күні бұлармен жұмыс істеу керек бол­ғанда, ол оның қыр-сырын түсінбей, абдырап, үйренуіне қиын болуы мүмкін.   

Баласы тынышсыз, тентек ата-аналарды қуантатын жаңалық та бар екен. Электронды ойын ойнаған балалар өзін өзі ұстай алатын болып шығады, әрі гипербелсенділігі төмен болады. Сондықтан болар қазір көп жерде ата-аналар балалар мазасын алмау үшін смартфонын ұстата салатыны... Ауруханада, ұзақ жол сапарларында, кептелісте тұрғанда балаңыз үшін бар ойыншықты тасып әуре болмай, гаджеттердің көмегімен қызықты мультфильм немесе ойын қойып қоюыңызға болады.

Айтпақшы, ойынқұмарлардың ұйқысы тыныш, сонымен қатар түсті де жақсы көреді екен. Өйткені, ойын сюжеті бойынша түрлі виртуалды орталар олардың фантазиясын жақсы дамытатын болып шықты.

Оқушылар үшін компьютер, планшет, телефон сияқты құралдар бірлесіп ойнауына септесетін жақсы «алаң» іспетті. 

Cонымен қатар тағы бір жақсы тұсы кітапхана қалтаңызда. Балаңыздың интернеттің тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қажетті ақпараттардың көзі екеніне көзін жеткізу керек. Оқу үрдісі кезінде де көмекші екенін ескеру керек. Пайдалы дегенде ойынды мөлшерлі түрде, ағзаға зиян келтірмейтін танымдық деңгейде пайдалану ғана пайдалы болмақ.

Компьютер дәуіріндегі балалардың ақпаратты қабылдауын зерттеп шыққан ресейлік зерттеуші Евгения Петрованың «Дети и компьютер» атты еңбегіне қаралық. Зерттеуде педагогтың бірінің компьютердің 7-8 жастағы балалардың белгілі бір дағдыларын қалыптастыруға оң ықпал ететіні туралы пікірі келтірілген. «Бұл - логикалық және абстрактылық ойлау қабілетін дамыту жайында. Ойындар балаларға өзіндік шешім қабылдауға, әрі бір әрекеттен екіншісіне жедел ауысуға көмектеседі. Электрондық құрылғы балалардың шығармашылық қабілетіне жақсы әсер етеді. Бұл балалардың жеке ерекшеліктеріне байланысты: бір балалар шет тілін жылдам меңгеретін болса, біреулері сурет жақсы салады» делінген зерттеуде.

Интернетті пайдаланып алған бала ақпаратты жедел іздеп табуға бейім. Зерттеуде психотерапевт Н.Н. Нарицынның пікірі келтірілген. Ол: «бала компьютерді ерте үйренгені жөн, алдымен компьютер ойындарынан бастап, үйренген соң танымдық-үйретуші бағдарламаға көшкен дұрыс»  деп санайды.

Электрондық дәуірде балалардың ақпаратты қабылдауы өзгеріп кеткен. «Олар бәрінің қанық түсті, әсерлі, әрі тартымды болуы керектігіне бойлары үйреніп кеткен», - дейді «Новое поколение» жобасының директоры Лариса Паутова.

 «Шутер» ойынын ойнайтындар төтенше жағдайда басқаларға қарағанда 25 пайызға жедел шешім қабылдайды. Мұны Рочестер университерінің зерттеушілері анықтаған.

Видео ойындар ойнап отырған ойыншының миында жаңа мыңдаған нейрондар құрылады.

Мобильді ойынды дұрыс таңдау­дың өзі, жақсы мультфильм мен кітап таңдап бергенмен тең. Сондықтан баланың экран алдында қанша уақыт өткізгенін ғана емес, оның дұрыс қо­сымшаны (приложение) пайда­лануын қадағалаған маңызды. Одан да, мобильді ойындарды баламен бірге таңдап, жасап шығарушылардың сипаттамасымен танысып, оны талқылау керек. Әрі мамандар бала онымен қалай ойнап жатыр, меңгеріп алуына қаншалықты қиындық соғып жатқанын сырттай бақылаңдар деп кеңес береді. Бұл кезде ойынның графикасы, ырғағы мен дыбысы да рөл атқарады. Тіпті баладан бұрын ойынды мүмкіндігіңізше өзіңіздің ойнап көргеніңіз де дұрыс екен. Сондай-ақ 7 жасқа дейін балада өзін-өзі басқару функциясы қалыптаспайтындықтан, ол ойынның шырмауына байланып, уақытында шыға алмайды. Сол себепті, мұндай жағдайда ата-ананың белгілі ережесі, талабы болуы керек. 

Расымен, жапондықтар сияқты заманауи техника, мобильдік құрыл­ғылар жасау әлі біздің меңгеріп бол­маған дүниеміз. Қазіргі буынның одан   хабары болғанымен, әзір­ше тың дүние. Ендеше, келер ұр­пақтың инновациялық техноло­гиялар өндірісін шемішкеше шаға білуі үшін қазірден оны пайдалануды үйрете бергеніміз абзал шығар?!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ГАДЖЕТТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ тақырыбындағы Баяндама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 220 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2017 1864
    • DOCX 19.5 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сакипкалиева Рита Алибековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сакипкалиева Рита Алибековна
    Сакипкалиева Рита Алибековна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 12386
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы гештальт-терапии с практикой применения в образовательном процессе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 69 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 119 человек

Курс повышения квалификации

Психогенные расстройства у детей: причины возникновения и пути помощи

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 99 человек

Курс профессиональной переподготовки

Основные вопросы деятельности психолога по профилактике негативных последствий, связанных с выполнением профессиональных задач

Психолог (специалист) (по профессиональной психологической подготовке)

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология физического воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 27 регионов