Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Компьютер жадының түрлері 5 сынып

Компьютер жадының түрлері 5 сынып



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Компьютер жадының түрлері. Ақпарат тасымалдауыштар.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға компьютер жадтары туралы мәлімет бере отырып, білімдерін толықтыру, жұмыс жасауға үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой –өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру.
Тәрбиелік: Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, жан-жақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды игерту
Сабақтың типі : жарыс сабақ
Құрал –жабдықтары: оқулық , интерактивті тақта
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, тірек сызба, семантикалық карта, техникалық диктант, тест, ой қозғау, миға шабуыл.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
ІV. Жаңа материалды игерту
V. Топтық жұмыс
VІ. Жаңа материалды бекіту
VІІ. Қорыту.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сыныпты түгендеу
- Сабаққа назарларын аудару
- Екі топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
/берілген тақырып бойынша түсінік сұрау/
ІІІ. Бекіту
-«Сен маған, мен – саған» ойыны
- Семантикалық карта

ІV. Жаңа материалды игерту
Сонымен біз сіздермен өткен сабағымызда дербес компьютердің жабдықтарымен танысқан болатынбыз. Енді бүгінгі сабақта біз дербес компьютердің ішкі құрылысымен және сыртқы, ішкі жадымен танысамыз. Компьютер жадының екі түрі бар. Ішкі жад және сыртқы жад.
Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі жад деп атайды.
Ішкі жадтың екі негізгі тобы бар:

Жедел есте сақтау құрылғысы(ЖЕСҚ)- компьютер қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны. Тоқ көзінен ажыратқанда жедел жад өз мәліметтерін жоғалтады. Жедел жад көбіне уақытша қойма ретінде қарастырылады, өйткені оған мәліметтер мен программалар компьютер қосулы тұрғанда ғана емес болдыртпау батырмасын басқанға дейін сақталады. Жедел жадтың қосымша Кэш жадтары қолданылады. Кэш жады - орталық процессордың жұмыс істеу өнімділігін арттырады.
Тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) –ақпаратты тұрақты есте сақтайтын құрылғы Тұрақты жад жедел жадқа қарағанда баяу жұмыс істейді, бірақ олардың жады тұрақты және кедергілерге төзімді.
Компьютердің сыртқы жадына иілгіш магнитті дискілер, қатты диск, оптикалық дискілер және флеш жинақтауыштар жатады. Оларды компьютердің USB-порты, CD-ROM және дискжетек арқылы қосуға мүмкіндік береді. Бұлар ақпарат тасымалдаушылар деп атайды.

V. Топтық жұмыс:
Техникалық диктант
І -топ
1. Компьютердің сыртқы жадына ....жатады.
2. Көлемі 1, 44 МБ болатын иілгіш магниттік дискі ...деп аталады.
3. Компьютердің миы... деп аталады.
4. Ақпаратты басып шығару құрылғысы... деп аталады

Техникалық диктант
ІІ -топ
1. Деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған
микросхема ....деп аталады
2. Деректерді уақытша сақтауға арналған
микросхема ...деп аталады
3. Мәтіндік және графикалық ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы... деп аталады.
4. Алмастырылмайтын дискілі магниттік
жинақтаушы ...деп аталады.

Ой қозғау
Серігі бар қасында, кілемі бар астында
Құлағы бар қалқиған, құйрығы бар процессорға жалғанған

Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.

Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған.

Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағазға қаламсыз

Өзі ғажап сайрайды, айтқаныңды тыңдайды,
Процессорға жалғасаң, ән айтады тайсалмай.

Миға шабуыл
• 1. Компьютер жады нешеге бөлінеді?
• а) 2
ә) 3
б)4
• 2. Ішкі жад неден тұрады?
• А) жедел жад
ә) сыртқы жад
б) флеш жады
• 3. Сыртқы жад неден тұрады?
• А) тұрақты жад
ә) магниттік дискілер
б) кэш жады
• 4. Флеш –жадын кім ашты?
• А) Фудзи Масуока
ә) Паскаль
б) ешкім
• 5)Иілгіш магниттік дискіні не деп атайды?
• А) дискет
ә) оптикалық дискі
б)флеш-жады


Сәйкестендіру тесті
І -топ
Негізгі құрылғы жедел жад
Компьютер жады ------------ иілгіш магниттік дискі
Ішкі жад ------------------------- ішкі және сыртқы жад
Сыртқы жад -------------------- жүйелік блок

Сәйкестендіру тесті
ІІ-топ
• Негізгі құрылғы тұрақты жад
• Компьютер жады монитор
• Ішкі жад флэш-жады
• Сыртқы жад ішкі және сыртқы

VІ. Жаңа материалды бекіту
«Түртіп алу» стратегиясы
Мен бұл сабақтан үйрендім. Мен үшін жаңалық. Мен алдағы уақытта нені білуім керек?

VІІ. Қорыту.
Есептеуіш техникалық даму тарихы оның құралдарының ұдайы өзгеріп отыратындығын көрсетеді. Ақпаратты өңдеу және жіберу жылдамдығы, тасымалдаушы құрылғылардың сыйымдылығы артып келеді. Ақпаратты жинқтау, өңдеу, тарату құралдарына жататын элементтер мен компоненттердің барған сайын сенімділігі артуда. Компьютерлердің көлемі шағындалып, олар адамның қажеттіліктеріне қарай жетілуде.

V. Бағалау. /жинаған смайлик санына қарай бағалау/
VІ. Үйге тапсырма беру. Компьютердің жадының түрлері. Ақпарат тасымалдауыштар.
“Компьютер жады” тақырыбында реферат дайындап, оны қорғау.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров148
Номер материала ДВ-350612
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх