Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Кіші жастағы мектеп оқушыларына арналған жоба "Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарма оқуға қызығушылықтарын арттыру жолдары"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Кіші жастағы мектеп оқушыларына арналған жоба "Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарма оқуға қызығушылықтарын арттыру жолдары"

библиотека
материалов

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жем қалалық №5 орта мектебі













Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарма оқуға қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары

















Жоба авторы:Селбаева Жадра Мамыртаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Selbaeva80@inbox.ru тел:8 771 1208180

2015жыл



Аннотация

Тақырыптың өзектілігі:қазіргі таңда көш келе жатқан көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырудың тиімді тәсілдерін іс жүзінде қолдану. Ұмыт болып бара жатқан көркем әдебиетті қолданысқа енгізу.

Зерттеу болжамы:Көркем әдебиетті оқуға қызығушылықтарын арттырудың тиімді тәсілдерін таңдап алу.

Зерттеу заты: Оқушылардың көркем әдебиетке деген көзқарасы мен қазіргі таңда алатын орнын анықтау.

Зерттеу әдістері:іздену,салыстыру,талдау,жинақтау,әңгімелесу т.б.

Жобаның мақсаты: Кітапқа сүйіспеншілігін арттыру және дамыту, ойлау және шығармашылық қабілеттерін, қиялын, есте сақтау қабілетін дамыту және пікірін қалыптастыру, ойын еркін жеткізе білуге баулу, бір-бірімен ынтымақтастықты дамытуға көмектесу, сауатты жазуға дағдыландыру.

Жоба міндеттері:

- Көркем әдебиеттің шығу тарихымен таныстыру.

- Оқуға қызығушылығын арттыратын тиімді әдістерді таңдап алу.

- Инновациялық технологияның тек қана компьютермен шектелмейтіндігін ұғындыру.

- Кембридж бағдарламасы бойынша көркем әдебиетке қызығушылықтарын арттыратын әдіс-тәсілдерді ұсыну.

Зерттеу қорытындысы:Бұл жобада менің білгенім:интернет желісін бірінші орынға қоятын қазіргі таңда оқушыларға көркем әдебиеттің маңызын ұғындыру.Бастауыш сынып оқушыларында көптеп кездесетін кемшілік,яғни сөздік қорының аздығы.

Өз ұсыныстарымыз: Интернет желісі белгілі уақыт аралығында қосылса. «Халық мүлгіп кетсе қараңғылық басады» демекші,әрбір ұстаз қызығушылығын арттыратын тәсілдерді түрлендіріп отырса дегім келеді.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар ертегі, әңгіме, өлең тыңдауға, шығарманың мағынасын түсінуге, кейіпкерлерді бағалауға, адамгершілік қасиеттерді сипаттауға ниеттенеді. Өлеңдерді нақышына келтіріп, жатқа, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқуға деген қызығушылықтары артады.

Жоспар

1. Кіріспе........................................................................................................3

2. Теориялық бөлім.......................................................................................

2.1 Көркем әдебиетке қызығушылығын арттырудың тиімді тәсілдері.....4

3. Зерттеу бөлімі............................................................................................

3.1 Жаппай оқуға бет қою және шығармашылық шыңдау.........................5

3.2 Оқушы компанентіне арналған вариатив сабақ жоспары ..................6

4. Қорытынды.................................................................................................9

5. Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................10

































Кіріспе

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.

 «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.

Өкінішке орай көркем әдебиетті өз бетімен оқуға деген балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Бірақ, мүмкін бұл ойымыз жаңсақ болар, деген үмітпен зерттеу кезеңдерін бастадым.  Зерттеу кезеңінде ата-аналармен, оқушылармен сауалнамалар жүргізу арқылы балалардың көркем әдебиетті оқу деңгейлерін анықтау және себебіне жету болды. Ата-аналардың 80 %/ балаларының кітап оқуын қадағаламайтыны, оқушылардың  78 % пайызы көркем әдебиет оқымайтыны анықталды.

Не себепті?- деген сұрақтың жауабы да сан түрлі болды.

1.Басты себеп уақыт жоқ немесе теледидар, ұялы телефон агентте отыру.

2.Аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі.

3. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді.

4. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды.

   Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу емес қалай көркем әдебиетті оқытамыз.Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру.

Кітап – өмірлік ұстаз және әркімнің өмірін өзгерте алады. Ешкім кітап оқудың гиганты емес, бірақ әрбір адам кітапты ұқыпты әрі бар ынтасымен оқуы тиіс. Көп адамдар кітапты көп оқығысы келетінін, бірақ қалай бастау керек екеніндігін білмейтінін айтады. Лео Бабута осының сырына үңіліп көрген екен. Лео Бабута «Күнделікті кірбің тірлікте кітап оқуға арнайы уақыт бөл және сол уақытты әдетке айналдыр. Ол күніне 5-10 минут та болуы мүмкін»,-деген.
  Барлық тұжырымдарды сараптай келе  тығырықтан шығу жолын тапқандай болдық. Қазіргі адамдарда көру және есту дағдысы немесе рефлекс ерекше қалыптасқан. Кез-келген адам теле экранға телміргіш, музыкаға еліткіш. Бұның бәрі қалыптасқан рефлекс екені даусыз.
 Ал көркем әдебиетті оқытудың  жолдарын қарастырудың өзі осы оқу рефлексін немесе әдет немесе оқу дағдысын қалыптастырудан басталатынына көзім жетті.

3

Көркем әдебиетке қызығушылығын арттырудың тиімді тәсілдері

Оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын ояту – жас жеткіншектердің туған еліне, ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыратындығы белгілі. Бүгінгі таңда жастардың көркем әдебиетті оқуды әдетке айналдырмағандығын есепке ала отырып, көркем шығармаларды оқудың жаңа, тиімді жолдарын ұсынамын.

Егер мұғалім сабағын ерекше тартымды, оқушының бәріне де түсінікті етіп өткіземін десе, ең әуелі оқушылардың сол сабаққа деген қызығушылығын оята білуі керек. Қазіргі мектеп оқушыларының талғамы терең. Себебі балалар күнде де, түнде де теледидар алдынан кетпейді, әйтседе әдеби кітаптарды да оқитын сауатты балалар да аз емес.Шәкірт қызығушылығын сабақта дамытып тәрбиелеуде мұғалімнің сабақты әр алуан түрде, жаңа технологиямен өтуінің маңызы зор. Адамның қызығушылығы сан алуан болуы мүмкін. Осылардың ішінде біреуі ғана басты болады. Мұндай қызығушылық  көркем әдебиет әрекетіне аса қажет. Қызығушылық тұрақты қасиетке айналғанда ғана адам өз іс-әрекетінен жақсы нәтиже шығара алады.

Оқу бағдарламасы бойынша қажетті талапты орындап жүрген  оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығы барма немесе оқығандары арқылы өмірлік дағдылар қалыптастыра алдыма деген сұраққа жауап ретінде Л.Выготский: «Мектепте ғылымға бағытталған жұмысқа, ережені жаттауға қабілеті аз адам, өз қызығушылығын оятатын белгілі бір іс-әрекет саласында өте дарынды және қабілетті болуы мүмкін. Егер мұғалім бір нәрсені жақсы меңгертуді ойласа, оның қызықты болуын қамтамасыз етуі керек»,- деген сөзін алуға болады.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің орны ерекше. 
Мұғалім көркемсөз оқушы – ол тыңдаушысын толғандырып, балаларды өзімен бірге күлдіріп, қуанта білуі шарт.   Мұның бәрін мұғалім өзінің орындаушылық, көркемсөз оқу құралдарымен жүзеге асырады. Сонда ғана шығармадағы әрбір кейіпкер «тіріліп», оларға «жан бітіп», тыңдаушының жанына, жүрегіне жақындай түседі, көркемдік және идеялық жағынан әсер ететін болады. Сөйтіп, ол кейіпкерлер өзіндік қасиеттерімен, өзіндік сапасымен қайта жанданады. Мұғалім мәнерлеп оқуға даярлану үшін алдымен сөйлеу техникасына жаттығу, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс меңгеру керек. Тәрбиеші көркем шығарманы мәнеріне келтіріп, әсерлі оқуы үшін алдымен өзінің  дыбыстау мүшелерінің қызметін жетік біліп, әрбір тіл дыбысы қалай жасалады, қалай оқылады дегенге баса назар аударып жаттығуы қажет. Баланы ана тілінде анық, таза, сөйлеуге үйрету ісінде жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, ертегі  айтқызудың маңызы зор екендігін зерттеу нәтижелері дәлелдеген.   




4

Зерттеу бөлімі


«Жаппай оқуға бет қою және шығармашылық шыңдау» деп  атай отырып, балаларды көркем шығарма әлеміне тарту үшін алғашқы тәжірибемді бастадым.  Бұл үшін балаларға арнап әдеби журнал циклдерін шығару керек болды. Әр циклде  жазушылардың балалар әдебиетіне арналған  ең қызықты қысқа өлеңдері мен әңгімелері қамтылды. Мәтін көлемі әр цикл сайын ұлғайып отырады. Бұл басылымдар үздіксіз, жиі-жиі жаңадан үлестіріліп отырады. Себебі сонда ғана балалардың оқу дағдысы немесе рефлексін қалыптастыруға болады.

Бұл түйіннің шешімін тапқаннан кейін маған жұмыс жоспарын құру қиынға түспеді.Оқу дағдысын қалыптастыру үшін оқуға назар аударту керектігі белгілі.

І.Зерттеу объектісіне белгілі бір жас ерекшелігіндегі балаларды алдық. Яғни  4 «А» және «Б»  орыс және қазақ тілінде оқитын сынып оқушылары қамтылды.

ІІ. Жарнамалық жұмыстар жүргізу оқушылардың назарын  кітап оқуға аудару мақсатында қолданылды. Жарнамалық жұмыстар екі бағытта жүргізілді.

А) Оқушыларға арнап кітап оқығанның маңыздылығы, қандай пайда әкелетіні, қандай ғалымдар мен атақты адамдардың өмірін кітап оқудың қаншалықты таңғажайып өзгерткені жайлы үнпарақтар тарату;

Ә)Көркем шығарма оқуға арналған пайдалы кеңестер, интернет ресурстарынан алынған қызықты материалдарды жинақталған мектепішілік газет шығару;

Осы үн парақтар мен газетті оқушыларға таныстыруды айналамыздағы сыныптастарынан бастадым. Үзілісте немесе бос уақыттарда мақалалар төңірегінде сөз қозғап, талқылап пікірлерін білдім. Оқушылардың жартысының тең  жартысында көркем әдебиет адам өмірін қалай өзгертпек?-сұраққа келгенде пікірлері екіге бөліне берді. Яғни, жарнамалық жұмыстар әсер етті деген қорытынды жасалады.

Мұндай мiндеттi жүзеге асыруда бастауыш сыныптардағы қазақ тiлi мен әдебиеттік оқу пәндерiнiң алар орны ерекше. Әдебиеттік оқу пәнi – дүниенi, қоршаған ортаны танудың басты құралы. Әрбiр туындыдан, оның авторының өмiрi мен шығармашылығынан ләззат ала бiлмеген оқушы жан-жақты жетiле қоймайды. Сондықтан, әдебиет пәнiндегi жеке тұлғалардың өмiрi мен шығармашылығына терең бойлау, оқушыны жан-жақты үйлесiмдi тәрбиелеуге жол ашады.Оқушылардың әдебиетке қызығушылығын оятатын дәстүрден тыс сабақтары деп те айтуға болады. Мұндай сабақтарға пiкiр-сайыс сабақтарын жатқызуға болады. Сабақтың осы түрiн өткiзу барысында, нәтижесi мұғалiм үшiн де, оқушылар үшiн де өте тиiмдi екенi байқалды. Ең бастысы оқушылардың бiлiмге деген ынтасы артты, көркем әдебиет оқуға деген ықыласы күшейдi. Балалар өткiзiлгелi отырған сабаққа материалдар iздеу үшiн әртүрлi әдебиеттердi қалай ақтарып кеткендерiн өздерi де байқамай қалады.

5

Білім сапасын жетілдірудегі жаңа технология негіздеріне тоқтала отырып, пайдасын, әсерін нақты мысалдармен дәлелдегім келеді.Яғни, өз тәжірибемдегі «Жас ақындар» тақырыбындағы сыныптан тыс оқушы компанентіне арналған жұмысымның жоспарын ұсынып отырмын.


Тақырыптың аты

Сағат

саны

Өткізілу түрі

Пайдаланған әдебиеттер

1

Са-са са,Ла-ла-ла буындарын пайда лану арқылы ұйқас сөздер құрастыру.

1

Кіріспе әңгіме

Өлең құрастыру


2

Ертегілер әлеміне саяхат

1

Сурет салу

«Ертегілер» кітабы, «Балдырған журналы»

3

101 жұмбақ, 1001 мақал

1

Дөңгелек үстел

Мақал-мәтелдер кітабы

4

Жаңылтпаштар жаттау

1


Балалар әдебиеті

5

Шешендік өнер. Өнер алды қызыл тіл.

1

Шығар. Жұмыс

Халық даналығы


6

« Лимерик »ойыны арқылы өлең жолдарын құрастыру

1

Әңгіме. Шығар. жұмыс

«Балдырған», «Айгөлек» журналы

7

Өлең ұйқастарын құрастыру

1

Мәнерлеп оқу

Суреттер Ана тілі хрест

8

Әңгіме мазмұнын жалғастыр

1

Дөңгелек үстел

«Балдырған», «Айгөлек» журналы

9

Менің айналысатын сүйікті ісім

1

Сахналық қойылым


10

Егер мен сиқырлы таяқ тауып алсам.

1

Әңгіме. Шығар. жұмыс

Балалар әдебиеті

11

Буын ұйқасын тап

1

Дөңгелек үстел


12

«Табиғат- менің алтын ұям»


1

Әңгіме. Шығар. Жұмыс

«Балдырған» журналы

13

Төрт түлікке байланысты әңгімелер құрастыру

1

Автор орындығы

«Балдырған», «Айгөлек» журналы

14

Қазақстан. Отаным – алтын бесігім

1

Автор орындығы

Ана тілі хрестоматиясы

15

Менің батыр бабаларым


1

Сыр сұхбат

«Батырлар жыры»


16

Жұмбақтар шешу

1

Сайыс сабағы

Халық даналығы

17

Мәнерлеп оқудың маңызы

1


«Балдырған» журналы

18

Ырымдар мен тыйымдар

1

Дөңгелек үстел


19

Диалог пен монолог

1


Балалар әдебиеті

20

Өлеңді рөлге бөліп оқу

1

Мәнерлеп оқу

Ана тілі хрестоматиясы

21

Сөздер ұйқасын тап

1

Пікірталас

«Балдырған» журналы

22

5 жолды өлең құрастыру

1

Автор орындығы


23

Мен өскенде кім болам?

1

Әңгіме. Шығар. жұмыс

Балалар әдебиеті

24

Мазмұндама жазу

1


Ана тілі хрестоматиясы

25

Абай өлеңдері.

1

Мәнерлеп оқу


Балалар әдебиеті.

Ана тілі хрестоматия

26

Мәнерлеп оқу сайысы

1

Дөңгелек үстел


27

Жылдың төрт мезгілі

1

Әңгіме. Шығар. жұмыс

Суреттер

Ана тілі хрест

28

Төрт түлік толы даламыз


1


Балалар әдебиеті

29

Өнегелі ұлан болып өсеміз


1

Әңгіме. Шығар. жұмыс

«Балдырған» журналы

30

Үлкенге құрмет-кішіге міндет


1


Суреттер

Ана тілі хрест

31

Диалог құрастыру

«Оқымысты бала

1

Автор орындығы



32

Сөз мағынасына қарай қажетті сөздерді тауып қою арқылы өлең құрастыру.

1


Балаларға арналған

журналдар

33

Жұмбақ құрастыру жолдары.

1


«Балдырған», «Айгөлек» журн.

«Жас ақындар» вариатавтік бағдарламасы 2 сынып оқушы компанентіне арналған . Бұл бағдарлама аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа берілген. Бұл бағдарлама оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал жасап, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады. Оқушылардың қазақ тілі, ана тілі сабақтарына қызығушылықтарын арттырады. Бағдарламаның оқу материалына халық ауыз әдебиеті үлгілерін (аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер, мысал, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, ертегі т.б.) сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып, байытып жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді. Сондықтан сыныптан тыс вариатив сағатында ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, жеке тұлғаны дамытып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке, ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін дамуына жол ашуды көздедім.

Сол сабақ барысында орындалған шығармашылық жұмыстарға тоқталғым келеді.

hello_html_m625e3ddd.png

Вариатив сабақты көбіне қалалық және мектептегі кітапханамен байланыста болып,сабақтарды байланыстыра өткіземіз. Тақырыпқа сайкес оқулықтармен жұмыс жасаймыз.

hello_html_m317fe60a.pngЕмбі қаласында музейге барып,арнайы көркем әдебиеттің шығу тарихымен, көркем әдебиет саласына еңбек сіңірген ақындар жайлы мағлұмат алды. 8

Ақын, жазушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығы баяндалған кітаптар табыс етілді.Жоғарыда аталған жұмыстардың ішінде қызықтысы ұйқас буындарға өлең құрастыру болды.Мысалы,Сеиілбай Мөлдірдің шығармашылығында:

Ша-ша-ша, Ла-ла-ла, Біздің ауыл тамаша. Бұл біздің қала. Шу-шу-шу, Ра-ра-ра, Бұл неткен у-шу. Шағып алды маса.

Мен осындай жұмыстарымның арқасында бастауыш сыныптар арасында ең көп пайыз біздің сыныпта.Минутқа оқу-85% құрайды,түсінігін де жеткізе алады.

Қорытынды

Балалар әдебиеті – руханият еліміздің көркем шежіресі. Балалар әдебиеті – келешек әдебиеті. Белгілі академик-жазушы М.Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген екен. «Бесік түзетудің бір жолы – бесік жырын түзеу». Бесік жыры – балалар әдебиеті. Бүгінгі балалар әдебиеті - өресі биік, өрісі кең, жанры алуан, мәдениеті үлкен әдебиет. Бала оқылған шығармаларын немесе мәтінді тыңдап қана қоймайды, соларды ұғынуға талпынады. Соның негізінде біртіндеп ол жайында ұғым қалыптастыруға талпынады. Оның ойын тез түсініп, өз ойын да жүйелі жетізе алады. Сонымен қатар тіл мен ойлау бір-бірімен байланыста екенін ұғады. Тілсіз ойдаудың болмайтынын, әрбір ой тіл арқылы көрінетінін, яғни сөйлеуді ойдаудан бөліп алудың мүмкін еместігін түсінеді. Оқушы қабiлеттерiн жан-жақты дамытып, шығармашылығын ұштай бiлу үшiн ұстаз өзi шығармашыл тұлға болуы тиiс. Демек, бүгiнгi заман мұғалiмi қазiргi қоғамдық-әлеуметтiк талаптарға жауап беретiн, жаңашыл ойлау дағдысын меңгерген, оқушының жан-жақты дамуын ұйымдастыра алатын және ата-аналармен, жұртшылықпен ынтымақтастық орнатуға икемдi тұлға болуы тиiс. Ол үшiн мұғалiм оқыту мен тәрбиенiң тиiмдi жолдарын iздестiрiп, өз iсiнiң хас шеберi болуы шарт.Жастарға жүйелi бiлiм, саналы тәрбие беру iсiне жаңа талап тұрғысынан қарау қажет. Ол үшiн оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсарту барысында қазіргі таңда кеңінен өріс алған Кембирд бағдарламасы үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Құрметті,ұстаздар! «Жұмылы көтерген жүк жеңіл демекші» қазіргі таңда назардан тыс қалып бара жатқан көркем әдебиетке деген дұрыс көзқарасты келешек ұрпаққа тиімді жолдармен жеткізе білейік.

9

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Айғабылов Н. Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой белсенділігін арттыру. - Алматы, 1970 ж.

  2. Жәркенов М. Әдебиет пәнін өмірмен байланыстыра оқыту. - Алматы, 1984 ж.

  3. Занков Л.В. Избранные педагогические труды. - М.,“ Педагогика”, 1990 г.

  4. Занков Л.В. Индивидуальные варианты развития младших школьников. //Под редакцией Занкова Л.В., Зверева М.В. Педагогика, 1973 ж.

  5. Кәтенбаев Б.Ш. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша методикалық нұсқаулар. - Алматы, 1991 ж.

  6. Львов М.Р. Методика развития речи младших школьников. -М., 1985г.

  7. Мали Л.Д. Методика обучения младших школьников основным видом творческих работ на уроках чтения ( 2- класс) Автореф. дисс. канд. пед. наук. М., 1985 г.

  8. Маркова А.К. Психологические критерий эффективности учебного процесса. Вопросы психологий № 4, 1977 г.

  9. Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары. А., Мектеп, 1978 ж.

























10



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-303914

Похожие материалы