Инфоурок Начальные классы КонспектыҚысқа мерзімді сабақ жоспары. "Қайырымдылық"

Қысқа мерзімді сабақ жоспары. "Қайырымдылық"

Скачать материал

М. Сүндетов. «Қайырымдылық»

3- сынып

 

 

 

Әдебиеттік оқу

 

Сабақтың тақырыбы: М. Сүндетов. «Қайырымдылық»

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың жақсылық, қамқорлық, өзара көмек жайлы түсініктерін кеңейту.
2. Қызығушылық, шығармашылық қабілеттерін, жағымды қарым-қатынас жасай отырып, адамгершілік қасиеттерін дамыту. Оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету

3. Өзара ынтымақтастыққа , қайырымдылыққа, жылдамдыққа, алғырлыққа баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары: бөліктерге бөліп оқыту, дамыту тапсырмалары, суретпен жұмыс.

Көрнекі- құралдар: интерактивті тақта, компьютер, дидактикалық материалдар, шығармашылық тапсырмалар.

          

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен дүниетану, өзін-өзі тану

                                                     Сабақтың барысы
І. Қызығушылықты ояту.

«Синонимдер лотосы»

                мейірімділік

                қатігездік

                қамқорлық

                немқұрайлылық

- Балалар, алдарыңыздағы лотоға көңіл бөлейік. Осы лотодағы берілген қасиеттерді өздеріңізден тапсаңыздар, мына алдарыңызда тұрған жасыл дөңгелекшелерді таңдаған қасиеттің алдында берілген дөңгелекшенің үстіне қоямыз.

- Бойларыңыз мейірімділік, қамқорлық қасиетке толы екен. Өте жақсы, балалар!

ІІ. Жұптық жұмыс «Туындаған сұрақтар»

- Олай болса, мына суреттерге көңіл бөлейік. /4 слайд/

Бұл суреттерге жай қарап қоймай, ойланып, ой түйіндеп отырамыз.

- Енді, балалар, осы суреттерге қарай отырып, бір-бірлеріңізге сұрақ дайындаңыздар.

ІІІ. –Дұрыс таптыңыздар, балалар. Бүгінгі сабағымыз «Қайырымдылық» деп аталады. Сонымен «қайырымдылық» дегеніміз не?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Үштік жұмыс. Балалар үш топқа бірігеді. Мәтін бөліктерін топтарға бөліп беремін.

                                        І топ – 1-ші бөлік

                                        Монтиған құрбыларынан бойы бәкене Мұхтардың мектеп табалдырығын аттағанына көп болған жоқ. Әлі тіпті су жаңа киімдерінің қыры да кетіп үлгермеген, бәтеңкесі де қап-қара, жылт-жылт етеді.

                                        - Айналайын, - дейді анасы күнде үйден шығарда. – Байқап жүр. Үсті-басыңды ластама. Жарай ма?

                                        Мұхтар мақұлдап, басын изейді. Міне, ол үйге қайтып келеді. Күн бұлыңғыр еді. Сәлден жауын сіркірей бастады. Әп-сәтте әр жерде айнаның сынығындай қақ тұрып үлгерді. Әйтсе де Мұхтардың көңілі жадыраңқы, ашық. Әлгінде мұғалима оны бүкіл сынып алдында тәртіпті, таза деп мақтаған. Ол үстіне қылау жұқтырмай, аяғын тақ-тақ басады

 

                                        ІІ топ – 2-ші бөлік

                                        Алда 3-4 баланың ұйлығып тұрғанын көріп, іркіле берді. “Неге күледі? У-шу боп даурығады ғой. О несі-ей?” деп, Мұхтар таңдана мойнын созып қойды. Аумақты қар суын қоршап алған, балалар соған тас атып, ду-ду күледі. Мұхтар елемей өтіп кетпек еді, кенет қақтың ішінде жүзіп жүрген жұдырықтай күшікке көзі түсті. Тұмсығы қара, өзі – ақ күшік. “Мені мыналардан құтқарсайшы. Өлтірер болды ғой”  дегендей аянышты қыңсылайды. Өліп-талып жағаға жетіп, бауырын сүйрете бергені сол еді, балалардың бірі аяғының ұшймен итеріп суға түсіріп жіберді. Өзгелері қиқулап, жарыса тас атты. Тас тиген сайын күшік қаңқ етіп батып кетеді, сәлден соң су жұтып шашалып, қайтадан шығады. Әлбден қалжырап, үрейі ұшқан күшік жан ұшырып жур. Мұхтар шыдамады. Араға кеп қойып кетті. Балалардың бірін иығымен қағып, бірін итеріп жіберіп, өлеусірей үні өше бастаған күшікті көтеріп алды. “Әй, өзіңе не керек, ә?!” деп әкіреңдеген сотқар баладан ығыспады. Күшікті бауырына қыса түсті. Әлгі бала желкесінен түйіп қалып, шалшық суға жықса да, жыламады, күшікті тастамады.

 

                                        ІІІ топ – 3-ші бөлік

                                         Күшікті құтқарғанына Мұхтар қуанышты. Су жаңа формасының балшық-балшық болғанын да елейтін емес. Үйге жетіп, есіктің қоңырауын қаққанда ғана киімінің ластығы есіне түсті. Қап-қара бәтеңкесі – кір-қожалақ. Киімдері – сатпақ-сатпақ.                                                                                                 Сықыр етіп есік ашылды. Мұхтар абдырап не істерін білмей қалды. Басын жерден көтерсе, апасы екен. Таңдана әрі тіксіне қарайды.

                                        - Мынауың не?- деді ол, бірден ұрыспай, иегімен күшікті меңзеп.

                                        - Күшік... 

                                        Мұхтар бәрі неден, қалай басталғанын айтып берді.

                                        - Міне, қызық . Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұхтар қуанып кетті. Еңсесін басқан зілден арылғандай жеңілдік сезінді.

                                        - Киіміңді тазалармыз. Дәнеңе етпейді , балам, - деді ол Мұхтарды басынан сипап.

                                        - Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын. Көремісің,  ашыққан, әбден қажып, бұралып жатыр.

                                        - Мақұл, апа. Әйтеуір, сіз маған ренжімедіңіз бе?

                                        - Жоқ, құлыным. Түсінем ғой.

                                        -Рас па?

                                        -Әрине, әркез солай қайырымды бол.

                                        - Апа, мен ылғи өстіп балшық-балшық болып келеді екен деп ойламаңыз.

                                        - Өйтпесіңе сенем, жаным...

Мәтін бөліктерін оқи отырып, мына тапсырмаларды орындаймыз.

1.             Бөлікке ат қоямыз.

2.             Негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді табу.

ІV. Төрттік жұмыс. Балалар төртке бөлініп отырады.

«Шпаргалка» әдісі.

І бала: Мәтіннен тірек сөздерді теріп жазады.

ІІ бала: Жоспар құрады.

ІІІ бала: Кейіпкерлерді атап, сипаттама береді.

ІV бала: Негізгі ойды табады, бір ауыз сөзбен жазады.

V. Бекіту.

І. Осы мәтінді оқи отырып қандай сезімде болдың?

ІІ. Мәтіннен алған әсерің.

ІІІ. Қиял әлемі. Мәтінді әрі қарай жалғастыру.

VІ. Қорытынды. Ұжымдық.

-Балалар, біз бүгін кісіге жақсылық жасау, көмектесу, қамқор, қайрымды болу керектігін үйрендік. Әрқашанда адал, жанашыр, сезімтал болыңдар.

«Сен маған сүюді үйреттің» (Әні-ЕрболБайырбеков, сөзі-Ақмарал Леубаева)

  Сен маған сүюді үйреттің,

Ұмытып кеткен едім.

Мейірімді болуды үйреттің,

Қатыгез өктем едім ...

 

Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлік өктем едім.

Жарқырап жүруді үйреттің,

Күнсіз мен бұлтты едім.

 

Қайырмасы:

Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Қадірлеп, сыйлауды үйреттің,

Өзімшіл өскен  едім.2 рет

 

         Кім дос, кім дұшпанды үйреттің,

Уайымшыл бір мұң едім.

Достарды сыйлауды үйреттің,

Жалғыз бір жүруші едім.

 

Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлік өктем едім.

Жарқырап жүруді үйреттің,

 Күнсіз мен бұлтты едім

 

Қайырмасы:

Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Қадірлеп, сыйлауды үйреттің,

Өзімшіл өскен  едім.2 рет

 

VІІ.Үйге тапсырма беру. «Менің қайырымдылық істерім» деген тақырыппен шағын шығарма жазып келу.

VІІІ.Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қысқа мерзімді сабақ жоспары. "Қайырымдылық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 357 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2016 2253
    • DOCX 27.5 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кырыкмылтыкова Кулимжан Акжоловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15861
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 151 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 223 человека

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 684 человека

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические аспекты работы логопеда: методы и приемы в логоритмике

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек