Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Казакский язык на тему Сатылай кешенді талдау

Казакский язык на тему Сатылай кешенді талдау

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі сабағында кешенді талдаудың тиімділігі.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділігі: сөйлемдерге сатылай комплексті талдау жасата отырып,қазақ тілі пәні бойынша меңгерген теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан талдап көрсету.Әрбір тілдік формалардың атқаратын қызметін,грамматикалық мағыналарын толық ажыратуға дағдыландыру;

Ә)дамытушылығы: грамматикалық талдату барысында оқушының сөйлеу тілдерін қалыптастыра отырып,олардың сөз байлықтарын молайту,логикалық ойлау қабілеттерін,есте сақтау,меңгеру қабілеттерін дамытуға,сол нәрседен тұжырым жасауға,пікірін анық,толық айта алуға дағдыландыру;

Б) тәрбиелік: талдап отырған мысалдар арқылы оқушылардың өн бойынан ұқыптылықты,өмір сүріп отырған заманына сай бола білуге, еңбекке жарамды,еңбекке қабілетті, ана тілін құрметтей білетін, өз тілінде еркін, сауатты сөйлей, сауатты жаза білуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: өтілген материалдарды қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: қайталау, іздену, зерттеу,жүйелеу,тілдік талдату;

Сабақтың көрнекілігі:

Н.А.Оразахынова «Сатылай комплексті талдау» 1999ж.

Н.А.Оразахынова «Практикалық қазақ тілі» Алматы 2009ж.

Сызбалар,үлестірмелі кеспе қағаздар, оқулықтар, интерактивті тақта.

С.Исаев «Сөйлемді грамматикалық талдаудың тәсілдері» 1993ж.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды, оқу құралдарын түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

II.Өтілген тақырыптарды еске түсіру.

Сатылай комплексті талдаудың сызбаларын басшылыққа ала отырып, қазақ тілі пәні бойынша өтілген тақырыптарды еске түсіру.

III.Сабақтың барысы:

Оқушыларға тілдің барлық салалары бойынша өтілген теориялық материалдарды қалай меңгергендіктерін сөйлемге сатылай комплексті талдау жасай отырып, тәжірбие жүзінде көрсету.Үлестірмелі кеспе қағаздар таратылып, бір сөйлемге:

-синтаксис саласы бойынша бір оқушы;

-морфология саласы бойынша бір оқушы;

-лексика саласы бойынша бір оқушы;

-фонетика саласы бойынша бір оқушы;

Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, толық талдау жасайды.

Мысалы:

Жай сөйлемді сатылай кешенді талдау.Ол келді.

I. Синтаксистік талдау;

I.1. Сөйлемде бір тыныс белгі бар.ол-нүкте(.) Нүктенің қойылу себебі ойды аяқтап,сөйлемді тиянақтап тұр.

I.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай хабарлы сөйлем.Себебі ой хабарлай жеткізіліп тұр.Хабарлы сөйлем дегеніміз- айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу,баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі.

I.3. Құрылысына қарай- жай сөйлем.Себебі бірнеше сөзден құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіріп тұр.Жай сөйлем дегеніміз- бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем.

I.4. Жай сөйлемнің түрлеріне қарай- жалаң.Себебі тек қана бастауыш пен баяндауыштан құралған.Жалаң сөйлем дегеніміз- тұрлаусыз мүшелері жоқ, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.

Морфологиялық бірліктерді сатылай кешенді талдау.

Салт

1. Бұл сөз бір құрамнан тұр: салт.

2. Тұлғасына карай- салт- негізгі түбір.

3. Құрылысына қарай- дара.Себебі бір ғана негізгі түбірден тұр.

4. Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар.

5. Лексикалық мағынасы- жалпы ұғымға берілген атау.

6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы- лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына- зат есім.

6.2. Екінші грамматикалық мағынасы- атау септігінің нөлдік тұлғасы арқылы берілген категориялық- грамматикалық мағына- атауыштық мағына.

7. Салт- не? Деген сұраққа жауап береді.Ендеше, бұл- зат есім.Зат есім дегеніміз-кім? Не?кімдер?нелер? т.б. сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің, құбылыстың,деректі, дерексіз ұғымдардың атауын білдіретін сөз табы.

8. Мағынасына қарай: а) жалпы есім.Себебі біркелкі дерексіз ұғымның жалпылай атауы.

Ә) Жансыз.Себебі тіршілік иесі емес.

Б) Дерексіз.Себебі көзбен көріп, қолмен ұстап тануға болмайтын дерексіз ұғым атауы.

В) Нақты емес.Себебі дерексіз болған нәрсе нақты болмайды.

Сөздің бейнелі мағынасына сатылай кешенді талдау.

Бақырайды.

1.Туынды мағынадағы сөз.

2.ә) синоним сөз.

Б) Дисфемизм сөз.

Синтаксистік шартты мағынадағы сөз.Бейнелі мағынадағы сөз.Себебі адамның сезімі мен көңіл- күйіне байланысты айтылатын эмоционалды мағынада қолданылған сөз.

Фонетикалық сатылай кешенді талдау.Казақ.

1.Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай- жуан буынды сөз.Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан дауыстылар.

2.Бұл сөз: қа- зақ болып екі буынға бөлінеді. Себебі сөздің құрамында екі дауысты дыбыс бар.Қа буыны –ашық буын.Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұр.зақ буыны- бітеу буын.Себебі буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.

3.Бұл сөз

Қа, зақ болып екі жағдайда тасымалданады.Себебі сөз екі буыннан тұр немесе сөз буын жігіне тасымалданған.

4.Қазақ Толық жауап беріңіз

5. Сөзде буын үндестігі жоқ. Себебі бұл түбір сөз.

6. Сөзде дыбыс үндстігі жоқ.Себебі бұл түбір сөз.

7. Бұл сөзде екпін а дауысты дыбысына түсіп тұр.Қазақ.

IV. Қорытынды. Оқушылардың сатылай кешенді талдауды қаншалықты меңгергендерін, есте сақтағандарын тексеріп,қосымша мысалдар беру.

V. Бағалау

VI. Үйге тапсырма























2013/2014 оқу жылында   әдебиет пәнінен 5-сыныпқа ІІІ тоқсанға жасақталған орта мерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы

Сағат

саны

 

Уа-

қы

ты

Оқып-үйренудің негізгі мақсаты

Оқытуда қолданыла

тын әдіс-тәсілдер

 

Қамтыла-

тын модульдер

Ресурстар,

құрал

- жабдықтар

Сілтеме,

Күтілетін

нәтиже

Оқушы-

лардың сабақпен

қамтылуы

Бағалау

1

Ыбырай. Алтынсарин «Өзен «өлеңі

1

 

Өлеңнің тақыр

- ыбын ашу, өзеннің адам өміріндегі маңызы түсіндіру

Миға шабуыл,

диалогтік оқыту

1,2, 3,4,5,6,7

Интерактивті тақта,постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

білім стандарты,

сабақ жоспары

Сыни ойлауды дамыту .Өлеңдерінің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

Топпен, жұппен

Форма

тивті, критер

иалды

2 

«Дүние қалай етсең табылады»

 1

 

 Еңбектің маңызы түсіндіру

Миға шабуыл,

Т кестесі стр

 1,2, 3,4,5,6,7

 ,постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

  білім стандарты,

сабақ жоспары

  Сыни ойлауды дамыту, Әңгіменің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

  Топпен, жұппен

  Форма

тивті, критер

иалды

2

А. Құнанбаев «Қыс»

1

 

Абайдың өмірі,табиғат лирикасы туралы түсінік беру, «Қыс» өлеңінің мазмұ -нын игеру

«Миға шабуыл» стр

«ИНСЕРТ»,

ББҮ

1,2, 3,4,5,6,7

постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

білім стандарты,сабақ жоспары

әдістеме

лік

Сыни ойлауды дамыту .Өлеңнің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

Топпен, жұппен

Формативті, критериалды

3

«Ғылым тапай мақтанба»

1

 

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі -нің мазмұнын игерту, ғылым, білімнің қажет -тілігін таныту

«Еркін жазу» әдісі, «Екі жақты күнделік»

 

 

1,2, 3,4,5,6,7

постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

білім стандарты, сабақ жоспары

Сыни ойлауды дамыту Өлеңнің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

Топпен, жұппен

Формативті, критериалды

4

С. Торайғыров «Шілде» өлеңі 

 

1

 

Өлеңнің

шындыққа үйлесімдігі мен үндестігін ашу

 

«Ашық сұрақтар қою арқылы болжам жасау» әдісі

1,2, 3,4,5,6,7

постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

білім стандарты,

сабақ жоспары

Сыни ойлауды дамыту . Өлеңнің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

Топпен, жұппен

Форма

тивті, критериалды

 6

М. Жұмабаев «Сағындым»

«Қысқы жолда» өлеңі

 2

 

 Ақынның лирикасына,тіл көркемдігіне назар аударту

 Миға шабуыл, RAFT стратегиясы

 1,2, 3,4,5,6,7

  постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

  білім стандарты,сабақ жоспары

әдістеме

лік

  Сыни ойлауды дамыту . Өлеңнің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

Топпен, жұппен

Форма

тивті, критериалды

7

 Шығармашы

лық жұмыс

1

 

Шығарма жаздыру арқы -лы оқушы лар -дың дүниетаны -мын кеңейту

Диологтік оқыту

3,6,7

жазу дәптері,т.б.

білім стандарты, сабақ жоспары

Өз ойын еркін жаза алады

Топпен, жұппен

критериалды

8

С. Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі

2

 

Көптің көкейіне орныққан ойлы,сырлы сөздердің мәнін түсіне білу

 

Миға шабуыл, диалогтік оқыту

 

 

 

1,2, 3,4,5,6,7

Интерактивті тақта,постер,

маркер, стикер, , оқулық, жазу дәптері,т.б.

білім стандарты,

сабақ жоспары

Сыни ойлауды дамыту .Өлеңнің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

Топпен, жұппен

Формативті, критериалды

9

І. Жансүгіров «Күй поэмасы»

2

 

Өлеңдегі психологизм, ақынның психологиялық суреттеудегі шеберлігін ашу

 

3,6,7

 постер,

маркер, стикер, , оқулық, жазу дәптері,т.б.

білім стандарты,

сабақ жоспары

Оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс-әрекеттерін талдайды

Топпен, жұппен

Форма

тивті,

критериалды

10

М. Әуезов «Ақын қонақтар» (Абай жолы роман-эпопея сынан үзінді)

2

 

Ұлы ақын, оның балалық шағы өсіп, өнуі туралы мәлімет

Миға шабуыл рольдік ойын,

«ИНСЕРТ»,

БҮҮ

1,2, 3,4,5,6,7

постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

білім стандарты,сабақ жоспары

Сыни ойлауды дамыту. Әңгіменің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

Топпен, жұппен

Формативті, критериалды

11

С. Мұқанов «Лашын» әңгімесі

2

 

Ақынның туған жер,ата кәсіп, дәстүр т.б мәселелер-

Ді ұғындыру

Миға шабуыл

«Еркін жазу» әдісі, «Екі жақты күнделік»

 

 

1,2, 3,4,5,6,7

постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

білім стандарты, сабақ жоспары

Сыни ойлауды дамыту.Өлеңнің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

Топпен, жұппен

Формативті, критериалды

12

Ғ. Мүсірепов «Жаңа достар» әңгімесі

 

2

 

Ақын басын -дағы оқиғалар , дос -тық сезімдердің суреттелуі

«Ашық сұрақтар қою арқылы болжам жасау» әдісі

1,2, 3,4,5,6,7

постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

білім стандарты,

сабақ жоспары

Сыни ойлауды дамыту . Шығарма-

сының мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

Топпен, жұппен

Формативті, критериалды

13

С. Бегалин «Бала Шоқан»

2

 

Ақын шеберлігіне мән беру,ақын көңіл-күйін сезіне білу

«Ойлан-жұптас-талқыла!» , «Автор орындығы»

1,2, 3,4,5,6,7

постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

білім стандарты, сабақ жоспары

Сыни ойлауды дамыту . Шығарма-

сының мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

Топпен, жұппен

Форма

тивті

критериалды

14

Шығармашы

лық жұмыс

1

 

Шығарма жаздыру арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту

Диологтік оқыту

1,2, 3,4,5,6,7

постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

білім стандарты, сабақ жоспары

Өз ойын еркін жаза алады

Топпен, жұппен

Формативті, критериалды

15

Қ Әбдіқадыров «Қажымұқан»

3

 

Қазақтың атақты балуанының өмірі, басынан кешкендерін әңгімелеу

Миға шабуыл, ,«тірек сөздер» стр RAFT стр

 

 

1,2, 3,4,5,6,7

Интерактивті тақта,постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

білім стандарты,

сабақ жоспары

Сыни ойлауды дамыту .Өлеңдерінің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

Топпен, жұппен

Формативті, критериалды

16

Қ. Аманжолов «Жамырап күнде жас өмір» өлені

1

 

Ақын туралы мәлімет. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу

Галереяны ой аралау» , «Екі жақты күнделік» 

 1,2,3,4,5,6,7

жазу дәптері,т.б.

білім стандарты,

сабақ жоспары

Оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс-әрекет -терін талдайды

Топпен, жұппен

критериалды

17

Жұбан

Молдағалиев «Ар, ұят туралы»

 1

 

 Ар, ұят намыс, т.б адамгершілік қасиеттерді ұғындыру

 Миға шабуыл, Эссе стратегиясы

 1,2,3,4,5,6,7

 постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

 білім стандарты, сабақ жоспары

 Сыни ойлауды дамыту .Өлеңнің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

  Топпен, жұппен

 Формативті, критериалды

18

Қ.Шаңғытбаев «Сабалақ» өлеңі

1

 

Өлеңде айтылған өзекті ойын ашу

Миға шабуыл «Еркін жазу» әдісі, «Екі жақты күнделік»

 

 

1,2, 3,4,5,6,7

постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

білім стандарты, сабақ жоспары

Сыни ойлауды дамыт. Шығарманың мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

Топпен, жұппен

Формативті, критериалды

19

М. Мақатаев «Фантазия»

1

 

Өлеңде айтылатын басты түйінді ұғындыру

«Ашық сұрақтар қою арқылы болжам жасау» әдісі

Топтастыру

1,2, 3,4,5,6,7

постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

білім стандарты,

сабақ жоспары

Сыни ойлауды дамыту . Өлеңнің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

Топпен, жұппен

Форма

тивті, критериалды

20

Барлығы да сендердікі

1

 

Өлеңдегі реалистік сипатты ашу,ақын көзқарасын аңғарту

Жұпта талқылау

«Үш жақты күнделік»,» стр

1,2, 3,4,5,6,7

постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

білім стандарты, сабақ жоспары

Сыни ойлауды дамыту . Өлеңнің мазмұнын түсініп талдайды, алған білімдерін өмірмен байланыстырады

Топпен, жұппен

Форма

тивті

критериалды

21

Сыныптан тыс оқу












































1

 

 Оқыған шығармаларын талдайды тақырыбы мен идеясын ашады

 Тірек сөздер стрБес жолды өлең

 1,2, 3,4,5,6,7

  постер,

маркер, стикер, оқулық, жазу дәптері,т.б.

білім стандарты, сабақ жоспары

Оқушылар ой талқысына түсе отырып, өзара пікір алмасады, іс-әрекеттерін талдайды

Топпен, жұппен

Формативті, критериалды















Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды тәрбиеленушілерге кеңінен насихаттай отырып, ұлтжанды, мейірімді, халықтық дәстүрді дәріптеуге баулу.
Түрі: әдеби композициялық, танымдық
Көрнекілігі: салт - дәстүрге байланысты заттар, ұлттық тағамдар

Өту барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі
2.
Кіріспе сөзі
Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, атааналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күнбіздің атабабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айыШығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
"
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (шашу шашылады)

Су жылтырап бүршік ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!

Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықта әжелер,
Тойда бүгін ойнап - күліп тараңдар.

Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Енді бүгінгі байқаудың шарттарымен таныс болайық
1.
Әр ауыл өз ауылын таныстырады;
2.
Үй тапсырмасы "Менің сүйікті тағамым" әр ауыл өз қолымен дайындап әкелген тағамын түсіндіреді;
3.
Сұрақ - жауап;
4.
Салт - дәстүрді дәріптеу;
5.
Өз өнерін көрсету:

Гүл көңілдер қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне, үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді - деп келесі кезекті таныстыруға берейік.
Ал енді екінші сайысымызға келсек үй тапсырмасы. Әр ауылдан бір адам шығып өз қолынан дайындаған тағамын түсіндірсін.

Келесі сайыс сұрақ - жауап. Мына жасырын қағаздың ішінде сұрақ берілген соны бәріміз ақылдаса отырып жауап береміз.
Сұрақтар:
1.
Ерулік беру дегенді қалай түсінесіз?
Ерулік - басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерден бұрыннан тұратындар ерулік береді, қонақ шақырады.
2.
Құдайы қонақ дегеніміз не?
Құдайы қонақ дегеніміз - бейтаныс, шалғай ел, алыс жерден жолаушылап жүрген тосын қонақ. Олар нағыз сауабы тиетін қонақ.
3.
Мәйек дегеніміз не?
Мәйек дегеніміз - жас қозының ұлтабары. Оны ірімшікті ұйыту үшін пайдаланады.

4.
Қымызмұрындық дегеніміз не?
Қымызмұрындық дегеніміз - бұл жаз тойы, мамыр айынан басталып, маусым айына дейін созылатын үлкен той. Осы күні биелер желіге байланып ағайын жекжат бірігіп қымызға шақырады.
5.
Тоқымқағар дегеніміз не?
Тоқымқағар дегеніміз - жас жігіт алғашқы сапарға шыққанда оның ата - анасы тоқымқағар жасап, мал сойылып, үлкен кішіні шақырып қонақ етеді.
6.
Ең көп сақталатын ұлттық тағам?
Ең көп сақталатын ұлттық тағам - құрт
7.
Бастаңғы дегеніміз не?
Бастаңғы дегеніміз - үлкендер жоқ кезде үйде қалған жастар жиналып достарына тамақ береді.
8.
Соғым сойғанда алыстағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде?
Соғым сойғанда алыстағы үлкендерге беріп жіберетін ұлттық кәде - ол сыбаға.
9.
Арнайы қонақ дегеніміз не?
Арнайы қонақ дегеніміз - алыстан әдейі іздеп келген тума - туыстар, жолдастар. Бұлар нағыз сыйлы, сағына күткен қонақтар.
10.
Үш арсызды ата?
Үш арсыз - тамақ, ұйқы, күлкі.
11.
Жеті жоқты ата?
Жеті жоқ -
аспанда - тіреуіш жоқ
жерде - өлшеуіш жоқ
аққуда - сүт жоқ
жылқыда - өт жоқ
тасбақа да - талақ жоқ
таста - тамыр жоқ
балықта тіл жоқ
12.
Беташар дегеніміз не?
Беташар дегеніміз - жаңа түскен келіннің бетін ашу.
Мақал - мәтелдерді жалғастыру:
1.
Би болмасаң да -..........
2.
Алтау ала болса -...........
Төртеу түгел болса -.........
3.
Дүниесіз қыз болса да -.......
4.
Айдағаны бес ешкі -..........
Жауаптары:
1.
Би болмасаң да - би түсетін үй бол.
2.
Алтау ала болса - ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса - төбедегі келеді.
3.
Дүниесіз қыз болса да - кәдесіз қыз болмайды.
4.
Айдағаны бес ешкі - ысқырығы жер жарады.

Ауылдарымыз дайын болғанша ортада "Бипыл" әні қабыл алыңыздар
Салт - дәстүрім жарасса,
Қайта түлеп жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша - деп келесі кезекті салт - дәстүрді дәріптеу.

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
(
Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)

Ел де тыныш! жер де тынышбұл күні,
Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.
Табысқан жұрт таныс тауып жатады,
Жамалғандай жүректердің жыртығы!

Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аманесен жетейік.
Келер Наурыз тойына!

Алтын күні шуақ шашып аспаннан,
Жаңа жылым жыр думаннан басталған.
Ақ дастархан жайып қазақ төріне,
Ақ ниетпен үлкендерден бата алған - деп ақ бата алайық.
Құрметті қонақтар. ата - аналар бүгінгі "Қош келдің, Әз Наурыз" атты мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі кезекті әділ қазы мүшелеріне берейік.




Краткое описание документа:

оқушыларға қазақ тілі сабағында сатылай кешенді талдаудың тиімділігін үйрее

ту барысында сабақ үл.

герімінің сапасын көтеру.Қазақ тілі сабағында кешенді талдаудың тиімділігі.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділігі: сөйлемдерге сатылай комплексті талдау жасата отырып,қазақ тілі пәні бойынша меңгерген теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан талдап көрсету.Әрбір тілдік формалардың атқаратын қызметін,грамматикалық мағыналарын толық ажыратуға дағдыландыру;

Ә)дамытушылығы: грамматикалық талдату барысында оқушының сөйлеу тілдерін қалыптастыра отырып,олардың сөз байлықтарын молайту,логикалық ойлау қабілеттерін,есте сақтау,меңгеру қабілеттерін дамытуға,сол нәрседен тұжырым жасауға,пікірін анық,толық айта алуға дағдыландыру;

Б) тәрбиелік: талдап отырған мысалдар арқылы оқушылардың өн бойынан ұқыптылықты,өмір сүріп отырған заманына сай бола білуге, еңбекке жарамды,еңбекке қабілетті, ана тілін құрметтей білетін, өз тілінде еркін, сауатты сөйлей, сауатты жаза білуге тәрбиелеу;

Автор
Дата добавления 20.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2722
Номер материала 289410
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх