Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыҚыз бен жеңге сайысы "Сырғалым-сырласым"

Қыз бен жеңге сайысы "Сырғалым-сырласым"

Скачать материал

«Сырғалым сырласым!»

 

Мақсаты: Жеңге мен қайын сіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті  

                   нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту,  

                   адамгершілік қасиеттерін ,Отанын, тілін, қазақи салт-дәстүрді құрметтей білуге, ұлттық  

                   салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін  

                   ұғынуға тәрбиелеу. Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие,  

                   жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға,  

                   шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және  

                   жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қарым - қатынасты нығайту.

 

(Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады)

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

 

(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып жүргізушілер сахнаға шығады).

 

Қыз: Жеңеше, көктем келді, күн жылынды, айнала шуаққа бөленді. Мінеки, аналар мерекесі де келіп қалды. Осы аналар мерекесіне орай біз неге мерекелік шара ұйымдастырмаймыз?

 

Жеңге: Иә, Сырғалым, дұрыс айтасың. Бір мерекелік шара ұйымдастыруымыз керек. Көктем келді, жер аяғы кеңіді. Қыс қыспағынан құтылған адамдар көңілдерін көтерсін. Ендеше, халықты жинайық.

 

Қыз: Мә, жеңеше, залға қараңыз, халық жиналып қалыпты. Әлде сіз маған айтпай шара ұйымдастырып қойдыңыз ба?

 

Жеңге: Иә, Сырғалым, тауып қойдың. Көктемнің алғашқы мерекесі «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай «Сырғалым - сырласым» атты қайын сіңлісі мен жеңгесі арасында өтетін сайыс ұйымдастырған едім. Залда отырған халық осы шараны тамашалауға келіп отыр. Ендеше, осы шараны екеулеп жүргізсек қайтеді? Бұл ұсынысыма қалай қарайсың?

 

Қыз: Әрине, жеңеше сіз қолқа салып тұрғанда мен қалай жоқ деп айтайын. Олай болса халықпен амандасайық!

 

 

 

1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын! Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым! Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, сіңлілер, құрбылар, ұстаздар! Қыз бала ата - ананың, ауылдың сүйікті баласы, мақтанышы, сәні, базары, көркі. Қыз – ел, ауыл еркесі, үлпілдеткен үкісі, алақандағы аяулысы басқа елдің болашақ келіні, анасы. «Қыз – өріс, қыз қонақ» деп туған - туыстары оларды аялап мәпелеп өсірген. «Кімде кім үш қыз өсіріп, тәрбиелеп, бой жеткізіп, құтты орнына қондырса оның сыйлығы – жаннат» деген Мұхаммед пайғамбар. Қазақта қыз тәрбиесі мен оны құрметтеудің жолдары өте көп. Осыған байланысты бүгінгі «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай мектебіміздің 8-11 сынып аралығындағы оқушы қыздар мен олардың жеңгелерін қатыстырып өткізгелі отырған «Сырғалым – сырласым» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші: Наурыз айының басында біздің еліміздің көп аймағында әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, себебі, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе? Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

 

1-жүргізуші: Біз ғана емес,

                       Қадір тұтқан бабалар

                       Ана деген – тіршіліктің тірегі,

                       Мерекеңмен, қасиетті Аналар! – дей отырып, алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің                                                                                                                                   береміз.

 

2-жүргізуші: Той пердесін ашайық,
                       Жырдан шашу шашайық.
                       Аналарды құрметтеп,
                       Ән маржанын шашайық – деп мектебіміздің жас маманы Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Сүлейменов Таңбайдың мерекелік ән шашуын қабыл алыңыздар.

 

Ән: «                                                                                                             »

 

1-жүргізуші: Біздің мерекелік сайысымыз жеңге мен қайын сіңлінің қатысуымен, бірлесе жұмыс жасауымен өткелі отыр. Яғни, сайысқа 5 жұп қатысады. Құрметті қонақтар, сайысымызды бастамас бұрын сіздерді сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

 

1.         Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, келін тәрбиелеп отырған анамыз Қарлығаш апай       

2.         Ұлағатты ұстаз, тарих пәнінің мұғалімі Гүлжамал апай                                                          

3.         Адам жанының арашасы ауылымыздың медбикесі Нағима апай                                           

4.         Сыңғырлау ауылдық мұражайының меңгерушісі Сәния апай                                                 

 

Құрметті қазылар алқасы бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған сайыскерлеріміз өте үлкен дайындықпен келіп отыр. Сондықтан сайыскерлеріміздің әрбір бөлім бойынша көрсеткен өнерлерін, білімдерін сарапқа салып әділ бағасын береді деген үміттеміз.

 

2- жүргізуші: Қазақтың әдеті көп дәстүрі мен,
                        Мен
- дағы оның бәрін жақсы білем.
                        Бір ғажап – ұл - қыз біздің елде керім,
                        Қадірлеп құрметтейді жеңгелерін.


1 - жүргізуші: Жас келін үй билемес тізгінді алып,
                        Ал сосын тым бауырмал біздің халық.
                        Қазақтың жас - кәрісі өле – өлгенше,
                        Самарқау тұра алмайды өнер десе.
                        Білмесең, таны, достым, жақын барып,
                        Шетінен қазақ деген ақын халық.
                        Даламыз жазық болса қанша біздің,
                        Сондай кең пейіліміз де баршамыздың – деп ақын апамыз Ф. Оңғарсынова жырлағандай, өнерлі де бауырмал қазақ халқының сал
т - дәстүрі ұшан - теңіз. Ендеше бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған ажарлы жеңгелер мен ару қыздарымызды ортаға шақырып, қошеметпен қарсы алайық!

 

1-жұп: «Үкілім» тобы қайын сіңлісі 11-сынып оқушысы Қармысова Тілектес, жеңгесі мектеп       

             психологы Тілегенова Гүлназ

 

2-жұп: «Шашбаулым» тобы қайын сіңлісі 10-сынып оқушысы Озғанбаева Ақтолқын, жеңгесі  

             мектебіміздің бағдарламалар жөніндегі маман Амалбаева  Сандуғаш

 

3-жұп: «Шырайлым» тобы қайын сіңлісі 9-сынып оқушысы Омарова Ақтоты, жеңгесі қазақ тілі мен   

             әдебиеті пәні мұғалімі Тілеубаева Зулфия

 

4-жұп: «Арайлым» тобы қайын сіңлісі 9-сынып оқушысы Мұхтарқызы Ақбаян, жеңгесі Оразбаева  

             Жанат

 

5-жұп: «Сымбаттым» тобы қайын сіңлісі 8-сынып оқушысы Лесбаева Айкүміс, жеңгесі ағылшын тілі  

             пәнінің  мұғалімі Құттымұратова Рая

2 - жүргізуші: Ендеше, түрлі түсті гүл күлтелерін таңдау арқылы сайыскерлеріміздің реттік  

                         нөмірлерін анықтайық

                     

(Сайыскерлер гүл күлтелерін таңдау арқылы реттік номерлерін таңдайды)


1 - жүргізуші: Сайыскерлеріміздің реттік номерлерін анықтап алдық, олай болса сіздерді сайыс  

                         шарттарымен таныстыра кетейін. Сайысымыз алты бөлімнен тұрады.

                         Әр бөлімде жоғары ұпай 5 баллмен өлшенеді.
1-бөлім: «Сәлемменен басталар сөз атасы» (Жеңгесі мен қайын сінілісі бір – бірін таныстыру)

2-бөлім: «Зерделінің – ойы озық» (Шапшаң сұрақтарға жауап беру)

3-бөлім: «Өнерлінің өрісі кең» (Өз өнерлерін көрсету)
4-бөлім: «Жеңгесі бар қандай - ды» (Салт - дәстүрге байланысты көрініс қою)
5-бөлім: Бейне сұрақ (Салт – дәстүрге байланысты бейнебаян)
6-бөлім: «Бармағынан бал тамған» (мерекелік тағам дайындау)

Сайыскерлер сайысымыздың бірінші бөлімі таныстыру кезеңіне дайындала берулеріңізге рұқсат.

 

2 - жүргізуші: Гүл көңілі қуаныштан өрілді,

                         Жанарыңнан жалын нұры төгілді,

                         Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,

                         Көпшілікке таныстыршы өзіңді, - дей отырып, сайыскерлеріміздің таныстыруын тамашалайық!

 

(Әр жұп реттік номері арқылы кезектесіп өздерін таныстырып шығады)

 

(Әділ қазылардан «Таныстыру» кезеңі бойынша беретін бағаларын сұраймыз. Ең жоғары ұпай 5 балмен өлшенеді)

 

 

 

 

 

 

1- жүргізуші: Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,

                        Қуантқан әрбір үйдің арманысың.

                        Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда,

                        Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын, - дей отырып, келесі «Зерделінің – ойы озық» кезеңі бойынша шапшаң сұрақтарға жауап беру үшін, қатысушы қыздарымыз бен жеңгелерін құрметпен ортаға шақырамыз.

(Әр жұпқа 10 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа ортақ 1 ұпай беріледі)

2 - жүргізуші: 1-ші жұптың сұрақтары.
                         1.
Қобыландының жары? ( Құртқа)                        

                         2. Қандай жілік қыз балаға берілмейді? (Кәрі жілік)
                         3. Үш арсызды ата? (Ұйқы, күлкі, тамақ)
                         4. Сыңғырлау ауылы қашан құрылды? (1984 жылы)
                         5. Он саусағынан өнер тамған деп қандай адамды атайды? (Шебер).
                         6. Жеңгеңнің сіңлісі саған кім болады? (Құдаша)
                         7. Бес парызды ата? (Аллаға иман келтіру, намаз оқу, ораза тұту, зекет беру,      

                             қажылыққа бару).
                         8.
Жас келінді барған елімен таныстыру жыры. (Беташар)
                         9. Төс кімге тартылады?  (Күйеу балаға)
                         10. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз? (Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі)

1- жүргізуші: 2-ші жұптың сұрақтары.
                        1. Төлегеннің серігі? (Жібек)
                        2. Анаңның сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
                        3. Қазақта мал соятын адамды қалай атайды? (Қасапшы)
                        4. Сыңғырлау ауылындағы шипалы су? (Ащыағар)
                        5. Жас босанып келген келінге шілдеханада тартылатын сыбаға? (Жақ, мойын  

                            омыртқа).
                        6. Ораза кезінде әр адам басына берілетін садақа қалай аталады? (Пітір садақа).
                        7. Үйден ұзатылып бара жатқан қыздың айтатын әні? (Сыңсу).
                        8. Құдаларға малдың қандай жілігі тартылады? (Жамбас)
                        9. Қазақтың екі ішекті музыкалық аспабы? (Домбыра).
                        10. Ана туралы бір мақал айтыңыз? (Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада)

2 - жүргізуші: 3-ші жұптың сұрақтары.
                        1. Еңліктің серігі? (Кебек)
                        2. Анаңның қызы сізге кім болады? (әпке, сіңлі)
                        3. Қазақта үй иесін қалай атайды? (Отағасы).
                        4. Сыңғырлау орта мектебі қай жылы құрылды? (1987 жылы)
                        5. Ағаш үйдің есігі қалай аталады? (Сықырлауық)
                        6.
Қыз баланың табағына тартылатын сыбаға? (Құйымшақ)
                        7. Қазақтар үшін аптаның қай күні қасиетті күн болып саналады? (Жұма).
                        8. Исламның Меккедегі киелі, қасиетті орны? (Қағба)
                        9.
Бір рудан немесе бір атадан тараған ұрпақтар қалай аталады? (Әулет)
                        10. Бала туралы бір мақал айтыңыз. (Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада)


1- жүргізуші: 4-ші жұптың сұрақтары.
                        1. Адаматаның серігі? (Хауана)
                        2. Апалы-сіңлінің балалары? (бөле)
                        3. Жаңа туылған нәрестенің алғашқы көйлегі қалай аталады? (Иткөйлек)
                        4. Сәби өмірге келгенде жасалатын той? (Шілдехана)
                        5. Қазақта сәтті күн деп апатының қай күнін айтады? (сәрсенбі)
                        6. Қазақта
көп болып, күш біріктіріп, бірлесе жасалған жұмысты қалай атайды? (Асар)                        

                        7. Сонар сөзі қай кәсіпке байланысты қолданылады? (Аңшылық)
                        8.
Киіз үйдің шаңырағының үстінен жабылатын киіз қалай аталады? (Түндік)
                        9. Құдаға берілетін сый - сияпат? (Киіт).
                        10. Сыңғырлау орта мектебінің түлегі, ақын ағамыз? (Рақат Қосбармақов)

 

2 - жүргізуші: 5-ші жұптың сұрақтары.
                        1.
Сыңғырлау ауылын мекен еткен ғашықтар? (Қайып пен Ақбөбек)
                           2. Айт мерекесінде айтылатын ән?  (Жарапазан)
                           3. Атадан балаға мұра болып қалған үй қалай аталады? ( Қара шаңырақ)
                           4. Үшінші байлық (Ақ жаулық)
                           5. Қазақтың  діни мейрамы ( Құрбан айт, ораза айт)
                           6. Ұзатылған қызға берілетін дүние – мүлік?  (Жасау)
                           7. Кереге мен шаңырақтың ортасын қосатын киіз үй бөлігі қалай аталады?  (Уық)
                           8
. Қуанышты хабар жеткізуші адамға берілетін сый-сияпат? (Сүйінші)                                                 

                           9. Немеренің баласы? (Шөбере)
                           10. Мақалды жалғастыр.  Қызым саған айтам, (келінім сен тыңда)


(Әділ қазылардан «Зерделінің – ойы озық» кезеңі бойынша беретін бағаларын сұраймыз)

 

Сайыскерлер сайысымыздың келесі бөлімі «Өнерлінің өрісі кең» кезеңіне дайындала берулеріңізге рұқсат.

 

1- жүргізуші: Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

                           Би-билеп, ал біреуі ән салыпты.

                           Бүгінгі сайыста бәйге алуға,

                           Арулар жеңгесімен аянбай-ақ жан салыпты, - дей келе келесі кезекті «Өнерлінің өрісі кең» бөліміне береміз. Бұл бөлімде жеңгесі мен қайын сіңлісі бірігіп өз өнерлерін көрсетеді.

 

2- жүргізуші: Сұлулыққа қарап көз тоймайды,
                         Сұлулыққа өзін – өзі баяндайды.
                         Естілер құдіретті бүгінгі сөз,
                         Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.

Сайыскерлеріміз дайын болғанша 11 сынып оқушысы Бітімов Шерханның әсем әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «                                                                                                 »

 

(Әділ қазылардан «Өнерлінің өрісі кең» бөлімі бойынша беретін бағаларын сұраймыз ең жоғарғы ұпай 5 баллмен өлшенеді)

 

1- жүргізуші: Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

                        Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

                        Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын.

                        Қазақ атты үлкен-кіші балдырған, - дей келе ендігі кезекте аруларымыз бен жеңгелерінің қазақтың салт-дәстүрінен хабар беретін көрінісін тамашалайық. Олай болса «Жеңгесі бар қандай – ды» кезеңі бойынша әр жұп  салт - дәстүрге байланысты көріністер қояды.

 

Сайыскерлеріміз дайын болғанша Сүлейменов Таңбайдың орындауындағы тамаша әнге берсек       Ән:  «                                                                                                                                                                   »

 

(Әділ қазылардан «Жеңгесі бар қандай – ды» кезеңі бойынша беретін бағаларын сұраймыз ең жоғарғы ұпай 5 баллмен өлшенеді)

 

 2- жүргізуші:  Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар,
                          Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
                          Жауаптарын таба ма екен сайыскерлер,
                          Сол себептен жасырылған сұрақтар бар.

Ендігі кезекті салт – дәстүрге байланысты бейне сұраққа береміз. Экраннан қазағымыздың салт – дәстүріне байланысты дыбыссыз бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаяндағы кейіпкерлердің іс – әркеті арқылы қандай дәстүр екенін сайыскерлеріміз табу керек.

 

Олай болса ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. Экранда көрсетілген гүл күлтелерінің бірін таңдайды. Артында жасырылған бейнесұраққа жауап беру керек.

 

1. Көк түс «Байғазы сұрау» . Сырттан келген алдымен үйдің балаларын қуантады. Оларға сыйлықберіп, қуанышын еселеген. Әсіресе, қызбалаларға алқа, сырға секілді әшекейлер тарту еткен. Сыйлығын алған балғын қыздар салтымыз бойынга үлкендерден байғазы сұраған. Байғазы сұрау балабалрды көпшілікке, қуанышын өзгелермен бөлісуге, жомарттыққа үйретеді. «Алаған қолым береген» дейтін қазақ үшін байғазы сұраудың ешқендай ағаттығы жоқ. Байғазыны тек ақшалай ғана емес, балаға жарасымды бағалы дүниелер де берген.

 

2. Жасыл түс «Босаға майлау». Біздің салтымызда көнерген дәстүрлер бар. Отау тігіп, шаңырақ көтерген екі жасқа жасалар жоралғы жа, айтылар тілек те көп. Осындай салттың бірі – Босаға майлау. Бұл дәстүрді көреген әжелер мен ақ жаулықты аналар жасайды. Жас отаудың босағасы майлы болсын, қазаны оттан кетпесін, еліне, халқына қалаулы, майдай жұғымды болсын деп жас отаудың босағасын майлайды. Үлкен әжелер мен аналар шашу шашып, жас жұбайларға батасын береді.

 

3. Күлгін түс «Қорықтық құю». Қазақ бала шошынып немесе үрейленсе түрлі тәсілдермен халықтық ем жасаған.Үлкендер мұндайда баланы ұшықтап емдеген. Ал кеселі дендеп кеткен болса, науқас баланы отырғызып, табаны қыздырып, оған май салып, балқытылған қорғасын құйған. Ыстық қорғасын қыздырылған таба үстіне құйылғанда қатты дыбыс шығады. Осыдан кейін бала денесі тітіркеніп, шошынып, сырқаты сытылып шығып ауруынан айығады деп сенген. Міне, осындай ем домды қорықтық құю деп атаған.

 

4. Сары түс «Тұмаққа салу». Қазақ ырымшыл халық. Ұрпағының аман сау жетілуі үшінтиымдар мен дәстүрлерге жүгінген. Сондай дәстүрдің бірі – Тұмаққа салу. Ата – бабамыз ай күні жетпей шала туылған баланы шалатуылған немесе жылбысқа деп атаған. Тұмаққа салу байырғы қазақтың халықтық ұстанымы. Бала дүниеге келетін уақытына қанша күн жетпей туылса, сонша күн тұмаққа салып, керегенің басына күн санап ілген. Ай күні толғанда бесікке салған.

 

5. Қызыл түс «Ашамайға отырғызу». Қазақ дүниеге ұл келсе, ерекше қуанған. Өйткені атқа мінер, жылқы жалын ұстарұрпағым деп ұлықтаған. Сүндетке отырғызып, атқа мінгізген. Бұл рәсімді «Ашамайға мінгізу» деп атаған. Бала есі кіріп төрт, бес жасқа келгенде оған бәсіре тай тарту еткен. Егер балаға арналған бәсіре аты үйретіліп, мінуге жарап тұрса,  онда баланы соған мінгізеді. Баланың қолына аттың тіззгінін беріп, қамшы ұстатады. Үлкен әжелер шашу шашып, тілектерін айтады. Бала мінген атты жетекке алып, көрші – қолаң, аукылды аралатады. Бұл дәстүр бала жүрегіне мен азамат болдым деген сенім ұялатады. Ұрпақты еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеудің ұлттық бағыты ашамайға мінгізу.

 

Сайыскерлер сайысымыздың келесі бөлімі «Бармағынан бал тамған» кезеңіне дайындала берулеріңізге рұқсат.

 

(Әділ қазылардан «Бейне сұрақ» кезеңі бойынша беретін бағаларын сұраймыз. Дұрыс жауапқа ортақ  жоғары  5 ұпай беріледі.)

 

1- жүргізуші: Сайысымыздың «Бармағынан бал тамған» атты бөліміне кезек берсек. Бұл бөлімде сіздерге мынадай шарт қойылады.
         Жеңгесі мен қайын сіңлісі үйде шүйіркелесіп отыр еді. Кенет қоңырау соғылып, көптен келмеген ағайындарыңыз үйге қонақ болып келетінін айтты. Сізде өте аз ғана уақыт бар. Дүкенге барып қажетті тағамдар сатып алуға сізде уақыт жоқ. Не де болса қайын сіңлісі мен жеңгесі ақылдасып үйдегі бар тағамдармен ас жасауды ұйғардыңыз. Олай болса, қонақ күтуге қамданып, ас әзірлеңіздер. Шарт түсінікті болса, іске сәт!

 

2 - жүргізуші: Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!

                         Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!

                         Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

                         Сонда біз кісілікке теңесеміз!

Сайыскерлеріміздің жасап жатқан тағамдары дайын болғанша Бітімов Шерханның орындауында             «                                                                                             » әнін қабыл алыңыздар.

 

(Әділ қазылардан «Бармағынан бал тамған» кезеңі бойынша беретін бағаларын сұраймыз)

 

1- жүргізуші: “Батырды батыр жеңер алысқанда,

                          Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда”- демекші, сайыс болған жерде алға озып шығу бар да, кейінде қалу да бар. Бүгінгі сайыста сынға түскен аруларымыз бен жеңгелеріміздің бәрі де шетінен көрікті де ақылды, білімді де өнерлі екенін байқадық. Десек те, қайсысының тұлпары оза шапқанын айтар әділқазыларға сөз кезегін береміз және бүгінгі сайысқа қатысушы аяулы қыздарымыз бен жеңгелерін ортаға шақырамыз.

 

2 - жүргізуші: Әділ қазыларымыздың қорытынды есебі дайын болғанша 4 оқушысы Рахаш Арайдың орындауында «Анаға тілек» әнін қабыл алыңыздар

 

Ән:     «Анаға тілек»         

Ендігі кезекті қазылар алғасына береміз (Сайыскерлеріміздің алған бағаларын есептеп, қорытындысын айтады, жеңімпаздарды марапаттап, сыйлықтар беріледі.)

(Шерхан сайысқа қатысушы қыз - келіншектерге гүл таратып шығады)

1- жүргізуші: Олай болса бүгінгі «Сырғалым - сырласым» атты сайысымыздың жеңімпаздарын шын жүректен құттықтай отырып, бүгінгі мерекелік кешімізді қорытындылау сөз көзегін мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Әбдіжәмиева Зәмзәгүл апайға береміз.

                        Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

                        Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
                        Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
                        Осыменен «Сырғалым – сырласым!» атты сайысымыз аяқталды. Құрметті қонақтар! Бүгінгі  мерекелік сайысымыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Жақсы күндерде жолыққанша. Сау болыңыздар.

 

 

1-орын: «Сымбаттым» тобы қайын сіңлісі Лесбаева Айкүміс, жеңгесі Құттымұратова Рая (99 ұпай)

 

1-орын: «Шырайлым» тобы қайын сіңлісі Омарова Ақтоты, жеңгесі Тілеубаева Зулфия (99 ұпай)

 

2-орын: «Үкілім» тобы қайын сіңлісі Қармысова Тілектес, жеңгесі Тілегенова Гүлназ (95 ұпай)

 

2-орын: «Арайлым» тобы қайын сіңлісі Мұхтарқызы Ақбаян, жеңгесі Оразбаева Жанат (95 ұпай)

 

3-орын: «Шашбаулым» тобы қайын сіңлісі Озғанбаева Ақтолқын, жеңгесі Амалбаева  Сандуғаш

                (85 ұпай)

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қыз бен жеңге сайысы "Сырғалым-сырласым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 161 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2017 19493
    • DOCX 719.3 кбайт
    • 423 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аңдамасова Гүлназ Аманбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аңдамасова Гүлназ Аманбайқызы
    Аңдамасова Гүлназ Аманбайқызы
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27837
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 746 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 017 человек

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов