Windows амалдық жүйесі туралы түсінік

    DOCX

Краткое описание материала

Сабақтың тақырыбы: Windows амалдық жүйесі

 

Сабақтың мақсаты:

-         білімділік: амалдық жүйе жайында түсінік. Windows ортасында жұмыс істеу дағдыларын дамыту: терезелер, файлдар құрылымы ұғымын түсінуі тиіс. Оқушылар объектілерді құру, жылжыту, көшіру, іздеу, ашу және бағдарламаларды іске қосу, өз жұмыстарын талдау мен рефлексия тәсілдерін меңгеру керек.

-         тәрбиелік: пәнге деген қызығушылықты арттыру, сыйласу, қарым-қатынас жасай білу, ұжымдық сезімді ояту сияқты рухани тәрбие негізін қалыптастыру.

-         дамытушылық: танымдық қызығушылығын, логикалық және шығармашылық ойлау қабілетін, қадағалау-тексеру, реакция деңгейін жетілдіру.

 

Сабақ түрі: аралас

 

Сабақ әдісі: суреттемелі-түсіндіру

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, проектор, компьютерлер.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабақтың өту кезеңдері мен мақсатын түсіндіру

 

Өткен сабақты пысықтау:

1.     MS-DOS амалдық жүйесі

2.     Компьютерді іске қосу

3.     MS-DOS не үшін қажет?

4.     Format  не үшін қажет?

Оқушылардың жауаптарын бағалап, жаңа сабақтың мазмұнына ауысу.

 

ІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы, жоспары және мақсаттарымен таныстыру:

1.     Windows амалдық жүйесі

2.     Тілдесудің (интерфейс) маңызы

3.     Бір міндетті және көп міндетті амалдық жүйе арасында қандай айырмашылық бар

4.     Windows амалдық жүйесінің сипаттамасы

5.     Windows амалдық жүйесінің негізгі түймешіктері

 

Амалдық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және бағдарламалық жасақтаманы басқару үшін қажет. Ол компьютермен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, яғни, АМАЛДЫҚ ЖҮЙЕ – компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама.

Амалдық жүйе көптеген амалдарды, мысалы, оқитын бастиекті белгілі секторда орнатуды, нақты жолшықтан ақпаратты оқуды, дискіден бос орынды тауып және сонда файлды жазуды және т.б. әрекеттерді адамның қатысынсыз жасырын орындайды.

Біз үшін компьютермен қатынсаудың ыңғайлы әдісі, амалдық жүйе қамтамасыз ететін тілдесу (интерфейс) маңызды болып табылады.

 

Windows амалдық жүйесінің жұмыс үстелі

 

Менің компьютерім

БАСТАУ (ПУСК) түймешігі

 

ЖЕЛІ аймағы

 

 

Себет

 

Басқару панелі

 ІІІ. Оқушылар сұрақтарына жауап беру:

Жаңа сабақты пысықтау:

1.     Windows амалдық жүйесі мен MS-DOS амалдық жүйесінің айырмашылығы және олардың қажеттілігі.

2.     Басқа да амалдық жүйелер жайында көрсетіп өту.

 

іV. Сабақты қорытындылау және бағалар қою:

Сөйтіп, жүйелі түрде оқу үрдісінде интерактивті тақтаны қолданып отырсақ, біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастырады, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады, екіншіден, оқушы да ұтады, себебі өз ойын еркін жеткізуге мүмкіншілік алады, өз бетімен еңбек етуге баулиды, өздерін сөйлету оқушының ой-өрісін дамытуға септігін тигізеді, оның тақырып бойынша танымы кеңейеді.

 

V. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. UNIX амалдық жүйесін өз бетімен қарастырып келу.

 

 

 

 

 

 

Windows амалдық жүйесі туралы түсінік

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Магауова Салтанат Абайкызы

педагог-психолог

  • На сайте: 10 лет и 6 месяцев
  • Всего просмотров: 73171
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 24
  • 73171
    просмотров
  • 24
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Магауова Салтанат Абайкызы.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: