Инфоурок Биология Научные работыКартопты өсімді мүшесімен өсірудің тиімділігі

Картопты өсімді мүшесімен өсірудің тиімділігі

Скачать материал

Жоспары

Кіріспе……………………………………………………………………….3

I.картоп туралы мәлімет4

             1.1  Картоптың ашылу тарихы………………………………………………..4

              1.2 Картоптың құрамы……………………………...6

   1.3 Картопты өсіру, күту баптау,сақтау

II. Картоптың өсімді мүшесімен өсіру 13

             2.1 Картопты тәжірбиеге дайындау………………………………………..13

             2.2 тәжірбиенің нәтижесі14

  

Қортынды ……………………………………………………………………….17

Әдебиеттер тізім: ……………………………………………………………….18

Приложения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Выбор темы моей работы не случаен. Мне очень нравятся блюда, приготовленные из картофеля. А недавно я узнал, что Организация Объединенных Наций назвала 2008 год - Годом картофеля. Мне стало очень интересно – почему?! Вроде картофель такой обычный и повседневный овощ, который практически ежедневно мы употребляем в пищу в том или другом виде. Что может быть в нем такого ценного и полезного?  Откуда он появился? Какие требования предъявляются к условиям проращивания?

Эти  и другие вопросы натолкнули меня попробовать найти ответы на них.

          Предмет исследования - растение картофель.

Объектом исследования будут являться – живая природа биологические свойства картофеля и его применение человеком.

Актуальность выбранной мной темы заключается в том, что картофель — высокопитательный и даже целебный продукт. Картошка, это не только самый популярный продукт на нашем столе. Кроме этого, вырабатываемый из технического картофеля спирт используется в парфюмерии, ликероводочной промышленности, а отходы от переработки — на корм животным. Более того, содержание в клубнях картофеля различных питательных веществ, солей калия, кальция; железа, йода, магния и витаминов навело врачей народной и официальной медицины использовать картофель для лечения некоторых болезней, особенно цинги, язвы желудка, гастрита и некоторых других. После всего вышеперечисленного становится понятным, почему эта культура получила столь широкое распространение по всему миру.

Цель: расширить знания по биологии на примере изучения растения картофель.

Задачи:

- узнать историю картофеля;

- изучить биологических свойств картофеля (проращивание картофеля в

   разных    условиях);

- выявить полезные качества картофеля, используемые человеком;

Методы исследования:

-анализ источников информации

-практические опыты

-обобщение полученных данных

Гипотеза: Я думаю, что клубни разного вида прорастут в одинаковых условия одновременно. Мне кажется,   что стоит согласиться с общепринятым мнением, что картофель нужно проращивать в тепле и темно

 

 

1.1 Шығу тарихы.

Картоп алқа тұқымдас қосжарнақтылар класына жатады,шөптекті, көпжылдық, жылу сүйгіш өсімдік.

 Картопты Оңтүстік Америкадан Еуропаға 1565 жылы әкелінген. Ең алғаш Франция ханшайымы Мария-Антуанетта картопты насихаттау үшін оның гүлін шанына қыстырған екен. Бұл сәндік король сарайы қызметкерлерінің барлығына лезде мода болып, кеңінен тараған. Осыдан кейін Францияда картоп өсіру қолға алынады.

Тіпті король ХVІ Людовик картопты кеңірек наихаттау мақсатында қала маңындағы өз бақшасына тек қана картоп отырғызып, оны күзетуді бұйырды. Бір қызығы: картоп ұрлаушыларды тек қана айыптап, «ұрыларды ұстамауға» міндеттейді. Бұл әрекет картоптың сол елде кең таралуына қолайлы жағдай туғызған. Картоптың отаны Чили болып саналады. 1560 жылдары Испанияға әкелінген картоп кейін Еуропа мен Азияға таралады. Ал Ресейге ол І Пертдің ұсынуы бойынша 1765 жылы әкелінген. Қазіргі заманда дүние жүзінің бырлық елдерінде егіледі.  

Картофель (нем. Kartoffel ) — алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл.  Картоптың 150-ге жуық түрі белгілі. Отаны — Оңт. жөне Орт. Американың таулы аудандары. Бір жылдық дақылдық картоп негі-зінен, 2 жақын түрге бөлінеді. Анд Картобы Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия және Аргентинада өседі. Ч и л и (Еуропа) Картобы климаты қолайлы елдерде өседі. Картоп Қазақстанға Еуропадан әкелінген, республиканың барлық аймақтарында өсіріледі.Картоп жарықсүйгіш, ылғалсүйгіш (әсіресе, гүлдеу және түйнек-түзілу кезінде), суыққа төзімді дақыл. Картоптың биіктігі 40 — 80 см, кейде 150 см-ге дейін жетеді.

Бір түпте 3 — 6 сабақ болады. Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп түқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады.  Топырақ температурасы 5 — 8°С-та түйнек бүршік жара бастайды, түйнектің түзілуіне ең қолайлы температура 10 — 13°С, 20°С-та түйнек түзілу процесі тоқтайды. Ал -1 — 2°С суықта жас өскіндері үсіп кетеді. Вегетациялық кезеңі 70 — 120 тәулік. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. Картоп тағам, мал азығы және өнеркәсіпте техникалық шикізат ретінде пайдаланылады. Зиянкестері:түн көбелегі, колорадо қоңызы, т.б

1.2 картоптың  құрамы

 C, B1, B2, B6, B9, PP, K дәрумендерінің бай көзі, кальций, темір, магний, натрий және фосфор бар. Картоп түйнегінде 23,7% құрғақ зат болады, оның ішінде: 17,5% крахмал, 0,5% қант, 1 — 2% белок, 1%-ке жуық минералды тұздар, С, Вр В2, В6, РР, К витаминдері бар. Ал ең басым бөлігін 75% - су құрайды. Картоп ең қолжетімді тауарлардың бірі болып табылады. Оны кез келген уақытта сатып алуға болады, ешқандай арнайы шаралар керек емес, тек құрғақ жерде сақтау керек.

Картоптың құрамындағы кальций және калий біздің ағзамызда ас тұзының зиянды әсерін бейтараптандырады. Өз кезегінде, магний жүректі нығайтады, оның арқасында біз кез келген күйзелісті бастан жақсы өткереміз, сондықтан картопты күйзеліске бой беретін адамдардың қолдануына кеңес беріледі. Оның құрамындағы балластық зат асқазан-ішек жолының жұмысына пайдалы әсер етеді. Фосфор біздің тістерімізге және қызыл иекке пайдалы әсер етеді, сондай-ақ өсу процестеріне қатысады, сондықтан ол жас балаларға өте пайдалы. Темір иммунитеттің ұлғаюына әсер етіп, нашар көңіл-күйді болдырмайды.

1.3  Картопты өсіру, күту баптау,сақтау

Картопты вегетативтік тәсілмен, картоптың түйіндері арқылы көбейтеді. Картопты бірнеше бөліктерге бөліп, 5-10 см тереңдікке егеді. Егілген түйіндер өну үшін, 15-20 °C температурада ұстау қажет. Ал сабағының өсуіне, жапырақтардың өсіп шығуы мен гүлдеуі үшін 16-22 °C температура жеткілікті. Картоп гүлдеу кезінде және түйін салу кезінде суды көп мөлшерде қажет етеді. Дегенмен, судың шамадан артық болуы да картопқа зиян. Картоптан көп өнім алу үшін, сабағын топыраққа көміп 2-3 рет түптеу қажет. Картоптың жер бетіне өсіп шығуы үшін және гүлдеу, түйін салу уақытында өте көп тыңайтқыш пайдаланылады.. Сонымен қатар қопсыту жұмыстарын жиі жүргізу керек.

Картоп – еліміздің барлық өңірлерінің ұжымдық шаруашылықтары мен үй жанындағы бақшалары арасында кеңінен таралған дақыл. Картоп егуге дайындықты күзден бастау керек. Ең дұрысы – картопты қияр мен қырыққабаттан кейін отырғызу. Картопты қызанақ пен кәдіден кейін егуге болмайды. Ең жақсы тұқым материалы – жазғы егістен және екі өнімдік дақылдан алынған картоп түйнегі.

Картопты күтіп-баптауға оны отырғызғаннан кейін 4-6 күн өткен соң ғана кірісу керек. Негізі, өніп жатқан түйнектер, топырақта жатып үнемі ауаны  қажетсінетіндіктен картоп түбін ұдайы қопсытып отыру керек. Отырғызу алдында түйіндерді жақсылап әзірлеп, өсімдіктер мен топырақты дұрыс баптаған жағдайда көктемгі егілген картопты қазуға маусымның 1-онкүндігінде кірісуге болады. Көктемгі отырғызылған өнімді ең дұрысы –жаз бен күзде пайдалану.  Қазан айының аяғы мен қарашаның басында картоп өне бастайды. Қысқы және көктемгі кездерде пайдалану үшін картопты жазда отырғызу керек. Өндірістік мақсаттар үшін тұқымға жартылай піскен сорттарды таңдап,  картоп егуді 20-25 маусымда бастау қажет. Картопты тұрақты қоймаларда – жер қоймада, жертөледе, үй асты қоймасында  85-90% ылғалдық шеңберінде сақтаған дұрыс.

Картоптың мәдени түрі біржылдық өсімдік ретінде пайдаланылады. Оның жерасты бөлігінде түйнектері болады.Түйнек дегеніміз- өзгерген өркен, яғни жерсабақ (столон). Түйнектің өзгерген сабақ екенін дәлелдеу қиын емес. Түйнектердің топырақтан шығып қалғандары жарық әсерінен хлорофилл түзіп, жасыл түске боялады. Сондай-ақ түйнек ойықтарында сабақтағы тәрізді бүршіктер, яғни көзшелер орналасқан. Картоптың көзшелерімен қоса алынған түйнекті бөліктерін топыраққа ексе , одан жерүсті бөлігі өсіп шығады. Картоп  гүлдеп , жасыл жидек береді.Бұл оның жемісі. Картоптың жемісі улы екенін есте сақтаңдар! Картопты өсімді мүшесі-көзшелі түйнек арқылы көбейтеді. Ал жаңа іріктеме алу мақсатында картоп тұқымы егіледі. Жаңадан шығарылған картоп іріктемелерінің саны 100-ден асады  Қазақстанда картоп кең тараған ауыл шаруашылық дақылы. Адамдар оны бағалы тағам ретінде пайдаланады, себебі оның түйнегінде әр түрлі дәрумендер болады. Картопты  ел арасында « екінші нан» деп атайды.  Картоп сонымен қатар құнды мал азығы. Малға жем ретінде түйнегі  ,сонымен қатар крахмал мен спирт өндірісінде қалған қалдықтары да пайдаланылады Картоп  жылу сүйгіш дақыл. Оның тұқымы өніп өсуі үшін топырақ қыртысында ең кем дегенде 7-8 С жылу болуы қажет. Бірақ мұндай температура +18-25 С болса , картоп 13-15 күнде өніп шығады.Картоптын сабағы  күшті өсуі үшін қолайлы температура +17-22 С шамасында болуы қажет. Температураның жоғарлауы немесе төмендеуі өсімдіктің өсуі мен дамуына кері әсер етеді. Мысалы , температура +3-5 С-тан төмен, ал +35 С-тан жоғары болса, картоптың өсіп-өнуі тоқтатылады. Көктемде -3 С суықта картоптың жас өркені, ал күзде топырақтың температурасы -2 С болғанда, картоптың түйнегі үсіп кетеді. Картоп алғашқы өсу кезеңінде ылғалды онша көп қажет етпейді, бірақ осы мезгілде шамадан тыс құрғақшылық болса , оның тамырының дамуы нашарлайды, яғни өнімі төмендейді. Картоптың жақсы өсуіне ауа қажет. Топырақта ауа жетпеген жағдайда, әсіресе тығыз топырақта оның жер астыңдағы  сабақтары бұтақтанып, түйнекті де кеш байлайды, баяу өседі әрі кеш піседі. Оның ойдағыдай өсіп – дамуы үшін ауа еркін өтетін кеуек топырақ қажет. Сондықтан қара, қызыл қоңыр топырақта жақсы өседі. Суармалы жерлерде картоптың жақсы алғы дақылдарына күздік дақылдар мен дәнді бұршақ ,көкөніс ( пияз, сәбіз, қияр ) жатады.Егер топырақ дұрыс өңделіп, органикалық және минералдық тыңайтқыштар жеткілікті мөлшерде берілсе, онда картопты бір орынға қатарынан 2-3 жыл бойы егуге болады.Дегенмен тұқымға арналған картопты ауыспалы егістерде өсіріп, бұрынғы орнына кем дегенде 3-4 жылдан кейін отырғызған жөн. Картоптың қоректік  заттарға қоятын талабы да үлкен. Бір тонна өнім мен сол шамалас сабақ құрау үшін топырақтан 5 кг азот, 2 кг фосфор мен 9 кг калий элементтерін пайдаланады. Суармалы аймақтарда күзде жер жырту алдыңда әр гектарға 40-50 тонна көң, 6.5 центнер калий тыңайтқыштарын РУМ-5, РОУ-6 машиналарымен шашып , түренді соқалармен жыртып, топыраққа сіңіреді. Картоп түйнектерін отырғызар алдыңда сорттап, іріктеп алады. Түйнектерді отырғызуға 5-6 күн қалғанда,оларды күнге қыздырады.Картопты отырғызудың жақсы мезгілі – топырақтың 10 см тереңдікте +6-8 С-ка дейн қызған кезі болып есептеледі. Бұл мезгіл оңтүстік облыстарда сәуір айының үшінші онкүндігі мен мамыр айының басында. Отырғызуды қысқа мерзімде аяқтау керек, өйткені әрі қарай түйнектері өніп, сапасын жояды.Картоп түйнектерін егетін жері дайын болған кезде ,егудің екі тәсілін қолдануға болады. Өсімдік көктеп шыққан кейн шөптеп ,түптеу қажет. Өсу кезіңде картопты орташа есеппен 5-7 рет суарады.Күз кезіңде қазған картопты сорттап арнайы жерде сақтау керек. 

 

 

 

 

 

 

 

2.1 Тәжірбиеге дайындық 

Картопты адамдар тек қана түйнек арқылы көбейтуге үйреніп қалған , бірақта картопты қабық арқылы көбейтуге неге бомасқа. Сондықтан мен картопты қабық арқылы өсіруге  бел будым. 

Тәжірбиенің мақсаты: картопты өсімді мүшесі арқылы өсірудің тиімділігіне көз жеткізу.

Зерттеу гипотезасы: картопты  қабығы арқылы көбейту  қалдықсыз өнім ретінде қол данар едік,  картопты қабығы арқылы өсіру, адамдардың  қаражатының  үнемдеуіне  

Зерттеу обьекті: картоптың қабығы

Отырғызу орыны:  үйдің бақшасы

Мерзімі: 28.05.2016жыл

Дала температурасы: 18C+

Өсу мерзімі:  маусым, шілде, тамыз

Қазып алу күні: қыркүйек айы

1. Тәжірбие үшін біз   қызыл картоптың өскен қабығын алдық.

2. картопты өсіретін орын дайындадық: үй қасындағы бақша

3. Бір үлкен  қызыл картоптың  қабығынан 5 кескін кесіп алдық, 

әр кескін 2-3 см болды, 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыстың барысы :

1.      Картопты жылы жерге шығарып қойдым, 4-5 күннен кейін картоптың өсімді мүшелері пайда болды, (түйнекте көзшелері )

2.     Бақшада отырғызатын орын дайындадым, тереңдігі 15-16 см болатын үш  шұнқыр дайындадым

3.     Әр шұнқырға екі қабықтан салдым  №1сурет

4.     Үшінші щұнқырға бір қабық салдым

5.     Картопты күтіп баптадым, суғарып, қопсытып отырдым,

6.    


Өскен өркендерін өлшеп отырдым

№1

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 


 

 

Тәжірбиенің нәтижесі:

3 түп картоптан : 18 дана картоп қазып алдым

      Салмағы:        1,7кг

Түп

Дана

Сантиметр

1

Түптен  барлығы

үлкен,

орташа,

кішкентай

8

 

4

7 -8 см

2

4 см

2

3см

2

Түп

7

 

4

6-7 см

2

4-5см

1

2 см

3

Түп

3

 

2

8-9см

1

4см

 

Барлығы:

18 картоп

 

 

Қазып алған картоптың салмағы 1,7 кг  картоптың мөлшері пішіні әркелкі, әр түптен 7-8,3 дана карошка қазып алдым.  Ал үшінші түптен  3 дана картошка қазып алдым, бірінші, екінші түпке қарағанда саны аз, себебі үшінші  шұнқырға бір қабық егілді.  Бірақта үшінші түптен  ірі  картоп қазып алынды, себебі өскен өркендер  бір- бірне кедергі жасаған жоқ  сондықтан картоп ірі болып өскен деп ойлаймын

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

          Қорыта келгенде  «Картопы  өсімді мүшесімен өсірудің тиімділігі» тақырыбымдағы зеттеу жұмысымызда мақсатқа сәйкес  алға қойған міндеттер  толық  шешіліп , картоты қабық арқылы өсіріп өнім алуға болады және тиімділігінен көз жеткіздім. Көктем айында барлық  адамдар картоп егеді, Бір үйді қамтамссыз ету үшін  1-8 қапқа дейін картоп егіледі. Оның бағасын санасақ , бір қаптың бағасы 2500-3000 теңгеге жетеді.  Бұл қаражат адамдар үшін  қолайсыз. Менің от басым 1-2 қап картоп егеді, оған ата – анам 6000 теңге жұмсайды.

Сондықтан өзіме неге қартоптың қабығын салмасақ деген ой келді. Сөйтіп қартоп қабығын егіп өнім алуға көз жеткіздім. Картопты қабығы  арқылы көбейту қолайлы деп ойлаймын:

1.     Ал картоптың қабығын салып біз қаражатты үнемдейміз.

2.     Картопты асқа қолданып, ал қабығын егу қолайлы;

3.     Қалдықсыз өнім болып табылады;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.                      www.kartofelinka.ru

2.                      kartoshka.delovoy.net

3.                      Растениеводство / Г.С.Посыпанов, В. Е. Дотодворов, Г.В.Коренев и др.; Под ред. Г.С. Посыпанова. - М.: Колос, 1997. - 447 с.

4.                      www.okartofele.ru

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Картопты өсімді мүшесімен өсірудің тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 310 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.12.2016 5765
    • DOCX 2.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем НАзымова Айгул Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    НАзымова Айгул Болатовна
    НАзымова Айгул Болатовна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5874
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 490 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 325 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы искусствознания

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек