Отаубаева Асемгуль Жанбазаровна
«Адамгершілік
әлемінде»
Тақырыбы: «Адамгершілік
әлемінде»
Мақсаты:
оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбиесін тиімді беру жолдарын зерделеу;
ұтымды әдіс-тәсілдерді таңдап алу.
Міндеті: топтық
жұмыстардың тиімділігін көрсету;
Жаңа әдіс-тәсілдердің
көптүрлілігін айқындау.
Формасы: саяхат
сабағы (пойызбен саяхат жүргізу), топта жұмыс жүргізу.
Барысы
Кіріспе
сөз.
Ұйымдастыру
кезеңі.
Жағымды
көңіл-күй орнату, отырғандарды топқа бөлу (әншілер, ақын-жазушылар, актерлер –
сурет арқылы);
Топтағы
адамдарды бір-бірімен таныстыру – өзінің аты, жеке қасиеті (Дариға – дарынды).
Тәрбие
сағатының мақсаты мен міндетін түсіндіру, саяхат жолын ұғындырып, топтарды
вагондарға жайғастыру.
Негізгі
бөлім
1.
РАФТ – стратегиясын
қолдана отырып ата-аналарымызға хат жазу (топпен) – 3 мин
Р-рөл
- оқушы
А-
аудитория – ата-анаға
Ф-
форма - хат
Т
– тақырып – саяхатқа шығу үшін рұқсат алу.
2.
Бірінші станция - «Достық»
Вагондарда
отырғандар «Достық» тақырыбындағы, дос деген сөз кездесетін әндерді,
шығармаларды, киноларды топтастырады (әншілер – әндерді, ақын-жазушылар –
шығармаларды, актерлер – кино туындыларын).
Үлгі:
Әндер – «Жан досым», «Досыма», т.б. – 3 мин.
Шығармалар:
«Жаңа достар», «Түйебай», т.б. (ұнаған бір шығармадан үзінді оқу, ән шырқау).
3.
Екінші станция - «Рух»
«Рух»
ұғымын ашу (1-шығармашылық, 2- пирамида, 3- образды түрде)
4.
Үшінші станция «Тазалық» -
пікіралмасу минуты
Топтарға
тазалық тақырыбында шағын мәтін ұсыну. Мәтінді топ ішінде талқылау.
Әр
топқа сұрақтар үлестіру. Берілген мәтінмен тәрбие сағатының байланысын топта
талқылау, ұтымды ойды көпшілік назарына ұсыну. – 5 минут
Ыбырай
Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін беру. Мәтінді оқып, топта талқылау.
Венн
диаграммасы арқылы екі мәтінді салыстыру. Олардың ортақ ұқсастығы мен
айырмашылығын талдау – 4 минут.
5.
Төртінші станция «Сүйіспеншілік»
Рефлексия:
«Алты неге?»
1.
Адамға адамгершілік керек. Неге?
2.
Адам жүрек жылуымен біреумен бөлісу керек.
Неге?
3.
Мінсіз адам болмайды. Неге?
4.
Құрмет отбасынан басталады. Неге?
5.
Рухани-адамгершілік құтысын әрдайым
толтырып отыру керек.Неге?
6.
Сіз өзіңізді сүйесіз. Неге?
Қорытынды
шығару:
«Адамгершілік
әлемінде» нелер бар?
(Адамгершілік
себетін қасиеттерге толтыру) – достық, сүйіспеншілік, мейірімділік, теңдік,
толеранттылық, т.б.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.