Проблеммалық сұрақ : Адамның ақылды болуы оның миының салмағына байланысты болуы мүмкін бе? Ой шақыру: Видео қарау « Жасырынған горилла» 1,5 мин
W) Адамның жоғарғы жүйке жүйесі қалай жұмыс жасайды? «В Контакте» ойыны Жүйке жүйесінің жұмыс механизмін сызба түрінде көрсетіңіз
(G) (f) Берілген «В Контакте» картасына жүйке жүйесінің жұмыс механизмін сызбаға түсіріп сипаттайды. Ұсынған идеясына өзі коментарий жазады. Қасындағы жұбымен алмасып жұбы өз коментариін жазу арқылы бағалайды. Оқушылардың жұмысы жұпта бағаланады. Критеии: Механизм толық көрсетілген. Сызба анық салынған. Ерекше мағыналы сөздер боялған Термин сөздер дұрыс қолданылған
№7 Практикалық жұмыс «Жадының түрлерін анықтау» Мақсаты: Адамның жоғарғы жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне сәйкес, жадының түрлерін зерттеу
Жұмыс түрі: Оқушылардың зейінін бақылауға арналған тесттер жүргізіледі.
1 тест . Тест Мюнстерберга назардың тұрақтылығын диагностикалауға арналған тест Нұсқаулық Берілген сөйлемнің ішінде қажетті дұрыс сөздер жасырынған. Сол сөздерді 2 минут уақыт ішінде белгілеңіз. Мысалға: «рюклбюсқуанышуфркнп». Жасырын сөз «қуаныш» Тест материалы бкүнсвтрпцоцэауданзгучжаңалықъхэьгчяфактьуемтихантрочягщшгцкппрокуроргурсеабетеорияемтоджебьамхоккейбиологияфцуйгахттелевизорболджщзхюэлгщьбназаршогхеюжипдрпцхщнздқабылдауйцукендшизхьвафыпролдбмахаббатабфырплосдкөрінісячсинтьбюнбюеқуанышвуфциеждлоррпхалықшалдьхэипцгиернкуыфйшрепортажэкжлорлафывюфбьконкурсйфнячыувскапрлпартазжэьеюдшщглоджинэприлаваииедтлжэзбьтрдшжнпркывкомедияшлдкуйфшаршауйфрлньячвтлджэхьгфтасензертханаигщдщнруцтргшчтлрстадионзхжьбщдэрдинозаврсухгвсмтрпсихиатриябплмстчьйфясмтщзайэъягнтзхтм Қорытындысы Табылған сөздер мен байқалмаған сөздерді санаңыз Кілт сөздер күн, аудан, жаңалық, факт, емтихан, прокурор, теория, хоккей, биология , телевизор, назар, қабылдау,махаббат, көрініс, қуаныш, халық, репортаж, конкурс, парта, комедия, шаршау, зертхана, стадион, динозавр, психиатрия. Интерпретация. Оқушылар өз –өздерін бағалайды.Әр тапқан сөзі 1 ұпай 1. Егер сіз 15 сөзден аспаған болсаңыз онда сіздің назарыңызды көбірек жаттықтыру керек. Ол үшін күнделікті өз ойыңызға келген қызықты кез-келген сөйлемді немесе ойыңызды дәптерге жазып жүріңіз және кейін оны оқып отырыңыз. 2. Егер сіз 20 дан астам сөз тапқан болсаңыз сізде барі де қалыпты дегенді білдіреді. Қандай сөздерді байқамай қалғандығыңызды тағы да бір тексеріп көріңіз. Өз жауабыңызды кілтпен сәйкестендіріп көріңіз. 3. Егер сіз 24-25 сөз тапсаңыз сіздің назарыңыз жақсы деңгейде дегенді білдіреді. Тек бұндай жақсы назарыңызды одан әрі дамытудың жолын ойластыру керек. 2 тапсырма : Берілген суреттен 13 бүркіттің бейнесін анықтаңыз. Көршісінің бағалауы: әр тапқан суретке 1 ұпай
Тапсырма: Көру ,есту қабілеттіліктерін анықтауға арналған. Ассистенттің бағалауы. Әр дұрыс табылған жауап 1 ұпай. (Үздік оқушыларға көңілді жапсырма жапсырылады) Көргеніңді есіңе сақта! 2 минут Берілген суреттерді 20 секунт қарап отырып, қайта есіңе түсіріп ата.Мысалға: көбелек, машина, кітап, көгершін т.б
Егер сіз 16 суретті де тапсаңыз сіздің фото есте сақтау қабілетіңіз мықты дамыған. Егер сіз 10 нан артығын ғана тапсаңыз онда сіздің есте сақтау жүйеңіз қалыпты ,бірақ әлі де жаттығуға болатынын ескеріңіз. Егер сіз 6 дан жоғары тапсаңыз онда сіздің көзбен көргенді есте сақтау қабілетіңіз нашар. Сізге көп жұмыстану керек.
Естігеніңді есіңе сақта! 2 минут Мұғалім сөйлемдерді оқиды. Оқушылар әуелі тыңдап алып, оны қайта жазулары керек.
Қажетті сөйлемдер: Жұйке жасушасы нейрон. Жұлын миға сопақша ми арқылы жалғасып жатыр. Кеше оқыған тақырыбымда нейрогумаральды жүйе туралы айтылған. Оның әкесі ми сыңарларының қызметі туралы зерттеумен айналысады. Синапс жүйке жасушасының бұлшықетпен бірігетін аймағы. Адамның сөйлей білуі шартты рефлекс.
Егер сіз 6 сөйлемдегі сөздердің орнын шатастырмай тапсаңыз сіздің аудио есте сақтау қабілетіңіз мықты дамыған. Егер сіз 4 тен артығын ғана тауып, қалғанын шамамен мағынасына қарай тапсаңыз , онда сіздің есте сақтау жүйеңіз қалыпты ,бірақ әлі де жаттығуға болатынын ескеріңіз. Егер сіз 2 сөйлемнен жоғары тапсаңыз онда сіздің естігеніңізді есте сақтау қабілетіңіз нашар немесе зейін қойып тыңдамадыңыз дегенді білдіреді. Сізге көп жұмыстану керек. Зейін қойып үйреніңіз. (f). Ассистенттер мен мұғалім бірігіп бағалайды.
Жасалған жұмыстар бойынша қорытынды жасаңыз: 1.Неліктен әр қайсысыңда тесттің қорытындысы әр түрлі болды. 2. Адамның жоғарғы жүйке қызметінің дамуы эволюцияда қандай жетістіктерге жеткізді? 3. Адамдағы ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттіліктерін дамытуға қандай ұсыныс жасар едіңіз? 4. Ертең де осы тесттерді қайта жасайтын болсақ нәтижесі қандай болуы мүмкін екеніне болжам жасаңыз Үйге тапсырма:
Баға беріңіз: Жүйке жүйесі ауруларын зерттейтін Қазақстанда қандай зерттеу орталықтарының жұмысына баға беріңіз? Адамның егде жасқа келгенше жоғарғы жүйке қызметінің толыққанды жұмыс жасау үшін не істеу керек екендігіне, бір ұсыныс жасаңыз.
Рефлексия : Оқушыларға кесте таратылады. Рефлексия парағы |
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.