Алгебра. 8 сынып. Квадрат теңдеулерді шешудің әдістері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Квадрат теңдеулерді шешудің әртүрлі тиімді тәсілдерін үйрету, олардың
ерекшеліктерін танытып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой-өрістерін кеңейтуге,
шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік:
Шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Практикалық сабақ
Сабақта қолданылған оқу-әдістемелік
құралдар:
Интерактивті тақта, кубик, әртүрлі тапсырмалар
Сабақтың жоспары :
- Ұйымдастыру бөлімі
- Ой толғау сәті (сұрақ-жауап)
- Біліміңді тексер (деңгейлік тапсырма )
- «Ойланайық, кім ойшыл?»
- «Кім жылдам?»
- Қорытындылау
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлематсыздар ма, балалар?
Біздер өткен сабағымызда «Квадрат теңдеуді шешудің әдістері»
тақырыбымен танысқанбыз. Енді квадрат теңдеулер туралы не білесіңдер,сол
туралы ой қозғап, білгенімізді жинақтап көрейік .
- Ой толғау сәті
- Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады ?
- Егер ах2 +вх+с=0 теңдеуіндегі в
немесе с нөльге тең болса, онда ондай теңдеулер қандай теңдеулер болады ?
- Квадрат теңдеуді шешудің қандай әдістері бар
?
Әдістері:
- Көбейткіштерге жіктеу
- Екімүшенің квадратын айырып алу
- Формула арқылы шешу
- Виет теоремасы бойынша шешу
- Графиктік тәсілмен шешу
- Квадраттық теңдеулердің коэффиценттерінің
қасиеттері арқылы шешу
- Асыра лақтыру әдісі
III. Біліміңді тексер
Қазір тақтаға шығып берілген тапсырманы қорғайсыңдар.
х2+8х-9 =0
- Көбейткіштерге жіктеу тәсілімен
- Екімүшенің квадратын бөліп алу әдісімен
- Формула арқылы шешу
- Виет теоремасы бойынша
Міне, балалар бір есепті бірнеше тәсілмен шығардық, бірақ
жауап біреу.
- «Ойланайық, кім ойшыл ? »
Балалар, енді біздер квадраттық тәсілдердің әдістерін қолдану,
салыстыру, дәлелдеуге байланысты тапсырмаларды орындаймыз. Мына кубиктің
төрт жағындағы тапсырмаларды орындаймыз.
Дәлелдеңіз: График
арқылы квадраттық теңдеудің шешу жолын дәлелдеңіз.
х2-х-6=0
Салыстырыңыз: Квадраттық
теңдеулердің шешу әдістерін салыстырыңыз
х²-4х -5 =
0
х² — 4х -5 = 0
х1+х2 =
4
x2 — 5x + x – 5 = 0
x(x-5)+(x-5) = 0
x1·x2 = -5
(x-5)(x+1) = 0
x-5 = 0
x+1 = 0
x1 =
5
x = 5 x = -1
x2 = -1
Қолданыңыз:
a=1, b=5, c=-6
Коэфиценттерді қолданып, квадраттық теңдеу құрастырыңыз.
х2 +5х -6 =0
Зерттеңіз:
Асыра лақтыру әдісі арқылы белгісіз мүшені тауып, түбірлерін
зерттеңіз
2x2+9x-9=0
2 коэффициентін теңдеудің бос мүшесіне асыра лақтырамыз,
нәтижесінде
y2+9y-18=0 теңдеуін аламыз.
y1=6
x1=6/2
x1=3
y2=3
x2=3/2 x2=1.5
- Кім жылдам ?
Тест
- –x2 + 14x + 48 квадрат үшмүшеден
толық квадратты айырыңдар.
А. (х + 7)2 – 1; B. (х + 7)2
+ 1; C. (х – 7)2 –
1; D. –(х – 7)2 + 97.
- 2х2 – 10х + 12 квадрат үшмүшесін
көбейткіштерге жіктеңдер.
А. (2х – 4)(х + 3);
B. 2(х – 2)(х – 3); C. 2(х + 2)(х +
3); D. (х – 2)(х – 3).
- х1 = 2,5 және х2 = -3
деп алып, квадрат үшмүшені жазыңдар.
А. х2 – 5,5х + 7,5;
B. х2 – 0,5х – 7,5;
C. х2 – 5,5х – 7,5;
D. х2 + 0,5х – 7,5.
х2-9х+14
Бөлшекті қысқартыңыз.
А. (х + 2)
B. (х – 2)
C. (х – 2)
D. (х + 2)
(х –
7)
(х +
7)
(х – 7)
(х + 7)
- 7х2 – 31х – 6 = 0 теңдеуінің дискриминантын
есептеңіз.
А.
D=1129; B.
D=919; C.
D=793; D.
D=1003.
- Берілген теңдеулердің арасынан келтірілген
квадрат теңдеуді көрсетіңдер.
А. 5x2 – 29=0; В. –x2
+ 2x –
4.8=0;
С. x3 + x2 + 12x=0; D. x2
– 0.7x – 0.75=0.
- 3x2 + 6.1x – 5.4 = 0 квадрат
теңдеуін шешіңдер.
А. x1= -2.7 және x2=
2/3;
C. x1=5.4 және x2=4/3;
- x1= 2.7 және x2=-2/3;
D. x1=5.4 және x2=-4/3.
- 20х2 + х – 12 = 0 теңдеуінің
теріс түбірін табыңдар.
А. -3/4;
В.
-4/5;
С.
-3/2;
D. -8/5.
- 4x2 – 9=0 теңдеуінің
коэффиценттері мен бос мүшесін табыңдар.
А. a=4, b=0, c=9; B. a=-4, b=0,
c=9;
C. a=4, b=0, c=-9; D. a=4, b=1, c=9.
- x-тің қандай мәндерінде
x4 + 0.2x3 – 0.35x2 өрнегінің мәні нөлге тең болады?
А. 0.7; 0; -0.5; B. 0.5;
-0.7; C. -0.5; 0; 0.7;
D. -0.7; 0; 0.5.
Қорытынды:
Оқушылар! Квадрат теңдеулерді шешуде әртүрлері әдістерді қолданудың ұтымдылығы
неде?
Үйге тапсырма: Квадраттық
теңдеулерді шешу әдістеріне әрқайсысынан 7 есеп тауып, шығарып келу.
Бағалау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.