«Қырық қызық» қақпасы 5 - сынып

Предпросмотр материала:

«Қырық қызық» қақпасы.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін тереңдету,оқушылардың ой-өрісін, ынтасын арттыру;қабілеттілігін, белсенділігін арттыру;оқушыларды ұйымшылдыққа,шапшаңдыққа,ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:топ аттары,сөзжұмбақтар, «қырық қызық» қақпасы кітабы,кубик.
Сабақтың әдісі:Сайыс-сабақ.
Сабақтың жоспары.
Ұйымдастыру кезеңі:«Жалғыз әріп өзгерсе»,
                                        Сөз шығады өзгеше.
                                      «Өзгермейтін сөздер»,
                                      «Алғашқы әріп өзгерсе»
                                     «Қоссаң екі бөлікті»
                                     «Оңға,солға озып көр»
                                     «Адасқан әріптер»
                                      «Ең ұзақ сөз»
                                      «Кім ұтқыр?»
Қорытындылау.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар,бүгін біз сыныптан тыс сабақ өткізгелі отырмыз.Бұл сабағымыздың тақырыбы «Қырық қызық» қақпасы.
-Балалар,қарағым!
Күнім,
Нұрым,
Жанарым,
Жұмбақпенен ашайық,
«40 қызық» парағын.
Оңынан оқы,сол ұғым,
Солынан оқы,сол ұғым.
Бар болғаны екі-ақ сөз,
Шеше алады,оны кім.
1-оқушы:Қызық екен сөзіңіз ,
Біліп қойдық оны біз.
Мұны:қырық қызық деп,
Айттыңыз ғой өзіңіз.
-Ә,солай ма?Келіңдер,
«Қырық қызық» көріңдер.
Оқып көңіл бөліңдер,
Аш,бөгелме:қарағым!
«40 қызық» парағын,
Күндіктенбе,ол ақын-
Талай сырға қанарың.
2-оқушы:Бөгелетін біз емес,
Бөлісейік біраз ой.
70,80,100 емес,
«40 қызық» тым аз ғой.
-«40» сынып халқымыз,
Бақ даулетке балағын,
Талай дәстүр салтымыз.
Осы атаумен тараған,
Шығарамыз қырқынан,
Сәбиді де той жасап,
Ұлттық әдет ғұрпында,
Ұлылық бар бойласаң.
Бізде озық ғұрып көп.
Елдігіміз танылар,
Басталады «40» деп
Небір ертек аңыздар.
3-оқушы:Білдің,білдік,біз білдік,
«40 өтірік» бұл енді,
Талай рет күлдірдік,
Жатқа соғып біз елі.
-Бәрекелді жөн екен!
Үй жұмысы басталды,
Оқырсыңдар ал ертең,
«40 қыздай» дастанды.
«40 мысал нақылы
Ой-қиялды еселер
«Қырымның ырық батыры»
Өжеттікке жетелер.
Асыл мұра көгермей,
Жаяр елге жақсы атын,
Ал ойлайық бөгелмей,
«40 қызық» парағын.
4-оқушы:-Ой,алақай:Балалар,Көрейік!
Көрмей жатып не дейін.
-Т,с,с. Атайға сенейін,
Сөзге көңіл бөлейін.
Жалғыз әріп өзгерсе,сөз шығады өзгеше.
-Сөз сиқырын ұғыңдар,
Осал емес бір әріп,
Сөз бен сөйлем туындар,
Бір әріптен құралып.

Апа+р құла+ш     ата+р   құра+қ
         т            қ             п             т
         н           н              қ            п
                      р                             н
                      т                             с
«Өзгермейтін сөздер»
Ал шешіңдер бірігіп,
-балаларым қымбатты.
Қуантыңдар мені ,
Енді біраз жұмбақта.
1.оңынан оқы қария
солынан оқы қария
ақ жаулықты әжені
сыйлар ауыл.                    (апа)
2.оңынан оқы халықтың
солынан оқы залықтың
астықты өлке атанған
елмін байтақ алыппын.                    (қазақ)
3.оңынан оқы бояумын
солынан оқы бояумын
аспан көлді боядым
кінә қояр кім?                      (көк)

4.оңынан оқы тағаммын
солынан оқы тағаммын
бастауынан ырыстың
арқауымын адамның.             (нан)
«Алғашқы әріп өзгерсе»
1.Б-дан егер бастасаң
Бес саусақ боп тұрамын
Қ-дан егер бастасаң
Балық аулар құралмын.
                                          (бармақ-қармақ)
2.С-дан егер бастасаң
Шәкірт тыңдап дәрістің
Т-дан егер бастасаң
Бір ыдыспен таныстың.
                                         (сабақ-табақ)
«Соңғы әріп өзгерсе»
«Қоссаң екі бөлікті»

1)Алғашқы бір бөлікте
Бір аптаны атқардың
Қолданар тақ санмен
Ал екінші бөлікте
Бармын бұлақ өзенде
Нәрмен балмын мен елге
Қос екеуін дұрыстап
Жермін қанған ырыс, бақ.
                                              (Жетісу)
2)Алғы жеке бөлікте
Жалғыз деген ұғыммын
Барлық санға тұғырмын
Соңғы екі бөлікте
Ескіше ай атымын
Қос екеін анықтап
Құспын тоймас балыққа.
                                           (Бірқазан)
«Оңға,солға қарай оқып көр»
1)Оңға қарай оқысаң
Бірі кіші, бірі ішті
Білдің шыны ыдысты
Солға қарай оқысаң
Тұрқы жылқы жолы бар
Қоян құлақ жануар.
                                      (кесе-есек)
2)Оңға қарай оқысаң-
Батыл құс ақ ілетін
Солға қарай оқысаң
Заттың құнын білесің.
                                      (қыран-нарық)
«Адасқан әріптер»
1)Сабақ оқып 5 алдық
бірін алдық неше алдық
2)Піл ұшып жүр аспанда
жалт береді қашқанда
3)Тойдың көрдім қызығын
Менде шілік мұжыдым
4)Ілінді шортан қармаққа
Шортанды өзің салмақта.
«Ең ұзақ сөз»
Сыныптан бір оқушы шығып,әріптер жазылған кубикты лақтырады.Қай әріп тисе сол әріптен басталатын сөздер айтады.Сол сөздердің ішіндегі кімдікі көр әріп сан болады.Сол жеңімпаз аталады.
«Кім ұтқыр?»
Тақтаға Бозторғай сөзі ілінеді.Сол сөзден көп сөздер құрастыру қажет.Кім тоқтап қалады,сол жеңілген болып саналады.
Қорытынды жеңімпаздар анықталады.
-Балалар,бал күнім!
кезікпейміз жуықта
Айтқанымның барлығын
Есте сақтап ұмытпа
Қызықтар көп өмірде
Құпиясы таң қалар
Тоқи алсаң көңілге
Құмарыңды қандырар
Сөз жарасын тапқасын
Көп бөгелдік сірә біз
40 қызық қақпасын
Ал жабамыз енді біз.
5-оқушы:
-Үйретсеңіз әрнеге
Біз таппаймыз бір тыным
Айта түсші әлде де
Табиғаттың тылсымын

-Балаларым, балғындар!
Уақыт болды дамылдар
Осы айтқанды зерделеп,
Бір пысықтап алыңдар.

Краткое описание материала

«Қырық қызық» қақпасы 5 - сынып

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Ахметова Арайлым Сайлаубаевна

математика мұғалімі

  • На сайте: 10 лет и 9 месяцев
  • Всего просмотров: 51730
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 14
  • 51730
    просмотров
  • 14
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Арайлым Сайлаубаевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: