Инфоурок Всеобщая история Научные работыКонспект урока по тему "Қайталау"

Конспект урока по тему "Қайталау"

Скачать материал

 

 

Қайталау сабағы .

Мақсаты:   Оқушылардың  құқықтық сауаттылығын арттыру.Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып,шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны тәрбиелеу.

Сайыстың барысы:

Бүгінгі біздің ойынымыз бірнеше кезеңнен тұрады,оған 3 топ қатысады.

Олар:

1.       «Адам» тобы 

2.       «Қоғам» тобы      

3.       «Құқық» тобы

Сайыстың шарттары:

 1.Таныстыру

 2.Ойлан, тап!   

3.Құпия ұяшықтар

4.Кім, тапқыр?

5.Сөз шебері

6.Жоба қорғау

1-кезең. Топтар өздерін таныстырып өтеді.

2-кезең.Ойлан ,тап!

Оқушыларға тақтада берілген сандарды таңдау ұсынылады.Әр санда әріп жасырылған.Сол берілген әріптен басталған сөздермен сұрақтарға жауап беру қажет.

Берілетін сандар:

1-Б , 2-С,  3-Д,  4-Т,  5-М,  6-К   

«Б» жауапты сұрақтар:

1.Адамның өзінің болмысының шарттары мен кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығының көрсеткіші болатын,адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы? (Бақыт)

2.Өмір жайлаған жер қыртысы?  (Биосфера)

3.Нарыққа қатысушылардың арасындағы өндіріс жағдайларын жақсарту және өнімді өткізу үшін талас? (Бәсеке)

4.Ағылшын тілінен аударғанда  іс  ұғымын білдіреді? (Бизнес)

5.Қосарлы азаматтығы бар адам?  (Бипатрид)

«С» жауапты сұрақтар:

1.Адамдардың бұқара,қоғамдық бірлестіктермен , жеке адамдармен бірге мемлекет пен билікке қатысты мәселелерді шешуге бағытталған қызметінен ерекше түрі? (Саясат)

2.Аумағы жағынан дүниежүзінде оныншы орындағы мемлекет? (Судан)

3.Сатып алушылардың тауарды белгілі бір бағамен сатып алу қабілеті? (Сұраныс)

4.Уақыт өткен сайын елдегі және дүниежүзіндегі даму үдерістерін ескере отырып,өзгеріп отыратын қоғамдағы саяси белсенді адамдардың ұйымы?(Саяси партиялар)

4.Парламенттің жоғарғы палатасы?(Сенат)

«Д»-жауапты сұрақтар:

1.       Адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерге тұратын бөлігі?(Диаспора)

2.       Жаңалығымен, жоғары жетістігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшеленетін қызметтің өнімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттердің жиынтығы?(Дарын)

3.       Халық билігі?(Демократия)

4.       Ресми жарияланған бағдарламалық мәлімдеме?(Декларация)

5.       Заңды елемей, мемлекетті күшпен басқару?(Диктатура)

«Т» -жауапты сұрақтар:

1.       Белгілі бір әлеуметтік ортаның құндылықтарын тасушы индивид? (Тұлға)

2.       Адамдар қауымының рудан жоғарғы сатысы? (Тайпа)

3.       Ата –анасы және балалары бар отбасы?(Толық отбасы)

4.       Қазақ құқық жүйесіне өзгеріс енгізген хан?(Тәуке хан)

5.       Демократияға қарама-қарсы саяси жүйе?(Тоталиторизм)

«М»-жауапты сұрақтар:

1.       Тұлғаның саналы қызметінің негізі және себебі?(Мотив)

2.       Қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі интитут?(Мемлекет)

3.       Айналадағы нағыздықты жаңартуға бағытталған адамның шығармашылық еңбегінің нәтижесі?(Мәдениет)

4.       Билік мұраға қалдырылатын мемлекеттік басқару формасы?(Монархия)

5.       Бір әйел мен бір ер адамның некелік одағы?(Моногамды)

«К»-жауапты сұрақтар:

1.       Өндірісті ұйымдастыру үшін жасалған адамның қолымен өндірілген материалдық игіліктер мен құралдардың жиынтығы?(Капитал)

2.       Ата-анасы мен балаларынан басқа туыстары қосылып өмір сүріп жатқан отбасы?(Кеңейтілген отбасы)

3.       Тәуелсіздіктерін сақтай отырып, өздерінің кейбір әрекеттерін үйлестіру үшін біріккен мемлекеттер одағы?(Конфедерация)

4.       Аумағы жағынан әлемде екінші орынды иеленетін мемлекет?(Канада)

5.       Заңдардың ішіндегі ең негізгісі?(Конституция)

2-кезең.  Құпия ұяшықтар

   Әр ұяшықта топ атына байланысты сұрақтар берілген. Сол сұрақтарға дұрыс жауап беру  арқылы жасырын ұпайды иеленеді. (10,20,30)

Адам тобына:

1.       Адм дегеніміз кім?(Жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған түрі)

2.       Халық ұғымына сипаттама бер?(белгілі бір географиялық ортада тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығы)

3.       Адам мәселесімен айналысатын ғылым салалары?(Антропология,социология,этнология,педагогика,анатомия,физиология,психология)

Қоғам тобына

1.Қоғам сөзінің анықтамасы?(материалдық дүниенің бір бөлшегі ретіндегі адамдардың табиғат пен және өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып табылады.)

2.Әлеуметтік топтасулар арасындағы немесе адамдар арасындағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, қатынастар қалай аталады?(Қоғамдық қатынастар)

3.Бағыты жағынан қоғамдық қатынастар қандай топтарға жіктеледі?(адам мен адам, адам мен қоғам, қоғам мен қоғам, қоғам мен табиғат арасындағы)

Құқық тобына

1.Құқыө дегеніміз не?(мемлекет тарапынан  заңдастырылған және қадағаланатын жалпыға бірдей  міндетті нормалар жүйесі)

2.Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында адам құқықтарын сипитына қарай қандай үш топқа бөлінеді?(адамның табиғи және тумысынан жазылған құқықтары, бостандықтар, экономикалық, әлеуметтік, және мәдени құқықтар)

3.Қоғамдық ортада адамдардың өздерін ұстау ережелерін қалай атайды?(Әлеуметтік нормалар?

3-кезең  Кім, тапқыр?

Бұл бөлімде оқушылар назарына күнделікте өмірде кездесетін құжаттар мәтіні беріледі. Мәтін бойынша қандай құжат екенін табу керек.

1.Азаматша Сәуенов Асхат Дәуренұлы

Туған 25 қаңтар 1995ж

Туған жері:қала, ауыл Есет

Аудан/қала Бейнеу

Облыс/ Маңғыстау

Республикасы/Қазақстан (Туу туралы куәлік)

2.Осы құжат Сәуенов Асхат Дауренұлына берілді,ол 2008ж Х.Досмұхаммедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетіне түсіп,2011ж 030640 «математика және физика» мамандығының жоғары кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгеріп шықты. (Диплом)

3.Осы құжат Сәуенов Асхат Дәуренұлына берілді.Ол 2008ж  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Гагарин атындағы орта мектепті бітірді.(Жалпы орта білім туралы аттестат)

4-кезең Сөз шебері

Бұл кезеңде топтарға сөздер беріледі. Сол сөздерді мақал арқылы жеткізу керек.

Адам тобына:Куә, ар, заң.

Қоғам тобына:Жала, дауа, әділ.

Құқық тобына:Ұры, айғақ, ант.

Мақалдар:

Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі куә табар.

Ар алтынмен өлшенбейді.

Заңның құрығы бәрінен ұзын.

 

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің,ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.

Би екеу болса дау төртеу.Дау мұраты біту.

Әділ істің- арты игі.

Ұрлық түбі қорлық.

Тақыр жерге су төксең тайғақ болар, жаманға сырыңды айтсаң айғақ болар.

У ішкен бір өлер, ант ішкен мың өлер.

5-кезең Жоба қорғау

Бұл кезеңде әр топ өзіне берілген тақырыпты қорғап шығады.

1-топқа. «Еңбек құқығының негізгі түсініктері»

2-топқа. «Мемлекет және оның қоғамдағы рөлі»

3-топқа. « Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік»

Қорытындылау

      

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока по тему "Қайталау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 199 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.02.2017 657
    • DOCX 19 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Илюбаева Разия Избасаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Илюбаева Разия Избасаровна
    Илюбаева Разия Избасаровна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14408
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1361 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 919 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Планирование проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 164 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 97 человек

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе