Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Химия сабағында оқушылардың білім сапасын және қызығушылығын арттыру

Химия сабағында оқушылардың білім сапасын және қызығушылығын арттыру

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов


hello_html_172fbbd6.jpg


Жұманазарова Құралай

46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейдің химия пәні мұғалімі. Шиелі кенті, Қызылорда облысы


Химия сабағында оқушылардың білім сапасын және қызығушылығын арттыру



Келешек ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырып, бәсекелестікке қабілетті біліммен қаруландыру – бүгінгі күннің басты талабы. (Н. Ә. Назарбаев)

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5 - тарауындағы 41 - баптың 1 - бөліміндегі “Педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан - 2050” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» —  деген бүгінгі тәуелсіз  мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың  меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмән жоқ. Бала мектеп табалдырығын «білсем» деген үлкен ынтамен аттайды. Осы бала бойындағы ынта мен ерік, жігерді ары қарай ұштай білу әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндеті, оны атқару барысында ұстаз балалардың танымдық оқу іс-әрекетін инновациялық әдістерді, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс.

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басында мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу–тәрбие үрдісін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамасымен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формаларымен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда іс-әрекет оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Химияны оқыту методикасының зерттейтін объектісі – сол пәнді оқыту әрекеті. Химияны оқыту методикасы ғылыми оқыту әрекетін методикалық деңгейде зерттейді. Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде химияны оқыту методикасы дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің методологиялық негізі ретінде пайдаланады. Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады. Химиялық орта білім беру бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын үш орындалатын міндеттен тұрады. Ол оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары деп аталады. Химия пәнінің білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктері, химиялық орта білім берудің негізгі міндеті аға ұрпақтардың жинақтаған тәжірибесі негізіндегі білімді логикалық және дидактикалық өңдеуден өткізіп, түсінікті етіп беру. Қазіргі кездегі оқытудың мақсаты жеке адамды жан-жақты және кешенді оқыту, тәрбиелеу және дамыту. Қазақстан мектебінің алдына қойылып отырған мақсаты инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында өскелең ұрпаққа жүйелі, нақты білім беру болып табылады. Пәнді оқытуда қолданылатын жаңашыл әдістерді қолдану тиімділігі төмендегідей;

- Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттыру;

- Интербелсенді әдіс-тәсілдің дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушыларда алған білімді жүйелеу;

-Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда мұғалімнің уақытын үнемдеу және тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Оқушыларға химиядан жүйелі білім беруде сабақ басты орын алады. Сабақ - өте күрделі, жан-жақты, көп қызмет атқаратын педагогикалық үрдіс. Сабақ мақсат қоюдан басталады. Қазіргі кезде сабаққа қойылатын мақсаттың үш түрі белгілі, олар: жалпы педагогикалық (тәрбиелеу мен дамыту), дидактикалық (оқи білу дағдысын меңгеру), әдістемелік (химия пәні бойынша білім мен іскерлікті қалыптастыру, дүниетанымдық көзқарастарды түсініп, қорытындылар жасай білуге үйрету) мақсаттардың ортақтығы негізінде іске асырылады.Сабақта оқытудың барлық формасында жақсы нәтижеге жету үшін бір формадан екінші формаға ауысып отыру оң нәтиже береді. Жаңа сабақтың материалын оқуда ұжымды жүргізіледі. Оқытудың түрлі формаларын қолдану оқушылардың белсенділігін, өз бетінше жұмыс істеу және таным қабілетін арттырады.Қазіргі сабақ оқушылардың өзіндік жұмыстарынсыз болмайды. Ол- оқушылардың алдына қойған мақсаттарын орындау қызметі. Өзіндік жұмыстарды орындау арқылы оқушылар көрсетілген бағдарламалық білімді, жаңа біліктер мен дағдыларды игереді, өзіндік шығармашылық қабілетін дамытады, ғылыми танымдық әдістерді меңгереді. Химия пәні бойынша сабақтың бес типін көрсетуге болады:

1.Жаңа білім мен дағдыны меңгеру сабақтары.

2.Сарамандық білімді, дағдыны, іскерлікті жетілдіру және қалыптастыру сабақтары.

3.Білімді жүйелеу, қайталау, қорытындылау, жалпыламалау сипатындағы сабақтар.

4.Білімді бақылау, тексеру, есепке алу сабақтары.
5.Аралас құрама комбинациялы сабақтар.

Химия сабағындағы оқушылардың өзіндік жұмыстары сан алуан сарамандық сабақтар, сарамандық тәжірибелерді орындаулары, есептерді шешуі, формулалар бойынша реакциялардың теңдеуін құрастыру, жаттығуларды орындау, бақылау және тексеру жұмыстарын орындау, оқулықпен жұмыс, анықтамалар және әр түрлі қосымша әдебиеттермен жұмыс, сарамандық жұмыстардың есебін жазып орындау, танымжорық материалдарын өңдеу т.б. Химия пәнінен химия ғылымына көбірек қызығатын оқушылармен жүргізілетін жеке-дара жұмыстар. Бұларға теориялық немесе сарамандық жұмыстарды орындауға байланысты тапсырмалар, ғылыми баяндамалар, рефераттар даярлау, кабинетті жабдықтауға қажетті құралдар мен көрнекіліктер әзірлеу, талдауға, синтездеуге байланысты зерттеулер, олимпиадалық есептерді шығаруға дайындық, жарыс кештеріне даярлану, т.б. жатады. Оқушылар ұжымы бір тақырып не бір жоспар бойынша екі-үш адамнан құралған шағын топқа біріктіліп, бөлініп жұмыс жасайды. Мұнда да оқушылар сарамандық жұмыстарды бірлесіп орындап, есептерді бірлесіп шешеді, стендтер әзірлейді, көрме ұйымдастырады, конкурстық немесе олимпиадалық есептерді шешеді, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Химиялық таным жорықтар оқытудың өмірмен, өндіріспен және қоғамдық құрылыстың сарамандығымен байланысын жүзеге асырады. Өндірістік танымжорықтар мектепте оқылатын теориялық материалды өндіріс тәжірибесімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Өндірістік танымжорықтар оқушылардың әр жақты жетілуіне жәрдемдесе отырып, олардың политехникалық ой-өрісін де дамытады. Өндірістік технология мен еңбек құралдарымен, өндірістің жалпы ғылыми ұстанымдарымен де танысады.Өндірістік танымжорықтардың саяси-идеялық маңызы аса зор, өйткені, олар егеменді еліміздің өндіріс құрылыстарының даму қарқынын, ғылымымыздың, техникамыздың барлық табыстарын біле отырып, ұлттық мақтаныш сезімін тудырып, отан сүйгіштікке, халықтар достығына тәрбиелейді.Химия оқыту үрдісінде арнайы таным жорықтар басым болғанымен жалпы өндірістік танымжорықтардың маңызын ұмытпаған жөн. Өндірістік танымжорықтар сабақ үстінде, үйірме сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда кеңінен пайдалануға болатындай материалдарды жинақтауға мүмкіндік береді. Химияға деген қабілеттіліктерді дамыту үшін мүмкіндігінше оқушылардың өзіне тапсырмаларды көбірек етіп беріп, оларға химиялық проблемаларды шығармашылықпен шешу тәсілдерін біртіндеп түсіндіру қажет. Осы негізде химияның әрбір сабағын жаңаша өтуге, оқушылардың білім сапасын мен қызығушылығын арттыруға тырысамын.

Тақырыбы: Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері.

Мақсаты:

Білімділік: Металдардың физикалық және химиялық қасиеттерімен, жеке

металдардың ерекше қасиеттерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың металдар және олардың қасиеттері туралы

білімдерін кеңейту, дамыту. Оқушылардың өз бетінше ойлау

қабілетін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Экологиялық және экономикалық тәрбие беру. Оқушыларды

шығармашылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, Металдардың түрлері,

зертханалық құрал-жабдықтар, реактивтер: Cu, H2SO4, Fe,

CuSO4, Zn, HCl,





Пән аралық байланыс: физика, биология, әдебиет, математика т.б


Сабақтың типі: Жаңа білім беру


Сабақтың түрі: Дәстүрлі


Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, баяндау, есептер шығару, демонстрациялық

тәжірибелер көрсету, т.б


Сабақ барысы


І. Ұйымдастыру

Өмір металдары

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау


  1. Металдардың периодтық жүйедегі орнына сипаттама бер

  2. Металдардың атомдық құрылысына сипаттама беріңдер

  3. Металдық байланыс және металдық кристалл торы туралы

  4. Есептер шығару.

  5. Тестпен жұмыс жүргізу


ІІІ. Бекіту


Металдарға сәйкес келмейтін тұжырым:

  1. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде, металдар периодтық кестенің сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан.

  2. Металдардың тотығу дәрежесі оң.

  3. Металдар әрі тотықтырғыштар, әрі тотықсыздандырғыштар.

  4. Атом радиустары бейметалдарға қарағанда ұзындау.

  5. Негізгі топшаларда орналасқан Ме сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрон саны топ нөміріне тең.

  6. Металдар периодтық жүйенің 80 пайызын алады.

  7. Қосымша топшада орналасқан металдардың сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрон саны реттік нөміріне сәйкес келеді.

  8. ЭТ бейметалдарға қарағанда аз.

  9. Металдардың кристалл торының түйіндерінде оң зарядталған иондар мен теріс зарядталған иондар орналасады.

  10. Металдардың кристаллдық торындағы оң иондар мен бос электрондар арасындағы байланыс ковалентті байланыс деп аталады.


Мынадай мақал-мәтелдерге назар аударыңдар.

  1. От көмір жейді, тот темір жейді.

  2. Арпа- бидай ас екен, алтын-күміс тас екен.

  3. Қойдың сүті- қорғасын.

  4. Алтын шірімес, дау арымас.


ІҮ. Жаңа сабақ


Металдардың физикалық қасиеттеріне:

  1. Қаттылығы;

  2. Металдық жылтыры;

  3. Электр тогын және жылуды өткізгіштігі;

  4. Соғылғыштығы және тапталғыштығы;

  5. Тығыздығы;

  6. Балқу температурасы жатады.


Металдардың барлығы дерлік қатты, бір ғана сұйық металл- сынап. Металдардың қаттылығы бірдей емес.

Металдық жылтыр сыртқы қабаттағы электрондарға байланысты.Электрондар жарық түскенде тербеле бастайды да адам көзіне көрінетін сәуле толқындарын шығарады.

Элетр өрісінде байланыспаған электрондар бағытталған қозғалысқа ие болады, яғни электр тогы пайда болады. Жылу өткізгіштік металдардың электр өткізгіштігі сияқты ретпен өзгереді. Жылу өткізгіштік электрондардың қозғалғыштығымен және кристалдағы бөлшектердің тербелмелі қозғалысымен сипатталады.

Металдардағы химиялық байланыс оған созылғыш және тапталғыш қасиет береді.Металдарды соққанда атомдар қабаты , тек ығысады.

Металдардың тығыздығы әр түрлі. 5 г/см3 тығыздығы төмен болса, жеңіл металдар, жоғары болса, ауыр металдар. Ең жеңіл металдар- сілтілік металдар. Ауыр металдар: осмий, хром, мырыш, қалайы т.б

Металдардың балқу температурасындағы айырмашылықтары да әртүрлі.


Металдардың химиялық қасиеттері:

І. Металдардың жәй заттармен әрекеттесуі:


1. Оттекпен – оксидтер түзеді

2Mg + O2 = 2MgO

2Cu + O2 = 2CuO

2. Галогендермен – галогенидтер түзеді

2Аl + 3Br3 = 2AlBr3

3.Азотпен – нитридтер түзеді

3Mg + N2 = Mg3N2

4. Күкіртпен – сульфидтер түзеді

2Al + 3S = Al2S3

5. Сутегімен – гидридтер түзеді

2Na + H2 = 2NaH


ІІ. Металдардың күрделі заттармен әрекеттесуі

1. Сумен – сілті түзіп, сутегіні ығыстырады

2K + 2HOH = 2KOH + H2

Zn + HOH = ZnO + H2

2. Қышқылдармен- тұз түзіп, сутегіні ығыстырады

Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2

3. Тұз ерітінділерімен – жаңа тұз және жаңа металл түзеді

Fe + CuSO4 = FeSO4 + Cu



Ү. Жаңа сабақты бекіту.

Графикалық кестемен жұмыс.

Тапсырмалары:

    1. Металдардың оттегімен әрекеттесуі қалай аталады?

    2. Сілтілік металдар сумен әрекеттескенде , судан нені ығыстырады?

    3. Химиялық реакциялар кезінде металдар қандай қасиет көрсетеді?

    4. Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі қандай реакцияға жатады?

    5. Екідайлы қасиет көрсететін металл.

    6. Металдар сутегімен әрекеттескенде түзілетін өнімдер.


Жауаптары

1

2

3

4

5

6

1

Тотықсыздандырғыш







2

Гидридтер







3

Алюминий







4

Сутегі







5

Тотығу







6

Орын басу









Сәйкестендіру тесті


  1. Сыртқы қабатында 1е- бар металл. А) Li

  2. d элемент B) Cs

  3. Металдық қасиеті күшті байқалатын металл. C) Hg

  4. +3 тотығу дәрежесін көрсететін металл D) Na

  5. Сұйық металл E) Fe

  6. Электртерістігі 1 ге тең металл Г) Al


Металдарға сәйкес келмейтін тұжырым:

1. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде, металдар периодтық кестенің

сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан.

2. Металдардың тотығу дәрежесі оң.

3. Металдар әрі тотықтырғыштар, әрі тотықсыздандырғыштар.

4. Атом радиустары бейметалдарға қарағанда ұзындау.

5. Негізгі топшаларда орналасқан Ме сыртқы энергетикалық деңгейіндегі

электрон саны топ нөміріне тең.

6. Металдар периодтық жүйенің 80 пайызын алады.

7. Қосымша топшада орналасқан металдардың сыртқы энергетикалық

деңгейіндегі электрон саны реттік нөміріне сәйкес келеді.

8. ЭТ бейметалдарға қарағанда аз.

9. Металдардың кристалл торының түйіндерінде оң зарядталған иондар

мен теріс зарядталған иондар орналасады.

10. Металдардың кристалдық торындағы оң иондар мен бос электрондар

арасындағы байланыс ковалентті байланыс деп аталады.


ҮІ. Үйге тапсырма.

§ 28,29 № 3 есеп

Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі
сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-154461
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>