Инфоурок / Химия / Конспекты / Ион алмасу реакциялары. Сабақ жоспары

Ион алмасу реакциялары. Сабақ жоспары


библиотека
материалов

hello_html_caa99a2.gifhello_html_m56a54a0f.gifhello_html_m34761eae.gifhello_html_7ca7d551.gifhello_html_m41e180f7.gifhello_html_4a0daa74.gifhello_html_7ca7d551.gifhello_html_18977800.gifhello_html_caa99a2.gifhello_html_m4d7194ae.gifhello_html_m5f2d8881.gifhello_html_m7292c3b4.gifhello_html_69e79ab6.gifhello_html_404068d9.gifhello_html_4d8dd8c8.gifhello_html_m710826b6.gifhello_html_79b9289c.gif9-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Талдықорған қаласы М.Ломоносов атындағы №5 орта мектеп-лицейі

Карымбаева Айгүл Мырзағалиқызы химия пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы

Ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайлары

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Иондардың қасиеттері ретінде электролиттердің қасиеттері туралы ұғымды тереңдету;молекулалық,толық және қысқартылған иондық теңдеулер құруды үйрету;реакция аяғына дейін жүретін жағдайлармен таныстыру;хлоридтерге,сульфаттарға сапалық реакцияны қайталау және бейтараптану реакциясы туралы оқушылардың білімдерін бекіту

Дамытушылық

Заттардың қасиеттері және сапалық жаңа деңгейіндегі олардың өзара әсер механизмі туралы білімді қайта қарастыру арқылы бекіту.

Тәрбиелік

Терең білім алуға ынтасын тудыру

Күтілетін нәтиже

Білуі керек

Ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайларын білуі керек

Істей алуы керек

Ион алмасу реакцияларының теңдеулерін жаза және олардың жүру жағдайлары түсіндіре біліуі керек

Пәнішілік байланыс

Бейтараптану реакциялары

ІІ-Блок «Сабақтың жабдықталуы»

Көрнекі құралдар

Қышқылдардың, тұздардың және негіздердің ерігіштік кестесі.Зертханалық тәжірибе №1

Таратпа материалдар

Тақырыптық таратпа материалдары

Оқытудың техникалық құралдары

Электрондық оқулық,интерактивті тақта,магниттік тақта

Ақпараттық қор

Негізгі(әдебиеттер)

Химия 9 сынып оқулығы, «Мектеп »2013ж, авторлары Н.Н. Нұрахметов,Қ.М. Жексембина, Н.А. Заграничная,Ә.К. Темірболатова, К.А. Сарманова

Қосымша әдебиеттер

Химия 9 сынып оқулығы, Оспанова М.Қ., Аухадиева Қ.С., Белоусова Т.Г

Есептер мен жаттығулар жинағы, «Химия»-әдістемелік нұсқау Н.Н. Нұрахметов,Қ.М. Жексембина, К.А. Сарманова

Негізгі терминдер мен ұғымдар

Ион алмасу реакцияларының үш белгісі.толық және қысқартылған иондық теңдеулері.

Сабақтың технологиясы мен әдістері






АКТ, тірек-сызбалар,СТО –әдістерін пайдалану,сұрақ-жауап әдісі,баяндау әдісі,интерактивті әдістер: түсіндіре баяндау,миға шабуыл, ой қозғау,салыстыру,талдау,ақпарат беру,сөздік әдістер

Өткізу технологиясы

Оқытушы іс-әрекеті

ОӘҚ

Оқушылар іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже

І.Оқу іс- әрекетінің мотивациясы

Мақсаты:Бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылықтарын ояту

Мұғалімнің амандасуы.Жоқ оқушыларды түгендеу,оқу құралдарының дайындығын ,кезекшінің жұмысын тексеру

-

І.Амандасу,оқу-құралдарын дайындау,кезекшілік міндеттерін атқару

Сынып сабаққа дайын,кезекшілік атқарылды,мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарам-қатынас орнайды.

ІІ. Сабақ тақырыбы,мақсаттың қойылуы

Мақсаттар:Сабақтың мақсат міндеттерін таныстыру

Сабақтың мақсат міндеттерімен таныстыру

-

Сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады

Сабақтың тақырыбымен танысады,мақсатын түсінеді.

ІІІ.Жаңа білім меңгеру Мақсаттар:Жаңа тақырыпқа байланысты түсіндірме жүргізу;Негізгі ұғым-ион алмасу реакцияларының мағынасын ашу,анықтама беру

Түсіндіру әдісі

Негізгі ұғымдар

Жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті әдебиеттер мен ақпараттар тізімін ұсыну

1Электрондық оқулық бойынша. Қышқыл, сілті және тұздардың сулы ерітінділерінің ерігіштік кестесі.

Зертханалық тәжірибе №1

Мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды ,№1 Зертханалық тәжірибені орындайды,салыстырады,өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіреді

Ион алмасу реакцияларының үш белгісімен танысады және олардың толық,қысқартылған иондық теңдеулерін жазады,анықтайды,талдайды

IV.Бекіту

Мақсаттар: Жаңа тақырыпқа байланысты игерілген түсініктерін тиянақтау,бекіту,игерілген білімдерді практикада қолдана алу қабілеттерін дамыту

Оқушыларға топтық тапсырма беру;

-оқушыларға бекіту кезеңінің тапсырмаларымен таныстыру

1.Жеделдетпе сұрақтар қою

Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.

Оқушыларға топтық тапсырма;

1.Тақырыптар бойынша 1-4 тапсырмалар,39 бетте

2.№5 ,6 тапсырмалар

Ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайлары теңдеулерін жазады,талдайды,бейтараптану реакциясың жазады

V.Білімді бақылау,бағалау

Мақсаттар: -білім,біліктерін тексеру,олқылықтарды анықтау,игерілген білім,іскерлік,дағдыларын бағалау

1.Топтардың берген жауаптарын тексеру

2.Бағалау

1.Бекіту сұрақтарын қою

2.Жазбаша жұмыстарын тексеру

-Жаңа тақырып бойынша өз ойларын,пікірлерін айтады;-бекіту сұрақтарына жауап береді

-жазбаша жұмыстарын орындайды

Ион алмасу реакциялары теңдеулерін және олардың жүру жағдайларынтүсіндіріп, жаза алады,түсінеді

VІ.Қорытынды

Рефлексия,қорытындылау

Қышқыл, сілті және тұздардың диссоциациялануы

Негізгі ұғымдарға қайталау жасау

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктері қалыптасады

VІІ. Үйге тапсырма


Үйге тапсырма береді,орындалу жолын түсіндіреді

§9,7-8 тапсырма

Үйге берілген тапсырманы жазып алады,сұрақтар қояды



ІІІ блок сабақтың мазмұны.Ион алмасу реакциялары

Көптеген химиялық реакциялар ерітінділерде яғни электролит ерітінділері арасында жүреді. Сулы ерітінділерде электролиттер иондарға ыдырайтын болғандықтан, реакцияға иондар қатысады

Ион алмасу реакциялары айрықша маңызды реакцияларға жатады. Ондай реакциялар қалай жүруі мүмкін?

Зертханалық тәжірибе

.1-тәжірибе: Сынауыққа калий хлоридін құйып, үстіне натрий сульфатын қосамыз. Тәжірибеде ешқандай өзгеріс байқалмайды.

2-тәжірибе: Натрий сульфаты бар сынауыққа барий хлоридін қосамыз. Нәтижесінде ақ түсті тұнба пайда болады.

3-тәжірибе. Натрий сульфиді ерітіндісіне тұз қышқылын құямыз. Нәтижесінде шіріген жұмыртқа иісті газ түзіледі.

4-тәжірибе. Калий гидроксиді ерітіндісіне фенолфталеин тамызып, оған тұз қышқылының ерітіндісін қосамыз. Таңқурай түсті индикатор түссізденеді және жылу бөлінеді (сурет).Тірек-сызба

Описание: иондар

Ион алмау реакцияларының жүру жағдайлары

Жүргізілген тәжірибелерге түсініктеме.

1-тәжірибеде ешқандай өзгеріс болмады. Неге? Ион алмасу теңдеуін жазу:

Na2SO4 + 2KCl = 2NaCl + K2SO4

Бұл теңдеу – реакцияның молекулалық теңдеуі.

әрекеттесуші заттардың екеуі де күшті электролиттер, сондықтан иондарға диссоциацияланады:

2Na+ + SO42- + 2K+ + 2Cl- = 2Na+ + 2Cl- + 2K+ + SO42-

Бұл теңдеу толық иондық теңдеу деп аталады. Егер бұл теңдеудегі ұқсас иондарды қысқартсақ, барлық бөлшектер қысқарады.

2Na+ + SO42- + 2K+ + 2Cl- = 2Na+ + 2Cl- + 2K+ + SO42-

Бұл қайтымды алмасу реакциясы, немесе ол реакция аяғына дейін жүрмейтін реакция деп айтылады. Мұндай реакциялардың іс жүзінде мәні жоқ, оларды басқару қиын, сондықтан жүргізбейді. Мұндай реакция теңдеулерін былай жазып көрсетуге болады.

Na2SO4 + 2 KCl =

2-тәжірибеде ақ тұнба түзіледі. Неліктен? Оқушылар алмасу реакциясының теңдеуін жазады:

Na2SO4 + ВаCl2 = 2NaCl + ВаSO4

(молекулалық теңдеуі)

Сол жағындағы екі зат та күшті электролиттер, сондықтан иондарға ыдырайды. Оң жағында натрий хлориді ғана күшті электролит, ал барий сульфаты суда ерімейді, сондықтан иондарға диссоциацияланбайды:


2 Na+ + SO42- + Ва2+ + 2 Cl- = 2 Na+ + 2 Cl- + ВаSO4

(толық иондық теңдеуі)

Оң және сол жақтағы ұқсас иондарды қысқартамыз:

2 Na+ + SO42- + Ва2+ + 2 Cl- = 2 Na+ + 2 Cl- + ВаSO4

Реакцияның қысқартылған иондық теңдеуі:

Ва2+ + SO42- + = ВаSO4

Ақ тұнбаВаSO4↓. Бұл ион алмасу реакциясы қайтымсыз, яғни, тұнба түзілетіндіктен аяғына дейін жүреді.

3-тәжірибеде шіріген жұмыртқа иісті газ түзіледі, бұл – күкіртсутек. Бұл алмасу реакциясы қалай жүреді?

Молекулалық теңдеуі:

Na2S + 2НCl = 2NaCl + Н2S↑

Сол жақтағы екі зат иондарға ыдырауға қабілетті күшті электролиттер. Оң жақтағы мұндай зат натрий хлориді, ал күкіртсутек – бейэлектролит. Толық иондық теңдеуін жазып, ұқсас иондарды қысқартайық:

2 Na+ + S2- + 2 Н+ + 2 Cl- = 2 Na+ + 2 Cl- + Н2S↑

Қысқартылған иондық теңдеуі:

+ + S2- = Н2S↑


Бұл реакция да қайтымсыз, яғни аяғына дейін жүреді, себебі реакция нәтижесінде газ бөлініп шығады.

4-тәжірибеде индикатордың түсі өзгерді және жылу бөлініп шығады. Реакцияның молекулалық теңдеуін жазайық.

КОН + НCl = КCl + Н2О + Q

Судан басқа оң және сол жақтағы заттардың бәрі күшті электролиттер, сондықтан иондарға диссоциацияланады. Су - әлсіз электролит (оның диссоцияциялану дәрежесі өте аз – 55 миллион молекуланың 1-еуі ғана диссоциацияланады), сондықтан оның диссоциациялануы ескерілмейді. Толық және қысқыртылған иондық теңдеулерін жазайық:

H+ + Cl- + K+ + OH- = K+ + Cl- + H2O +Q

H+ + OH- = H2O+ Q


Бұл реакция да қайтымсыз, аяғына дейін жүреді, өйткені аз диссоциацияланатын зат – су түзіледі.

Қышқылдар мен сілтілердің әрекеттесу реакциялары бейтараптану реакциясы деп аталады.

Мынадай қызықты жайт бар: қандай қышқыл және қандай негіз алсақ та, бейтараптану реакцияларының жылу эффектісі әрқашан іс жүзінде бірдей 57 кДж-ға тең болады (егер 1 моль сілтіге қышқылдың мөлшері сәйкес келсе). Қышқыл мен сілті көп болғанымен, бейтараптану реакциясы біреу ғана. Әрине біреу, оны электролиттік диссоциация теориясы түсіндіріп берді.

Егер тәжірибені натрий гидроксиді мен күкірт қышқылы арасында жүргізсек, оның да қысқартылған иондық теңдеуі төмендегідей болады:

H+ + OH- = H2O+ Q

Бейтараптану реакциясы негіз катионы мен қышқыл анионының табиғатына байланысты емес, себебі, барлық жағдайларда H+ және OH- иондарының әрекеттесуіне келіп тіреледі. Сондықтан реакциялардың жылу эффектісі бәрінде бірдей.

Сонымен, электролит ерітінділерінде реакция иондар арасында жүреді. Тұнба, газ немесе аз диссоциацияланатын зат – су түзілсе, алмасу реакциялары соңына дейін жүреді.

Иондар арасында жүретін реакциялар ионды реакциялар, ал мұндай реакция теңдеулері – ионды теңдеулер деп аталады.

Ионды теңдеулерді құру үшін келесі ережелерге сүйену қажет:

1) Мұндай теңдеулерде электролиттердің формулалары ионды түрде жазылады (мысалы, К+ и СО32-);

2. Аз диссоциацияланатын, ерімейтін, газ тәрізді заттардың формулалары молекулалық түрде жазылады (мысалы, Cu(OH)2, CO2, H2O);

3. Егер тұнбаға түзілетін болса, оның формуласының қасына (↓) белгісі қойылады (мысалы, СаСО3↓);


4. Егер газ түзілсе формуласының жанына (↑) белгісі қойылады (мысалы, СО2↑).

Сонымен, ерітінділер арасындағы реакциялар иондар арасында жүреді. Алмасу реакциясы – қайтымсыз реакция. Оның жүру жағдайлары: реакция нәтижесінде тұнба, газ немесе аз диссоциацияланатын зат – су түзілуі (сурет).



Описание: P1000949 Описание: P1000955Описание: P1000950Описание: P1000951


а) тұнба түзілуі ә) газ түзілуі б) бейтараптану реакциясы

Қайтымсыз алмасу реакциялары

? 1. Ион алмасу реакциясы деген не? Олар қандай болады?

2. Алмасу реакциясы қандай жағдайда қайтымды және қайтымсыз болады?

3. Қайтымсыз ион алмасу реакцияларын табыңдар:

1-топ. NaNO3 + LiCl → LiNO3 + NaCl ;

2-топ. Ba(OH)2 + HBr → BaBr2 + H2O;

3топ. AlCl3 + NaOH → Al(OH)3↓+ NaCl.

Топтық жұмыс.Келесі заттардың ион алмасу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар:

1) HNO3 + NaOH→ NaNO3 + H2O;

2) CuCl2 + KOH → Cu(OH)2↓ + KCl;

3) K2CO3 + HCl → KCl + CO2↑ + H2O.

Рефлексия,қорытындылау

Топтық жұмыс.Келесі заттардың арасында жүретін реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар:

1) кальций хлориді және магний сульфаты;

2) мырыш гидроксиді және күкірт қышқылы;

3) натрий сульфаты және азот қышқылы.

6. Қысқартылған иондық теңдеулерге сәйкес реакциялардың молекулалық теңдеулерін құрастырыңдар:

1) Fe3+ + 3 OH- = Fe(OH)3↓;

2) 2 H+ + CO32- = H2O + CO2↑;

3) Ag+ + Cl- = AgCl↓

7. Ерігіштік кестесіне сүйеніп, тұнба, газ және су түзіле жүретін реакциялардың әрқайсысына мысал келтіріп, молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.

Ұй жұмысы қосымша:Үйдегі эксперимент.Алмасу реакциясын үйде жасап көрсеңдер де болады. Тәжірибе үшін а) сірке қышқылы (СН3СООН) және бор (СаCO3); ә) силикатты желім (Na2SiO3) және сірке қышқылы қажет. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазып көріңдер.



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-376132

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG