Конспект занятия на тему "Су тіршілік нәрі"

Предпросмотр материала:

Тақырыбы: «Су тіршілік нәрі»

Мақсаты: Су туралы білімдерін кеңейту, судың қасиетімен таныстыру, іс-тәжірибе жасауға қызығушылығын арттыру. Суға қамқорлық жасауға үйрету. Көрнекілігі: Стакан, , мұз, топырақ, қант, тұз, қасықтар, бейне таспа.

Т:Қане қарап тұрмайық

Шаттық шеңбер құрайық

Балалар шаттық шеңберге тұрады. Бәрі бірге:

Күндей жадырап,

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір, таза көңілмен бүгін келген қонақтарға иіліп сәлем береміз.

Қане балалар бәріміз көгілдір экранға назар аударайық.

Экраннан нені көрдіңдер?

, Өзен,

Көл, Бұлақ

Су өмір бойы айналымда болады.

Күн көзінің жылуы жер бетіне түседі де, ылғалды кең көлемде буландырады. Су булары ауаға,теңіз,мұхит,өзен,көл беттерінен және топырақтан көтеріледі.

 

Су-өсімдіктер бойынан да адам, жануарлар денесінде де болады. Сусыз тамақ піспейді, тазалықта болмайды.

 

Су жолымен адамдар қатынайды қайық, кеме жүзеді, жүк тасиды, су арқылы үйді жылытады, бірде-бір өндіріс жұмыс істей алмайды. Бояу езу,мата,тері,қағаз,сабын дайындау, нан пісіру, жұмыстары сусыз жасалмайды. Ірі-ірі өзендерден канал арқылы, шөлді жерлерге су тартылып, мақта,күріш,жеміс-жидек,егіс суарылады.

 

Суық судың несі айып

Шынығайық халайық

Кеңестерде айтылған

Денсаулыққа лайық

 

Ал,халайық,халайық

Табиғатқа қарайық

Жер,су,ауа тазарса

Пайдалы екен бұл аса.

 

Суық қой деп ызғарды

Қорықпаймын судан мен

Су пайдалы адамға

Шынығамын күнде мен

Тоңбайды аяз, боранда

Салқын суға үйренген.

 

Балалар жауабы:

 

Мұз, қар, жаңбыр.

 

Мұз-қатты, салқын, жеңіл.

Қыс мезгілінде болады.

Ал, су туралы тағы не айтуға болады екен.

 

Жарайсыңдар балалар су туралы жақсы әңгімеледіңдер.

Су туралы тақпақтар білемізбе?

Тақпақтар:

 

Балалар сендер білесіндер ме жер бетінде су қандай жағдайда болатынын?

Балалар мынау не?

Мұз қандай?

Мұз жылдың қай мезгілінде болады?

Мұзды суға салсақ бата ма?

Мұз ерігенде қандай күйде болады?

Ал, су қандай?

Судан қандай дыбыс шығады екен, қане екінші ыдысқа құйып қарайық. Судан қандай дыбыс шықты?

Міне мына ыдыстың ішінде қайнаған су бар онын бетін ашқанда сендер нені байқадыңдар?

Бу аспанға көтеріліп бұлт болады. Бу мөлдір түссіз газ, су буы-бұл судың газ түріндегі күйі.

Бұлттан не жауады?

Міне балалар су үнемі айналымда болады.

 

Сендердің алдарыңда су толтырылған тап-таза шыны ыдыстар бар. Сол ыдыстағы суға алдырымыздағы қасықты салып көрейік. Қасықтар көріне ме? Ендеше осы қасықпен суды ішіп көрейік. Судан қандай дәм шықты? Олай болса алдымыздағы қантты шыны ыдысқа салып,араластырайық та суды ішіп көрейік. Қандай дәм шықты? Не өзгерді? Қант тез еріді ме, жай еріді ме? Біз күнделікті шай ішкенде қантты қосамыз. Егер қант суда тез ерімесе адамдар тәтті шай ішпес еді. Шыныдағы тәтті суды ішіп болсақ ортаға жиналайық.

 

 Балалар сендермен елестету арқылы «не істеген болар едің?» деген ойын ойнайын.

Сендердің уыстарыңа су құямын, соны сендер қайда пайдаланатындарыңды айтасыңдар. Қалғанымыз уысымыздағы суды шөліміз қанғанша ішейік. Уысымыздағы суды іштік.

Ал, егер су болмаса тіршілік бола ма?

 

Балалар біз су туралы ырымдар, мақал-мәтелдер, тиым сөздер білетін едік қой. Қане, кім айтады?

 

Ойын « Телефон »

Балалар судың сыбдырлаған дыбысы шығады, сендердің құлақтарыңа сыбырлап бір нәрсе айтып тұрғандай, қане, кімге не айтты екен тыңдайық.

Біз не білдік?

Судың да сұрауы бар.

Су қандай зат?

Оның пайдасы бар ма?

Оны босқа төгуге, бүлдіруге бола ма?

Судың қасиеттері қандай?

Мадақтау. Батпайды.

Мұз ерігенде суға айналады.

 

Су-сұйық,мөлдір,таза.

 

Дыбысы сылдырлайды.

 

Буды байқадық.

 

Жаңбыр жауады. Аспанға барып бұлт болады.

Судың иісі жоқ.

 

Көрінеді.

 

Судың дәмі жоқ таза, мөлдір.

 Тәтті су болды, қант суда тез еріді.

 

Гүлге құямын, киімімді жуамын, суға шомыламын, күшікке беремін, шөлдегенде ішеміз, беті-қолымызды жуамыз, тамақ пісіреміз. Сусыз тіршілік болмайды.

 

 

 

  

 

Үнтаспадан судың дыбысын тыңдау.

Мені үнемде деді. Мені ластама. Мені әрқашан таза ұстаңдар деді.

Мені бір-біріңе шашпаңдар, деді.

 

Балалар жауабы.

 

Конспект занятия на тему "Су тіршілік нәрі"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Абубакирова Кенжегуль Жарылкасыновна

Воспитатель

  • На сайте: 10 лет и 6 месяцев
  • Всего просмотров: 6850
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 6
  • 6850
    просмотров
  • 6
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Абубакирова Кенжегуль Жарылкасыновна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~150

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: