Инфоурок Всеобщая история Рабочие программыКластан тыс шара тарихтан: Сені мәңгі жырлаймын-Тәуелсіздік!

Кластан тыс шара тарихтан: Сені мәңгі жырлаймын-Тәуелсіздік!

Скачать материал

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0152.jpg

Қойылым барысы:
(Сахнаға Абыз бейнесіндегі қарт шығады.)
Абыз:

- Қайран халқым! Қайран қазағым! Қара басынан гөрі қараша халқын биік қойған хандарым! Қара қылды қақ жарған билерім! Қаһарлы қалыппен халқын қорғаған баһадүр батырларым! Ғасырлар бойы бастарыңа не келіп, нелер өтпеді сендердің!
(Ұзақ толғанады.)
- Жәнібек пен Керейден,
Бастау алған қазағым!
Жетісуда Моғолдан,
Отау алған қазағым!
Есім салған ескі жол,
Еселенген қазағым!
Қасым салған қасқа жол,
Қаны тасқан қазағым!
Қалың жоңғар тұсында,
Ақ найзаның ұшында,
Кегі кеткен қазағым!
Абылай хан ел бастап,
Тура билер жол бастап,
Батырлары қол бастап,
Жауы жоңғар қалмақты,
Сетінеткен қазағым!
(Сахна жарығы жайлап сөне береді.)
І бөлім. «Абылай хан мен абыз билер»
(Сахна жарығы жанған кезде тақта отырған Абылай хан мен үш би кеңесіп отырады.)

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0138.jpg

Абылай:

- Уа, ауызы дуалы аталар!
Үш ғасырда үш жүз болған аймағы,
Қазағымның бағы тағы байланды.
Етек - жеңі жиылмаған даласы,
Жоңғарлардың көз құртына айналды.

Жатқан кезде мамыражай маң тірлік,
Құмайына қырдан қоян шалдырып.
Қойға шапқан аш қасқырдай тал түсте,
Қалың жоңғар шапты естен тандырып!
Не істемек керек, бабалар?
Төле би:

- Уа, Әйтеке! Жолың кіші болғанмен жасың үлкен емес пе? Не айтасың?
Әйтеке би:

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0144.jpg

- Ел басына күн туса,
Қайтіп үнсіз қалайын?!
Жүрегімде кек тұнса,
Қайтіп үнсіз қалайын?!
Жігерін қайрап жұртымның,
Бір қадеге жарайын!
( Аз уақыт үнсіз қалады.)
Көрші қонған қоңсыға,
Ат сұраса, ат бергін.
Қыз сұраса, қыз бергін,
Мал сұраса, мал бергін,
Біреу емес, жүз бергін.
Ұлтарақтай болса да,
Жер сұраса, жауыңа,
Алды - артына қаратпай,
Алдаспанмен тап бергін!

Төле би: - Бәрекелді, данагөйім, жарадың! Ал, Қазыбегім! Сен ше? Сен не дейсің?
Қазыбек би: - Жау алдында тарылмаған тілім хан алдында қорынсын ба? Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ деген, айтарымды айтып қалам да!
(Аз - кем ойланады.)
- Біз, қазақ, мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Ешкімді ашындырмаған елміз,
Ешкімді басындырмаған елміз.
Ой менен сөз баққан елміз,
Найзаның басына үкі таққан елміз.
Ей, Абылай, жоңғарға айт,
Не сөз бағып, ұрысатын жерін айтсын,
Не қару алып, тұрысатын жерін айтсын!

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0140.jpg


Төле би: - Ойыңды ұқтым, Қазыбек! Олай болса, мен де хан алдында өз шешімімді айта кетейін.
(Толғана отырып, сөйлеп кетеді.)
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятты,
Өзі біліп тұрса игі.
Жаудан бұққан немені,
Ортасынан қуса игі!

- Абылай! Сен хан болсаң, ел қара. Қарадан шығып хан болғаның рас болса, қазақтың әйелдері ұл туғаны рас болса, халқыңның ел екені рас болса, көтер еңсеңді! Баста халқыңды! Қондыр атқа батырларыңды!
Абылай хан: - Даналарым - ай! Дұрыс жолды біле алмай отырғанда, дүдәмалдың бәрін қуып, бастар жолды тауып бердіңдер - ау! Міндім сертке, қондым атқа! Бөгенбай!
( Хан ордасына Бөгенбай батыр кіреді.)

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0148.jpg

Бөгенбай батыр: - Алдияр, хан ием!
Абылай хан: - Жина батырларды! Қондыр атқа! Қалың қалмаққа бет бұрамыз!
Бөгенбай батыр: -

Құп, алдияр! (Жарық сөнеді.)
(Сахнада Абыз қайта шығады)
Абыз:

- Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер?!
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер?!
Қалмақ келді шошаңдап,
Қоқан шықты қоқаңдап,
Елім қайтіп күн көрер?!

«Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алар,» - демекші, қарсыдан қалмақ қысқанда, қоңсыдан Қоқан қыспақтап, қазақ тынысын тарылта бастады. Осы кезде Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан Ресей патшайымы Анна Иоановнаға көмек сұрап, екі биін жіберген болатын. Әлқисса, соған кезек берсек...
(Жарық сөнеді.)
ІІ бөлім. «Әбілқайыр елшілері Ресей патшайымының қабылдауында»

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0129.jpg

(Сахнада патша тағында отырған Ресей патшайымы қазақ елшілерін қабылдауда.)
1 - би: - Армысыз, ардақты патшайым!
2 - би; - Сізге қазақ ханы Әбілқайыр дұғай сәлем жолдады!
Патшайым: - Қазақтарды орналастырыңдар!
(Билерді көмекшілер үстелге орналастырады.)
Патшайым: - Иә, қазақтар, не жұмыспен келдіңіздер?
1 - би: - Аса мәртебелі патшайым! Өзіңізге де белгілі, қазақ халқы қазіргі таңда қиын халді басынан кешіріп отыр. Қалмақ пен Қоқан хандықтары кең - байтақ жерімізге көз алартып, жойқын жорықтар жасауда. Осыған орай, өзіңізге бас иіп, көмек сұрай келдік.

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0126.jpg

2 - би:

Сағы сынып, ер азды,
Жаны шығып, ел азды.
Құлазыған бел азды,
Нуы кетіп, жер азды,
Қуы кетіп, көл азды.
- Мәртебелі патшайым! Көмек ете көріңіз!
Патшайым: - Жағдайларыңызды түсінем, әрине! Бірақ, бұл бір адам шешетін шаруа емес. Сондықтан, біз ақылдасып, бір хабарын берерміз. Сіздер елдеріңізге қайта беріңіздер.
(қызметшіге қарап) Шығарып салыңыз!
(Сахна жарығы сөнеді.)

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0119.jpg

Өлеңнен кейін Әлия мен Мәншүк бір-біріне жақындап келіп, залға қарап өзара сыр бөліседі. (Ақырын күй тартылады).

Әлия:

Біз сіздердей жаңа ашылған гүл едік,

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан – ана отқа күйіп жатқанда,

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Мәншүк:

Отан – ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.

Әлия:

«Отан» деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып.

Біз сендердей қыдырмадық кеш құрым,

Біз сендердей арман гүлін таппадық.

Мәншүк:

Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз,

Қатар жүріп, қырдан гүлдер тереміз.

Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар,

Бізді қайта туды Отан, ел егіз.

Екеуі қосылып:

Жетсек деген арманымыз көп еді,

Бізді туған күнімізбен құттықтап.

Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі.

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді,

Бірақ ерте,тым ертерек жандық біз,

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз,

Жанымызды құрбан еттік осылай,

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.

Абыз: - Содан бері де талай - талай су ақты, талай - талай жыл өтті, талай заман тарих қойнауына аттанды. Ақ патша қазақ жұртын түгел билеп, екі ғасыр тепкінің астына алды. Сұрапыл соғыста да қасық қаны қалғанша шайқасып, батырлықтың нағыз үлгісін көрсеткен де қазақтар еді. КСРО атты алып елдің іргесі сөгілуіне түрткі болған әйгілі Желтоқсан оқиғасы еді. Қайрат, Ербол, Ләззаттарды қыршынынан қиған сол бір тарихи оқиға қалай басталып еді?!
(Сахна жарығы сөндіріледі)

Желтоқсан
ІІІ бөлім. «Желтоқсан ызғары және Қайрат»

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0106.jpg


(Сахна жарығы жанған кезде алыстан жастардың «Менің Қазақстаным» әнін шырқап тұрған дауысы естіліп тұрады. Қолына жазуы бар плакаттар ұстаған бір топ жас сахнаға шығады. Орталарында Қайрат бар.)
1 - жас: - Әр халыққа өз көсемі керек!
2 - жас: - Қонаев қайтарылсын!
3 - жас: - Колбин, еліңе қайт!
Дауыс: - Жастар, тараңдар! Үйлеріңе қайтыңдар! Әйтпесе, әскер жіберіледі!
Қайрат: - Басшылар ел алдына шықсын! Шахановтан басқа ел үшін шырылдайтын адам бар ма? Біз өз сұрақтарымызға жауап алмай, ешқайда да бармаймыз!
(Осы кезде аласапыран басталып, сахнаға әскерилер шығады. Олар жастарды ұрып - соғып, қуалай бастайды. Жастардың шыңғырған, жылаған дауыстары естіледі. Сахна жарығы сөнеді.)

(Жарық жанған кезде сахнада тергеуші Қайраттан жауап алып жатады.)
Тергеуші: - Ал, декабрист - басурман, жауап бер! Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба?
Қайрат: - Мен ешкімді де өлтіргенім жоқ. Савицкийді танымаймын да!
Тергеуші: - Алдайсың, қанішер! Қане, айт шыныңды!
Қайрат: - Ешкімді өлтірмеген менен гөрі жазықсыз жастарды қан қақсатқан сендер қанішерсіңдер. Сендер нағыз қылмыскерсіңдер!
Тергеуші: - Ах, солай ма?! Ендеше, өз обалың өзіңе, иттің баласы! Тыңда өз үкіміңді!
(Сахна сыртынан дауыс үкім оқиды.)
Дауыс: - Үкім. Ұлтаралық араздықты қоздатқаны үшін және бұзақыларды алаңға бастап апарып, басқарғаны үшін,
Біртұтас Отанымыздағы халықтар достығына іріткі салмақ болғаны үшін Рысқұлбеков Қайрат ату жазасына кесілсін.
Тергеуші: - Сотталушы Рысқұлбеков, соңғы сөзіңізді айтыңыз!
Қайрат:

- Жиырма бірде жасым бар,
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең, атыңдар!
- Ел үшін құрбан болсам, арман бар ма?! Қош, мені мәпелеген ата - анам! Қош болыңдар, тай - құлындай тебіскен бауырларым! Қош бол, аяулы туған ел! Ақырғы құрбандығың мен - ақ болайын! Қош! (Жарық сөнеді.)

Жүргізуші: Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіз еске алайық.
(Көңілді музыка жүріп, сахнаға бақытты жас бала жүгіріп шығады)-





C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0103.jpg

Сүйінші! Сүйінші!
Қазағымның таңы атты!
Таңмен бірге бағы атты!
Тәуелсіздік ақ құсы,
Айнала ұш ҚАЗАҚТЫ!
Елбасымыз ел бастап,
Мойындаттық жан - жақты!

Қиындық басқа салмасын,
Болмасын уайым, болмасын!
Тәуелсіз Қазақстаным,
Жасасын мәңгі, жасасын!

Би қазақ  Фатима, Айгул

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0102.jpg


1 - жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0096.jpg




Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

2-жүргізуші: 
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
1 - жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Сахнаға оқушылар шығады суреттерімен


C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0093.jpg



1 оқушы:

Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!
Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ

2 оқушы:

Әр адамның жүрегінде қуаныш,
Таптырмайтын тіршілікте сұраныс.
Енді, ағайын өз теңгеміз болады,
Өз теңгемнен құралады үлкен іс.

Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем.
Алла берсін берекесін теңгемнің,
О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің.
Ел басшысы Назарбаев бастаған,
Тәуелсізбіз, Қазақ деген елденбіз.

3 оқушы:

Төлқұжатым, бек мұратым Ата Заң,

Бізге жеткен мұрадай боп атадан.
Тәуке жазған Жеті жарғы бұлжымас,
Бұйрық, үкім бабам берген батадан.
 Бұл даланың бұлтартпайтын заңы бар,
Ол ақсақал, алқа билер, қазылар.
Туғаны жоқ тура билер кесімгер,
Шешімдері әділ жолдан табылар.
 Ата Заңым – бас кітабым, бұлағым,
Ата Заңым – ар ожданым, тұрағым.
Ата Заңым – шариғатым, шарттарым,
Бағдар шамым, бойға қуат ұраным.

1 - жүргізуші: 
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп, 
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып, 
Жандырған ой - қиялды қалың күйік 
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға 
Тербеліп ырғағына тамылжиық 
«Попури» күйі. Орындайтын: Кушеров Аят

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0089.jpg


Бақытым - Республикам Қазақстан, 
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. 
Саған жетпес құшағы әлемнің де, 
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
2 - жүргізуші: 
Қазақ дейтін менің бір елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. 

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, 
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

Би «Қылықты қыз» Орындайтын Измаганбетова Айгүл 8 «Ә» кл оқушысы

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0085.jpg

1 жүргізуші:

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. 

Шанырак әкелу

Би орыс: Миржан, Фатима

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0082.jpg

Би испан: Салтанат

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0072.jpg





2 жүргізуші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
Таныды тепе - тең деп тереземді. 
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, 
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. 
1 - жүргізуші: 
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0070.jpg

Күй «Әлқисса» Жолдасов Бекжан
2 - жүргізуші: 
Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
1 жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 
Ән: «Жаса Қазақстан» Орындайтын: 10 - сынып оқушысы Жанғазиева Қайырлы (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0063.jpg


2 - жүргізуші: 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Сені мәңгі жырлаймын-Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Мектебімізде 15-20 ақпан аралығында «Сені мәңгі жырлаймын-Тәуелсіздік» атты тарих бірлестігінің апталығы өтті. Осы апталықта бірнеше ашық сабақтар, кластан тыс шаралар өткізілді. Апталыққа қатысқан кластарды марапаттау үшін сөз кезегі ____________________ беріледі.

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

C:\Users\магжан\Desktop\апталық фото 2016\IMG-20160220-WA0189.jpg

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кластан тыс шара тарихтан: Сені мәңгі жырлаймын-Тәуелсіздік!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 268 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2016 755
    • DOCX 1.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдуллина Динара Ысқаққызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абдуллина Динара Ысқаққызы
    Абдуллина Динара Ысқаққызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5379
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1359 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 934 человека

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 469 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 277 человек

Мини-курс

Самоконтроль и организация отдыха

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе