Инфоурок Начальные классы Научные работыҒылыми жоба «Шығыс Қазақстан табиғаты ерекшеліктері мен экологиясы»

Ғылыми жоба «Шығыс Қазақстан табиғаты ерекшеліктері мен экологиясы»

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ   ҒЫЛЫМ   ЖӘНЕ    БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 Тақырыбы:    «Шығыс  Қазақстан  табиғаты 

 ерекшеліктері мен экологиясы»

 

 

 

 

                                                                                 Жұмысты орындаған:

№3 Күршім гимназиясының

3 «б» сынып оқушысы

 Төлебеков Исатай

 

Жетекшісі: 

Бастауыш сынып мұғалімі

Джандаралова Ж. А.

 

 

                                                                     

 

                                                 Күршім  ауылы  2014

 

 

 

                                                        №3 Күршім  гимназия  3«б»сынып оқушысы

                                                       Төлеубеков  Исатайдың  «Шығыс  Қазақстан 

                                                        табиғат     ерекшеліктері мен  экологиясы.»

                                                        жобасына

 

 

Пікір

 

 

Төлеубеков  Исатайдың  жоба жұмысы өте жүйелі және мазмұнды жасалған.Оқушы  туған  жеріміздің  табиғаты мен ерекшеліктеріне, экологиясына ерекше мән беріп,  табиғаттың  құпия сырын ашуға құлшыныс танытқан.

     Ата-анасымен ақылдаса отыра алдына айқын мақсаттар мен міндеттер ала білген. Исатай  ізденушілік әрекетін  де жүйелі,жоспарлы жүргізген.Соның нәтижесінде өзін қызықтыратын,жетелейтін ақпараттармен танысқан,өзіне жаңалық ашқан.

Исатай кіші жастан осындай ізденушілік жұмыс жасап еңбектенуі- оның  өзінің қорытынды сөзінде айтылғандай болашағынан  үміттендіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                          Джандаралова Ж.А._______________

                                                          Бастауыш сынып мұғалімі

                                                    

                                  Түсінік  хат

 

 


Зерттеу мақсаты: 
  ШығысҚазақстан  аймағындағы қазіргі уақытта қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар әлемі, физикалық ерекшеліктері туралы сипаттама беру.
Зерттеу нысаны:

Шығыс Қазақстан  табиғаты.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Ғылыми жұмысқа қойылған мақсат міндеттердің орындалуына орай анықталды: 

Шығыс  Қазақстан табиғатының ерекшеліктерін  сипаттау және экологиясындағы өзгерістер анықталып, экологиялық  бағыттар ұсынылды.


Жұмыстың зерттеу әдістері: 
Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдері-мәліметтер жинақтау,баяндау, тәжірибе жүзінде талдау,ғылыми талдау.
Жұмыстың құрылымы: 
Ғылыми жоба кіріспеден,  негізгі тараудан және қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер,сілтемелер мен қосымшалар соңынан берілді.
Жұмыстың теориялық және практикалық :
Бұл жұмысты география,биология сабағында оқушылардың реферат,баяндама жұмыстарына қолдануға және саяхат сабақтарын ұйымдастырғанда қолдануға болады.


Тақырыптың өзектілігі:
Туған жерге деген сүйіспеншілік оның тау-тасын,өзен-көлін,тарихы мен байлығын, жалпы алғанда географиясын білуден басталады. Осынау 
өркениетке ұмтылып отырған кезеңде өз облысымыздың әрбір обьектілерін білу және олардың қыр-сырына үңілу басты міндетім болып саналады.


 

 

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе.
I. Негізгі бөлім  Шығыс Қазақстан  табиғаты ерекшеліктері және экологиясы.
1.1 Орналасқан жері,ауданы .
1.2 Өсімдіктер әлемі.
1.3 Жануарлар әлемі.
II. Зерттеу бөлімі
 
2.1 Қызыл кітапқа енген жануарлар әлемі  мен өсімдіктері.
2.2 Шығыс Қазақстанның  ең әдемі, көрікті  жерлері.

III.  Шығыс Қазақстан экологиялық  жағдайы. 
3.1  Қорытынды..................................................................

ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .............................

Ү.Қосымшалар…………………........................................

 



    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Кіріспе.
 

Шығыс  Қазақстан  табиғи – климаттық зонасына әркелкілік тән. Аймақ өңірін –таулы, таулы-орманды, орман-тоғайлы, далалы, шөлді, шөлейтті, андшафт алып жатыр. Кенді Алтай және Оңтүстік Алтай жеріне Қалба, Сауыр-Тарбағатай таулары орналасқан. Таулардың биіктігі- 800ден 1500 м-ге дейін, Алтайдың шығысы-3000 м-ден-4000 м. аралығында. (Мұзтау тауы-4506метр).
Алтайдың Қазақстан бөлігінде 350 мұздық бар. Жалпы көлемі 99.1 кв. км-ге орналасқан.
Шығыс Қазақстан облысы пайдалы қазындыларға өте бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, кадмий, сурьма,мышьяк, темір, күкірт, висмут, индий, калий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт, көмір және т.б кездеседі. Кенді Алтайдың полиметалл кен орындары — Лениногор, Зырян, Березовка, Белоусовка, Глубокое, Бұқтырма, Тишинрудниктері.
Климаты тым континенттік, оңтүстік шығысына қарай континенттілігі арта түседі. Тау етектері мен төменгі беткейлерінің климаты ылғалды. Қысы суық, жазық өңірінде қар жамылғысы өте жұқа, жазы ұзақ, ыстық. Қыста абсолюттік минимальдық температурасы –52 градус, максимальды температурасы жазда + 46 градус. Атмосферадағы жауын-шашын мөлшері барлық жерінде біркелкі емес. Жылына- тау бөктеріне 400-500 мм, таулы бөлігіне 1000-1500 мм., Зайсан қазан шұңқырына –130-200мм. ылғал түседі.
Облыста республика көлеміндегі су қоймасының 40% -і шоғырланған. Кенді Алтай өңірі арқылы ұзындығы 10 000 км. асатын 800 өзен ағады.
Басты өзені Ертіс, және оның салалары Қалжыр, Күршім, Бұқтырма, Шар,Үлбі, Уба, Қызылсу. Ең үлкен көлдері- Марқакөл , Зайсан, Алакөл, Сасықкөл. Ертіс өзені бойында Бұқтырма, Өскемен бөгендері салынған. Зайсан көлі Бұқтырма су электр станциясы салынғаннан кейін үлкен бөгенге айналды.
Көлемі 1га.- дан 528 кв.км. жететін 2000 нан астам көл бар. Олардың ішіндегі ең ірілері – Марқакөл, Зайсан, Сібе, Рахман қайнары, Кемеркөл, Сасықкөл, Алакөл.
Таулы аймақтардың солтүстігінде ( теңіз деңгейінен) 400ден- 800 метрге дейінгі биіктікте және оңтүстікте 600ден –1300 ге дейін бозды –бетегелі және бұталы өсімдіктер жапқан таулы-далалық белдеулік кетеді: тау беткейлерінде (тобылғы, итмұрын, ырғай, қараған, долана; өзен жағалауларында-тал, итмұрын, шәңгіш, қарақат, шырмауық, бүлдірген). Солтүстікте 800 ден –1700м.ге дейінгі және оңтүстікте 2300м-ге дейінгі биіктікте орманды белдеулік алып жатыр (қайың, көк терек, терек, бал қарағай, шырша, самырсын, қарағай және алуан түрлі өсімдіктер).
Облыстың орманды алқабы 2 млн. га. жерге орналасқан. 2000м.-ден 3000м. аралығын альпі биіктері мен көгалдары алып жатыр.
Облыс -республикамыздағы – дәрі – дәрмек жасап шығару өндірісі үшін емдік қасиеті жоғары өсімдіктерді әзірлеудің және жабдықтаудың бірден – бірорныболыптабылады.
Облыстың жануарлар дүниесі алуан түрлі жан- жануарлар мен аңдарға, жәндіктерге бай (бұлғын, құндыз, тиін, күзен, түлкі, саршұнақ,суыр, борсық, қасқыр, аю, марал, теңбіл бұғы, қоян, арқар т.б. мекендейді. Өзендері мен көлдерінде балықтың 33 түрі бар (табан, сазан, шортан, ақ қайран, тұқы және т.б.).
Құстардан: аққу, қара ләйлек, қаз, тырна, ақ шағала, үйрек т.б. мекендейді.
Өлкенің ғажайып табиғатын қорғау мақсатында – Марқакөл, Батыс-Алтай, Тарбағатай, Алакөл, Төменгі Тұрғысын тәрізді  қорықтар бар.
Облыстың топырақ-өсімдік жамылғысына биіктік белдеулік тән. Жазық бөлігінде негізінен қара, қоңыр, сұр топырақ қабаттары қалыптасқан. Солтүстік батысындағы жазықтың қара топырағында шөпті далалық өсімдік өседі. Ертістің сол жағасында бозды-бетегелі, Зайсан қазан шұңқырындағы қоңыр топырақта жусанды-бетегелі өсімдіктер өседі.
Облыстың жануарлар дүниесі алуан түрлі , терісі бағалы аңдарға бай. Бұлғын, құндыз, тиын, күзен,түлкі, саршұнақ, суыр, борсық, қасқыр, аю, марал, теңбіл бұғы мекендейді.
Ертіс пен Зайсанда балықтың 33 түрі бар, табан, сазан, шортан, көксерке, аққайран,тұқы
.

II. Зерттеу бөлімі
Шығыс Қазақстан облысындағы Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер

 Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін көрсететін құжат.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы- орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізімі:
СҮТҚОРЕКТІЛЕР
1. Жоңғар сальпинготусы        7. Тас сусары
2. Жалман                                  8. Шұбар күзен
3. Роборовский атжалманы         9. Түркістан сілеусіні
4. Сары алақоржын                   10. Қазақстан арқары
5. Қызыл қасқыр                       11. Алтай арқары
Құстар

6. Сабаншы  ҚҰСТАР
1. Қызғылт бірқазан               18. Жекдуадақ           35. Жұртшы
2. Бұйра бірқазан                    19. Тарғақ                  36. Ақсұңқар
3. Жалбағай, қалбағай            20. Кіші шалшықшы құс 37. Ителгі
4. Қара дегелек                       21. Сүйір тұмсықты шалшықшы құс   38. Лашын
5. Қоқиқаз                                22. Қарабас өгіз шағала                    39. Тұрымтай
6. Сұңқылдақ аққу                   23. Қарамойнақ шағала 4            
40. Үкі
7. Кіші аққу                              24. Қарабауыр бұлдырық
8. Қутұмсық қаз                         25. Ұбақ, қолаңтөс
9. Қызыл жемсаулы қарашақа         26. Балықшы тұйғын
10. Қара тұрпан                            27. Жыланшы қыран, бүркіт
11. Дөңтұмсық тұрпан               28. Бақалтақ қыран
12. Ақбас үйрек                          29. Дала қыраны
13. Алтай ұлары                         30. Қарақұс
14. Ақ тырна                                31. Бүркіт
15. Ақбас тырна                         32. Ақиық субүркіт
16. Дуадақ                                    33. Аққұйрық субүркіт
17. Безгелдек                               34. Сақалтай, қозықұмай

БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР
1. Шұбар батбат кесіртке 4. Шұбар кесіртке
2. Зайсан батбат кесірткесі 5. Жолақты әбжылан
3. Үлкен көз кесіртке

ҚОС МЕКЕНДІЛЕР
1.Даната құрбақасы
БАЛЫҚТАР
1.Таймен 2. Сылан

Шығыс Қазақстан облысының Қазақстанның Қызыл кітабына
енгізілген сирек кездесетін, бағалы, жергілікті және
құрып кету бар өсімдік түрлерінің тізімі
(Қазақ ССР-дің Қызыл кітабы, Алматы, 1981ж.)

1. Верещагин сазшөбі – сирек, жергілікті түр
2. Қыртысты жуа – сирек, аз жергілікті түр, құрып кету қаупі бар
2. Ұсақ торлы жуа – сирек түр
3. Көп тамырлы жуа – сирек түр
4. Ақшыл секпілгүл – сирек, жергілікті түр
5. Ала күлтелі қызғалдақ – сирек түр
6. Сібір қандығы, жауқарын – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр
7. Людвиг құртқашашы – сирек, аз жергілікті түр
8. Ірі гүлді шолпанкебіс — сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр
9. Нағыз шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр
10. Секпіл шолпанкебіс – сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан түр
11. Телпек сүйсін– саны азайып бара жатқан сирек түр
12. Алтай рауғашы – таралу аймағы азайып бара жатқан сирек түр
13. Ақ тұңғиық, аққугүл – сирек түр
14. Дала шұғылығы, сәлдегүл – таралу аймағы азайып бара жатқан жергілікті түр
15. Сауыр тегеурінгүлі – сирек, аз жергілікті түр
16. Көктем жанаргүлі– сирек түр
17. Алтай гимноспермиумы – көп жерлерде азайып бара жатқан сирек түр
18. Қар дәуаяғы – сирек түр, көне түр
19. Сабақсыз ашықжеміс – сирек, жергілікті түр
20. Жебе жапырақты ергеш – өте сирек, жергілікті көне түр
21. Қызғылт семізот, алтын тамыр – саны қатты азайып бара жатқан бағалы түр
22. Алтай суық шөбі – саны азайып бара жатқан сирек түр
23. Сиверс алмасы – саны қатты азайып бара жатқан түр
24. Павлов итмұрыны – сирек, жергілікті түр
25. Ледебур бадамы – сирек, жергілікті түр
26. Ховен майқарағаны– сирек, жергілікті, көне түр
27. Ақ түкті таспа – Зайсан ойпатының жергілікті түрі
28. Тәтті жапырақты таспа – сирек, көне түр
29. Жіңішке сабақты таспа – сирек, жергілікті түр
30. Инелі кекек – өте сирек, жергілікті түр
31. Шыбықша тиынтағы– өте сирек түр
32. Ледебур қоянбұршағы – сирек, жергілікті түр
33. Алтай қасқыржидегі– сирек, жергілікті, көне түр
34. Тарбағатай таушешегі – сирек, жергілікті түр
35. Су жаңғақ — сирек, таралу аймағы азайып бара жатқан көне түр
36. Еуропа орманоты — сирек, көне түр
37. Қылтанды дәлен– өте сирек, көне түр
38. Желбезекше ледебуриелла – сирек, жергілікті түр
39. Мейр шоқгүлі – саны аз сирек түр
40. Саз қазанақ – сирек түр
41. Кәдімгі аюжидек, аюбүлдірген – сирек түр
42. Ұсақ жемісті мүкжидек – сирек түр
43. Тарбағатай кемпіршөбі – сирек, аз таралған жергілікті түр
44. Резниченко кермегі – сирек, көне, жергілікті түр
45. Попов дембеті – сирек, жергілікті түр
46. Тарбагатай дембеті– өте сирек, аз жергілікті түр
47. Кірпі қаратұқым – сирек, аз жергілікті түр
48. Тарбағатай қандыгүлі– сирек, аз жергілікті түр
49. Резниченко рияны – сирек, аз жергілікті түр
50. Дауыр бақаауызы– сирек түр
51. Келлер кесте жусаны– сирек, аз жергілікті түр, көне түр
52. Зайсан лаксасы – сирек, аз жергілікті түр
53. Сафлор тәрізді аюдәрі (марал тамыры) – саны қатты азайып бара жатқан түр
54. Таңдамалы сушырмауық – өте сирек түр
55. Тамыр сүйгіш полипорус – сирек түр
56.
Кладина, бұғы мүгі– қынаның сирек түрі

 

             Шығыс Қазақстан  табиғаты  сұлу,  әсем  жерлері.

                                            

1.Қазақстанның солтүстік шығысында 100 деген км-ге созылған Алтай тау жүйесі жатыр.

Мұнда әдемі ландшафт Бұқтырма жазығы ерекше, өте үлкен территорияны алып жатқандықтан, көпке дейін Бұқтырма өлкесі деп аталып келді. Бұл аймақ 1600 км шаршы алып жатыр. Оның негізгі су тамыры Бұқтырма өзені, басын Табын-Богдо жотасының мұздығынан алады. Оның негізі бір саласы Ақ Берел өзені. Бұқтырма өзені Алтай жоталарын шығыстан батысқа қарай 400 км тілімдей ағады.

Мұнда ландшафт биіктен төмен қарай бірте-бірте өзгеріп отырады. Оның тау бастарында жалаңаш құздар мен шындар, мәңгі қар. Одан кейін ылғалды алъпі шалғындары. Бұдан кейін қылқан жапырақты ормандар, оның жоғарғы шекарасында самырсын, төменгі жағында қарағай, осы екеуінің аралығында шырша, май қарағай тараған. Жоғарғы - Бұқтырма аудандарында табиғаттың сұлу жерлері — Марқакөл көлі және Марқакөл қорығы, сонымен қатар әйгілі Рахманов бұлағы орналасқан.

 Маркокольский заповедник.23.07.2012, 08:11 (#3708)

 

Алтай өңірінің халқы Марқакөлді бүкіл аймақтағы сұлулықтың патшасы дейді. Көлдің суының мөлдірлігі сонша 6-7 км терендікке дейін түбі анық көрінеді, солтүстігінде теңіз деңгейінен 3000 км биікте орналасқан Күршім жотасы,  оңтүстігінде Азутау жотасы, биіктігі 2385 м.

Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Өкінішке орай, шығысында 1,5 мың гектар жер көлдің аса маңызды бөлігі бола тұрса да, қорыққа енбеген. Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен қаңтардың орташа температурасы -26°-27°С, ал кейде аяз -55°С -қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы 14°-17°С, ең жоғарғысы 30°С-қа жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық түседі. Табиғат түстерге бай, тік жоталары орманмен жабылған. Өзен маңында сібір шыршасы, қайындар және т.б. ағаш түрлері өседі. Мұнда ағаштың 19 түрі өседі. Бұталардан - қоңыр итмүрын, таңқурай, қара және қызыл қарақат т.б. өседі.

 

Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы - Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтынтамыр» кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішінде аю,сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр және құстың 200-ге жуык түрі, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар, 5 түрлі балық кездеседі. Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке, майқан, талма, теңге бар. Бұлардың ішінде ең бағалысы мөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі

Марқакөлде бір рет болған адам, өмір бойы оның жағасын, ағаш сыбдырларын, мөлдір таза өзен ағыстарын, қар самалын ұмытпайды.

Рахманов бұлағы - Оңтүстік Алтайдың бірден бір сұлу бөлігі. Бұл бұлақтың ашылуы аяқ астынан болған. Бұдан 200 жыл бұрын аңшы Рахманов тауда бір маралды аяғынан атып алады. Сол күні жаралы маралмен бірге тау ішінде аңшы қонып қалады. Таңертең тұрса, жараланған мара­лы жоқ, жан-жағына қарап, жақын жерде бұлақтың ағып жатқанын көреді. Рахманов бұлаққа келіп, сол жерде жа­ралы маралдың аяғы бұлақ суына салынып, жазылып, маралдың қашып кеткенін байқайды. Рахманов өзіне ыстық бұлаққа тәжірбие жасауды жөн көріп, көп жылдан бері ревматизммен ауырған аяғын 3 күн бұлақ суына салып, аяғының жазылғанын сезеді. Содан бері қарай бүкіл осы маңда тұратын халықтар емдік қасиеті бар бұлақты "Рахманов бұлағы" деп атап кеткен. Қазір мұнда көптеген ауруларды ем-дейтін "Рахманов бұлағы" курорты жұмыс істейді.

Санаторий «Рахмановские Ключи»

 

Алтайдың қақ жүрегінде теңіз деңгейінен 1760 м биіктікте, сұлу екі көлдің аралығында орналасқан.

Алтайдың ең биік нүктесі - Ақтау (4506м), мүнда Алтай қарағайы, күнмен шағылысқан сарқырамалар, таудың таза ауасы, қылқан жапырақты ағаштардың және альпі шалғынының түрлі шөптерінің тамаша иістері ерекше. Мұнда көптеген сүйек аурулары, тері аурулары, бұлшық ет аурулары, жұлын, радикулит, нерв системалары аурулары әртүрлі ыңғайлы ванналарда емделеді.

Рахманов бұлағы қазіргі химиялық классификация бойынша азотты - кремнилі минералды топқа жатқызылды, ол өзінің суының құрамы жөнінен "Белокурихи" және "Цхалтубо" санаторийілерімен ұқсас, бірақ олардан емдеу күші жөнінен біраз ерекшеліктері бар.

Радон суларын ішу арқылы асқазан - ішек аурула­ры, асқазан жараларын емдеуге болады. Климаты арқылы кептеген ауруларды: жоғарғы тыныс алу жолдарын, астма, қан аздықты емдеуге болады. Санаторий емдеу корпустарында, асхана және коттедждерде барлық жағдайлар жасалған. Екі қабатта екі, төрт адамдық нөмірлер бар, мұнда көбіне жанүясымен демалуға келгендер демалады. Демалыс үйінің "қонақ үйі" бар. Демалушыларды демалы үйінің асханасы үш уақыт тамақпен қамтамасыз етеді. Әсіресе, мұн-да демалушылар ұлттық тамақты қалайды. Табиғатпен сырласу жөне "тірі су" адам денсаулығын қалпына келтіреді және ұмытылмас сезім қалдырады.

Қатон - Қарағай селосында көрікті жерлердің бірі -Бұқтырма өзенінің орта ағысы жазығында, оңтүстігінде Сарымсақты жотасына дейін жетеді, биік шындары қар басқан. Қатон - Қарағайдың түзу, жасыл көшелерін бойлай аққан арықтар Оңтүстік Қазақстанның жерлерін еске түсіреді.

                     

                   

 

 

 

                  

 

                     Шығыс  Қазақстан  экологиялық   жағдайы.

Қазақ халқы табиғаттың тынысын жүрегімен тани білген. Адамның табиғатқа тұтынушылығына көзқарасы, оған сарқылмас байлық деп қарауы табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына жол берді. Мұның келеңсіз әсері күшейіп, адамзат экологиялық мәселерді шешуді белсенді түрде қолға алды. Жер бетін қамтыған экологиялық дағдырыстар мен экологиялық аппатар және оған туындалған экологиялық зардаптарға байланысты экология ғылымының қажеттілігі аңық айқындалды.

        ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басталған шағында адамзат қоғамының даму мәселесі адам мен табиғаттағы қарым – қатынастың дұрыс жүргізілмеуінің арқасында мүлдем шиеленісіп кетті.Осы жағдайды саналы азаматтың барлығы түсіну қажеттігін және әрбір азаматтың  өмір сүру барысында табиғат пен табиғат қорларын пайдалану үрдісінде оны таза, мол  қазыналы көркем қалпында мәңгілікке сақтау ешбір кезек күттірмейтін мәселе екенін мемлекет деңгейінде түсінудің қажеттігін Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2050» бүкіл халыққа Жолдауында бірнеше рет айтып өтті.

Табиғат–адам–қоғам–өндіріс; «қоршаған орта мен қоғам» арасындағы ара – қатынас табиғатын сақтауға бағытталған адамдардың қызметі бірлікте болуы тиіс.

Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Шығыс Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т  зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен.
Атмосфераны ластағыш заттардан бір ғана мультипликатор - қорғасын ингредиентін мысалға алайық. Қорғасын - политропты у. Оның организмдегі азғантай ғана конценфациясы, органдар мен тканьдарды, қан жүйесін, орталық нерв жүйесін, иммун жүйесін зақымдап, бүлдіреді. Қорғасынның жоғары мөлшері - Өскемен, Зыряновск, Лениногорск қалаларының атмосфералық ауа құрамында байқалады. Шашқа жасалған спектральды анализ мәліметтері бойынша, бұл қала тұрғындарында, қорғасын мөлшері ең жоғары, яғни шекті мөлшерден 6 есе көп болып шықты. Қорғасынның бірқатар мөлшерін тұрғындар су, азық-түлік өнімдері арқылы қабылдайды. Сондықтан да болар, шығыс қазақстандықтардан ақ қан ауруымен науқастанғандардың саны көбейіп отыр.

 

                                       Қорытынды.

Мен өзім тұратын  Күршім  ауданында  табиғатты  қорғау  мәселесі  өткір жолға  қойылуда. Қоршаған ортаның  ластануына дала, орман өрттері,  ауаға   түтінмен  бірге көтерілетін  радиоактивті  элементтер, өсімдіктердің мал тұяғымен  тапталып, топыраққа айналуы  тікелей  әсер етеді. Өрттің  салдарынан қоршаған  ортадағы  микроклимат өзгереді, өсімдіктердің  табиғи  құрамы  бұзылады, экологияға кері әсерін тигізеді.

Туған жеріміздің   тұнық   таза  ауасын ,өзен-көлін, өсімдіктері мен бағалы жануарларын  сақтап қалуда  мынадай  бағыттарды  ұсынамын.

–  Адамдардың экологиялық сауаттылығын арттыру экологиялық апаттарды болдырмаудың алдын алуы болып табылады.

–   Экологиялық сананы қалыптастыру, табиғатпен қарым– қатыныста қалыптар мен ережелерді бұзбауға үйрету.

-Мектепте жас ұрпақтарға экологиялық білім беруде қорық қызметкерлерімен бірігіп қоғамдық пайдалы еңбек, экологиялық апталық, саяхат, практикалық жұмыс жасау.

-Өңірлік экологиялық саясатты жоспарлау және қаржыландыру.


- өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқарудың инфрақұрылымын жетілдіру 

- экологиялық қауіпті объектілерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету. 

- автокөліктердің өнеркәсіпті қалалардың атмосферасын ластау әсерін төмендету. 

- өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып экологиялық тиімді технологияларды пайдалану.

- сарқынды суларды тазарту әдістерін жетілдіру, су үнемдеуші құралдар пайдалану.

     -Өндіріс орындарының зиянды қалдықтарын жою,
     -аймақтың су бассейнін тазарту және Батыстың жаңа технологиясын     қабылдау;

   - табиғат қорғау жұмыстарына кадрлар әзірлеу;

   -халық арасында экологиялық –ағарту жұмыстарын жүргізу

 

 

Жыл сайын өткізіліп отыратын халықаралық табиғат қорғау акциясы «Саябақтар–шеруі» аумағандағы өткізілетін «Табиғатты қорғайық», «Біз Марқакөл өркеніміз» деген суреттер жарысы, «Менің туған  жерім Күршімім» атты балалардың  шығарма жұмысының жарысы осыған дәлел. Жергілікті тұрғындар мен қорық қызметкелері бірігіп көгалдандыру, құстарды қорғау, көшедегі лас– қоқыстарды жинау, тұған өлкені зерттеп білу барысында табиғат ескеркіштерін қамқорлыққа алу сияқты шаралар өткізіліп отырады.

Тұған жеріміздің табиғатын қорғау– баршамыздың міндетіміз. Келер ұрпақты экологиялық білімділікке баулу керек. Ата – бабамыз оқымай– ақ табиғатпен үндесіп, табиғат сырларын біліп отырған. Қазақ орнатқан ошақтарын да көшкенде жауып кетеді екен.

Ойымызды түйіндесек адам мен табиғат әрқашанда егіз. Әр адам табиғат тазалығын бұзатындарға төзбестікпен қарап, табиғат байлығын молайту саласындағы істерге белсенді түрде қатысуға міндетті. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғайтын, табиғатты аялайтын экологиялық мәдениетке тәрбиелеу арқылы салауатты, саналы азаматтарды тәрбиелеу әрбір адам баласының міндеті болып табылу тиіс және солай болатына сенімдіміз. Біз өз өлкеміздің әсем табиғатын сақтап қалу үшін, халқының жарқын өмір сүруін қалаймыз; сонымен бірге, жер бетінде таза экологиялық ахуалдың орнығуы үшін күресуші жандармен ниеттес екенімізді білдіре отырып бірлесуге шақырамыз жәнеқолдаукүтеміз.
Әлемнің алтын алқасы, інжу-маржаны атанған Кенді Алтай осындай жер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  Пайдаланылған әдебиеттер 

 


1.Шығыс  Қазақстан облысы, энциклопедия 2008жыл. 


2.
Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы-Алматы: Ғылым, 1998.
3.Беречь природу Семиречья. Экологический курьер-2000 г.

 
4.Жәкешбаева Р.Б., Альмурзаева С.И., Тургенова О.М.
Исмаилов Б., Акимова Ж. Экология, Алматы, 2007. 


5.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология


6.Экология Г.С.Оспанова.Г.ТБозшатаева 
Экология және қоршаған орта  

 

     7.  Ш. С  Мұхамадиева . Бастауыш  сыныптарда  экологиялық  тәрбие  беру  дидактикалық       материалдар.

 

    9. Интернет  материалдары:  білімділер, алтын  ақпарат сайты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба «Шығыс Қазақстан табиғаты ерекшеліктері мен экологиясы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жұмыстың зерттеу әдістері:

Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдері-мәліметтер жинақтау,баяндау, тәжірибе жүзінде талдау,ғылыми талдау.
Жұмыстың құрылымы:
Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі тараудан және қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер,сілтемелер мен қосымшалар соңынан берілді.
Жұмыстың теориялық және практикалық :
Бұл жұмысты география,биология сабағында оқушылардың реферат,баяндама жұмыстарына қолдануға және саяхат сабақтарын ұйымдастырғанда қолдануға болады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 554 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2018 3175
    • DOCX 206 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джандаралова Жанар Ахметкановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 66971
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 493 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 76 человек

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 684 человека

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе