Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҰлыстың ұлы күні 2-сынып

Ұлыстың ұлы күні 2-сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:   Ұлыстың ұлы күні  Сыныбы:3

Сабақтың мақсаты: Наурыз мерекесін өткізе отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыта отырып, гуманистік қатынасын қалыптастыру.

Қойылатын міндеттер: Үйретілген әндердің тәрбиелік маңызын ашу.

 – Ән айту дағдысын қалыптастыру.

– Саналы түрде халқымыздың өткен мәдени өмірімен байланыстырып табиғат сұлулығына тамсандыра отырып, халық дәстүрін жалғастыру.

Сабақтың барысы: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар!

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді, әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтап: дендеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге тек бақыт сыйласын.

1- бастаушы. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Той дабылын қағып тұрған,

Мына біз бар!

2 – бастаушы: Естімеген естіңдер!

Тыңдамаған тыңдаңдар!

Наурыз тойы басталды.

Мұғалім  :  Шаттықтың бірге шалқып тасқынымен. Жолықсын қариялар жас күнімен.Үлгі алсын жас ұрпақтар, той бастайық. Ежелгі ата – баба дәстүрімен. Ақынның шарықтасын асқан әні. Көтеріп жұрт көңілін тастағалы. Ағайын жолыменен бұрынғының. Отырмыз осы тойды бастағалы.

1- бастаушы   Шапағатын аямай.

Бұл жақта аспан.

Жадырайды әр адам. 

Мұң шақпасын.

2 – бастаушы  Ой, ағайын келіңдер!

Бүгін бізде – Наурыз той.

Қызықтаңдар көріңдер!

Мұғалім.   Наурыз көнеден келе жатқан мейрам.  Наурыз сөзі парсы тілінің  Наужаңа, рызкүн деген сөздерінен шыққан, жылдың бірінші күнін білдірген.  Ал, қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден – жыл басында тойланатын думанды, халықтың мейрамы, екіншіден – Наурыз айы, үшіншіден – ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады.  Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңеліп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.  Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күні» деп атаған.

Мұғалім.   Жаңа жыл келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық (Жаңа жыл кіреді, шашу шашылады)

2 – бастаушы   Қош келдің ит жылы. Біз сені көптен күттік. Келгеніңе өте қуаныштымыз. Кел, қонағымыз бол төрлет.

Ит жылының сөзі: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар және мерекенің қонақтары! Мен сіздерді бүгінгі қуанышты күндеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, еңбекте жеміс, оқуда озат болуды тілеймін!

Ата – ана:          Үйді тазарту, яғни аластау рәсімін көрсетеді.              Ән.  «Наурыз – думан», ортаға жас әншілер шығады.                           Би.   «Қуыршақ».

Мұғалім. Уа, жараңдар, жараңдар,

Бәрің бері қараңдар,

Сіздер үшін жасалған

Тоқсан түрлі тағам бар!

Қымызбенен шұбат бар.

Қымызда дәрі, қуат бар,

Қымыран мен саумал бар,

Сусындауға келіңдер!  

Міне, балалар, көрдіңдер ме, мұнда небір түрлі тағамның аттарын естіп жатырмыз. Қазақтың киелі астарының бірі – ет, наурыз көже, қазы – қарта, сүт, ірімшік, май, қатық, құрт, жент екен. Бұл тағамдардың өздеріне тән ерекшеліктерімен қатар, тіл үйірер дәмі де бар. Бізде Наурыз мерекесі – не арналып, наурыз көже дайындалған. Оған 7 түрлі тағамның түрін салады. Ет, қатық, арпа, тұз, су, қамыр, сүт жатады. Наурыз көже ішкен адам жақсылыққа кенеліп, бәле – жаладан алыс жүреді екен.

Ән.  «Қазақтың дастарханы»

Мұғалім. Халықтың салттары да өте көп. Бала шыр етіп дүниеге келген тойлар тойланып, салттар сақталады. Ол салттарға бала дүниеге келген де: азан шақырып ат қою, баланы бесікке бөлегенде бесік тұсау кесері, одан әрі жүрер шағында тұсау кесер тойы, мектепке алғаш қадам аттағанда жасалатын тіл ашар той т.б көптеген салттар бар соған орай қазір сендерге бесікке салу және тұсау кесу салтын көрсетеміз.

Ән.  «Шілдехана – бесік той»

Мұғалім. Уа, жаратқан жарылқа

Бақ дәулетін алмас қыл

Ала ауызды алмас қыл

Ниеттерің ақ болсын

Бейнеттерің пәк болсын

Мұраттарың асыл қыл!

Жүрген жерін жасыл қыл!

Ата – аналар ішінен бата – тілек күтеміз. (ата –ана сөз айтады)

Қызыр баба:Күнің шуақты болсын

Көлің суатты болсын

Қонысың өрісті болсын

Еккенің жемісті болсын

Өмірің өрлей берсін

Өнерің төрлей берсін

Ұлы бақты болсын!

Мұғалім.  Ата – аналар, сіздерге де көп рахмет. Осы ашық тәрбие сағатымызға сіздердің көптеген еңбектеріңіз бар деп айтсақ, артық кетпесін. Ендігі орындалатын ән өздеріңізге арналады.

Ән .  «Анашым»

Қорыту  

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұлыстың ұлы күні 2-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 401 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2017 717
    • DOCX 16.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мария Тілеу Дүйсеналықызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мария Тілеу Дүйсеналықызы
    Мария Тілеу Дүйсеналықызы
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7783
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 204 человека

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 684 человека

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек
Сейчас в эфире

Консультация юриста. Защита работников по трудовым спорам

Перейти к трансляции