Инфоурок Химия Другие методич. материалыХимия сабақтарында 7 модульды ықпалдастыру туралы зерттеу жұмысы.

Химия сабақтарында 7 модульды ықпалдастыру туралы зерттеу жұмысы.

Скачать материал

Химия сабақтарында

 7 модульды ықпалдастыру туралы зерттеу жұмысы.

 

 

Қазіргі таңда әр бір оқушы-ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған, мұғаліммен тең дәрежеде сөйлей алатын тұлға. Осы балалардың осындай қабілеттерін дамыту үшін біз, ұстаздар жан-жақты қаруланған болуымыз және барлық сұрақтарға дайын болуымыз керек.

         «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, барлық сәттерде, барлық деңгейде оқуға жаңа көзқараспен қарауымыз керек деп ойлаймын.

         Сол себептен үшінші деігейлік курстың бірінші бетпе-бетінде оқып келген теориялық білімімді практикада жетілдіру мақсатында жаңа технологияларды сабақтарыма енгізуді ұйғардым. Соның нәтижесінде оқу процесінің деңгейі, сапасы көтеріледі және ең бастысы қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті бала тәрбиелеп шығатыныма көзім жетті.

         Сол себептен мен есебіме тізбектелген сабақтар топтамасынан төртінші сабағымды алып отырмын. Төртінші сабағымның тақырыбы «Катиондар мен аниондарға сапалық реакциялар» деп аталады. Сабағым бір шетінен қайталау тақырыпқа жақын келгендіктен сабағымды сайыс түрінде өткізуді ұйғардым. Ең біріншіден сыныпта оқушылардың жас ерекшеліктері бірдей болғандықтан сонымен қатар бірінші сабақ оқушылардың таңертеңгілік жаттығу, ұйқыларын ашып, сабаққа ынталандыру, қызықтыру үшін оқушылардың жас ерекшеліктері сәйкес интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсеттім. Сол бейнерликке қарап, оқушылар 1,5 минут жаттығу жасап, сергіп алды. Оқушылардың кішкене болсада ынталары ашылып, сабаққа кірісуге дайын екендіктерін көрсетті.

         Әрі қарай осы көңіл күйде топқа бөліну үшін әр қайсысына қорабшадан стикерлар алып, топтарынға барып отыра беріңдер деп айтқанымда кейбір оқушылар біздің орнымыз қайда деп сұрақтар қойылып жатты. Бірақ мен жауап бергенімше, В оқушым: «Әне, топтарда құрбақа мен балапанның ойыншықтары тұр, сонда барып отыра беріңдер»-дегенде, мен оқушымның еркін сөйлеп, сабаққа ынтасы ашылып тұрғанына мәз болдым. Оқуылардың барлықтары топқа отырып алғаннан кейін, оқушыларымның сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту мақсатында «Қара жәшік» атты ойынды ұйымдастырып жібердім. Ойынның шарты да атында жатыр.

Мен: «Мына қорабшада не бар деп ойлаймыз?»-дедім.

Оқушылардың барлығы әр түрлі ойлар айтты: «Бор ма?», «Тас па?», «Айна ма?» тағы сол сияқты түрлі сыни тұрғыда сұрақтар қояылды.   

Сосын мен: «Енді, осы затты не деп ойлайсыздар соған байланысты сұрақ қоясыздар. Мен тек не «Иа» немесе «Жоқ» деп жауап беремін. Мысалы, Қатты зат па? Немесе жеуге бола ма? Деген сияқты сұрақтар қоюларынға болады». Осында әр оқушы топ бойынша сұрақтарын қойып шықты. Ол қорбашадағы затты оқушыларым таппады, бірақ сыни жағынан жақын келді. Сонда қорабшаны ашып, ішінде кубик екенін көрсеткенімде оқушыларым таң қалдырғандарын көрсетті. 

                                                              

Енді сол қорабшадан алынған кубикті іске асыру мақсатында үй жұмысын «Кубизм» әдісі арқылы сұрадым. «Балапандар» тобына екі рет және «Құрбақалар» тобына да екі рет тастадым. Әр тастағанымда түскен сан мысалы «1» болса, интербелсенді тақтадан «1» санын ашқанда үй жұмысына байланысты сұрақ шығып отырды. Егерде осы жерде топ бірігіп, ұйымдасып жауап береді. Әрі қарай осылай ретімен кетеді. Бұл жерде байқап отырғандай «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модулі қолданып келеді. Осы жерде диалог арқылы оқытудың түрлері қолданды. Мысалы, топ бірігіп жауап берерден бұрын, міндетті түрде бір оқушы ұйымдаспастан бұрын жауап бергісі келіп, сұраққа толық жауап бере алмай да қалады. Яғни жауабы, жабық түрде қалады. Сондықтан бұл жерде мен: «Көмектеседін оқушы бар ма, кім толықтырады?»-дедім. Бұл жерде сұрақ бағыттаушы сұраққа айналып кетті. Бірінші басқа топтан сұрамас бұрын, сол өз тобынан бір оқушы тұрып жауабын толықтырды. Мерсер мен Литлтон (2004) айтып кеткендей диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді (МАН,36 бет). Жаңа жоғарыда көріп отырғандай, оқушылар сұрақтарға жауап беру барысында, бір-бірінің сұрақтарын толықтырып, сынақтан өткізу арқылы оқушылардың оқуына  және танымдық дамуына әсер ететіндігі рас екен.

         Сонымен ынтымақтастық атмосферасын құрып, оқушылардың қызығушылықтарын оятып, сабаққа деген құштарлықтарын жақсартып алған соң сабағым сайыс түрінде өткізетіндіктен бірінші этапқа көштім. Бірінші этабын «Конверт-сұрақ» деп аталды. Конверт-сұрақта:

Салеметсіздер БАЛАПАНДАР, сіздерге мен Америка Құрама Штатынан хабарласып отыр едім, атым Джон. Маған сіздердің көмектеріңіз керек болып тұр. Мына реакцияларды шығаруға көмек көрсетсеңіздер, үлкен рахметімді айтар едім. Сіздерді менің еліме саяхатқа  шақырамын!

Берілген реакцияны аяғына дейін жүргізіп, толық және қысқартылған иондық теңдеуін орындаңыз:

CuCl2+NaOH                                                        Zn(OH)2+HCl

 

Салеметсіздер ҚҰРБАҚА топ мүшелері, сіздерге мен Мексикадан хабарласып отыр едім, атым Сандра. Маған сіздердің көмектеріңіз керек болып тұр. Мына реакцияларды шығаруға көмек көрсетсеңіздер, үлкен рахметімді айтар едім. Сіздерді менің еліме саяхатқа  шақырамын!

Берілген реакцияны аяғына дейін жүргізіп, толық және қысқартылған иондық теңдеуін орындаңыз:

CuSO4+H2S                                                                  BaCl2+AgNO3

 

Конверт-сұрақты оқушылар топпен біріге жұмыс істей отыра қызығушылыпен реакция теңдеуін орындады. Реакция теңдеуін орындау барысында оқушылар еркін диалогқа түсіп жұмыстарын аяқтаған соң жасыл түтікшелерін жоғары көтерді. Бірінші топтан топ басшысы тақтаға шығып жұмыстарын қорғады. Осылайша екінші топта жұмыстарын қорғады. Менің ойымша сыныпта әңгіменің үш түрі де орын алды. Әңгіме-дебаттың орнағанын топ арасында жүрді. Реакция теңдеуін орындағанда топ араларында «Иә, бұл солай» немесе «Жоқ, олай емес» деген әңгімелер байқап жүрдім. Ондай жағдай екі топта да байқалды. Ал енді куммулятивтік әңгіме топтар бір-бірінің реакцияларын қорғағанда байқалды. Мысалы, басқа топтың айтылған пікірлеріне екінші топ тыңдаушыларының әрқайсысы механикалық түрде келісе берді, әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдады. Зерттеушілік әңгіме топ арасында байқадым. топ арасында айтқан ұсыныстар ақылға қонымды мәліметтер ұсынып отырды, әркімнің айтқан идеялары пайдалы деп саналды. Топ арасында оқушылар бір-біріне сұрақ қойды. Сұрақ қоя отырып, айтандарын дәлелдеді, осылай әңгімеде дәлелдеме байқалды. Соңында топтағы оқушылар келісімге келіп, тақтаға қорғауға шықты.  

Келесі екінші тапсырма «Ойлаң, тап!» деп аталды. Бұл этапта интербелсенді тақтадан              ондық сандарымен берілген ұяшықтар берілген. Әр топ кезекпен ұяшықты таңдады.

Сабақ сайыс түрінде өткендіктен сыныпта бір ғана сынып бағалаушысын тағайындадым. Сынып бағалаушысы бағалау парақшасын дайындап бердім. Онда әр этап қалай бааланады, сонымен қатар критерийлерін де көрсетіп қойдым. Енді менің ең қателескен жерім үй жұмысын бағалауды бағалау парағына көрсетпедім. Ол жерде үй жұмысына оқушы «Кубизм» әдісі арқылы сұраққа жауап бергендіктен бағалау формативті, түтікше арқылы жүрді. Мысалы егер де жауабы дұрыс болса, жасыл түтікше немесе жауабы дұрыс емес болса, қызыл түтікшені көтеріп отырды. Ал басқа этаптар толық бағаланды.

Әр ұяшықтың сұрақтарына дұрыс жауап берсе 10 ұпайдан қосылып отырды. Топ ішінде жауап толық емес болса, жауап сол топ арасында сынақтан өткізіліп, толықтатылады. Ал жауап жоқ болса, келесі топқа бағытталып отырды. Жауап дұрыс айтқан топқа ұпай қосылып отырды. Ұпай санын бағалаушы бағалау парағына түртіп отырады. Бұл жерде де байқап тұрсақ сұрақ қоюдің түрлері қолданды. Оқушылар отырып жасап отырғандықтан, кішкене ой жүргізтіп, сергіту мақсатында орындарынан тұрғызып «Шапалақ фейрверкі» атты ойынын ойнаттым. Оқушыларды орындарына отырғызып, сайыс сабағымызды бекіту үшін «Лездеме сұрақ» әдісі арқылы жалғастырдым. Осы кезде дарынды оқушыларыма мынадай тапсырма бердім. «Лездеме сұрақ» әдісінде интебелсенді тақтадан немесе екі топтың алдарына ноутбуктан осы этапты ашып, сұрақтарды мен рқып отырамын. Егер сөйлем дұрыс болса, оқушылар «Жасыл түтікшені», сөйлем дұрыс болмаса «Қызыл түтікшені» көтереді. Мысалы бірінші сұрақ «Тұздар диссоциацияланғанда оң зарядталған металл катионын және теріс зарядталған қышқыл қалдығы анионын бөледі»-делінсе, топ арасында Ермек деген оқушым жасыл түтікшені көтерді. Осында сыныптағы дарынды үш оқушымның біреусі Мерболатқа: «Неге ол жасыл түс көтерді?»-деп сұрақ қойдым. Ал, Мерболат болса сол сөйлемның дұрыс екенін дәлелдеп береді.

Мерболат: «Себебі тұздар дегеніміз-метал атомынан және қышқыл қалдығынан тұрады. Мысалы: BaSO4, NaCl, CaCO3 т.с.с.» Әрі қарай тағы сол сияқты әр 10 сұраққа оқушылар тек дұрыс немесе дұрыс еместігіне түтікше көтеріп отырса, ал үш дарынды оқушым дәлелдеп беріп отырады.

         Осылайша барлық үш тапсырмалар орындалып болған соң, оқушылардың көңіл күйлері жақсы болып отырды,

Олар: «Апай тағы тапсырма бар ма?»-деп сұрағанда

Мен: «Келесі жолы жалғастырамыз, сабағымыздың бітуіне уақыт аяқталып қалды. Сондықтан бірінші бағалаушы қандай қорытынды шығарды екен тыңдап көрейік.

         Бағалаушы жиындық бағалауларын айтып болған соң, оқушылар екі топ арасында тең ұпай жинап, «Достық» деңді деген баға бергенде, оқушылар шапалақтап, бағалаушының өзін формативті бағалады.

Мен: «Балалар сабақ ұнады ма? Сабақ қалай өтті?»-дегенімде

Оқушылар: «Ұнады апай, сабақ ерекше, қызықты, түсінікті болды»-деді.

Мен: «Ондай болса, алдарында тұрған стикерлерге кері байланыс жасаймыз иа?»-деп айтқанымда барлығы стикерларына кері байланыстарын жазып, реклефсивті тақтаға ілді

 Рефлексифті тақтада «Қызықты болды», «Мені таң қалдырды» және «Маған қиын болды» деп тұрды.

         Сосын оқушылардың ішінен бір оқушы: «Апай, поезд болып шығайықшы»-деді.

Мен: «Жарайды, ондай болса, поезд қатарына тұрамыз... Сау болыңдар!»-дегенімде. Оқушылардың барлығы оң қолдарын жоғары көтеріп, поездін даусын шығарып сыныптан шықты.

         Осылайша сабағымның өзім ойлағанда сәтті өткеніне қуандым. Шынымен-ақ, мұғалім-ерекше тұлға. Мұғалім ізденсе, талаптанса қолдан жасалмайтын шарт жоқ. Құнттамаған, ізденбеген, соңына түспеген адамның жұмысы еш уақытта берекелі болмайды (Ж.Аймауытов). мұғалім өзінің жемесін оқушыларынан көредеі дегенге де көзім жетті.

         Әр бір сабақтарымда жеті модульді ықпалдастыра өту арқылы сабағымның жоғары дәрежеде өтуіне сенімдімін. Сонымен қатар оқушылар ойын, әдіс-тәсілдер арқылы білім игеруіне де көзім жетті.

         Жеті модуль бір-бірімен байланысты және барлық сабақ жоспарларыма енгізіп, тиімді пайдалануға болатындығы жайлы шет ел ғалымдарының зерттеулерін оқи отырып түсінуге болады. Жеті модульдің қазіргі кездегі білім беру саласына қосар үлесі өте көп. Бағдарлама бойынша жаңа әдістерді қолдана отырып, жаңашылдықтың адам бойына көп өзгеріс әкелетінін байқадым.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Химия сабақтарында 7 модульды ықпалдастыру туралы зерттеу жұмысы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 864
    • DOCX 497.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аукенова Акбопе Кайратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аукенова Акбопе Кайратовна
    Аукенова Акбопе Кайратовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 53430
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Методика реализации образовательного процесса и мониторинг эффективности обучения по дисциплине «Химия» в соответствии с требованиями ФГОС СПО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 574 человека

Курс повышения квалификации

Химия окружающей среды

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 440 человек

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек