Инфоурок Дошкольное образование КонспектыИнновациялық технологиялар мен әдістемелерді меңгеретін тәрбиеші тұлғасының моделі

Инновациялық технологиялар мен әдістемелерді меңгеретін тәрбиеші тұлғасының моделі

Скачать материал

                                          

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» БАҰО  «АҚФ» Алматы облысы бойынша

педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

http://orleu-edu.kz/Images/gerb.gif

 

 

 

 

 

 

Өзіндік жұмыс

Тақырыбы:   Инновациялық технологиялар мен әдістемелерді меңгеретін тәрбиеші тұлғасының моделі

 

 

 

 

                                                                      Орындаған: Баян.А.Б

                                                                     

 

 

 

 

 

 

                                                          Жоспар:

   

Кіріспе

 

Негізгі бөлім

 

1.     Тәрбиеші тұлғасының моделі

2.     Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық  технологияларды                    

  қолдану

3.       Денсаулық сақтау технологиясы   

4.      Жобалау шығармашылық технологиясы   

5.     Ізденіс-шығармашылық технологиясы

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

      Біздің келешегіміз жас ұрпақ. Жас ұрпақтың тәрбиесі –адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ал балабақшадағы тәрбие ата-анадан берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғастырып жандандырады. Ұлттық тәрбиенің негізі ана сүтімен, ана тілімен, ең алғашқы бесік жырының әлдиімен беріледі. Ал бүлдіршіннің тілегі, білімге деген қызығушылығы, оның ойлау қабілеті, танымдық қажеттіліктері балабақшада қалыптасады.

      Қазіргі   заманда  алға  қойылып  отырған  маңызды  мәселердің  бірі -  жан - жақты  дамыған  өнегелі, рухани  ізденісі мол жас  ұрпақ  тәрбиелеу.  Отбасы,  балабақша  және ата-ана ұшбұрыш болғандықтан тығыз байланыста  болу керек. Сол арқылы  жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.

      Біздің  міндетіміз  әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жетілдіріп және жаңа инновациялық білім технологиясын меңгерту.

    Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе. Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық кедергілерді жеңу табысқа талпыну өз қолымызда деп білемін. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпайды.

         Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп көрсетілген. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындалуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру.
      Инновациялық технологиялар мен әдістемелерді меңгеретін тәрбиеші тұлғасының моделі. Білім  берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Біз жаңа  «Step by step» технологиясының элементтерін пайдалана отырып, орталықтарға бөліп оқу іс-әрекеттерімізді ұйымдастырамыз, бұл технологияның тиімділігі балалардың қай салаға жақын екендігі айқындалып, ата-анамен байланыс нығаяды. Сонымен қатар Бөкейорда ауданы Сайқын ауылының  «Ер Төстік» ясли-бақшамызда М.Монтессори технологиясы бойынша заманауи  құрал-жабдықтарымен жабдықталып, балалармен жұмыстануда. М.Монтессоридің «Өзіме істеудің мүмкіншілік бер», «Өзім жасаймын» деген ұраны бойынша  баланы еркін дамыту технологиясы болып саналады. М.Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол моторикасын дамиды, өз беттерінше жұмыстар атқарып, қиыншылықтарды жеңе біледі,  еркін ойлауға тәрбиеленеді.
     Жаңа технологияның тиімділігі  баланың  жан-жақты құзіреттілігін дамытып, білімді ұрпақ тәрбиелейді.

         Қазіргі заман талабына сай, балаға саналы да сапалы білім берсе ғана, біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқан болмақ. Бала отбасында дұрыс тәрбие  алса, тәрбиелеудің нәтижесі жоғары болмақ. Еліміздің ертеңгі болашағы өсіп келе жатқан жас ұрпақ болғандықтан ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау баршамыздың жауапты міндетіміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                       Тәрбиеші тұлғасының моделі

 

Тәрбиеші тəрбие жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жетекшілік жасау жəне іс шараларды өткізумен айналысатын педагог.

Шығармашыл тəрбиеші –теорияны практикамен ұштастыра білетін, педагогикалық мəселелерді жоғарғы білімділікпен шебер

шеше білетін болуға тиіс.

Тəрбиешінің негізгі міндеттері:

-         тəрбиелеуші жəне дамытушы іс-əрекеттерді ұйымдастыру; балалар ұжымын ұйымдастыру жəне дамыту;

-         əр баланың бейімділігі,қызығушылығы жəне қабілетінің дамуы үшін жағдай жасау;

-         баланы тұлға етіп тəрбиелеп,қалыптастыру.

 

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу үздіксіз білім беру жүйесінің бастапқы буынын іске асырушы-тәрбиеші маман болып табылады.

      Жаңаша  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру,   жаңа  білім мен дағдыны меңгерген,  шығармашылық  қабілеті жоғары,  дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді.

     Балабақша тәрбиешісі - арнайы дайындығы бар және педагогикалық іс-әрекетпен кәсіби айналысатын тұлға. Оның негізгі міндеті – мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үдеріс ұйымдастыру, кәсіби даярлығын үнемі жетілдіріп отыру.

    Осыған орай, қазіргі таңда балабақша тәрбиешілеріне келесі бірыңғай әдістемелік талаптар қойылады: педагогикалық және психологиялық деңгейін көтеру; оқыту мен тәрбиелеудің ең соңғы жаңа педагогикалық технологияларын зерттеп меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу; өз білімін көтеруге, шығармашылықпен жұмыс атқаруға ынталандыру; балалар табыстары мониторингісін жасау және оны диагностика қоюдың қазіргі тәсілдерін меңгеріп, қолдана білу; авторлық бағдарламалар, оқу құралдарын, мақалалық ізденістер жасауға ұмтылдыру; тәрбиешінің педагогикалық-кәсіптік оң көзқарастарының және құндылықтарының қалыптасуына жағдай туғызу.

      Балабақша тәрбиешісі — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі.

      Тәрбиешілердің білімділігі, мәдениеттілігі, шеберлігі, қабілеттілігі, балалармен қарым-қатынасы, жеке басының дамуына төмендегідей нақты талаптар қойылады:

1.            Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, ұйымдастыра білуі;

2.            Арнаулы білім-дағдыны меңгеруі;

3.            Баламен сөйлесе білуі; көзкарасымен, ыммен де өз ойын түсіндіруі;

       4. Жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерінде әзілдесіп, көнілді болып, орынды жерде ашулана алатын болуы;

5. Тәрбиешінің әрбір қимылы жүріс тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие берерліктей болуы тиіс.

    Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша тәрбиеші мамандығына даярлауда негізгі көңіл студенттердің педагогикалық практикасына бөлінеді.

      Педагогикалық практика кезінде студент келесі кәсіби-педагогикалық іскерлік негіздерін меңгеруі тиіс:

- балалардың жас және жеке ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;

- балалардың дамуы мен тәрбиесін диагностикалау және жобалау мақсатында бала тұлғасы мен ұжымды зерттеу;

- педагогикалық қызметтің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарды жоспарлауын жүзеге асыру;

- балалардын оқу-танымдық қызметінде басқарудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдалана алу және білім-тәрбие міндеттерін шешу;

- балалар ұжымын алға қойған міндеттерді орындауын ұйымдастыру (өз іс-әрекеті мен балалар іс-әрекетінің жүйелілігін анықтау, белсенділерді анықтау, ұжым мен белсенділердің қарым-қатынасын үйлестіру, бакылауды жүзеге асыру, жұмыстың қорытындыларын шығарып, оны талдау);

- оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау;

- ата-аналар арасында педагогикалық насихат жұмыстарын жүргізу.

      Бізге бұрыннан белгі болып келген балабақшада тәрбие жұмысын ұйымдастыру: отбасы - балабақша -  мектеп  сабақтастығында шығармашылықпен жүргізілуі тиіс.

           Болашақ тәрбиешілерді балалардың шығармашъшық қабілетін дамытуға кәсіби даярлау төрт кезең бойынша жүзеге асырылады: а) болашақ тәрбиешілерді педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық тұрғыда бағдарлау, педагогикалық іс-әрекет қызығушылығын айқындау, осы мамандықты тандаудағы мотивін анықтау; ә) болашақ тәрбиешілерді шығармашылық іс-әрекет қызметіне араластыру, шығармашылықтың мәні мен мазмұнын түсіндіру, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін жинақтау. Болашақ тәрбиешінің шығармашылық тұрғыда өзін-өзі дамытуы.

    Жаңа заман тәрбиешісі – бұл сауатты маман, бағдарламаны және әдістемелік шараларды анықтай алатын білімді адам. Бұл бала және оның ата-анасымен тіл табыса білетін, қиын ситуациядан шыға білетін жақсы психолог. Бұл бірлесіп еңбек етуге, ұжымдас жолдасына кез келген кезде көмек беруге даяр тұратын маман. Жаңа заман педагогы дегеніміз үнемі ізденіс үстінде өз білімін жетілдіріп отыратын, жаңа әдіс жолдарын пайдалануға құштар және жақсы жетілген педагогикалық тәжірибені өз ісіне еңгізе білетін шебер маманды айтамыз. Атақты ұлы педагог Амонашвили «Тәрбиеші бұл- өзге адамның дамып жетілуін өз жауапкершілігіне алатын кәсіби адам» деп атап өткен.

      Тәрбиешінің мәдениеттілігің көрсеткіші - әдептілігі, коғамдық орындарда өзін сыпайы, еркін, ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі тәртібі, сүйкімділігі, адамдармен өзара сыйластыққа, адалдыққа негізделген қарым-қатынасы. Ондай тәрбиешіні балалар жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, оған жақын жүргісі келеді, оның балалар арасында беделі де зор болады.

     Тәрбиешіні үнемі алға талпынып, жас ұрпаұ тәрбиесіне белсенді араласуға, балалар арасында беделді болуға міндетті. Оның адамға, балаға деген сүйіспеншілігі мол. Моральдық жағынан биік болуы, мамандығын жақсы келуі шарт.

     Қорыта келгенде, болашақ тәрбиешіге педагогикалық байқампаздық, бақылампаздық, зейін, ақыл-ой, ерік-жігер, шыдамдылық, ұстамдылық, шыншылдык, адалдық, карапайымдылык, мейірімділік, ізеттілік, ізденімпаздық қасиеттер кажет. Бұл сияқты адамгершілік сапаларды берген тәрбиеші баланың әрі карай дамуына әсерлі ықпал етіп, мінез-құлкында өшпес із қалдырады.

      Жаңа технологияларды күнделікті ұйымдастырылған оқу әрекетінде пайдалану үшін әр тәрбиеші бүлдіршіндердің жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогтың мақсат мүддесіне орай таңдап алады. Білім берудің жаңа стандартын басшылыққа ала отырып: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашалық», Әлеуметтік орта» білім беру салаларына байланысты мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сай оқу іс-әрекетін әрбір болашақ тәрбиеші шығармашылық ізденіс негізінде жүзеге асыруы керек.

Болашақ тәрбиеші алған теориялық білімін практикада қолдануды үйренеді. Жұмысқа ықыласпен ден қойған маман одан үлкен канағат алады. Бұл оны өзінін мамандық шеберлігін жетілдіре түсуге ынталандырады.

Болашақ тәрбиеші мамандарды даярлауда және педагогикалық мамандықтың мәртебесін көтеру мақсатында мектепке дейінгі мекемеде кафедра оқытушылары әдістемелік іс-шаралар (семинар-практикумдар, жәрмеңке, көрмелер, семинарлар, педагогикалық кеңестің мәжілістері т.с.с.)ұйымдастырылып тұрады.

 

 

 

Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық  технологияларды                     

                                                қолдану

          

     Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.
      Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет:

     «Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы».
Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:
-Денсаулық сақтау технологиясы.

-Жобалы-іс шығармашылығы.

-Ізденіс-шығармашылық технологиясы.

-Қатынастық-ақпараттық технология

-Жеке тұлғаға бағыттау технологиясы.

-Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы.

-Ойын технологиясы.

-Триз технологиясы және т.б.

 

                          Денсаулық сақтау технологиясы

 

      Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты: Баланың денсаулығын нығайтуға,білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары,баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасыуна үлкен үлес қосады.
Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес.

Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын мына төмендегілермен тығыз байланыста болады:

-Мектепке дейінгі мекемелермен.

-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы.

-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы.

-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар.

-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі.

-Балалардың денсаулық көрсетілімі.

     Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі:
Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу.

Сауықтыру-шынықтыру: бұл балалардың денсаулығын нығайтып, шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын жақсардтуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады.

     Баланың әлеуметтік-психологиялық сәттілігін қамтамасыз ету.
•Денсаулықты сақтау және денсаулық нығайту.
• Педагогтардың денсаулық мәдениетін дамытуға бағыттау.Сонымен қатар мәдени кәсіби денсаулық.

• Салауатты өмір салтына қажеттілікті дамыту: денсаулықты сақтау және оған жағдай жасау (спорттық және қимылды ойындар технологиясын қолдану ,көзге арналған және тыныс алу жаттығулары т.б.)
•(динамикалық үзіліс, релаксация, ритмопластика)

•Білім беру:

• Мектепке дейінгі баланың мәдени денсаулықтарын тәрбиелеу.

• Оқытуда және тәрбиелеуде жекешілдікке оқытуға тұспалдау.
• Салауатты өмір салтын үйрету.

Денешынықтыру сабақтарының техникасын қолдану, қатынастық ойындар, кедергі ойындар (ойын тренингтер, теропиялық ойындар, өзін өзіне массаж жасау).

Денсаулық сақтау технологиясына сенсорлық дамыту ортасын ендіру.

 

                        Жобалау шығармашылық технологиясы.

 

Мақсаты: Әлеуметтік тұлғалық тәжірибені дамыту және байыту.
Тәрбиешілер өз іс әрекеттерінде жобалау технологиясын қолданады.
Жобалау классификациясы «Ойын түрінде» барлық топтың қатысуымен өткізілетін сабақтар 

(ойындар, ұлттық билер, драматизациялау, әр түрлі көңіл көтерулер) 
«Саяхаттау» қоғамдық өмірдегі айналамен танысудағы қиындық мәселесін шешуге бағытталады. 

«Баяндау» Балалар өз сезімін көркемдеп,музыка арқылы,ауызша,жазбаша,жеке дауыста жеткізуді үйренеді.
«Құрастыру» анық пайдалы заттарды жасауға бағытталған;
(құс ұясы, гүлзарлар құрылымы.) «Жоба түрлері» 

Басымдылық әдістемесі бойынша.

-Іздену.
-Ақпаратты.
-Шығармашылық.
-Ойындар.
-Болған жағдайлар.

-Практикалық бағыттаушы.

Мазмұны бойынша төмендегідей:

-Баланы және оның отбасын қатыстыру

-Бала және табиғат.

-Бала және қоршаған әлем.

-Бала,қоғам және мәдени құндылықтар.

.Жобаға қатысушы баланың сипаттамасы бойынша:

-Тапсырыс беруші.

-Іс-тәжірибе.
-Орындаушы.
-Қорытындыға дейін ой туғызатын қатысушылар.

Байланыс сипаты бойынша.

-Жас ерекшелігіне байланысты топта іске асады.

-Басқа топтармен байланыс.

-Мәдени мекемелер.

-Қоғамдық ұйымдар (ашық жобалау)

Қатысушылар саны бойынша:

-Жеке
-Жұппен
-Топпен
-Жаппай
.Ұзақтық мерзімі бойынша.

-Қысқа мерзімді

-Орташа ұзақтылық.

-Ұзақ мерзімді.

 

 

 

 

Ізденіс-шығармашылық технологиясы.

 

Ізденіс шығармашылық технологиясының мақсаты -балалардың ізденіс құзіреттілігін дамыту.

Триз технологиясы міндетті түрде қолданылады.

Экспериментті-ізденіс әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру.

-Шығармашылық.
-Эверистикалық әңгімелер

-қиындық туғызатын сұрақтардың шешімі мен құрылымы.
-Бақылау.
-Модульдік (жансыз табиғаттың өзгерістерінің модульін құру)
-Тәжірибелер.
-Қорытындысына баға беру.

Бақылау,тәжірибе, эксперименттер, еңбек іс-шаралары.

«Жүктеу» бояуға, дыбыстауға, табиғаттың бейнесі және иістер.

-табиғаттың дыбыстарына, дауыстарына еліктеу.
-көркем сөздерді қолдану.

-дидактиқалық ойындар, үйретуші ойындар және шығармашылық даму жағдайлары.
-еңбек ету

Ақпараттық –қатынастық технологиясы

Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады.
(қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы)
Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды:

Міндеттері:
-жаңа заманға қадам басу

-жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу.
-компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау.

-Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.
-педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата –аналардың

құзыреттілігін көтеру.

Бағдарламаны жіктеу

-ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту

-шет тілінде сөйлейтін сөздік

-қарапайым графикалық редактор

-ойын-саяхаттар.

-оқуды, математиканы үйрету.

Триз жүйесі бойынша шығармашылық әңгіме барысында қалыпсыз тәсілдерді қолдану.

Триз технологиясының мақсаты: баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3негізгі мақсат қарастырылған. 
1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр түсін , пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. Заттың іс -әрекетін білдіретін (жүрді,жүгірді,келді,келеді,епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, осында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету. 2 Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3 4 сөзден тұратын сөйлем құрату. 3. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген түйгенін , сурет және оқылған ертегілер мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілердің кейіптендіре білуге үйрету. Мысалы: «Түлкі мен ешкі» ертегісінде: Түлкінің терісі қандай?(үлпілдек) тағы нелер үлпілдек болады? (қар, шапан, тымақ, мысықтың жүні ,кілемнің беті) Ешкінің түсі сұр болған ,тағы нелер сұр түске жатады? (сұр бұлт, сұр бас киім , сұр ішік, сұр қоян) 

-Құдықтың суы қандай болады? –Мұздай. Тағы нелер мұздай болады? (мұздай су, мұз, суық жел, қар, су, мұз жатады) 
Балалардың шығармашылығын дамыту жолында:
-Сурет салу

-Мүсіндеу
-Жапсырма
-Музыка. ұйымдастырған оқу іс –әректтер өткізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Балабақша тәрбиешісі — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі.

       Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын балалардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі тәрбиешінің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады.

     Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз. Педагог әдептілігінің негізіне педагог еңбегінің әлеуметтік мәні, жеке басының адамгершілік мазмұны, психологиялық жағынан қалыптасуы, кәсіптік жағынаң қарулануы, өзгелермен ңарым-ңатынасының сипаты, мінез-құлқы, жасы, жынысы, мамандығы, отбасы жағдайы және тағы басқалары жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1.Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы //Егемен Қазақстан,  2011

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты. -Астана 2010.

3.Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы. – Алматы, 2002.

4.Құлжанова Н. «Мектептен бұрынғы тәрбие».- Орынбор, 1923.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Инновациялық технологиялар мен әдістемелерді меңгеретін тәрбиеші тұлғасының моделі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 349 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2019 4871
    • DOCX 358.6 кбайт
    • 37 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баян Амангүл Баянқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баян Амангүл Баянқызы
    Баян Амангүл Баянқызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16145
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Образовательные ресурсы системы дошкольной образовательной организации в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 135 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы в ДОО по подготовке детей к школе

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 136 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация воспитательной деятельности в условиях реализации ФГОС

Специалист в области воспитания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 525 человек

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы финансового рынка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 27 человек