Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Қыз еркем, анасымен көркем» тәрбие сағаты

«Қыз еркем, анасымен көркем» тәрбие сағаты

Скачать материал

 

Кеңбидайық орта мектебі

 

 

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Қыз еркем, анасымен көркем»

 

 

Дайындаған: Ермұрат Ә.

 

 

 

 

 

 

2013-2014

Сабақтың тақырыбы: «Қыз еркем, анасымен көркем»

Сабақтың мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.

Көрнекілігі: слайд, ақпараттық технология

Сабақтың барысы:

1-жүргізуші.

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Ана- барлық өмірдің бастауы Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан,  ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!!

2-жүргізуші. Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, жарысқа қатысушы жанұялар және олардың жан-күйерлері, бүгінгі мектебімізде өткелі отырған “ Қыз еркем, анасымен көркем ” атты сайысқа қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Жанұямыз-сәніміз,
Отбасымыз-әніміз.
Біз бастадық сайысты,
Қош келіпсіз бәріңіз!

2-жүргізуші: Асыл іс көп халықта,
Іле жүрсең құлаққа.
Ізденген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа – демекші, ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы сұлу аруларымызбен аяулы аналарымызды  шақырамыз.

1-жүргізуші: Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай еш жалықпай,
Айтқанына көндік деп,
Әділқазы алқасын сайлап алған жөн болар

 Әділқазылар   алқасы:

1.

2.

3.

 

2-жүргізушіСайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.

1.     «Сәлем – сөздің анасы» (таныстыру, презентация арқылы)

2.     «Он саусағы  майысқан шебер болар  ұрпақпыз» (үй т/ы, шығармашылық қолөнер)

3.     Өнер көрсету (би,ән-екеуі бірге)

4.      Тіл өнері ( мақал-мәтел)

5.      Сұлулық сыры (шаш үлгісі, киім үлгісі – анасы қызына)

6.     Қорытынды.

1-жүргізуші

Жалын болып жанайық,
Әсем әнге салайық.
Сайыскерлер күтіп тұр
Соларменен бір танысып алайық! - деп,  сайысымыздың  бірінші бөлімін бастайық.

1-бөлім:  Әр отбасы өздерін таныстырады.    

Презентация бойынша топтардың атымен таныстыру.

(әр топқа  3 мин)

2 – бөлім.

Сымбатына сән киім жарасатын,

 Аспандағы айменен таласатын.

 Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

 Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз-

 «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қолөнер бұйымдарын қазылар алқасына тапсырады.

3-бөлім. «Өнер көрсету». Анасы мен қазы екеуі бірге өнерлерін көрсетеді.

 

4-бөлім. «Тіл өнері»

Әр топ мақал – мәтел айтып жарысады. (қыз бала тәрбиесіне және ана туралы)

          5-бөлім.

         1-жүргізуші:  Білектей арқасында өрген бұрым,

                                Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын,

                                Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты

                                Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

         2-жүргізуші: Келесі бөлім «Сұлулық сыры» деп аталады. Бұл бөлімде шаш үлгісімен киім үлгісін көрсетеді.

         Қосымша:  а) Ән:

                                  Орындайды:

                              б) Би:

                                       

          6 – бөлім.   Қорытынды.

 1-жүргізуші: Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

 

     Марапаттау. Сыйлықтар тарату. І, ІІ, ІІІ орын және 5 номинация

 

              2-жүргізуші:  Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

                                          Барымен шат-шадымен болыңыздар.

                                          Қоштасайық, келесі кездескенше,

                                          Әрдайым сау-саламат болыңыздар!

     Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Қыз еркем, анасымен көркем» тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 236 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2016 4415
    • DOCX 46 кбайт
    • 82 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Касенова Гульмира Алтынбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13254
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой