«Айналайын» II-ші кіші тобының
ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Күні:06 .03 .2018
Тәрбиеші:
Әлімханова А.Қ
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып:«Көктем жаршысы
құстар»
Тақырыбы: «Құстарға неге көмек керек?»
Мақсаты:
1. Тәрбиелік
Құстарды аялап, күте білуге тәрбиелеу
2. Дамытушылық
Балалардың құстар туралы түсініктерін дамыту
3. Оқыту Құстардың тіршілігі жайлы толық
мағұлмат беру,құстарға адамның көмегі қажеттілігін түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар:түсіндіру,сұрақ –
жауап,
Ресурстармен қамтамасыз ету Үй және дала құстарының
суреттері
Сөздік жұмыс: құстар-птицы....
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
Ұйымдастырушылық
кезеңі: Шаттық шеңберде
тұрып, балалар бір-біріне шар беру арқылы тілектер айтады. Бүгінгі күніміз
қуанышты өту үшін бір-бірімізге күлкі сыйлаймыз.
Балалар мына
суретте нені көріп тұрсыңдар?
Дұрыс құстар, ал құстардың өсуіне
көбеюіне кімдер
көмек береді?
Негізі бөлім:
1 Балалар жылдың қай мезгілі болмасын, біз
құстарға әрдайым көмек беруіміз керек. Балалар мына сандықшада түрлі құстар
қонақтап қалыпты ,олардың атауларын атап шығайық
Сандық ішіндегі
құстардың суретін атап өтеді. Құстар екіге бөлінеді.
1
Үй құстары
2 Дала құстары.
Үй құстарын
адамдар жем,шөбін беріп асырайды, ал дала құстары
жем,шөптерін
өздері іздеп тауып жейді. Бірақ қандай құс болмасын біз көмек беруіміз керек.
Қыстап қалатын
құстар олар суыққа төзімді болып келеді,ал күн суытқанда жылы жаққа ұшып кететін
құстар тоңғақ болады.
2 Сергіту сәті.
Аспан,аспан
арайлым,
Саған күнде
қараймын.
Мөлдіреген көгіңде
,
Самғап ұшу
арманым.
Жұлдыздарға
қараймын,
Бір-біртіндеп
санаймын.
3 «Қайсысы артық» ойынын ойнайды
Қорытынды:
1Балаларға
ойын ойнату.
«Не
жоқ?» ойыны ойналады. Шарты: Тақтаға түрлі құстар суреттері ілінеді де, балалар
назар аударып қарайды,көздерін жұмып құстардың суреттерін жасыру, жасырылған
суреттерді табу.
2 Мадақтау.
Сұрақтар қою арқылы қорытындылау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.