Инфоурок Дошкольное образование КонспектыКонспект занятии на тему "Ақылды етікші"

Конспект занятии на тему "Ақылды етікші"

Скачать материал

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Ертегілер елінде

Тақырыбы: «Ақылды етікші»

Мақсаты:

Білімділік: Ертегінің мазмұнын түсіну:

Дамытушылық:Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын жеткізе білу:

Тәрбиелік: Көркем  әдеби  тілде  сөйлеуге, үлкенді құрметтеуге  тәрбиелеу.

Методикалық әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: етікші мен  байдың суреттері

Әрекет кезеңдері

 

Педагогтің іс-әрекеті

 

Балалардың іс-әрекеті

Мотива-

циялық – қозғау-

шылық

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір – біріне жақсы тілектер айтқызады.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір – біріне жақсы тілектер айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдас-

тырушы-

лық-

ізденістік

Кіріспе әңгіме

-Балалар, бүгін біз «Ақылды етікші» ертегісімен танысамыз. Ертегіні мәнерлеп,  нақышына келтіріп оқып беру.

Ақылды етікші

   Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның әрбір тәртібін халқы екі етпей уақытымен орындап тұрады екен. Бір күні бұл патша: «Менің әрқашан халық пайдасына еткен әмірім орнына нақпа-нақ келіп тұрады және халқым да мені жақсы көреді. Сондықтан да мен олардың пайдасын ойлаймын. Енді мен осы халқыма зиянды бір әмір таратайын. Халқым тыңдап, орнына келтірер ме екен? Жоқ, келтірмес пе екен?» - деп ойлап уәзірлеріне: 
   -Халыққа тегіс хабарландырыңдар: «Ешкім басына пайда қылмасын!» - деп, әмір қылады. Бұдан соң уәзір-лер бұл әмірді халыққа естіртіп болып, патшаға: 
   -Халқыңыз әміріңізді нақпа-нақ айтқаныңыздай орнына келтіретін болды, - дейді. Патша уәзірлеріне еш жауап айтпайды. Түн болған соң үстіне бөтен, ескі киім киіп, әмірінің қалай орындалғанын көру үшін көшеде жүрсе, шеттегі бір үйде шам жанып тұр екен. Патша қайыр сұраған кісі болып, шам жанып тұрған үйге келсе, үйдің ішінде бір етікші етік тігіп отыр екен. Етікші қайыршыны көріп тұра келіп, бір кішкене нан береді. Сонда қайыршы: 
   -Сен патшаның әмірін тұтпаған не қылған адамсың? «Ешкім басына пайда қылмасын және шам да жақпасын», - дегені қайда? - дейді. Сонда етікші: «Сенің онда не жұмы-сың бар? Сондай әмір қылып отыр-ған патша да ақымақ. Себебі, мен жарлы адаммын. Күнде төрт теңге пайда қыламын да, төрт теңге зиян қыламын. Міне, мен сонымен күн көріп отырмын. Патша ақылды болса, осыны білер еді», - дейді. Патша бұған жауап қайтармастан үйіне келеді де, ақылды төрт уәзірін шақырып алып: Сіздерді басқалар-дан ақылы көп деп, өзіме уәзір қылып едім. Енді менің сіздерден сұрайтын сауалым бар. Күніне төрт сом пайда, төрт сом зиян қыламын.
Сол пайдам мен зияным не? Үш күн ішінде соны табыңдар. Таба алма-саңдар, бастарыңды аламын! Өздерің таппасаңдар да табатын кісі тапсаңдар, жазадан құтыласыңдар! - депті. Уәзірлер үш күннің ішінде өздері де шеше алмай және табатын кісі де таба алмаған соң, енді патшаға көрінбей, қашпақшы болып жүргенде, баяғы етікші уәзірлерге келіп: 
  -Мен патшаның сұраған сауалын тапсам, сіздер маған не берер едіңіздер? - дейді. Уәзірлер төрт мың ділда бермекші болады. Етікші уәзірлерден төрт мың ділданы санап алып, олармен бірге патшаға барады да: 
  -Тақсыр, мен етік тігіп, әр күні төрт сом пайда, төрт сом зиян қылам. Ол былай: бір сомды қарызға беремін. Бір сомды ескі қарызымды төлеуге беремін, бір сомды құдыққа тастаймын, бір сомды әйеліммен екеумізге жұмсаймын, - депті. 
Сонда патша: 
 
-Әйеліңмен екеуіңе жұмсалған ақшаға бәріміз де түсінеміз, қалған үш сомның жұмсалған орнын анықтап түсіндір, - депті. Бұл сөзге етікші былайша жауап қайырыпты: 
 
-«Бір сомды қарызға беремін», - дегенім: «Қартайғанда өзімді асырар», - деп балама беремін. «Бір сомды ескі қарызыма беремін» - дегенім: өзімді жасымда асыраған кәрі әкем мен шешеме беремін. «Енді бір сомды құдыққа тастаймын» - дегенім: күйеуіне тұрмай, қайтып келіп отырған қызым бар, соған беремін дегенім, - депті. Сонда патша: «Бұл етікші ақылды адам екен», - деп, өзіне уәзір қылған екен. 

Сұрақ – жауап арқылы  ертегі  мазмұны не жайлы екенін білу.

-Ертегі қалай  аталады?

-Ертегі ұнады ма?

-Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Ақылды етікші.

-Ұнады.

-Бай, уәзірлер, етікші.

Рефлек-

сиялық-

түзету

шілік

Қорытындылау.

Балалармен бірге «Ақылды етікші» ертегісін  рөлдерге бөліп сахналау. Балалардың өнеріне  ризашылық білдіріп, мақтау.

 

Балалар қызығушылық танытады.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  ертегінің  мазмұнын.

Игереді: үлкенді құрметтеуді.

Меңгереді: көркем  әдеби тілде сөйлеуді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект занятии на тему "Ақылды етікші""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 285 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2017 1807
    • DOCX 18.1 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джусибалиева Бибигуль Лесовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джусибалиева Бибигуль Лесовна
    Джусибалиева Бибигуль Лесовна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5803
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие креативности у детей дошкольного возраста (на примере использования разнообразных материалов)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 266 человек

Курс повышения квалификации

Психосоматические расстройства у детей дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 309 человек

Курс повышения квалификации

Специфика деятельности по присмотру и уходу за детьми дошкольного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление бизнес-процессами и инновациями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек