Тақырыбы: «Тілге –құрмет, елге-құрмет»
Мақсаты: Қазақ тілі өнерін, шешендік пен тапқырлықты, қазақ тарихындағы
салт-дәстүрлердегі тіл шұрайын тану, үлгі алу. Ел тағдырын шешен дана билер,
ел ішіндегі талантты адамдар да тіл құдіретін көп танытып, асыл сөздер мен
ұлағатты пікірлерді жоғалтпай ғасырдан-ғасырға жеткізіп, халықтың алтын қазынасына
айналдырған. Жалаң ұрандардан гөрі халық мәдениетін тіл арқылы насихаттап,
ана тілінің өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі рөлін жеткізу көзделеді.
Жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Кіріспе сөз: «Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан көп ұлтты
мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет».
«Тіл – жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі. Тіл –
қоғамдағы адамдардың қарым-қатынас құралы. Сондықтан да тіл – қоғамдық
құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс».
Олай болса, Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ
ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал»
деп баса көрсеткен болатын.
Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты.
«Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім» - деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров бекер
жырламаған. Ана тілі әр адамға ананың ақ сүтімен, ананың әлдиімен, бесік
жырымен құлаққа сіңіп, атадан балаға жетіп отыратын ұлы күш.
Олай болса, ана тілімізді қадірлеуге, қастерлеуге арналған «Ана тілім – асыл
қазынам» атты ертеңгілігімізді бастаймыз. 1-бала: - Мен саған "осы тіл
не үшін керек?” деген сұрақты қойғым келіп отыр. 2-бала: - Досым –ау, тіл
бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Апай "Тіл –
қарым-қатынас құралы” деп түсіндірді емес пе? 1-бала. - Жарайды, тіл –
қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп,
түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі? 3-бала: - Ой, айтқышбегім-ай.
Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз
анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе? 4-бала: - Балалар, ана тілі дегеніміз –
ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген – бәрінен
қастерлі, аяулы да асыл жан. 5-бала: - Мен сендерге Әли Әпекұлы деген ақынның
ана тілі туралы мына өлеңін оқып берейін: Ана тілім – бала шағым өркенім, Ана
тілім – болашағым, ертеңім, Ана тілім – сайын далам, жер, көгім, Ана тілім –
арман, ойым, өрнегім. Ана тілді білмесем, Шат-шадыман күлмес ем, Жер бетінде
сайраңдап, Қазақ болып жүрмес ем.
6-бала: - Керемет екен. Ал Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі естеріңде
ме? Туған тілім - тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы Өссе
тілім – мен де бірге өсемін, Өшсе тілім – мен де бірге өшемін. 7-бала: - Ақын
апаларымыз да тіл туралы тамаша өлеңдер шығарған. Тұрсынхан Әбдірахманова
деген әрі ғалым, әрі әнші, әрі ақын апамыз былай депті: Ана тілім – бәрін
сөйлер шежірем, Тілсіз нені білдіре алам, не білем?! Тілім барда ғана мынау
ғаламның Кілтін табар саналысы сезінем. О, адамдар, қадіріне жетіңдер, Ана
тілің – анаң, сыйлап өтіңдер! 8-бала: - Дұрыс-ақ, бірақ кейде өзінің ана
тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Олар туралы не
айтар едіңдер? 9-бала: - Әрине, адамның бәрі бірдей емес, түсінігі төмен,
білімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қырғыз ақыны
Сарноғаев былай деген: Ана тілін білмеген – Ақылы жоқ желік бас. Ана тілін
сүймеген – Халқын сүйіп жарытпас. 10-бала: - Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы
Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де,
болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген,
сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар! 11-бала: - Біздің
ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана тілі емес,
мемлекеттік тіл ғой. Бәрі: Ана тілін қастерлеп, құрметтейік! Тілім менің
сарқылмас қазынасың,
Бір сенімен болмыстың назы басым.
Қане, тарих сөйлейді өзің болып,
Жыр – ғұмыр боп бүгінде жазылысың.
Қазақ халқының ерте заманында жасаған мұрасының бір түрі – халық ауыз
әдебиеті. Халық ауыз әдебиетіндегі үлкен бір сара жол – ол даналар мәйегі.
Көрініс: «Сөз бастаған шешендер сөйлейді»
Сахнаға Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би шығады.
Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білесің,
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
Атың жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Сөз тыңдағыш жастарға айтатын 10 түрлі жұмбағым бар.
Әйтеке би: Айтыңыз, ұлы аға.
Төле би: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау:
Аты жаманның арманы кетер,
Баласы жаманның дәрмені кетер.
Қазыбек би: Ұлы аға! Бұл жұмақты мен шешейін, рұқсат етіңіз.
Төле би: Рұқсат, қаз дауысты Қазыбегім, рұқсат!
Қазыбек би: Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніміз – егісіп өткен ер жаман.
Үш дегеніміз – үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман.
Төрт дегеніміз – төсектен безген жас жаман.
Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман.
Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман.
Жеті дегеніміз – жесір қалған жас жаман.
Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегеніміз – торқалы той, топырақты бас көрсетпесе, сол жаман.
Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас, - деген сөзіңіз, ұлы аға!
Төле би: Рақмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің!...
Әйтеке би: Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Тамыры суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
Төле би: Дұрыс айтасың, Әйтеке. Ал қаз дауысты Қазыбек би, мынау жиылған
халайыққа не айтасың?
Қазыбек би: Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма –
Кесапаты тиер еліңе.
Елің өссін десең,
Өршіл болма-
Өскеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма-
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға,
Жәрдемші бол асыға.
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба.
Төле би: Сөзің асыл, қаз дауысты Қазыбек!
Уа, халайық!
Көсіле шабал жерің бар,
Тау көтерген ерің бар,
Қол боларлық елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар,
Сөз қадірін біліңдер!
Мақал сөздің мәйегі 1-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз
1. Санжар:
Өз тілің – бірлік үшін,
Өзге тілің – күнің үшін.
2. Нұртілеу:
Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
3. Жеңісханым
Әдепті бала арлы бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.
4. Аңсар:
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Ә.Тінәлиевтің "Ананың тілі” әні
Тіл мерекесіне арналған өлеңдерімен 4-сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Ән:Әрқашан күн сөнбесін. Қорытынды.
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп өркендей берсін.
«Ана тілім – асыл қазынам» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.