Инфоурок Дошкольное образование КонспектыКонспект Сценарий "Көрікті шыршамыз"

Конспект Сценарий "Көрікті шыршамыз"

Скачать материал

                                             «Көрікті шыршамыз» атты

          шағын орталық балаларының  жаңа жылдық

                      мерекелік кешінің  бағдарламасы.

  Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, Ақшақардың, қоянның, ақақаланың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-атынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

        Қатысушылар: Аяз ата, Ақшақар, Қоян, Аққала, Аю, Мешін.

Барысы:         1. Ашылуы.

Жүргізуші: Жаңа жыл- жаңа қадам, жаңа бағыт,

                     Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

                     Мешін жылы кеп қалды ортамызға,

                     Жақсылықпен жалғассын  жаңа уақыт.

 

                      Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,

                      Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

                      Бірімізге шынайы тілек тілеп,

                      Бар әлемге бақытпен жар салайық!

 

-Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар!

  «Балауса» шағын орталығының  «Көрікті шыршамыз» атты           мерекелік  Жаңа жыл  кешіне қош келдіңіздер!

-Ендеше бүгінгі кешіміздің иелерін қарсы алайық!  

 

(«Жаңа жыл» әнімен балалар билеп, ортаға келеді).

Жүргізуші:  Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер бүгін

сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер ғой!

Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл! (хормен).

Жүргізуші: Дұрыс,балалар,  бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Ендеше, балалар, бір ойын-жұмбақ ойнап жіберейік. Қане, мұқият тыңдайық. Бәріміз бірге хормен жауап берейік.

                      Мен білемін бір ойын:

                      Үйретемін сендерге.

     Мен бастаймын,

     Ал, сендер аяқтаңдар ойынды.

     Хормен жауап айтыңдар!

                 Қарға мүлгіп дала тұр,

                 Келе жатыр...

 Балалар: Жаңа жыл!

           

                 Қызыл мұрын, ақ мұртты,

                 Білсең атын тез ата.

                 Келеді бізге...

Балалар:  Аяз ата!

 

                 Шырша бүгін кәделі,

                 Сендер әрі...

Балалар:  Әдемі!

 

                  Көңілсіз бір бала жоқ,

                  Ойын-күлкі таралсын.

                  Құтты болсын...

Балалар:   Жаңа жыл!

-Ендеше, балалар қол ұстасып, шыршаны айналып  бір ән айтып жіберейік.

Балалар: Ия.

 

Ән: «Аппақ, аппақ...» (хормен).

 

2.Құттықтау сөздер:

Жүргізуші:      Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,

                          Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

                          Бәрімізге шынайы тілек тілеп,

                          Бар әлемге бақытпен жар салайық, -

дей отырып, мерекелік кешіміздің алғашқы құттықтау сөзін  мектебіміздің директоры Әділ ағаға береміз.

-Рақмет. Сізді де жаңа жыл мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Ән: «Жаңа жыл!» орынд.4 сынып оқушысы Жармұханбетова Ш.

 

3.Ақала жүгіріп келеді:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қоянды көрген жоқсыңдар ма? Менің мұрынымды алып, орманға қашып кетті.

Жүргізуші:  Жоқ, бізге қоян келген жоқ, сәбізді де әкелген жоқ. Қазір бізге Аяз ата келеді, ол сиқыршы және саған жаңа мұрын жасап береді.

Аққала: Жоқ... Маған жаңа мұрын керек жоқ... Өзімнің сәбізімді іздеп жүрмін.

Жүргізуші: Ақала сен уайымдама, біздің әдемі шыршаға қарашы.

Аққала шыршаға таңдана қарап: Қандай әдемі шырша! Қандай әдемі балалар!    Шырша қандай керемет,

                                          Ойыншықтар ілінген.

                                          Қандай жақсы шыршамыз,

                                          Ән шырқайық баршамыз!

Жүргізуші: Аққала сен көңіл күйіңді түсірме, одан да бізбен бірге ойын ойна.

Аққала:  Мен қар қаршықтарымен ойнағанды жақсы көремін. Олар өте суық.

 

Ойын: «Қар жинау».

Аққала: Жарайсыңдар, балалар. Мен өте қуанып тұрмын, себебі достарым бүгін менің қасымда. Ал, Аяз ата әлі жоқ.  Балалар, олай болса Аяз атаны шақырайық!

 

3.Аяз ата мен Ақшақарды шақыру.

Жүргізуші: -Балалар, уілдеп боран соғып келе жатқан сияқты.

Балалар:     - У-у-у-у...

Жүргізуші:      Борандатып, аққарлатып,

                          Аяз ата келеді.

                          Ақ көңілмен, пәк көңілмен,

                          Бізге сәлем береді.

Балалар: Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар!

 

(Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар кіреді).

Аяз ата:  Армысыңдар, қонақтарым,

                Армысыңдар, құлындарым?!

                Жаңа жылды алып келдім,

                Ақ шырақты жағып келдім.

                Сендерге мына балаларым,

                Тәтті сыйлық алып келдім!

Жүргізуші:  Балалар амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, Ақшақар!

 

Ақшақар:-Өздерің де аман-есенсіңдер ме, менің балғын достарым! Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер, тақпақ айтып беріңдер. Аяз аталарыңның дорбасында барлығыңа жететін сыйлық бар.

 

4.Жаңа жылдық тақпақтар.

Жүргізуші: -Ендеше балалар, жаңа жылға арналған тақпақтарымызды айтайық.

(Тақпақтар айтылады).

 

 5.  Осы кезде аю кіреді, қолында қорабы бар: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай-шудан шошып ояндым, не болып жатыр деп сұрасам, бәрінің айтатыны бір-ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, Жаңа жыл!» дейді. Сыйлығымды алып, сендерге берейін деп келдім. Тақпақтарыңды қандай жақсы айттыңдар! Бірақ мына қораптың кілті жоқ, жақсы бір ән айтсаңдар, қорап ашылады.

Жүргізуші: -Балалар, мынау қандай аң?

Балалар:       -Аю.

                      -Дұрыс.

-Ендеше аюдың жүрісін салайықшы.

-Өте жақсы, балалар. Енді бір «Қыс» туралы ән айтайық.

 

Ән: «Қыс».

 

6.  Ақшақар: Дорбада тек сыйлықтар ғана емес ойын да бар, жұмбақ та бар. Аяз ата сендерге жұмбақ жасырады, қане кім жауабын табады?

Аяз ата:          Сыбдыр шықса қашады,

                         Қырдан бірақ асады.

                         Бұл не?

Балалар:       -Қоян.

Жүргізуші: -Жарайсыңдар, балалар! Балалар, қараңдаршы, қоян кетіп барады.

(Залға қолында сәбіз ұстаған қоян кіреді).

Қоян: Мені кім шақырды? Мен сендерге қонаққа келдім.

Аққала: Қоянды ұстаңдар, ұстаңдар!

Қоян: Мен енді бұзық болмаймын, сәбізіңді қайтарып беремін.

Аяз ата: Қоян сен қорықпа. Мен саған да сыйлық алып келдім.

(Қоянға дорбасынан сәбіз алып береді).

Қоян: -Рақмет, балалар, енді менімен бірге бір би билейік.

 

Би:»Қояндар».

 

Жүргізуші: -Өте жақсы, балалар, жақсы биледіңдер.

 

7. Аяз ата: -Қолдарыңды шапалақтай аласыңдар ма?                  

                Шапалақтаған баланы жақсы көремін.

               -Аяқтарыңмен топылдата аласыңдар ма?

               Топылдатқан баланы жақсы көремін.

               -Секіре аласыңдар ма?

               Секірген баланы жақсы көремін.

-Өте жақсы, енді Аяз ата туралы бір ән айтып беріңдерші!

 

Ән: «Аяз ата».

 

Аяз ата: Ақшақар қызым бізбен бірге келген жаңа мешін жылымыз қайда?

Жүргізуші: Балалар, енді біз жаңа мешін жылын қошеметпен ортаға шақырайық.

8.(Музыка әуенімен жаңа жыл «Мешін» кіреді):

    Мен жаңа жыл мешінмін,

    Тыныштықты тілеймін.

    Береке мен ырысты,

    Мен жыл болам табысты.

-Мен сендерге «Бақыт» сыйлаймын! (жүректердің суреттерін лақтырады).

-Мен сендерге ашық аспан, тыныштық сыйлаймын! (Күндердің суреттерін лақтырады).

 

Жүргізуші:  Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

                     Жаңа жылда шақырады бар өмір.

                     Бақыт болып жаңа жылым келді ғой,

                     Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!

               

9.Жүргізуші:  Менің әсем ұлпаларым,

                       Маған ұшып келеді.

                       Таң қалдырып өнеріне,

                       Бәрі билеп береді.

-Менің кішкентай қыздарымның орындауында «Ұлпа қарлар» биін тамашалаңыздар.

 

Би: «Ұлпа қарлар».

 

10. Аяз атаның қоштасуы: -Мені бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың ақылды, өнерлі екенсіңдер. Рақмет, сендерге. Өнер көрсеткен балаларға сыйлықтарымды, тәттілерімді тарту етейік. (Сыйлықтарын береді).

      -Ал, енді біз жолға шығайық. Баратын басқа да балаларым бар. Сау болыңдар, балалар!

 

   Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Ата-аналар! Балалар! Осымен «Көрікті шыршамыз» атты мерекелік кешіміз аяқталды.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!

-Бүгінгі кешімізді «Айгөлек-2015» байқауының бас жүлдегерлері Серік Ақтөре мен Серік Гүлімнің орындауында «Кобвой» биімен кешімізді аяқтаймыз.

    

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект Сценарий "Көрікті шыршамыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инженер по автоматизации производства

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 217 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.03.2016 830
    • DOCX 20.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садуакасова Еркежан Оралханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5641
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 203 человека

Курс повышения квалификации

Развитие профессиональной компетентности педагогов, ведущих предшкольную подготовку детей старшего дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 10 регионов
  • Этот курс уже прошли 186 человек

Курс повышения квалификации

Развитие ребенка до трех лет: познавательные, коммуникативные и социальные аспекты

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Психологическая диагностика и коррекция

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе