Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы"Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" серуен картотекасы.

"Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" серуен картотекасы.

Скачать материал

 

 

Қостанай қаласы әкімдігінің

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 40 бөбекжай-балабақшасы»

 

 

 

 

 

 

«Ұлттық ойындар – ұлт қазынасы»

Серуен картотекасы

(Ересек топтарына арналған)

 

  http://anatili.kz/wp-content/uploads/Oyin1-224x300.jpg

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

 

 

Желтоқсан.

Карточка №1.

 

Маусымдық өзгерістерді бақылау.

Мақсаты: -қыстың басындағы табиғаттағы өзгерістерді (күн қысқарып, түн ұзарады) елестетіп, қалыптастыру;

                   -қыс мезгіліне тән белгілерді айыруға, тақпақтағы белгілерді   білуге үйрету;

Бақылау жүргізу

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады, қыс белгілерін айтады.

Қолы жоқ, сурет салады, 

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

Қанаты жоқ, ұшады, 
Ая
ғы жоқ, жетеді. 
Аузы жо
қ,ұлиды.  (Боран)

Жерге суық та, ақ қыс келді. Орман қарға батты. Күзге қарағанда, қыстың келуімен күн қатты суытты. Аспанды бұлт басты. Жаңбыр емес, қар жауады. Жер бетін, үй шатырларын, ағаш бұталарын қар басты. Өзен, көлдер, бұлақтар мұзға айналды. Жерге қар көп жауған сайын, өсімдіктер одан бетер жақсы шығады. Қар оларды аяздан қорғайды. Күн қысқарып, түн ұзарады.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Желтоқсан қай айдың соңынан бара жатыр?

v Қараша қай жыл мезгіліне жатады?

v Күзге қарағанда аула жалпы қалай өзгеді?

v Ағаш түптерін неге қармен жабады?

v Адамдар күз бен қыста қалай киінеді?

 

Еңбек: Ағаш түптерін қармен жабу.

Мақсаты: -тірі жандарға көмек көрсету сезімдеріне тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Тауық күрес»

Мақсаты: - Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы;

                    -Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                    -Патриоттық сезімге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: сырғанауға жаттығу.

Мақсаты: -мұз жолда жүгіріп сырғанауға үйрету;


 

 

 

Желтоқсан.

Карточка №2.

 

Қыста құстарды бақылау.

Мақсаты: -қыста құстардың өмірін елестетуге қалыптастыру;

                   - Құстарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

                   -Құстарға қамқор бола білуге баулу;

 

Бақылау жүргізу

Құстар бейне жастардай
Тұра алмайды ән салмай.
Боз ала таңда боз торғай
Қоя алмайды қарсы алмай.

 

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Өз үйлеріңнің алдында қыста қандай құстарды көресіңдер?

v Неге олар адам үйлеріне ұшып келеді?

v Неге қыстайтын құстарға жем беру керек?

v Біздің жемсалғышқа көп құстар келе ма?

v Олар қандай жемді ықыласпен жейді?

v Жемсалғышта құстарды бақылап тұрып, тағы не көрдіңдер?

v Сендердің үйлеріңнің алдында жемсалғыш бар ма?

 

Еңбек: Ойын алаңын қардан тазарту.

Мақсаты: -еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Көтермек»

Мақсаты: - Балаларды ұлттық ойынмен таныстыру.

                   -Ойын барысын түсіндіру.

                   -Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

 

Аз қимылды  ойын: «Белгіге тигіз»

Мақсаты: -дұрыс лақтыруға үйрету;

 

Жеке жұмыс: Қаршықтарды алысқа лақтыру.

Мақсаты: -қимыл қозғалысын дамыту;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Желтоқсан.

Карточка №3.

 

Табиғаттың жағдайын бақылау.

Мақсаты: -қыс ерекшеліктерін айыра білу, әдеміні көруге әдебиетте,

                    тақпақтарда танибілу;

                   -терезе оюларынның сипаттамасын сезіне білуге білімдерін

                    бекіту;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Терезені өрнектеп,

Әдемі сурет салыпты.

Кім екенін табайық,

Көрінбей кетіп қалыпты.  (Аяз)

Бір түнде күн қатты суытыпты. Аязды таң келді. Бір түннің ішінде шыныда тамаша суреттер пайда болыпты. Терезе шынысындағы қар оюы, күннің көзінде де түтіккен күні де әдемі болып көрінеді.

v Неге шыныда қарлы оюлар пайда болады?

v Аяз оны немен салады?

Ауадағы көрінбейтін су буымен салады. Жылы су буы суық терезе шыныларына түсіп, мұз кристалдарына айналып, бір-бірімен қосылады.

 

Еңбек: Ойын алаңындағы мүсіндерге су құю.

Мақсаты: -ұжыммен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Қарақұлақ»

Мақсаты: -Балаларды ұлттық ойынымен таныстыру;

                 -Дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын арттыру;

                 -Тәртіптілікке, әдептілікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Шаңғымен жүру.

Мақсаты: -орындарында және қимылда бұрылып, биіктікке көтерілуге

                    үйрету;

                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Желтоқсан.

Карточка №4.

 

Теректі бақылау.

Мақсаты: -қысқы терек туралы елестерін қалыптастыру, оған қыста

                    қалай көмек көрсету керек;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Қыста ағаштар не істейді?

v Оларға қыста жақсы ма жаман ба?

v Суық қысты қыстап шығу үшін, қалай көмек көрсете аламыз?

v Қыста ағаштар қандай күйде болады?

Қыс мезгілі өсімдіктерге құрғақ кез болып саналады екен: тамырлар өте аз су алады. Жапырақтар әлі де буға айналдырады. Күзгі жапырақ түсуі  өсімдіктерге аман шығуға көмектеседі. Жапырақтарын лақтырып, ағаштар терең қысқы ұйқыға кетеді.Жапырақ түсу – қыс қарсаңындағы жапырақтың ескіруі мен  түсуі.

 

Еңбек: Ағашқа жол аршу, тамырын қармен жабу.

Мақсаты: -өсімдіктерге қамқор болуға үйрету;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Түлкі мен балапандар»

Мақсаты: - Балалармен қимылды ойын түрін ойнау;

                   -Ұйымшылдыққа, шапшаң және шыдамды болуға үйрету;

                   - Денсаулықты сақтауға тәрбиелеу;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Алақан соқпақ»

Мақсаты: - Балаларды аз қимылды ойын түрімен таныстыру;

                  -Ойын барысын түсіндіру. Сөздік қорын дамыту;

                  -Қызығушылықтарын арттыру;

                 -Ұлттық ойынды қастерлеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: «Кім алыс»

Мақсаты: -оң және сол қолмен белгілі бағытқа қарды атуға жаттығу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Желтоқсан.

Карточка №5.

 

Аула жинаушының жұмысын бақылау.

Мақсаты: -аула жинаушының жұмысын бақылауға жалғастыру;

                   -сөздік қорларын жетілдіру;

                   -тазалық пен ұқыптылыққа ұмтылуларын қалыптастыру;

                   -табиғатты сүюге құлақтарына құю, қоршаған ортаға

                    қамқор болуға тәрбиелеу;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Қыста аула жинаушы балабақша ауласында не істейді?

v Бұл қыс мезгілінде аула жинаушыға қандай еңбек құралдары

қажет?

v Аула жинаушы қыста ағаштарға қандай көмек көрсете алады?

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады, қатады

Жып жылтыр боп жатады. 

Еңбек: Сырғанақ жасауға қар жинау.

Мақсаты: -жалпы күшпен тапсырманы орындауға қол жеткізу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Орнын тап»

Мақсаты: - Балаларды аз қимылды ойын түрімен таныстыру;

                   -Сөздік қорын дамыту;

                   -Қызығушылықтарын арттыру;

                   -Ұлттық ойынды қастерлеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Шыңғыда жүру дағдыларын бекіту.

Мақсаты: -сырғанақтан түсуге үйрету;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Желтоқсан.

Карточка №6.

 

Ақсағалды (синица) бақылау.

Мақсаты: -қауырсындыларға қызығушылықтарын арттыруға

                    жалғастыру;

                    -ақсағалмен, оның әдеттерімен, қоршаған

                    ортасын, келбет ерекшелігімен таныстыру;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Бұл қандай құс?

v Ол қалай көрінеді және түсі қандай?

v Қыста ақсағал өмірінде қандай өзгерістер болады?

v Ақсағал немен қоректенеді?

v Адамдар оларға қалай қамқор болады?

v Ақсағал қандай пайда әкеледі?

Бұл - Ақсағал Оның кеудесі сары, басы мен қанаттары қара түсті. Қыста ол жаңғақ дәндерімен,кедр жаңғақтарымен қоректенеді. қоректенеді. Шикі етті жақсы көреді

 

 

Еңбек: Қар мен мұздан жолдарды тазарту.

Мақсаты: -күрекпен жұмыс істеуге дағдыларын бекіту;

 

Қимылды ойын: «Доппен ұстаушы»

Мақсаты: -допты дәл тигізуге үйрету;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Аңшылар»

Мақсаты: - Қазақтың ұлттық ойынымен таныстыру;

                    -Ойын барысында аңшылардың кім екенін балалардың

                    естеріне түсіру;

                    -Тапқырлыққа баулу;

                    -Әр мамандықты құрметтеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -екі аяқпен алға артқа секіруді жаттықтыру;

 

 


 

 

 

 

Желтоқсан.

Карточка №7.

 

Бағыттық таксиді бақылау.

Мақсаты: -бағыт таксиінің рөлі, адамдарға не үшін тағайын-

                    далғанын туралы елестерін қалыптастыру;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Жеңіл автокөліктің қандай түрлерін білесіңдер?

v Такси бізге не үшін қажет?

v Басқа автокөліктерден бағыттық такси немен ерекшеленеді?

 

 

Еңбек: Ағаш түбіне ойын алаңындағы қарды үйю.

Мақсаты: -табиғатты аялауға тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Ұйқыдағы аю»

Мақсаты:  - Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы;

                    - Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                    -Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Ұшты-ұшты»

Мақсаты: - Балаларды аз қимылды ойын түрімен таныстыру.

                    -Ойын барысын түсіндіру. Сөздік қорын дамыту.

                    -Қызығушылықтарын арттыру.

                    -Адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 

Жеке жұмыс: Бір аяқта секіру.

Мақсаты: -дұрыс және жігерлі секіруге үйрету;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Желтоқсан.

Карточка №8.

 

Қыста үй жануарларын бақылау.

Мақсаты:  -қыс мезгіліндегі үй жануарларының өмірі туралы білім-

                     дерін бекіту;

                    -адамдар үй жануарларына қамқор болатынын (жем, тамақ

                     дайындайды, орындарын тазартады) туралы ойларын қа-

                     лыптастыру;

 

Бақылау жүргізу

Түйе-малдың үлкені, 
Жылқы-малдың үркегі, 
Сиыр-малдың сүттісі, 
Қой-түліктің құттысы. 

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?

v Қыс түскеннен кейін үй жануарларының өмірі қалай өзгерді?

v Неге үй жануарларын жайылымға айдамайды?

v Адамдар үй жануарларын қалай қамқор болады?

v Үй жануарларының қыстағы өмірі туралы өз бақылауларыңнан әңгімеле?

v Қыста үй жануары мен жабайы жануарлар қалай тұрады, салыстыр?

v Қыс уақытында үй жануары мен жабайы жауарлардың өмірі немен ерекшеленеді?

v Адамдар неге үй жануарларын асырап, оларға қамқор болады?

 

Еңбек: Жемсалғышқа жолды аршу.

Мақсаты: -қарды жинауға күректі дұрыс ұстай білуге жетілдіру;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Аңшылар мен қояндар»

Мақсаты: - Балаларға жыл мезгілдерін естеріне түсіре отырып,

                  ойын барысын түсіндіру;

                  -Есте сақтау қабілеттерін дамыту;

                  -Жануарларды аялауға, күтуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Тепе-теңдікті ұстауға жаттығуды орындау.

Мақсаты: -қимыл үйлесімділігін дамыту;

 

 

 

 

 

 

 

Желтоқсан.

Карточка №9.

 

Қарды бақылау.

Мақсаты: -қардың қасиеті туралы елестерін қалыптастыру;

                   -мезгіл құбылысы – қар туралы білімдерін бекіту;

Бақылау жүргізу

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр-мылқау танымас тірі жанды,

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Ақ қаршалар жер бетіне, үй шатырына жауады. Қаршалар ақ жұлдыздарға ұқсайды. Оларды ұстап, көруге болады, бірақ оларға дем алуға болмайды. Кейде олар үлкен қабыршықтар болып жерге жауады. Кейде суық жел ақ жұлдыздарды сындырып, оларды ұсақ қарлы шаңға айналдырады. Қаршалар кішкентай мұз кристалды бұлттардан құрылған. Қыста олар жарқыраған жұлдыздай жерге түсіп, жер бетін қар басады. Аязды күні қар аяқ астында сықырлайды. Қар-бұл өте көп қаршалар.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Қар неге сықарлайды?

v Қаршалар қайда құрылады? Неге?

v Қар ұстағанда қандай?

v Қар қашан сулы, не құрғақ болады?

v Қай қардан мүсіндеу оңай?

v Қар деген не?

Түсіп жатқан қарға назарларын аудару. Қолғаппен қолдарын созып, бірнеше қаршалар ұстап алу. Оларды қарастыру (көлемін, бірдейін табу)

v Қаршалар неге ұқсас?

v Қаршалар алақанға тисе олармен не болады? Неге?

Еңбек: Ауланы қардан тазалау.

Мақсаты: -қарды белгілі бір жерге жинауға үйрету;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Жапалақтар мен қарлығаштар»

Мақсаты: - Балаларға ойын барысын түсіндіру.

                    -Сөздік қорларын, тілдерін  дамыту.

                    -Құстарға деген аяушылық сезімдерін ояту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Желтоқсан.

Карточка №10.

 

Ауладағы шыршаны бақылау.

Мақсаты: -табиғи және ойыншық шыршаны айыру білімін анықтау;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Неге шырша қылқан ағашқа жатады

v Қылқанды ағаштардың негізгі белгілері не болып табылады?

v Ағаштарды салыстыр, айырмашылығы неде?

v Қандай ағаш жасанды?

v Қай ағаш тірі? Қайдан білдіңдер?

Шырша ағашы аулады өседі, діңінен басқа, инесі, тармақтарынан үлкен тамыры бар, соның көмегімен ағаш ылғал және қоректі заттарды жерден алады. Ойыншық шырша, кішкентай, тірі емес, пластмассы материалынан жасалған, оның тамыры жоқ, ол өспейді.

Балалар, жақында Жаңа жыл! Оны әсем шырша жанында тойлайды. Бұл мерекеде сендердің үйлерінде тірі емес, жасанды шырша болса жақсы болар еді. Егер шыршаны кесіп алса, ол солып, өліп қалады, сосын орманда шырша болмайды. Ал жасанды шыршада әдемі, сұлу, егер оны безендірсе, Жана жылда сендерге жақсы қуаныш әкеледі.

 

Еңбек: Жолдарды қардан тазалау; сырғанақ құрастыру.

Мақсаты: -еңбекқорлыққа, бірге еңбек етуге тәрбиелеу;

 

Қимылды ойын: «Ұшақтар»

Мақсаты: -жүгіруге жаттықтыру, тәрбиешінің белгісі бойынша әрекет

                  ету, орындықтан секіру;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Белбеу соқ»

Мақсаты: - Ұлттық ойындардың сан түрлігін айту;

                   - Шапшандылықтарын, ептіліктерін дамыту;

                   -Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қапшықшаны жеткіз.

Мақсаты: -тепе-теңдікке жаттықтыру;

 

 

 


 

 

 

 

Қаңтар.

Карточка №1.

 

Қыстайтын құстарды бақылау.

Мақсаты:  -қыстайтын құстар туралы білімдерін бекіту;

                     -қыстайтын құстарға асты табуға елестетуін қалыптастыру;

                     -құстарға қамқор болуға, оларды қорғауға сезімдеріне

                     тәрбиелеу;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Қандай құстарды қыстайтын дейді?

v Олар немен қоректенеді?

v Қыстайтын қандай құстарды білесіңдер?

v Неге қыстайтын құстар қыста жылы жаққа ұшып кетпейді?

v Адамдар қыстайтын құстарға қалай көмек көрсете алады?

Қыстайтын құстар жылы жаққа ұшпайды, себебі, олар қыста да жем тауып алады. Олар бүршіктер, тұқым, өсімдік жемісімен, тығылып қалған жәндіктермен қоректенеді және адамдар тұрғын үйінің маңынан табады. Құстардың бір бөлігі қыстың суығында өліп қалады. Адамдар қыстайтын құстарға көмек көрсете алады – ақсағалға тұздалмаған май, торғайлар жарма мен дәндерді жақсы көреді.

 

Еңбек: Қысқы қалашық салуға қар жинау.

Мақсаты: -еңбек дағдыларын жетілдіру, бірге жұмыс жасауға үйрету;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Тауық күрес»

Мақсаты: - Қазақтың ұлттық ойынымен таныстыру;

                   -Ойын барысын түсіндіру;

                   -Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Жүгіру техникасын жақсарту.

Мақсаты: -қимыл үйлесімділігін дамыту;

 


 

 

 

 

Қаңтар.

Карточка №2.

 

Қыста қайыңды бақылау.

Мақсаты: -қыста ағаштардың өмірдегі ерекшеліктері туралы білім-

                    дерін қалыптастыру;

                    -өсімдіктерге жақсы көзқараспен қарауға тәрбиелеу;

 

Бақылау жүргізу

Қыста қайың тоңбайды, ол тірі болады, бірақ аяздан оның тармақтары мен бүршіктері сынғыш болады, сондықтан оларды қозғауға болмайды. Егер желден сынып қалған тармақты алып, суға салып қойсақ ол жасыл бола бастайды.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Қыста ағаштар өздерін қалай сезінеді?

v Олармен не болады?

v Қыста ағаштар қандай жағдайда болады?

v Сендер қайыңды қалай таныдыңдар?

 

Еңбек: Ауладығы ағаштардың дінін қармен жабу, олар үсіп кетпеу үшін.

Мақсаты: -бірге жұмыс жасауға үйрету;

                  -еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Соқыр теке»

Мақсаты: - Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту;

                   - Сезімталдыққа, төрт түлік малға қамқор боуға тәрбиелеу;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Сымсыз телефон»

Мақсаты: -Ойын барысын түсіндіру;

                   -Сөздік қорын дамыту. Қызығушылықтарын арттыру;

                   -Ұлттық ойынды қастерлеуге тәрбиеле;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -екі аяқпен дұрыс секіруге жаттығу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаңтар.

Карточка №3.

 

Шыршаны бақылау.

Мақсаты: -балаларға шырша ерекшелігінің, оның құрылымын, басқа

                    ағаштардан айырмашылығын айыра білуге бекіту;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Тікен, тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.   /Шырша/.

Шырша пирамидаға ұқсайды, барлық тармағында инелер бар, жапырақ орнына өседі: олар қысқа, үшкір, шаншиды, жасыл түсті. Сұрғылт тартқан қара қабығы бар.

 

Еңбек: Ауладағы қарды жинау.

Мақсаты:  -еңбекқорлыққа баулу;

 

Қимылды ойын: «Ұшақтар»

Мақсаты: -жүгіруге жаттықтыру, тәрбиешінің белгісі бойынша

                  әрекет ету, орындықтан секіру;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Ұйқыдағы аю»

Мақсаты: - Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы;

                   - Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                   -Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Хоккей элементтері.

Мақсаты: -берілген бағыт бойынша шайбаны қақпаға лақтыру үйрету;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаңтар.

Карточка №4.

 

Күннің көзін бақылау.

Мақсаты: -табиғат құбылыстарымен ары қарай танысу, аяз-қыстың

                     бір белгісі екені туралы түсінік беру;

                    -табиғаттың тірі емес нысанына қызығушылықтарын

                     қалыптастыру;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.  (Күн көзі)

Кім байқады күннің көзі таңертең қай жақта болады?Дұрыс, шығыстан, онда күн оянады, ал кешке ол басқа жағында болады – батыстан, онда ол ұйқыға кетеді. Қыста күн жарқырайды, бірақ жылытпайды, кеш тұрып, ерте жатады.

Күн қыста қысқа, түн ұзын.  Күннің көзі «ұясынан» сәл ғана көтеріліп, біраздан соң кешкі ұясына  барып  қонды. Жазда күн ысытады, қыста суытады. Күн қысқа әрі суық .Көлеңке ұзарды.

 Көркем сөз:

Батар күннің атар таңы бар.

 

Еңбек: Аққала жасау.

Мақсаты: - қармен жұмыс істеуге үйрету;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Ақ серек, көк серек»

Мақсаты: - Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                   - Патриоттық сезімге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Хоккей элементтері.

Мақсаты: - берілген бағыт бойынша шайбаны қақпаға лақтыру үйрету;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаңтар.

Карточка № 5.

 

Қарғаны бақылау.

Мақсаты: -қыстайтын құстар туралы ойларын кеңейту, сыртқы түріне

                    қарап айыруға үйрету;

                    -қыстайтын құстарға қамқор болуға тәрбиелеу;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады, сұраққа жауап беруін сұрайды:

Қара түстi қарқылдақ,
Ұшып-қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем iздейдi там-тұмдап.
(Қарға)

v Бұл не, бұл құстың аты қалай?

v Сыртқы түрінің ерекшелігі неде?

v Ол қайда тұрады?

v Немен қоректенеді?

v Оның жаулары бар ма?

Халық айтуы: қарға тұмсығын қанатының астына тықса – аяз болады.

 

Еңбек: Ауланы қардан, қоқыстан тазалау.

Мақсаты: -бастаған істі аяғына дейін аяқтауға, еңбекқорлыққа

                   тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Тышқан мен мысық»

Мақсаты: - Балалармен қимылды ойын түрін ойнау;

                   -Ұйымшылдыққа, шапшаң және шыдамды болуға үйрету;

                   -Денсаулықты сақтауға тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Скакалкадан секіру.

Мақсаты: -қимыл белсенділігін дамыту;

 

 

 


 

 

 

Қаңтар.

Карточка №6.

 

Бозшымшықты (Снегирь)бақылау.

Мақсаты: -қыстайтын құстар туралы, адамдардың оларға қамқор

                    болатыны туралы білімдерін қалыптастыру;

                    -бозшымшықтың тән ерекшелігімен таныстыру;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Бозшымшық ол қандай?

v Немен қоректенеді?

v Қайда қыстайды?

v Адам оған қалай қамқор болады?

v Неге бозшымшық бізге қыстауға келді?

Бұл - бозшымшық. Торғайдан үлкенірек болады.Оның кеудесі қызыл, көгілдір-сұр түсті арқасы, басы мен қанаттары қара түсті. Олар алғашқы қармен ұшып келеді. Бозшымшық әр түрлі ұсақ жәндіктердіағаш тұқымын, бүршігін, жас жапырағын жейді.

Халық айтуы бар: егер бозшымшық терезе жанында безектесе – күн жылынады.

 

Еңбек: Балабақша алаңындағы құстарға жем беру.

Мақсаты: -қыс құстарына махаббатқа, қамқор болуға, аялауға

                   тәрбиелеу;

 

Қимылды ойын: «Қуып жет»

Мақсаты: -бір-біріне соқтықпай жүгіруге жаттығу;

 

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Қардан жасалған тир»

Мақсаты: - Қазақтың ұлттық ойынымен таныстыру;

                    -Ептілікке, мергендікке баулу;

                    -Ұлтжандыққа тәрбиелеу;

 

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -екі аяқпен дұрыс секіруге жаттығу;

 

 

 

 

 

 

 

Қаңтар.

Карточка №7.

 

 

Қар мен мұзды бақылау.

Мақсаты: -тірі емес табиғаттың шынайы түсінігін қалыптастыру;

                    -су қатты күйінде болатын жағдайы (қар, мұз) туралы

                     білімдерін кеңейту;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балалармен тәжірибе жүргізеді, сұрақ қояды: Бір стақанға мұз саламыз, екіншісіне – қар.

v Мұз қандай түсті, ал ұстап көрсек? Оның қасиетін ата?

v Қар қандай түсті, ал ұстап көрсек? Оның қасиетін ата?

v Қар мен мұз неден тұрады?

Енді екі стақанды да жылы жерге қоямыз, біраз уақыттан соң қараймыз, мұз бен қарға не болды?

Көркем сөз:

Көл бетінде жатыр айдын – мұз ойнақ,

Қыстың өзі жасағандай бізді ойнап,

Шаңғы теуіп жарысамыз желменен,

Күнде осында қызықтаймыз біз ойнап.

                                      Мұзафар Әлімбаев

 

Еңбек: Ауланы қардан тазарту.

Мақсаты: -қардың қорғаушы қасиеті туралы ойларын бекіту;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Жапалақтар мен қарлығаштар»

Мақсаты: - Балаларға ойын барысын түсіндіру;

                    -Сөздік қорларын, тілдерін  дамыту;

                    -Құстарға деген аяушылық;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -қарды алысқа лақтыруға үйрету;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаңтар.

Карточка №8.

 

Көгершінді бақылау.

Мақсаты: -құстар туралы ойларын бекіту (немен қоректенеді, қайда

                    тұрады, адам оларды қалай қамқорлыққа алады);

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Біздің аулаға жиі кім ұшып келеді?

v Олар бізге қайдан ұшып келді?

v Олар қайда тұрады?

v Оларға кім тамақ береді?

v Олар не шұқығанды жақсы көреді?

v Көгершін тұратын үйді қалай атайды?

v Көгершіндер жыл құстары ма, қыстайтын құстар ма?

 

Еңбек: Қардан  мүсін жасау.

Мақсаты: -бірге жұмыс жасауға, жасаған жұмыстарынан қуаныш

                   сезімін алуға үйрету;

 

Қимылды ойын: «Ортаға түспек»

Мақсаты: -тез жүгіріп секіруге, ептілікке үйрету;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Ұшты-ұшты»

Мақсаты: - Балаларды аз қимылды ойын түрімен таныстыру;

                   -Сөздік қорын дамыту. Қызығушылықтарын арттыру;

                   -Адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Шаңғы тебу.

Мақсаты: -шаңғыда жүре білуге машықтану;

 

 

 

 

 

 


Қаңтар.

Карточка№9.

 

Қар жинайтын машинаның жұмысын бақылау.

 

Мақсаты: -адам еңбегін жеңілдететін машинамен таныстыруды жал-

                    ғастырып, қоршаған орта білімдерін толықтыру;

                                           

Бақылау жүргізу

Тапсырма: «Ауланы тазалаушының еңбегін қалай жеңілдетсем» деген тақырыпқа шағын әңгіме құрастыру.

Сұрақтар:

v  Бұл машинаның аты  қалай?

v  Ол не істейді?

v  Ол қарды қалай жинайды?

v  Балалар сендер адам еңбегін жеңілдететін тағы қандай машиналарды білесіңдер?

Көркем сөз:

Кәне, кімнің бойы ұзын,

Паровозы ол поездың.

Қатар-қатар тұратың

Поезды біз құрайық.

 

Еңбек: Гүлзарға,ыдысқа түрлі-түсті мұзды қатырып қою.

Мақсаты:-балалардың эстетикалық танымдарын арттыру;

                  -айналаны әсем етіп көріктендіру;

 

Қимылды ойын: «Аңшы мен қоян»

Мақсаты: -нысаңаға  затты лақтырып тигізу, жугіру,

                    өрмелеп жоғары шыға білу;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Аңшылар»

Мақсаты: - ойын барысында аңшылардың кім екенін балалардың

                    естеріне түсіру;

                   -тапқырлыққа баулу;

                   -әр мамандықты құрметтеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -сырғанақ тепкен кезде отыруға үйрету;

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаңтар.

Карточка№10.

 

Қала көшелерін бақылау.

 

Мақсаты: -тәрбиеші көшеде тәртіп сақтау туралы, жол жүру ережесі

                   туралы, көліктердің көптеген түрі туралы білімдерін

                   анықтап, толықтыру;

 

Бақылау жүргізу

Жұмбақтар:

Менің үш көзім бар,

Бір көзім «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді,

Бір көзім «абайла» дейді,

«Қарап ал маңдайға!» - дейді.   (Бағдаршам)

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v  Көшедегі үйлер қандай?

v  Көшедегі көліктер бір бағытта жүре ме, әлде екі бағытта жүре ме?

v  Жүргіншілер қайда, қандай жолмен жүрулері керек?

Көркем сөз:

Менің атым «бағдаршам» мекен жайым тұрақты,

Жақсы білем міндетімді, мүдірмеймін ешқашан.

Жол сілтейтін белгілер бөлінеді төрт топқа.

 

Еңбек: Балабақшаның маңын қардан тазарту.

Мақсаты: -күрекпен жұмыс істеуге, бірлесіп еңбек атқаруға,

                   істі аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету;

 

Қимылды ойын: «Жанады жанбайды»

Мақсаты: тез жүгіруге, шыдамдылыққа жаттықтыру;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Алақан соқпақ»

Мақсаты: - Сөздік қорын дамыту;

                   -Қызығушылықтарын арттыру;

                   -Ұлттық ойынды қастерлеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Мұздың үстімен сырғанай білу.

 

 

 

 

 

 

 

Ақпан.

Карточка№1.

 

Мезгіл өзгерістерін бақылау.

Мақсаты: -табиғаттағы өзгерістерді елестетуін қалыптастыру;

                    -қыс соңындағы тән белгілерін (бірінші тамшы) айыруға

                     үйрету;

                    -қыстың сипаттамасын қабылдай білуге бекіту;

 

Бақылау жүргізу

Қыстың кенже баласы ақпанбысың,

Аспан астың ораған ақ қармысың.

Алай-түлей бораның, аязында,

Әппағым-ау аз –аздан шақтармысың?!

Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

Қуып едім-мойнын бұрмады,

Ұстайын деп едім-қолға тұрмады.   (Боран)

Халық болжамы:

v Қыста бұлт желге қарсы көшсе, көп кешікпей қар жауады.

v Қыста торғай ұясын жылылап, мамық тасыса, аяз қатаяды.

v Ай қораланса, қыс қатты болады.

v Күн көзін бұлт шалса, қыс қарлы, жаз жаңбырлы болады.

Ақпан – бұл уақыт суық соңы, аязды, боранды ай, тосын сыйға және әр түрлі өзгерістерге толы. Ол айда бірінщі тамшы сылдырлайды, ұзын сүңгілер пайда болады.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Қыс айларын атаңдар?

v Ағаш тамырын неге қармен жаптыңдар?

v Ақпанның белгілерін атаңдар?

 

Еңбек: Түрлі-түсті мұздармен ауланы әсемдеу.

Мақсаты:  -ұжыммен жұмыс істеуге үйрету;

                  -эстетикалық талғамдарын дамыту;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Қарақұлақ»

Мақсаты: - Балаларды ұлттық ойынымен таныстыру;

                  -Дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын арттыру;

                  -Тәртіптілікке, әдептілікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылдарды дамыту.

Мақсаты: -сырғанауға жаттықтыру;

                   -сырғанау кезінде отыруға үйрету;

 

 

 

 

 

 

 

Ақпан.

Карточка №2.

 

Талды (Ива) бақылау.

Мақсаты: -қыста талды бақылау (аязда майысқақ бұтақтары сынып

                    қалмау үшін қалай күтуге болады);

                    -ағаш пен бұтаға, тірі нысанға қамқор болуға тәрбиелеу;

 

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Бұл ағаш қалай аталады?

v Оның құрылымын айтыңдар?

v Қыста онда не жоқ? Неге?

v Оларды қыста аяздан қалай қорғауға болады? (Қалың қармен жабу.)

 

Еңбек: Ағаш пен бұталарды қармен жылыту.

Мақсаты: -еңбек етуге құлшылықтарын ояту;

                   -тірі және тірі емес табиғатпен өзара қарымқатынасына

                   тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Белбеу соқ»

Мақсаты: - Ұлттық ойындардың сан түрлігін айту;

            -Шапшандылықтарын, ептіліктерін дамыту;

            -Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Сайыс. Ең әдемі қарлы мүсін.

Мақсаты: -жай затқа ұқсас, қардан жай мүсіндерді жапсыруға үйрету;

 


 

 

 

 

Ақпан.

Карточка №3.

 

Шыршаны бақылау.

Мақсаты: -тірі шыршаға әр түрлі жағдай мен адам көмек немесе

                    залал келтіретінін балаларға көрсету;

 

Бақылау жүргізу

Шырша қылқан жапырақты болса да, оған қауіп төнеді. Қатты жел оның дінін, бұтағын, ағашты тамырымен жерден жұлып алалады. Егер қар аз болса, шырша оның тамыры суық қыста үсіп кетуі мүмкін. Адам шыршаға қауіп келтіре алады, егер оны пышақпен кессе немесе жаңа жыл мерекесіне арамен кесіп алса. Шыршаға көмектесуге болады: дініне қар жабу, оған жылы болсын деп, бұтағы сынып қалмау үшін, ақырын бұтағынан қарды сілку.

 

Еңбек: Шыршаға жылы болсын деп, ағаш дініне қар жабу.

Мақсаты: -өсімдіктерге деген аяушылық сезімдеріне тәрбиелеу;

 

Қимылы ойын: Балаларды шанғымен жүруге үйрету.

Мақсаты: -шанғымен жүруге жаттықтыру, орнында тұрып бұрылу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Орнын тап»

Мақсаты: - Ойын барысын түсіндіру;

                  -Сөздік қорын дамыту;

                  -Қызығушылықтарын арттыру;

                  -Ұлттық ойынды қастерлеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: шапшандылыққа, тез қимылдауға дамыту;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпан.

Карточка №4.

 

Жеңіл көлікті бақылау.

Мақсаты: -көліктерді олардың тағайындалуын қарай (жеңіл, жүк)

                    айыра білуге әрі қарай үйрету;

                   -жүргізуші мамандығына қызығушылықтарын арттыру,

                    жеңіл және жүк көліктерін айруға үйрету;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші қала көшелеріндегі көліктерді бақылауға ұсынады, олардың түрлерін қарауға, әңгіме ұйымдастыру.

v Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

v Автобус не жүк көлігінің жеңіл көліктің қандай айырмашылығы бар?

v Автокөліктің алдында не бар? (Шамдары.)

v Олар не үшін қажет? (Жолды жарық қылу үшін.)

Машинада тағы тұманға қарсы шамдары бар. Олар тұман немесе жаңбыр жауғанда қажет.

v Машинаны кім басқарады? (Жүргізуші.)

v Кез келген адам машинаны басқара алама? (Жоқ.)

Үлкен болып өскенде,

Машина алам мен де.

Бірақ ол үшін әрине,

Оқу керек күнде де.

 

Еңбек:  Белгілі жерге қарды жинау, аула жолдарын қардан тазалау, құстарға жем беру.

Мақсаты: -тазалық пен ұқыптылыққа үйрету;

                   -ұжыммен еңбек етуге білімдерін бекіту;

                   -жануарларға қамқор болуға  тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Ұйқыдағы аю»

Мақсаты: - Балалармен қимылды ойын түрін ойнау;

                   -Ұйымшылдыққа, шапшаң және шыдамды болуға үйрету;

                   - Денсаулықты сақтауға тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Бумнан жүру; орнында тұрып секіру.

Мақсаты: -тепе-теңдікті ұстауға үйрету;


 

 

 

Ақпан.

Карточка №5.

 

Желді бақылау.

Мақсаты: -қыстың бір ерекшелігін – боранды, табиғаттың бір белгісі

                    туралы елестерін қалыптастыру;

                    -жел бағытын анықтауға үйрету;

 

Бақылау жүргізу

Аяз қысып, 
Өрнек сызып. 
Терезені торлайды. 
Қарға омбығып, 
Бет домбығып. 
Сырғанап жастар ойнайды. 
Кейде ұлып, 
Кейде ысқырып. 
Ұйтқып боран соғады. 
Бөбектерім айтыңдаршы ,

Бұл қай кезде болады?

Назар аудару: жел қарды бір жерден екінші жерге ұйытқып айдайды, қарға жерге түсуге бермейді – бұл боран.

 

Еңбек: Сырғанақ жасауға қарды бір жерге үйю.

Мақсаты: -топпен жұмыс жасауға, істеген жұмыстарынан қуаныш алу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Түлкі мен балапандар»

Мақсаты: - Балалармен қимылды ойын түрін ойнау;

                 -Ұйымшылдыққа, шапшаң және шыдамды болуға үйрету;

                 -Денсаулықты сақтауға тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Ойын жаттығулары «Бөренеден жүру».

Мақсаты: -тепе-теңдікті ұстауға үйрету;

 


 

 

 

 

Ақпан.

Карточка №6.

 

Көктеректі бақылау.

Мақсаты: -көктерек туралы білімдерін бекіту, ағаш арасынан айыруға

                     үйрету;

                   

Бақылау жүргізу

Халық болжамы бар, егер көктерек жапырағы жерде бетімен жоғары қарап жатса-қыс суық болады, ал егер бетімен төмен қарап жатса-жылы болады.

Қыс келді, біздің көктерек жапырақсыз тұр, бұтағы аяздан сынғыш. Көктерек бұтағы ащы, бірақ оны ормандағы қояндар кеміруді жақсы көреді. Себебі қыста қояндар аш.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Көктерек қалай қыстайды?

v Бұл ағаш туралы не білдіңдер?

v Көктеректі түріне қарап қалай анықтауға болады?

 

Еңбек: Қарды ағашқа қарай үйю.

Мақсаты: -өсімдіктерге адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Тауық күрес»

Мақсаты: -Қазақтың ұлттық ойынымен таныстыру;

                   -Ойын барысын түсіндіру;

                   -Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: «Допты жоғалтып алма».

Мақсаты: -жаттығуды келісіммен орындауға үйрету;

 


 

 

Ақпан.

Карточка №7.

 

Сүңгіні (сосульки) бақылау.

Мақсаты: -судың әр түрлі қасиеті туралы білімдерін бекіту;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады, сұраққа жауап беруін сұрайды:

Отқа күймейді,
Су
ға шөкпейді.   ұз/.

v Сүңгі неден құралған?

v Мұздың  қандай  қасиеттері сендерге таныс?

Сүңгі – судың қатып қалған тамшысы, мұзға айналған. Олар үйдің күн жағынан құрылған. Неге? Қар еріп тамшы болып ағады, шатырдан түсіп үлгермей қатып қалады.

v Аязды күні сүңгілер өсема әлде кішірейеді ма? Ал күн болғанда?

v Басқа ауламен, сүңгі бар жердің қандай айырмашылығы бар?

v Неге сүңгілер «басымен төмен» өседі? (Тамшы ағындары сүңгімен төмен ағады, ол ұштарын созып, жіңішке болады.)

Егер сүңгі пайда болса – бұл көктемнің жақындағанының бірінші белгісі. Тамшы – көктем мен қыстың күресі.

 

Еңбек: Тәрбиеші жұмысты әркімге бөліп беруге көмектеседі. Бірі қарды жинаса, енді бірі оны тасиды, шанаға артады, ұжым болып бәрі қарды тазалауға қатысады.

Мақсаты: - бір- біріне кедергі жасамай, жұмыс істеуге үйрету;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Аңшылар мен қояндар»

Мақсаты: - Балаларға жыл мезгілдерін естеріне түсіре отырып,

                    ойын барысын түсіндіру;

                    -Есте сақтау қабілеттерін дамыту;

                    -Жануарларды аялауға, күтуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Тәжірибе жасау: мұз бу су (заттың бір түрден басқа түрге айналуы.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпан.

Карточка №8.

 

Қарағайды(сосна) бақылау.

Мақсаты: -қылқан ағаштарының ұқсастығы мен айырмашылығы

                    туралы білімдерін анықтау (қарағай, шырша сияқты мәнгі

                    жасыл, оның да инелері бар, бірақ ұзын);

Бақылау жүргізу

Аппақ қайың қарағай,

Қосылыпты табысып.

Сұлу терек, жасыл желек,

Құшақтасып қабысып.

Қарағайым, жұпар майың,

Жібек жолмен аңқиды.

Қарағай – биік ағаш, діні түзу, бұтағы тек төбесінде. Төменде қарағай қабығы дөрекі және қотыраш, ал жоғары жіңішке. Қарағайдың қылқаншалары ұзын және жіңішке, сондықтан қарағайды қылқанды ағаш деп атайды. Қылқаншалары жұп болып орналасқан. Қарағай тұқымы және қалемшелеу арқылы көбейтіледі.

Тәрбиеші сұрақ қояды:

v Қарағай көрінеді?

v Неге қарағай туралы: «Қысы жазы бір түсті» деп айтады.

 

Еңбек: ауланы қардан тазалу.

Мақсаты: -еңбек етуге, басқаларға көмек көрсетуге тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Көтермек»

Мақсаты: - Балаларды ұлттық ойынмен таныстыру.

                  -Ойын барысын түсіндіру.

                  -Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Ұшты-ұшты»

Мақсаты: -Ойын барысын түсіндіру;

                   -Сөздік қорын дамыту;

                   -Қызығушылықтарын арттыру;

                   -Адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: - екі аяқпен бірдей қарлы жолмен секіру;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпан.

Карточка№9.

 

Жүргінші жолын бақылау.

Мақсаты: -жүргінші жолының бөлігі, жолда жүру ережесі туралы

                    білімдерін қалыптастыру;

 

Бақылау жүргізу

Балалармен жолдың жүргінші бөлігіне шығып олардан сұрау, қай жерден жүргіншімен өтуге тиесіліміз? Естеріне түсіру, оң жақпен жүруіміз керек, соқтығысып қармау үшін, қарсы келгендерді айналып өтпеу үшін. Ескерту, көшеде жай жүріп, жолды тек бағдаршамның жасыл түсіне өту.

Балаларды жүргіншіге жақындатып, сұрау, олар жүргіншінің жолдың осы жерінде екенін қайдан білді? Дұрыс, себебі бұл жерде «Жаяу жүргінші» белгісі тұр және жолда жалпақ ақ сызықтар сызулы.

 

Еңбек: Ауланы қардан тазалау.

Мақсаты: -өз аулаларын қжыммен дұрыстауға тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Жапалақтар мен қарлығаштар» 

Мақсаты: -Балаларға ойын барысын түсіндіру;

                   -Сөздік қорларын, тілдерін  дамыту;

                   -Құстарға деген аяушылық сезімдерін ояту;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -сүйеу адыммен қимылдауға үйрету;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпан.

Карточка№10.

 

                                     Қысқы табиғатқа бақылау.
Мақсаты: -Балаларды табиғат құбылыстарын естеріне түсіріп, бекіту;

                    -Қысқы табиғат әсемдігінен ләззат ала білуге тәрбиелеу;

                    -Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

 

                                                Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста неше ай бар?
- Қазір қай ай?
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Қыста қандай ойындармен ойнайсыңдар?
- Қыста даланың түсі қандай болады?
- Қыста ауа –райы қандай болады?

Ақпан – «ақ ықпа» сөзінен шыққан. Ақпандағы ауа-райы аумалы-тқкпелі, құбылмалы. Ақ ықпа сол мағынаны білдіреді. Біздің данагөй бабаларымыз қаңтар, ақпанға мынадай сипат берген: Қаңтар –аяз айы, ақпан – боран айы. Ақпан тұрақсыз: кейде аяздың беті қайтып, сынады, кейде аспан түнеріп, жапалақтап қар жауады.

Оның бұрқасынды да, шуақты күндері алма кезек.

 

Еңбек: Ойын алаңындағы бұталарды жинау.

Мақсаты: -тазалыққа тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Қуалап соқ»

Мақсаты: -Балаларға ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнін түсіндіру;

                    -Жігерліктерін, аяушылық сезімдерін дамыту;

                    -Ұлттық ойындарды  қастерлеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: «Ұзын жолмен»

Мақсаты: -қарлы жолдан жүгіріп, мұздан жүгіруге үйрету;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз.

Карточка №1.

 

Мезгіл өзгерістерін бақылау.

Мақсаты: -жыл мезгілдерінің ауысуы туралы түсініктерін қалып-

                    тастыру, әр мезгілдің ерекшелігін елестету;

 

Бақылау жүргізу

Жасыл көктем келеді,

Самал беттен өбеді.

Көкте бұлттар көбейсе,

Мөлдір тамшы төгеді.

Наурыз – көктемнің бірінші айы. Бірақ қараңдаршы: қар жауып тұр, жел ағаш бұталарын тербеп тұр.Бәрі қыстағыдай, қыс артта қалғанына әлі сенгісіз. Көктем бірақ жақындады. Күн таңертең ертен сағат 7 шығып, кешкі сағат 8 таман батады, күн 5 сағатқа созылды.

21 наурызды – көктемгі күн мен түн тенеледі. Ары қарай күн ұзарып, түн қысқара бастайды.

Наурыз-бұл көктем жарығы. Көктемде таңертеңнен бұлттар ашылып, күннің көзі шығып ашық қар жерін жарқыратады.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Көктем ерекшеліктерін атаңдар?

v Казір қандай ай?

v Көктемде қарға не болады?

v Көктемде адам өмірі қалай өзгереді?

 

Еңбек: Ауладағы қарды жинау.

Мақсаты: -еңбек ете білуге қалыптастыру;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Атқаума»

Мақсаты: -Балаларды ойын барысымен таныстыру;

                   -Эстетикалық мәдениетін дамыту;

                   -Еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -жылдамдықпен жүгіру, қашықтыққа секіру техникасын

                    жетілдіру;

 

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз.

Карточка №2.

 

Торғайды бақылау.

Мақсаты: -таныс құс – торғай туралы білімдерін жүйелеу және

                    анықтау;

                    -сөздік қорларын торғай туралы көркем сөзбен байыту; 

                    -есте сақтау және назарларын іске қосу;

                    -көктем келуімен  құстардың өзгерістерін көруге үйрету;

 

Бақылау жүргізу

Шыр-шыр еткен торғайды

Қорғамасаң, болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

Тәрбиеші сұрақ қояды:

v Торғай өмірінде көктем келісімен қандай өзгерістер болды?

v Торғай қайда тұрғанды жақсы көреді – орманда ма, әлде адам жанында ма? Неге?

v Торғайлар неден қорықады?

v Адамдар құстарға қалай қамқор болу керек?

 

Еңбек: Бақшаны қоқыстан жинастыру.

Мақсаты: -еңбекқорлыққа, үлкендерге көмектесуге тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Қыз қуу»

Мақсаты: -Балаларды ұлттық ойын түрімен таныстыру;

                   -Қазақ халқының ойынын ары қарай жетілдіріу дамыту; 

                   -Икемділікке, шапшандылыққа, төзімділікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -бөренеден жүргенде тепе-теңдікті ұстауға үйрету;

 

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз.

Карточка №3.

 

Талды бақылау.

Мақсаты: -көктем уақытында ағаштардың ерекшелігімен таныстыру

                    (олар қандай жағдайда болады);

                    -ең бірінші оянатын ағаштарға назарларын аудару;

 

Бақылау жүргізу

Наурызда-сәуірде талда бұталары бүршік ата бастайды, сыртқы қабығын атстап, сырғалары ашық-сары, балапанға ұқсас. Гүлдері  үлпілдек шаштарымен жабық, нектариндарын жаңбыр мен суықтан қорғайды. Аралар талда бал нектарларын жинағанды жақсы көреді. Тікжапырақ талды халық арасында верба деп атайды.

 

Еңбек: Ауладағы қоқыстарды жинау.

Мақсаты: -бірге еңбектенуге тірбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Соқыр теке»

Мақсаты: -Балаларды ұлттық ойын түрімен таныстыру;

                   -Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту;

                   -Сезімталдыққа, төрт түлік малға қамқор боуға тәрбиелеу;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Сақина жасыру»

Мақсаты: -Ойын барысын түсіндіру;

                   -Сөздік қорын дамыту;

                   -Қызығушылықтарын арттыру;

                   -Ұлттық ойынды қастерлеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Доппен жаттығу.

Мақсаты: -допты жоғары лақтырып, екі қолмен ұстай білуге үйрету;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз.

Карточка №4.

 

Аула жинаушының жұмысын бақылау.

Мақсаты: -танымдық іс-шараларын іске қосу;

                   -еңбек әрекетінің орындылығын көруге дамыту;

                   -еңбек нәтижесін бағалауға үйрету;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Ағаштарды кім қысқартады?

v Ол қандай бұталарды қысқартады және немен? (Арна қайшы – секатор.)

v Ағаш пен талдарды қандай мақсатпен қысқартады? (Пішін беру, артық және ауру бұталардан босату.)

v Неге мамандық – аула жинаушы деп аталады?

 

Еңбек: Аула жинаушы қысқартқан бұтақтарды белгілі жерге жинастыру.

Мақсаты: -бірге жұмыс істеуге, жалпы күшпен мақсаттың орындалуын қол жеткізуге үйрету;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Аударыспақ»

Мақсаты: - Балаларды ұлттық спорт ойынымен таныстыру;

                   -Балалардың күштерін сынау;

                   -Спортқа деген қызығушылықтарын дамыту;

                   -Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;

 

Қимылды ойын: «Қарға мен торғай»

Мақсаты: -балаларды белгі беру арқылы әрекет етуге, кеңістікте бағ-

                    дарлауға үйретуге жалғастыру;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -затты алысқа лақтаруға дағдыларын бекіту;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз.

  Карточка №5.

 

Жеңіл автокөлікті бақылау.

Мақсаты: -автокөлікті өз тағайындалуымен айыруға жалғастыру,

                    басқа да көлік түрімен салыстыру;

                    -байқағыштығын дамыту;

                    -адам еңбегіне жағымды көзқараспен қарауға тәрбиелеу;

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші автокөліктерге бақылау жүргізеді, көшедегі қозғалысты, балаларға естеріне түсіруін ұсынады, бұл қандай көлік түрі, сұрақ қояды:

v Неге ол солай аталады?

v Қандай автокөліктерді білесіңдер?

v Адамдарды қандай автокөліктер тасиды?

v Жеңіл көлік пен автобустың қандай айырмашылығы бар?

v Оларда не жалпы?

v Машинаны кім жүргізеді?

 

Еңбек: Ауланы қоқыстан тазалау, былтырғы жапырақтарды жинау.

Мақсаты: -аулады тазалықты ұстауға үйрету;

                  -бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Теңге ілу»

Мақсаты: - Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы;

                  - Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                  -Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Қуыр-қуыр қуырмаш»

Мақсаты: -Балаларды саусақ аттарын атауға үйрету;

                   -Ойын ережесімен таныстыру;

                   -Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

                   -Төрт түлікті қастерлеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Орнында тұрып жоғары секіру.

Мақсаты: -күштерін жинақтау, күш пен жылдамдықты дамытуға үйрету;

 

 


 

Наурыз.

Карточка №6.

 

Мұз сүңгісін бақылау.

Мақсаты: -судың қасиетімен әр түрлі күймен таныстыру;

                    -экологиялық ойлауды дамытуға жетілдіру;

 

Бақылау жүргізу

Балалар, назар аударыңдар, сүңгілер үйдің күн жағынан шығады. «Тамшы» сөзі қайдан шықты? Тыныш тұрып, тыңдаңдар, тамшылар қалай тамады.

Әр бала сүңгіні қарасын, қолымен ұстап көрсін, анықтасын, ол қандай-тегіс па, тегіс емес па т.б. Балаларға қоршаған ортаға мұз сүңгісінен қарауға ұсыну. Не көрінеді? Мөлдір ма, жок па? Мұз сүңгісі неге ұқсас? Балалар өз ойларын айтсын: неге ол осындай пішінді, қалай үшкір болады? Неге сүңгілер ұшымен төмен «өседі»? (Тамшы сүңгімен  аққанда, төмен түседі, ол созылған сияқты, ұшы жіңішке болып қалады.)

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Жоғарыдан төмен не өседі?  (Сүңгі.)

Болжам бар: ұзын сүңгі болса – көктем ұзақ болады.

 

Еңбек: еріген суды дайындау, үй өсімдіктерін суару үшін.

 

Ұлттық қимылды ойын: «Арқан тарту»

Мақсаты: -Балаларға қазақ халқының әдет-ғұрыпымен,

                    салт-дәстүрімен таныстыра отырып, ұлттық ойын 

                    түрімен танысу;

                   -Эстетикалық мәдениетін дамыту;

                   -Еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Асық тасу»

Мақсаты: -Балаларды асық ойынының бір түрімен таныстыру;

                   - Ептіліктерін, ойынға қызығушылықтарын дамыту;

                   -Ұжымшылдыққа тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -шыдамдылықтарын дамыту;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз.

Карточка №7.

 

Балабақша ауласындағы құстарды бақылау.

Мақсаты: -құстарды қауырсынынан, көлемінен, дауысынан айыра

                   білуге үйрету;

                   -байқампаздығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

                   -құстарға эмоциялы-жағымды көзқарасқа тәрбиелеу;

 

Бақылау жүргізу

Көлде аққу, көкте қаз,

Орманда бұлбұл сайраған.

Көптен күткен көктем кеп,

Құлпырып дала жайнаған.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Біздің аулаға қандай құстар ұшып келеді?

v Сендер оларға қалай көмектесесіңдер?

v Құстарқандай пайда әкеледі?

v Олардың өңі қандай?

v Немен қоректенеді?

v Көктемде құстар өмірінде қандай өзгерістер болады?

v Құстар өз ұрпақтарына қалай қамқор болады?

v Сендер тағы қандай құстарды білесіңдер?

 

Еңбек: Аула жолдарына құм себу.

Мақсаты: -еңбекке оң көзқараспен қарауға тәрбиелеу;

                   -кішілерге көмек көрсетуге үйрету;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Орамал тастамақ»

Мақсаты: -Балаларды ойын барысымен таныстыру;

                   -Эстетикалық мәдениетін дамыту;

                   -Еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Орнынан жоғары секіру.

Мақсаты: -секіруге, күш пен шапшандылықты дамыту;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз.

Карточка№8.

 

Ауаны бақылау.

Мақсаты: -ауаның қандай қасиеттерінің бар екенін анықтау (түссіз,

                    мөлдір, иіссіз).

 

Бақылау жүргізу

Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.

Ол не?   (Ауа)

Балалар, ауа қай жерде жақсы – орманда ма, әлде қалада ма?

Орман ауасы тек пайдалы ғана емес, ол емдік те. Қалада ауа мүлде басқа: ол бензин аңқиды, түтін мен шаң бөлшегімен ластанған. Бұл ауа адам мен өсімдіктерге зиян келтіреді.

Ойландаршы, қалада ауа қай кезде жаңарып, таза болады? Жаңбырдан соң не қар жауғаннан кейін. Жаңбыр тамшылар мен қаршалар тазартып, ауаны жуады, шаң мен түтінді алып кетеді.

Адамдар қала ауасын тазарту үшін не істейді? (адамдар қалада ағаш отырғызады, әсіресе терек ауаны жақсы тазартады).

 

Еңбек: Былтырғы жапырақтарды жинап, жолдарды тазарту.

Мақсаты: -еңбек еткенде тазалық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Қырықаяқ»

Мақсаты: -Ойын балалардың қимыл бірлестігіне,

                   коллектившілдікке, жауапкершілікке, ұйымшылдықка

                   тәрбиелейді;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Хан алшы»

Мақсаты: -Балаларды асық түрлерімен, асық атауларын таныстыру;

                   -Асық түстерін атау. Ептілікке, мергендікке баулу;

                   -Ұлтжандыққа тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Түзу сызықпен.

Мақсаты: велосипед тебуга үйрету;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз.

Карточка №9.

 

Сауысқанды бақылау.

Мақсаты: -Сауысқан құсына қызығушылықтарын ояту;

                   -құсты қауырсыны мен оның шығаратын даусынан тануға

                    үйрету;

                   -құстарға қамқор болуға тәрбиелеу;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Ала шапан кигені,

Сескенгіш болған соң.

Қыпылықтап жүргені.   (Сауысқан)

v Бұл қандай құс, ол қандай?

v Сауысқан ұя салама, неге?

v Көктемде құстарда қандай тіршілік бар?

v Өз ұрпақтарын қалай қорғайды?

v Сауысқан қандай дыбыс шығарады? (Ча-ча-ча.)

 

Еңбек: Сырғанақ жолдарға құм себу.

Мақсаты: -достарына, үлкендерге қамқор болуға тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Қуалап соқ»

Мақсаты: -Балаларға ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнін түсіндіру;

                    -Жігерліктерін, аяушылық сезімдерін дамыту;

                    -Ұлттық ойындарды  қастерлеуге тәрбиелеу;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Көтермек»

Мақсаты: -Балаларды ұлттық ойынмен таныстыру;

                    -Ойын барысын түсіндіру;

                    -Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: жіңішке жолмен жүгіруге жаттықтыру;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз.

Карточка №10.

 

Жеңіл автокөлікті бақылау.

Мақсаты: -жеңіл автокөлікті жүк көлігінен айыруға үйретуді

                    жалғастыру;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Төрт аяқты дөңгелек,

Терезесі, есігі бар.   (Жеңіл машина.)

v Жеңіл машина қандай?

v Жүк машинасынан қандай айырмашылығы бар?

v Жеңіл автомашинаның қандай түрлерін білесіндер?

v Жеңіл автомашинаны басқаратын адамды, жүргізуші немесе шофер дейді ма?

 

Еңбек: Бақшада ұжыммен еңбек ету.

Мақсаты: -бақшада жұмыс істеу дағдыларын бекіту;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Киіз үй»

Мақсаты: -Балалардың киіз үй туралы түсініктерін кеңейту;

                   -Киіз үй бөліктерімен таныстыру;

                   -Ойлау, есте сақтау, сөздік қорларын дамыт;

                   -Қазақ халқының ұлттық ойындарын қадірлеуге тәрбиелеу;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Қармақ»

Мақсаты: -Ұлттық ойынды дұрыс ойнауға, ойын барысын дұрыс

                    түсіндіріп, үйрету;

                    -Балалардың байқампаздығын, шапшандылығын дамыту;

                    -Әр мамандықты сыйлауға тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -допты жоғары лақтырып, екі қолмен ұстауға жаттықтыру;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәуір.

Карточка №1.

 

Мұз кетуін бақылау.

Мақсаты: -тірі емес табиғаттағы мезгіл өзгерісін елестетіп, қалыптас-

                    тыру;

                    -температураның өзгеруіне байланысты мұздың суға айна-

                    луын туралы ойларын бекіту;

 

Бақылау жүргізу

Өзеннің күйін белгілеу: мұз бен қардың қабаттасуы; жылымдар, судың тазарған телімдерінен мұздар жүзіп барады; судың, мұздың түсі. «Мұз кету» сөзін түсіндіру.

v Сендер өзенге бара жатып, орманда не көрдіңдер, естеріңе түсіріңдер?

v Балабақша ауласында көктемнің қандай белгілерін байқадыңдар?

v Қыс пен көктем өзенде қалай «күреседі»?

Халықта айтқан: «Үшінші қылқан түссе, екі жетіден кейін өзен жүреді – мұз кетеді».

 

Еңбек: Қысқы қоқыстар ауланы тазарту.

Мақсаты: -еңбектене білуге қалыптастыру;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Қармақ»

Мақсаты: - Ұлттық ойынды дұрыс ойнауға, ойын барысын дұрыс

                   түсіндіріп, үйрету;

                  -Балалардың байқампаздығын, шапшандылығын дамыту;

                  -Әр мамандықты сыйлауға тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -қарапайым туризм дағдыларына үйрету;

                  -жүру дағдыларын бекіту, әр түрлі кедергіні жеңу;

                  -секіру ырғағы қадағалау;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәуір.

Карточка №2.

 

Тоқылдақты бақылау.

Мақсаты: -түр әлпетінің ерекшелігін,құс әдетімен тіршілік ету аймағы

                     туралы білімдерін кеңейту;

                    -құс өмірі туралы шындықты қалыптастыру;

 

Бақылау жүргізу

Тоқылдатып, мазаны ап
Тұмсығымен шоқып қап,
Ағаштарды емдейді
Емші атанған тоқылдақ.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Тақылдатып, мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейді, зиянкесті тазалар.
(Тоқылдақ)

v Тоқылдақ қайда қыстайды?

v Ерте көктемде тоқылдақ немен қоректенеді? (Қайың шырынымен)

v Жәндіктерді ағаш қабығынан алуға не көмектеседі?

v Тоқылдақ ұясын қалай құрайды?

v Тоқылдақты сипатта? Тоқылдақты неге «орман дәрігері» деп атайды?

 

Еңбек: Ауланы қалған қардан, қоқыстан тазалау.

Мақсаты: -ауладағы тазалаққа, ұқыптылыққа үйрету;

                   -достыққа тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Тауық күрес»

Мақсаты: -Қазақтың ұлттық ойынымен таныстыру;

                   -Ойын барысын түсіндіру;

                   -Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -орнында тұрып секіру, оңға, солға, өзін айнала секіруге

                    жаттықтыру;

 


 

 

Сәуір.

Карточка№3.

 

Көктеректі бақылау.

Мақсаты: -көктерек туралы білімдерін бекіту;

                    -жана құбылыс – бүршікпен таныстыру;

 

Бақылау жүргізу

Көктемнің жылы күн көзі жасыл көктерек дінін жылытты. Бүршіктерінен жылтыр қоңыр қақпасы ұшып, жұмсақ сырғалары өсе бастады. Одан соң жасыл жапырақтары шыға бастайды.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады, сұрақ қояды:

Ешкім шошытпайды, бірақ дірілдейді.  (Көктерек.)

v Көктемде жапырақ шыққанға дейін ағашта не шығады?

v Ағаш жапырақтары неге дірілдейді, естеріңе түсіріңдер?

 

Еңбек: Ауланың жолдарын сыпыру, былтырғы жапырақты жинау.

Мақсаты: -еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Допты қуып жет»

Мақсаты: -Балаларды қимылды ойын түрімен таныстыру;

                   -Тез жүгіруге, түстерін ажырата білуге баулу;

                   -Адамгершілік әдептерін игеруге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Сызықтан лақтыр.

Мақсаты: -затты лақтыруға жаттықтыру;

                   -жылдамдықты дамыту;

 

 

 

 


 

 

 

Сәуір.

Карточка №4.

 

Кепкен жерлерді бақылау.

Мақсаты: -табиғаттағы мезгіл өзгерістерін бақылауға үйрету;

                   -тірі емес табиғағы болып жатқан өзгерістер туралы білім-

                    дерін қалыптастыру;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Көктемгі табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?

v Сендер өздерің нені бақыладыңдар?

v Көктем келгеннен қар қалай өзгерді?

v Қай жерлерде сендер кепкен жерлерді көрдіңдер?

v Неге барлық жер кепкен емес?

 

Еңбек: Ауланы қардан кейін жинау.

Мақстаы: -тазалық пне ұқыптылыққа үйрету;

                  -әдемі сезімге тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Ат жарыс»

Мақсаты: - Балаларға қазақ халқының әдет-ғұрыпымен, салт-

                    дәстүрімен таныстыра отырып, ұлттық ойын түрімен

                    танысу;

                   -Эстетикалық мәдениетін дамыту;

                   -Еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -шапшан болуға дамыту, жаттықтыру;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәуір.

Карточка №5.

 

Желді бақылау.

Мақсаты: -мезгіл өзгерістері туралы ойларын бекіту;

                    -жел оның қасиеті туралы түсінік беру;

                   -жел бағытын анықтау;

 

Бақылау жүргізу

Жел – ауа қозғалысы. Ол көрінбейді, бірақ жел соққаннан белгілі, зат қозғалысы (ағаш қозғалады, жапырақтар ұшады, қағаз т.б.). Жел өсімдіктің тозаңдануына көмектеседі, тұқым тарауына, желкенді яхтаның қозғалуына. Адамға ыстықты көтеруге көмектеседі (жел соқса- дем алуға жеңіл.) Біруақытта қатты жел дауыл, ... адам үйінің қирауына , теңіз кемелерінің қирауына әкеп соғады.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Аяқсыз жетіп барады,

Қолсыз есік қағады.   (Жел)

 

 

Еңбек: Жолдарды тазарту.

Мақсаты: -еңбек етуге тәрбиелеу;

 

Қимылды ойын: «Желден тез»

Мақсаты: -тез жүгіруге, мінуге дағдыларын дамыту;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Түйілген орамал»

Мақсаты: -Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы;

                    -Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                    -Патриоттық сезімге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: «Алысқа секір»

Мақсаты: -жүгіріп келіп қашықтыққа секіру;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәуір.

Карточка №6.

 

Қайыңның бүршіктерін бақылау.

Мақсаты: -қайың ағашымен оның көктем жыл мезгіліндегі

                   Ерекшелігімен  таныстыруға жалғастыру;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші жұмбақ жасырып, балаларға сұраққа жауап беруін сұрайды:

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүл жазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)

v Жұмбақта қай жыл мезгілі туралы айтылған?

v Көктем белгілерін атандар?

v Бұл қандай ағаш?

v Бүршіктерге не болды?

v Көктемде ағаштар қандай жағдайда болады? (Оянады.)

 

 

Еңбек: Топтағы өсімдіктерге еріген су дайындау; қоқыстан ауланы жинау.

Мақсаты: -әр баланы еңбек әрекетінне қатысуын қадағалау;

 

 

Ұлттық қимылды ойын: «Көтермек»

Мақсаты: -Балаларды ұлттық ойынмен таныстыру;

                   -Ойын барысын түсіндіру;

                   -Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: «Бос орын», «Жалаудың артына лақтыр».

Мақсаты: -тез жүгіре білуге үйрету; дәл көздеулерін дамыту;

 

 

 


 

 

 

Сәуір.

Карточка №7.

 

Қаратамақ бақылау.

Мақсаты: -қаратамақ, сыртқы көрінісі, қошаған ортасымен таныстыру;

 

Бақылау жүргізу

Қаратамақ – сымбатты да әсем құс. Арқасы мен бүйірі сұр, іші ақ, кеудесінің жоғарғы, қанаты мен құйрығы қара. Көктемде ерте ұшып келеді,  өзен мен көл жағасына салам мен жіңішке таяқшалардан ұя салады, жұмсақ төсейді. Тірі жеммен қоректенеді.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Қаратамақты сипаттандар?

v Немен қоректенеді?

v Біздің аймаққа қашан ұшып келеді

v Өз ұрпағына қалай қамқор болады?

v Көктемді құстар немен босамайды?

Құс ұясын бұзбаңдар,

Балапанын алмандар.

Құстар біздің досымыз,

Обалына қалмандар.

 

 

Еңбек: Тұқым себуге бақшадағы орындарды дайындау.

Мақсаты: - еңбекқорлықты қалыптастыру, бастаған істі аяғына дейін

                   аяқтауға үйрету;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Алакүшік»

Мақсаты: - Ойын балалардың таза ауада дем алуларына жүгіруге,

                    жылдамдыққа, тез шешім қабылдай білуге, сергектікке

                    үйретеді;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -допты дәлдеп лақтыруға үйрету;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәуір.

Карточка №8.

 

Күн көзін бақылау.

Мақсаты: -мезгіл өзгерісіндегі өсімдік пен жануар әлеміндегі өмірі,

                    тірі мен тірі емес табиғаттағы күн көзінің әсер етуі;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші  балаларға жұмбақ жасырады:

Төбесінде даланың

Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ –Жүреді,
Езуі жоқ –Күледі. (Күн)

Ауа-райын анықтайтын ең маңызды факторы күн көзі болып табылады, өмірдің қайнар көзі, жарық пен энергиясы. Көктемді күннің көзі жоғарыға көтеріледі, жерді жылытады, сондықтан ауа-райыда жылы болады.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Сендер серуеннен оралғанда, күн көзінің қай жақта екенін байқайсындар ма?

v Көктемнің келгенін сендер сезесіндер ма?

v Күннің көзі ұзақ және жарық болып жарқырап тұрғанда, өсімдіктерге не болады?

 

Еңбек: Жолдарды қоқыс пен қардан тазалау.

Мақсаты: -бір-біріне көмектесіп, жұмыла жұмыс істеуге сезімдерін

                    дамыту;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Хан алшы»

Мақсаты: - Балаларға қазақ халқының әдет-ғұрыпымен,

                     салт-дәстүрімен таныстыра отырып, ұлттық ойын

                     түрімен танысу;

                    -Эстетикалық мәдениетін дамыту;

                    -Еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: - допты дәлдеп лақтыруға үйрету;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәуір.

Карточка №9.

 

Теректі бақылау.

Мақсаты: -ауладағы ағаштармен таныстыруды жалғастыру;

                   -көктемдегі теректің сыртқы көрінісін елестетуге қалыптас-

                    тыру;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларды ағаш жанына апарып, сұрақ қояды:

v Бұл ағаш қалай аталады?

v Қайдан білдіңдер?

v Теректің қандай бөліктері сендерге таныс?

Көктемде теректе ірі бүршіктер іседі. Жабысқақ қабыршығы жерге түскен кезде, жылтыр иісті жапырақ ашылады. Таңертең ағаш жапырақсыз болса, түсте жапырағы ашылады. Теректі басқа ағаштарға қарағанда көбіне жиі қалада отырғызады, себебі олар ауаны, шаңды, түтінді тазартады. Олар тез өседі.

 

Еңбек: Таяқтарды, сынған бұтақтарды жинау.

Мақсаты: -еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру, жұмысты таза

                   істеуге тәрбиелеу;

 

 

Ұлттық қимылды ойын: «Қуалап соқ»

Мақсаты: - Балаларға ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнін түсіндіру;

                   -Жігерліктерін, аяушылық сезімдерін дамыту;

                   -Ұлттық ойындарды  қастерлеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Велосипед тебу:

   -түзу жүруге;

   -қисық жолдан;

   -әр жылдамдықта;

Мақсаты: -қимыл қозғалыстарын дамыту;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәуір.

Карточка №10.

 

Ауа-райын бақылау.

Мақсаты: -көктемгі табиғаттағы өзгерістер Жердің Күннен  айналуы-

                    мен байланысты екені туралы елестерін қалыптастыру;

                    -табиғаттағы мезгіл өзгерістері туралы білімдерін дамыту;

 

Бақылау жүргізу

Жасыл көктем келді,

Самал беттен өбеді.

Көкте бұлттар көбейсе,

Мөлдір тамшы төгеді.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады:

 Күн ұзарып қар еріп,
Су сайларға толады,
Бұл қай кезде болады?     (Көктем)

v Көктем келісімен не өзгерді?

v Аспанда не пайда бола бастады?

v Бақшада не өзгерді?

v Сендер қалай ойлайсыңдар, қар неге барлық жерде еріген жоқ, ал кішкене бөліктермен еріп жатыр?

 

Еңбек: Жолдарды сыпыру.

Мақсаты: -өз еңбектерінің жемісін көруге үйрету;

                   -ұжымда жұмыс істеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Атқаума»

Мақсаты: -Балаларды ойын барысымен таныстыру;

                   -Эстетикалық мәдениетін дамыту;

                   -Еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -табиғатты аялауға тәрбиелеу;

                   -секіру мен жүгірудегі білімдерін жетілдіру;

 

 


 

 

Мамыр.

Карточка №1.

 

Мамыр заузасын бақылау.

Мақсаты: -мамыр заузасының сыртқы келбетіннің ерекшелігі туралы

                    білімдерін кеңейту;

                    -барлық тірі ағзаларға қамқор болуға тәрбиелеу;

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Қарайып ұшты қарғадай, 
Бармаған жері қалмады-ай. 
Жерге түсті, ін қазды, 
Аяғымен тырмалай. 
( Қоңыз ) 

Тәрбиеші сұрақ қояды:

v Мамыр заузасын сипаттандар?

v Ол қалай жүреді?

v Мамыр заузасы қайда тұрады?

v Мамыр заузасы немен қоректенеді?

v Неге мамыр заузасын орман мен бақшалардың зиянкестері деп атайды?

v Мамыр заузасы қайда қыстайды?

Мамыз заузасы ірі, қоңыр тегіс жаңғаққа ұқсайды. Мамыр заузасы қауіпті зиянкестер. Әсіресе, олардың личинкасы зиянды: олар жер астында тұрады және өсімдік тамырларымен қоректенеді. Мамыр заузасының личинкасы 3-4 жыл өмір сүреді. Көктемді олар жұмыртқа салып, тез арада өліп қалады.

Мамыр заузаларында табиғатта жаулары бар: жарқанат түнде ұстайды, жапалақ, ал қарға, қараторғай, ұзақтар олардың жер астындағы личинкаларын жояды.

Орман зиянкестерінен түлкі, аю, кірпілер көмектеседі – олардың барлығы личинка мен заузаларды жегенді жақс көреді.

 

Еңбек: Асбұршақ тұқымын отырғызу.

Мақсаты: -асбұршақ тұқымын отырғызу дағдыларын қалыптастыру; 

                  -еңбек етуге қызығушылықтарына тәрбиелеу;

Ұлттық қимылды ойын: «Бөрік жасырмақ»

Мақсаты:  -Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы;

                    -Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                    - Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мамыр.

Карточка №2 .

 

Гүлзарды бақылау.

Мақсаты: -гүлдің өсіп дамуын бақылауға жалғастыру;

                   -өсімдіктерді күтіп, суаруға, арам шөптерін жұла білуге

                    білімдерін бекіту;

 

Бақылау жүргізу

Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер, 
Қызыл гүлдер, көк гүлдер 
Жайнар кезім келді деп. 
Қанаттарың желбіреп, 
Таңмен бірге оянып 
Күн нұрына боянып
Көрік бердің далаға

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Балалар біз еккен гүл қалай аталады?

v Біздің тұқым өсу үшін, біз не істеуіміз керекпіз?

v Неге кейбір өсімдіктерді біржылғы, екіжылғы және көпжылғы деп атайды?

 

Еңбек: Гүлдер отырғызу.

Мақсаты: -тәрбиешінің берген ттапсырмасын орындауға, топпен

                   жұмыс жасауға қалыптастыру;

                   -өсімдіктің өсуі мен дамуы туралы білімдерін бекіту;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Бес табан»

Мақсаты: -Асық түрлерімен, асық атауларын таныстыру;

                   -Асық түстерін атау;

                   -Ептілікке, мергендікке баулу;

                   -Ұлтжандыққа тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Шеңберге тигіз.

Мақсаты: -5-9 м. жерден алысқа, шеңберге тигізе білуге үйрету;

                 -қимыл координациясын жетілдіру;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мамыр.

Карточка №3.

 

Қанқызды бақылау.

(Божая каровка)

Мақсаты: -қанқыздың сыртқы келбетінің ерекшелігі туралы

                    білімдерін кеңейту;

                   -барлық тірі ағзаға өздерінің қамқорлығын көрсетуге

                    тәрбиелеу;

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Қанқызды сипаттандар?

v Ол қалай жүреді?

v Қанқыз нелерді аулайды?

v Олар қайда тұрады?

v Қанқыз қандай пайда әкеледі?

v Қайда қыстайды?

Қанқыз – жәндіктерге жатады, қаттықанаттыларға  жататын жыртқыштар тұқымдасының аралас қоректі қоңыздарының бір түрі. Қанқыз жер шарында кең тараған. Олар тек есейген кезеңінде ғана емес, дернәсіл кезеңінде де жыртқыштық тіршілік етеді. Дене тұрқы 3 – 7 мм, арқа жағы дөңесті, бауыр жағы тегіс, пішіні дөңгелек, реңі қызыл не сары күңгірт дақты келеді. Оның қорегі –жас өсімдіктің сөлін соратын қарапайым кішкентай жәндік – өсімдік биті. Міне , қанқыз сол өсімдіктердің биттерін іздеп тауып , бірінен соң бірін жей береді. 

Қанқыз ағаш қабығының астында, қуысында, жерге түскен жапырақ арасында, т.б. жерлерде қыстайды. 

 

Еңбек: Қураған ағаштарды жинау.

Мақсаты: -еңбек етуге, тапсырманы орындағанда жауапкершілікке

                   тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Орын тап»

Мақсаты: - Балаларды аз қимылды ойын түрімен таныстыру;

                   -Ойын барысын түсіндіру. Сөздік қорын дамыту;

                   -Қызығушылықтарын арттыру;

                   -Ұлттық ойынды қастерлеуге тәрбиелеу;

 

 

 

 

 

 

 

Мамыр.

Карточка №4.

 

Бақ-бақты бақылау.

Мақсаты: -танымдық белсенділіктерін дамытып, емдік өсімдіктерді,

                    оларды дұрыс жинауға, қолдануға елестерін қалыптастыру;

 

Бақылау жүргізу

Үлбіреген бақ-бақ,
Үлпілдеген аппақ.
«Уф», – десем бақ-бақ,
Ұшасың ғой қаптап.

Бақ-бақ күннің көзі деп атайды, себебі, оның гүлі сар түсті, дөңгелек және күннің көзіне ұқсас. Ең бірінші жасыл бүршік пайда болады , содан соң сары гүлге ашылады, содан кейін, күлтенің орнына ақ мамық шығады – қолшатырлар, жел гүл тұқымын әр жаққа шашады.

Бақ-бақ емдік – көпжылдық шөптес өсімдік, біздің еліміздің барлық жерінде өседі. Тамыры шикізат болып табылады. Тамыр тұнбасы тәбет тартатын және асты қорыту үшін қолданады. Тмыр мен тамыршаларын әбден тіскесін, тұқым төккесін дайындауға болады, тамыр мен тамырша бөліктерін өсімдіктін қайта өсуіне жерде қалдыру керек.

 

Еңбек: Алаңдағы сынған бұтақтарды жинау.

Мақсаты: -еңбекке оң көзбен қарауға тәрбиелеу, тапсырма берген

                  кезде жауапкершілккке үйрету;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Киіз үй»

Мақсаты: -Балалардың киіз үй туралы түсініктерін кеңейту;

                   -Киіз үй бөліктерімен таныстыру;

                   -Ойлау, есте сақтау, сөздік қорларын дамыту;

                   -Қазақ халқының ұлттық ойындарын қадірлеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Орынында тұрып секіру.

Мақсаты: -секіргіштігін, күштерін дамыту;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мамыр.

Карточка №5 .

 

Сары масаны бақылау.

Мақсаты: -сары масының сыртқы келбетіннің ерекшелігін сипаттау;

                   -табиғат туралы шынайы елестерін қалыптастыру;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұраққа жауап беруін сұрайды:

v Сары масаны сипаттаңдар?

v Ол қалай қозғалады?

v Сары масада құлақ бар ма?

v Олар немен қоректенеді?

v Неге өзен, батпақ, жанында сары маса көп болады?

v Сары масаны неге зиянды жәндік деп атайды?

v Сары масаның қандай жаулары бар?

v Сары маса туралы қандай жұмбақ, ертегілер білесіңдер?

Сары масаның денесі жіңішке, аяқтары әлсіз, екі денісі бар. Сары масаның басында кішкентай инесі бар, сол инемен құрбандарының денесіне инесін салып, қанын сорады, тағы екі кішкентай мұрттары бар. Сары масаның «құлақтары» бар, олар мұртында орналасқан. Ұл-сары масы гүлдің тәтті нектарры мен өсімдік шырынымен қоректенеді, ал қыз-сары масалары қан сорады. Сары маса – зиянды жәндіктер, себебі, олар жұқпалы ауруларды таратады.

 

Еңбек: Ақжелекті жинау.

Мақсаты: -ақжелектің сабағын дұрыс, ұқыпты жұлуға үйрету;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Ақ серек, көк серек»

Мақсаты: -Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы;

                   -Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                   -Патриоттық сезімге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -гимнастикалық баспалдақтан жорғалау дағдыларын

                   жетілдіру;

                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мамыр.

Карточка №6 .

 

Бұтты бақылау.

Мақсаты: -тірі емес табиғат туралы білімдерін бекіту;

                    -табиғаттағы жыл мезгілдерінің өзгерістерін, ауа-райына

                     қарап болжауға болатынын үйрету;

 

Бақылау жүргізу

Көктем келіп көгілдір,

Жасыл көрпе төседі.

Күміс күн де төгіп нұр,

Көлеңкелер кешеді.

Бұлттың жағдайына қарап, ауа-райын болжау. Егер олар аспанда жоғары ұшып, орташа көлемді болса – жақсы ауа-райын күт.

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)

v Бұттар неден құрылған?

v Олар үнемі бірдей бола ма?

v Ашық күні бұл немен ерекшеленеді?

 

Еңбек: Сыпырғыш пен тырмауышпен жұмыс істеу.

Мақсаты: -өз еңбектерінің жемісін көруге үйрету;

 

Қимылды ойын: «Ұстап ал»

Мақсаты: -әр түрлі бағытқа жүгіруге жаттықтыру;

                   -шапшандылық пен жылдамдықты жаттықтыру;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Орамал тастамақ»

 Мақсаты: -Балаларды ойын барысымен таныстыру;

                     -Эстетикалық мәдениетін дамыту;

                     -Еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -қимыл арқылы табиғатқа аяушылық сезіміне тәрбиелеу;

                   -бөренеден, тастан секіріп өтуге жаттықтыру;

 

 


 

 

 

 

Мамыр.

Карточка №7 .

 

Инелікті бақылау.

Мақсаты: -инеліктің сыртқы келбеті туралы білімдерін кеңейту;

                   - барлық тірі ағзаға өздерінің қамқорлығын көрсетуге

                    тәрбиелеу;

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Біз жаздық аулым қонған текшесіне,

Етіктің жез қақтырдым өкшесіне.

Айуанда төрт аяқты бір нәрсе бар,

Бөренесін байлаған бөксесіне.   (Инелік)

v Инелікті сипаттандар?

v Ол қалай қозғалады?

v Неге инеліктің көздері үлкен, мұрттары қысқа?

v Инеліктер қайда тұрады?

v Олар неге аңшылық жасайды?

v Немен қоректенеді?

v Инеліктің жаулары бар ма?

Инелікте төрт тор қанаты бар, ұзын сымбатты іші бар. Инелік тез, айламен, жалтарып ұшады, оның ұзын денесі руль сияқты, ұшқанда керек бағытын сақтауға көмектеседі. Инеліктің көзі үлкен, өнімін қарауға көмектеседі, ал мұрты қысқа, мүлде белгісіз. Олар оның өмірінде аса маңызды емес.

Инелік – жыртқыш жәндік. Олар шыбын, маса, қоғыздармен қоректенеді,  ұшып бара жатып алғыр табаншаларымен ұстап алады. Күзде инеліктер қураған жапырақ астына тығылады, шіріген ағаш қабықтарына бітеліп, көктемге дейін ұйықтайды.

 

Еңбек: Қартоп отырғызу.

Мақсаты: -картоп түйнектерін тесікке отырғызуға үйретіп,дағдыларын

                  жетілдіру;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Қуалап соқ»

Мақсаты: -Балаларға ұлттық ойындардың тәрбиелік мәнін түсіндіру;

                   -Жігерліктерін, аяушылық сезімдерін дамыту;

                   -Ұлттық ойындарды  қастерлеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: «Кім алысқа?»

Мақсаты: -секіру техникасын жетілдіру;

 

 

 

 

 

 

Мамыр.

Карточка №8.

 

Өгейшөпті бақылау.

Мақсаты: -емдік өсімдікті, оны дұрыс жинауға, сақтауға және қолда-

                    нуға, танымдық белсенділігін дамыту;

 

Бақылау жүргізу

Өгейшөп кәдімгідей – көпжылдық шөптес өсімдік. Жар жиегінде, сайда өседі. Жапырағы шикізат болып табылады. Өгейшөп жапырағының тұнбасын қақырық түсіруге қолданады.

Көктемгі күннің көзі жылынып, қар еріген жерден дөңгелек алтын күмістер шашылды. Көктем гүлін  ең бірінші – өгейшөп ашады. Неге гүл бұл атауға ие болды? Себебі, жапырақтың астынғы бөлігі қалың ақ  қылдармен жабылған. Егер оны қолмен сипасақ, жұмсақтық  пен жылулықты сеземіз. Сені анаң мандайыңнан сипаған сияқты.

Ал, жапырақтың жоғарғы жағы тегіс, суық, қатал өгей анаң ұстаған сияқты. Өсімдікті түп тамырымен жұлуға болмайды, себебі, бұл өсімдіктің түбімен жоғалуына әкеп соғады. Емдік шөптерді белгіленген күнтізбе мерзімі бойынша жинау қажет.  

 

Еңбек: Емдік шөптердің тұқымын отырғызу.

Мақсаты: -тұқымды дұрыс отырғызуға үйрету;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Жапалақтар мен қарлығаштар»

Мақсаты: -Балаларға ойын барысын түсіндіру;

                   -Сөздік қорларын, тілдерін  дамыту;

                   -Құстарға деген аяушылық сезімдерін ояту;

 

Жеке жұмыс: «Көңілді секірулер»

Мақсаты: -екі зат аралығынан секірулерін бекіту;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мамыр.

Карточка №9.

 

Әр түрлі көлік түрлерін бақылау.

Мақсаты: -бензинді өажет етпейтін, адам велосипедті қолдануы

                   туралы білімдерін бекіту;

                    -адам, педельді айналдырып, жүреді.

 

Бақылау жүргізу

Велосипед – бұл көлік түрі. «Велосипед» сөзі тез аяқтар дегенді білдіреді. Онымен жүру үшін, аяқпен педальді айналдырып, рульде тепе-тендікті ұстау қажет.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Машина мен велосипедтің қандай айырмашылығы бар? (Маинаны бензин құяды.)

v Велосипед тепкенде, неге адам күшті болады? (Арқа мен аяқтың бұлшықтары дамиды)

 

Еңбек: Жолдарды сыпыру, қоқыс жинау.

Мақсаты: -еңбек етуге тәрбиелеу;

 

Ұлттық ұимылды ойын: «Теңге ілу»

Мақсаты: -Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы;

                   -Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                   -Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Асық тасу»

Мақсаты: -Балаларды асық ойынының бір түрімен таныстыру;

                    -Ептіліктерін, ойынға қызығушылықтарын дамыту;

                    -Ұжымшылдыққа тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -кеңістікте бағдарлауға, тепе-теңдікті ұстауға бағдарлау;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мамыр.

Карточка№10.

 

Көбелекті бақылау.

Мақсаты: -көбелектің сыртқы келбетінің ерекшелігін, тура негізінде

                    қабылдауын қалыптастыру;

                    -тірі затқа жақсы көзқараспен қаруға тәрбиелеу;

 

Бақылау жүргізу

Ақ қанатты көбелек,

Көк қанатты көбелек,
Қызыл қанат көбелек,
Бақшамызға келе кет!

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Гүлге ұшып, гүлге қонады,

Гүл бақшам гүлге толады.  (Көбелек.)

v Көбелекті сипаттаңдар?

v Ол қалай жүреді?

v Көбелек немен қоректенеді?

v Қандай пайда әкеледі?

v Көбелектің үйі бар ма?

v Оның жаулары бар ма?

Көбелектің екі жұп қанаты бар, ұсақ қабықтармен жабылған. Көбелек денесі де қабықтармен ,шаштармен жабылған.  Оның қысқа мұрты мен үлкен көзі бар. Бүктеулі мөлдір спиральді тұмсығы – ол оның аузы. Гүлден гүлге қонып, көбелек нектар жинап және өсімдіктерді тозаңдандырады. Кішкене көбелектерді мотылек деп атайды. Көбелектің жаулары – құстар мен өрмекшілер.

 

Еңбек: Бақшаны қоқыстан тазалау.

Мақсаты: -бірге жұмыс істеуге тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Жүйріктер жеңеді»

Мақсаты:  -Ойын балаларды белгілі бір мақсатта коллективтік әрекет

                     жасауға, шапшаңдыққа, тыныс мөлшерін ретті, қалыпты

                     басқара білуге үйретеді;

 

 

 

 

 

 

Қыркүйек.

Карточка №1.

 

Мезгіл өзгерістерін бақылау.

Мақсаты:  - өлі және тірі табиғаттың әрекеттестігі туралы білімдерін

                      бекіту;

-күз мезгілінде өсімдік пен жануарлардың өміріндегі өзгерістерді бөлуге үйрету;

-күз мезгілінің айларын елестетуге қалыптастыру;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Қазір жылдың қай мезгілі?

v Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

v Күз мезгілінің ерекшелігін атаңдар?

v Күзде неге күн суытты?

v Күзде адамдар не істейді?

v Жануарлар салқын жыл мезгіліне қалай әзірленеді?

Күннің көзі күзде қатты жарқырамайды, жиі жаңбыр жауады. Таңертеңгілік қатқақ болады. Құстар үйір болып жиналып, оңтүстікке ұшып кетеді.

 

Еңбек: Балабақша алаңдарын түскен жапырақтан тазарту.

Мақсаты: - жасалған жұмыстан балалар мен басқа адамдардың   көңілді күйлерін жасауға үйрету;

- экологиялық мәдениетке тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Ақ серек, көк серек»

Мақсаты: -Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы. 

                  -Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту.

                  -Патриоттық сезімге тәрбиелеу.

 

Қимылды ойын: «Кім мерген?»

Мақсаты: -балалардың дербестігін, жетістігін дамыту;

                 -қашықтыққа жүгіруге үйрету;

 

Жеке жұмыс: алға қарай секіруді жетілдіру.

Даладағы ойын құралдарымен өз беттерінше ойын.

 

 

 

 

 

 

Қыркүйек.

Карточка№2.

 

Жаңбырды бақылау.

Мақсаты: - балаларға күз мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістер туралы

                  білімдерін бекіту;

                  -балаларға күзде жаңбырды бақылату;

 

Бақылау жүргізу

Күзде жаңбыр жиі жауады. Балалар терезеден қарап, жаңбырды бақылайды. Далада жаңбырдан шалшықтар пайда болады, адамдар үстеріне судырлақтар киіп, қолдарына қолшатыр ұстап жүр. Желдердің беті су, сайларға ағып жатыр.

Көркем сөз: Тамшылар-ай, тамшылар,

                       Жердің бетін су қылар.

 

Еңбек: Жердегі түскен жапырақтарды жинау, өз ойын ауласын таза ұстау.

Мақсаты:

-тазалық пен ұқыптылыққа үйрету;

-топпен бірге еңбек етуге шақыру;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Арқан түю»

Мақсаты: - Балаларды аз қимылды ойын түрімен таныстыру;

                   -Ойын барысын түсіндіру;

                   -Сөздік қорын дамыту,қызығушылықтарын арттыру;

                   -Ұлттық ойынды қастерлеуге тәрбиелеу;

Аз қимылды ұлттық ойын: «Аударыспақ»

Мақсаты: -Балаларды ұлттық спорт ойынымен таныстыру;

                 -Балалардың күштерін сынау;

                 -Спортқа деген қызығушылықтарын дамыту;

                 -Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылдарын дамыту.

Мақсаты: екі аяқпен секіру.

 

 

 

 

 

 

Қыркүйек.

Карточка №3.

 

Көлік түрлерін бақылау.

Мақсаты: -көлік түрлерін, олардың қандай көлік түріне жататыны

                  туралы білімдерін кеңейту;

                  -автобустың адам өміріне қажеттілігі туралы ойларын қалып-

                  тастыру;

 

Бақылау жүргізу

Көркем сөз: Жүйіткіген дәу үйінде,
                     Жүйрік  деп ел  сүйінді.
                     Тас жолда жұртты тасып жүр,
                     Жылдамдыққа басып жүр.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Автобус қандай?

v Автобус ішінде не бар?

v Ұстағыш не үшін қажет?

v Біздің қалада қандай автобкстар жүреді?

v Автобустар қалай жүреді?

Автобус жол қиылысындағы белгілі аялдамаларға тоқтайды. Әр аялдамада жүргізуші  есік ашу үшін арнайы түймені басады. Жолаушылар шыққан соң, ал басқа жолаушылар кірген соң жүргізуші есікті жабады, автобус келесі аялдамаға барады.

 

Еңбек: Топпен бақшадағы қоқысты жинау.

Мақсаты: топтық еңбекке баулу.

 

Ұлттық қимылды ойын: «Допты қуып жет»

Мақсаты: -Балаларды қимылды ойын түрімен таныстыру;

                  -Тез жүгіруге, түстерін ажырата білуге баулу;

                  -Адамгершілік әдептерін игеруге тәрбиелеу;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Бес табан»

Мақсаты: - Асық түрлерімен, асық атауларын таныстыру;

                   -Асық түстерін атау;

                   -Ептілікке, мергендікке баулу;

                   -Ұлтжандыққа тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Секіруді дамыту.

Мақсаты: бір аяқпен секіруді үйретіп, бекіту;


Қыркүйек.

Карточка №4.

 

Өрмекшіні бақылау.

Мақсаты: - өрмекшінің тән ерекшелігін және сыртқы түрі туралы

                   білімдерін кеңейту және бекіту;

                   -табиғаттағы  шын бейнесін қалыптастыру;

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырып, сұраққа жауап беруін ұсынады:

Ұзын-ұзын ұзардай,

Ұзыннан аққан сулардай.

Ағаш атқа мінгізіп,

Ұзартып қойған мұнардай. ( Өрмекші )

v Өрмекші неге ұқсайды?

v Ол қалай жүреді?

v Өрмекші қайда тұрады және немен қоректенеді?

v Өрмекші жәндіктерді қалай ұстайды?

v Өрмекшінің жаулары бар ма?

v Өрмекші қайда қыстайды?

Бақылау жүргізу

Өрмекшінің денесі екі бөлікке бөлінген: басы кеудесі және іші. Өрмекшінің басында 8 көзі мен аузы бар, ал кеудесі 4 аяққа сүйенеді. Өрмекшінің астынғы іш бөлігінде өрмек сүйлі орналасқан, сол арқылы ол өрмекті шығарады.

Өрмекші-жабайы жәндік. Ол басқа жәндіктермен қоректенеді: маса, шыбын, қоңыз, көбелектерді өзінің өрмегі арқылы ұстайды. Қыста ағаштың қабығының арасында көктемге дейін ұйықтайды.

 

Еңбек: Тұқым жинау.

Мақсаты: гүл тұқымын ұқыпты жинауға және дұрыс сақтауға үйрету.

 

Ұлттық қимылды ойын: «Боран»

Мақсаты: -Балаларды ұлттық ойынымен таныстыру;

                 -Дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын арттыру; 

                 -Тәртіптілікке, әдептілікке тәрбиелеу;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Үш табан»

Мақсаты: -Асық түрлерімен, асық атауларын таныстыру;

                 -Асық түстерін атау. Ептілікке, мергендікке баулу;

                 -Ұлтжандыққа тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылдарды дамыту.

Мақсаты: -ұзын скакалка арқылы секіруді үйрету;

 

 

Қыркүйек.

Карточка №5.

 

Бақ-бақ гүлін бақылау.

Мақсаты: - «бақ-бақ» емдік өсімдігімен таныстыру;

                   -табиғатты қорғауға, аялау сезімдерін қалыптастыру;

                   -емдік шөпті жинау;

 

Бақылау жүргізу

Көптеген халықтар бақ-бақты «күннің егізі» деп атайды. Кейде оны «күн мен айдың балалары» деп атап та жатады. Күннің егізі аталу себебі: гүл күн шығыстан көтерілгенде, бетін сол бағытқа алады, тас төбеге келгенде, басын тік көтереді, ал батысқа батқанда, сол жаққа мойнын бұрады, күн ұясына батқанда, ол да жабылып қалады. Келбеті де, түсі де тап бір күн сияқты...

Шілденің аяғында, бақ-бақ гүлі гүлденіп болған соң ақ жұмсақ бас киім киеді.  Бақ-бақтың піскен тұқымы жіңішке ақ шаштармен безендірілген. Самал жел соқса, жерге бақ-бақ жүні ұшады.

Бақ-бақтың біз білетін сары түстісінен басқа да түрлері бар. Мәселен, Кавказ тауларында қарақошқыл түстісі болса, Тянь-Шань тауларынан ақшыл көк, қызғылт түстілері кездеседі.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v «Бақ-бақ» неге ұқсайды?

v Оның тұқымы қалай таралады? Табиғатта өзіңнің ұстау ережесі.

 

Еңбек: Емдік өсімдікті жинау.

Мақсаты: емдік өсімдіктерді дұрыс жинауға үйрету;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Соқыр теке»

Мақсаты: -Балаларды ұлттық ойын түрімен таныстыру.

                 -Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту.

                 -Сезімталдыққа, төрт түлік малға қамқор боуға тәрбиелеу.

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Күш сынаспақ»

Мақсаты: -Қазақтың әдет-ғұрпымен таныстыру.

                   -Дәстүрлік таным түйсігін дамыту.

                   -Ой-өрістерін жетілдіру. Ұлтжандыққа тәрбиелеу.

 

Жеке жұмыс: «Батыл балалар»

Мақсаты: -тез жүгіругі жаттықтыру;

                   -шапшандылықтарын дамыту;

 

 

 

 

 

 

Қыркүйек.

Карточка №6.

 

Құмырсқаны бақылау.

Мақсаты: -құмырсқаның тән ерекшелігін және сыртқы түрі туралы

                   білімдерін кеңейту және бекіту;

                   -табиғаттағы  шын бейнесін қалыптастыру;

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Қатар-қатар қара нар, 
Аспанменен бара бар, 
Алды биік, арты жар.       (Құмырсқа)

 

v Құмырсқаны сипатта?

v Олар қалай жүреді?

v Немен қоректенеді?

v Құмырсқа үйін қалай атайды?

v Үйін неден құрастырады?

v Құмырсқаның қандай жаулары бар?

v Қысқа қалай дайындалады?

Құмырсқа-жарғаққанаттылар отрядының тұқымдасы. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген. Құмырсқаның азығы: әр түрлі ағаш жапырақтары, өлі жәндіктердің денелері және егіннен қалған қалдықтар, құрғақ азықтармен қоректенеді.

Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады. Құмырсқалар-өте жақсы құрлысшылар. Құмырсқалар – олар жыртқыш, олар көптеген жәндіктерді құрытады. Олардың аулары көп: құстар, аюлар, құмырсқа жеушілер.

 

Еңбек: Бақшадан көкөніс жинау.

Мақсаты: -ұжымдаса еңбек етуге тәрбиелеу.

                  -өздеріне ғана емес басқа балаларғада қуаныш сезімін сыйлау;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Ат жарыс»

Мақсаты: - Балаларға қазақ халқының әдет-ғұрыпымен,

                 салт-дәстүрімен таныстыра отырып, ұлттық ойын

                 түрімен танысу.

                 -Эстетикалық мәдениетін дамыту.

                 -Еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

 

 

 

 

Қыркүйек.

Карточка №7.

 

Өгейшөпті бақылау.

Мақсаты: -емдік шөптермен танысуды жалғастыру;

                   -емдік шөпті жинауды жалғастыру;

                   -табиғатты қорғауға, аялауға білімдерін қалыптастыру;

Бақылау жүргізу

Оның биіктігі 20 – 100 см. Сабағы өрлеп өседі. Жапырақтары ірі, қабыршақ тәрізді, қоңыр-күрең түсті, сабаққа кезектесіп орналасады. Сарғылт түсті гүлі қос жынысты, жеке-жеке сабақтың ұшында жетіледі, жапырағынан бұрын пайда болады. Гүлшоғы – себет. Наурыз – сәуірде гүлдеп, мамыр – маусым айларында жеміс салады. Жемісі – дәнек. Өгейшөптің жапырағының құрамында глюкозид, эфир майы, инулин, илік заттар, аскорбин қышқылы болады. Оны қолқа демікпесін, созылмалы бронхитті, ларингитті, жоғары тыныс жолдарының қабынуын емдеуге пайдаланады. Тұнбасын жөтелді басу үшін ішеді. Гүлінен ара бал жинайды.

 

Еңбек: Емдік өсімдікті жинау.

Мақсаты:  емдік өсімдіктерді дұрыс жинауға үйрету;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Әуе таяқ»

Мақсаты: - Балаларды ұлттық спорт ойынымен таныстыру.

                   - Балалардың күштерін сынау.

                   -Спортқа деген қызығушылықтарын дамыту.

                   -Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Тауық күрес»

Мақсаты: - Қазақтың ұлттық ойынымен таныстыру;

                    -Ойын барысын түсіндіру;

                    -Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: «Алысқа секір»

Мақсаты: -екпін алып жүгіріп, ұзындыққа секіруге үйрету;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыркүйек.

Карточка№8.

 

«Ашық болса, күз де керемет» бақылау.

Мақсаты: - балаларға жыл мезгілдерінің ауысуын; күз мезгілінің

                    ерекшелігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

 

Бақылау жүргізу

Балалар, бізге күз де келді.

Қыркүйекте жылы күннің көзі болатын күндер де болады. Көк аспан жарқырап, ағаштың алтын жапырақтары күн көзіне жарқырайды. Ауа тазарып, мөлдіреп, күміс өрмек жіптері ұшады. Бұл күндерді «қоңыр жаз» дейді.

«Ашық болса, күз де керемет» - деген мақал бар.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Күз мезгілдерін атандар?

v Күзде қандай ерекшеліктер болады?

v Адамда күзде не істейді?

v Құстар күзге қалай бейімделеді? Жәндіктер? Жануарлар?

v Күзге ерте дайындалатын ағашты тауып алыңдар?

v Ең әдемі ағаш жапырақтарын тауып алындар?

 

Еңбек: Жерге түскен жапырақтарды жинау.

Мақсаты: -аула тазалығын сақтауға үйрету;

                   -экологиялық мәдениетке тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Түйілген орамал»

Мақсаты: -Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы;

                   -Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                   -Патриоттық сезімге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: «Кім алысқа»- құм қапшықтарын лақтыру.

Мақсаты: -алысқа лақтыруға жетілдіру (екі қолмен кезек-кезек);

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыркүйек.

Карточка№9.

 

Жәндіктерді бақылау.

Мақсаты: - тірі әлемге қызығушылықтарын дамыту, ауа-райымен

                     жәндіктердің мінез-құлқын арасындағы байланысын

                     орнату, байқағыштыққа үйрету;

                     -жәндік аттарын, табиғатқа пайдасы туралы білімдерін

                     бекіту;

 

Бақылау жүргізу

Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі құз...

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз...

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Маса, ара, шегіртке – бұл нелер?

v Қандай жәндіктерді тағы білесіңдер?

v Олар неге көрінбейді? Оларға не болды? Дұрыс, олар қысқа дайындалып жатыр.

v Олар қысқа қалай дайындалады?  (Тығылады.)

v Қайда тығылады?

Зерттеу іс-шарасы: жәндіктер азайып қалғанына назар аудару. Жәндіктердің қалай, қайда тығылатынын балаларға көрсету.

 

Еңбек: Гүлбақты қоқыстан тазалау.

Мақсаты: -топпен еңбек етуге дағдыларын қалыптастыру;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Жүйріктер жеңеді»

Мақсаты: -Ойын балаларды белгілі бір мақсатта коллективтік

                    әрекет жасауға, шапшаңдыққа, тыныс мөлшерін ретті,

                    қалыпты басқара білуге үйретеді;

 

Жеке жұмыс: Екі аяқпен секіру (бір аяқпен) жалауға дейін, артқа.

Мақсаты: -секіруді дамыту; бір аяқпен секіруге білімдерін бекіту;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыркүйек.

Карточка№10.

 

Желді бақылау.

Мақсаты: -күзде тірі табиғаттағы өзгерістерге назар аудару: желді

                    күні ағаштар шайқалады, бұлттар тез жүгіреді;  

                  -жазда жел қандай болды – өте әлсіз салыстыру, ойларын

                    қалыптастыру;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады.   (Жел)

-Балалар, айналаға қараңдаршы, бүгін жел бар ма?

-Қандай жел?

Өз зырылдауықтарыңа қараңдаршы. Олар не болды?

-Жел қатты соғып тұр, себебі, зырылдауықтар қатты айналып тұр.

Ал, жазда жел қандай болды, естеріне түсіріңдерші, қатты ма әлсіз ба? (Әлсіз)

-Неге олай ойлайсыңдар? –Себебі ағаш бастары сәл-сәл қимылдады.

-Дұрыс. Ал бүгін ағаш бастары қатты шайқалып тұр.

-Зырылдақтарыңа қараңдаршы. Жел қай жақтан соғып тұр? (балалар анықтайды)

Жел жаққа жүгіріп көріңдерші, ал енді қарсы жүгіріңдер. Қай кезде жүгіру қиын болды?

Тұжырым: Жазға қарағанда, күзде жел қатты болады.

 

Еңбек: Кіші топ балаларына аулаларын жинауға көмектесу.

Мақсаты: -еңбекқорлыққа тәрбиелеу, кішкетай балаларға көмектесі;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Бөрік жасырмақ»

Мақсаты: -Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы;

                   -Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                   -Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Бөренеден түзу, қырынан жүру.

Мақсаты: - тепе-теңдікті ұстауға үйрету;

 

 

 

 

 

 

 

Қазан.

Карточка №1.

 

Аула сыпырушының жұмысын бақылау.

Мақсаты: -күзде үлкендірдің еңбегі туралы білімдерін кеңейту;

                   -еңбекке етуге құрметпен қарауға тәрбиелеу;

 

Бақылау жүргізу

Көркем сөз:

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын тиеді.

 

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Аула сыпырушыға жұмыс істеу үшін қандай құралдар қажет?

v Аула сыпыруша күзде қандай жұмыс жасайды?

v Аула сыпырушының жұмысы не үшін қажет?

v Біз қалай көмектесе аламыз?

 

Еңбек: Гүлдеп тұрған гүлдерді топқа апарып отырғызу (тырнақ гүл, маргаритка).

Мақсаты: -гүлді жермен бірге ақырындап қазып алып, гүл құмырасына

                   отырғызуға үйрету;

                   -еңбек етуге, өсімдіктерді жақсы көруге үйрету;

 

Қимылды ойын: «Орнынды тап»

Мақсаты: -ойын барысын сақтауға ары қарай үйрету;

                   -қимыл белсенділіктерін арттыру;

 

Аз қимылды ұлттық ойын:  «Хан алшы»

Мақсаты: - Балаларды асық түрлерімен, асық атауларын таныстыру;

                   - Асық түстерін атау;

                   -Ептілікке, мергендікке баулу;

                   -Ұлтжандыққа тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылдарын дамыту.

Мақсаты: -допты белгіленген жерге лақтыру дағдыларын дамыту;

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазан.

Карточка №2.

 

Жолжелкенді (подорожник) бақылау.

Мақсаты: -емдік өсімдік – жолжелкенмен таныстыру;

                    -емдік өсімдіктердің өсу құлылымын процессін ұсыну,

                    танымдық белсенділігін дамыту;

                    -оны сақтау, қолдану, дұрыс жинау ережесі;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Өсімдікті неге жолжелкен дейді?

v Оны қайда жинаған дұрыс?

Жолжелкен – көпжылдық шөпті өсімдік, біздің еліміздің барлық жерінде кездеседі, жол жиегінде, егістіктерде, орман шетінде өседі. Жол жиегінен жинамаған дұрыс, себебі өткен кеткен машиналар құрамында ағзаға зиян пайдаланған газдарды шағарады. Өсімдіктер оларды сорып алады. Егер сендерді шаян, ара, жылан шағып алса – жолжелкен жапырағын шаққан жерге басындар. Жолжелкен уды сорып, ауырған жерін басып, ісіп кетуін тоқтатады. Оларды гүлденгеннен солып қалғанға дейін жинауға болады.

Жолжелкен тұнбасын қақырық шығарып, жөтелді тоқтатады.

 

Еңбек: Ойын алаңын қураған бұтақтардан жинау.

Мақсаты: -берілген тапсырманы орындауға, топпен жұмыс жасауға

                   үйрету;

 

Қимылды ойын: «Қайда жасырғанды ,тап»

Мақсаты: -кеңістікте бағдарлауға үйрету;

 

Аз қимылыды ұлттық ойын: «Көтермек»

Мақсаты:  - Балаларды ұлттық ойынмен таныстыру;

                    -Ойын барысын түсіндіру;

                    -Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту (секіргенде, бөренеден жүргенде, түзу, қырымен).

Мақсаты: -қимылдардың координациясын дағдыландыру;

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазан.

Карточка №3.

 

Жеңіл көлікті бақылау.

Мақсаты: -машина қызметінің мағынасын түсініп, үйрету;

                       -жеңіл машина қандай жабдықтан жасалғанын анықтай

                    білу(темірден, шыныдан);

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырып, сұраққа жауап беруді сұрайды:

Төрт аяғым дөңгелек,

Адамсыз мен жүрмеймін,

Барлық жерге жеткізіп,

Қаласаңыз апарам.            (Машина)

 

v Жеңіл машина не үшін қажет?

v Біздің көшелерде қандай машиналар жүреді?

v Бұл машинада не тасыған дұрыс: адамдарды ма, әлде жүк па?(Адамды)

v Бұл машинаны қалай атайды? (Жеңіл)

v Кім жүргізеді оны?

Машина темірден жасалған, шыны жүргізушіні желден және жаңбырдан сақтайды.

 

Еңбек: Ойын ауласын бұтақ пен тастардан тазалау.

Мақсаты: -ұжыммен жұмыс жасауға және еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

 

Қимылды ойын: «Біз - жүргізушіміз»

Мақсаты: -тәрбиешінің айтқанын мұқият тындау;

                   -зейіндерін дамыту;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Соқыр теке»

Мақсаты: - Балаларды ұлттық ойын түрімен таныстыру;

                    -Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту;

                    -Сезімталдыққа, төрт түлік малға қамқор боуға тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Бумдардан жүру, екі аяқпен секіру.

Мақсаты: -жоғарыдан секіре білуге, тепе-теңдікті ұстауға сезімдерін

                    дамыту;


 

 

 

 

                                                         Қазан.

Карточка №4.

 

Қызыл саңырауқұлақты бақылау.

Мақсаты: -саңырауқұлақтар туралы, олардың сыртқы ерекшеліктерін

                    айту, балалардың танымдық белсенділіктерін арттыру;

                    -табиғат аясында жүру ережесін білу;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады, әңгіме жүргізеді:

Бір аяғы, қалқиған қызыл қалпағы бар.

Ағаш түбінде тұрағы бар.

Ол не балалар?               (Қызыл саңырауқұлақ)

 

v Неге қызылсаңырауқұлақ деп аталады? (Себебі ол терке түбінде өседі.)

v Тағы қандай сағырауқұлақ ағаш түбінде өседі? (Қоңыр саңырауқұлақ.)

Табиғатта жүру тәртібі

Саңырауқұлақты үзбе,жемейтін саңырауқұлақты да. Есіңде болсын табиғатқа саңырауқұлақ қажет.

 

Еңбек: Ағаш пен талдардың түбін қазып, қопсыту.

Мақсаты: -еңбек етуге тәрбиелеу.

 

Ұлттық қимылды ойын: «Ақ серек, көк серек»

Мақсаты: - Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы;

                   -Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                   -Патриоттық сезімге тәрбиелеу;

 

Қимылды ойын: «Доппен ойнау»

Мақсаты: -шапшандылыққа, тапқырлыққа, бір-бірімен ойнай алуға

                   тәрбиелеу;

                   -тез жүгіруге үйрету;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -қимылдарын жетілдіре білуге үйрету, дағдыландыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазан.

Карточка №5.

 

Жүк көлігін бақылау.

Мақсаты: -жүк көлігін жеңіл көліктен айруға үйрету.

                    -жүк көлігінің қажеттілігі туралы айту;

 

Бақылау жүргізу

Су ішседе, жем жемес,

Атыңнан бір кем емес.

Шылбыр, тізгін білмейді,

Бірақ сенсіз жүрмейді.        (Машина)

 

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Жүк көлігі не үшін қажет?

v Олар нені тасиды?

v Жүк көліктерінің түрлерін атаңдар, олар не үшін қажет екенін айтындар?

v Қай көлікті жүргізу қиын, жеңіл ма, жүк көлігін ба?

 

Еңбек: Жерге түскен жапырақтарды жинау.

Мақсаты: -бастаған істі аяғына дейін аяқтауға дағдыландыру;

                   -жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

 

Ұлттық ұимылды ойын: «Түйілген орамал»

Мақсаты: - Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы;

                  -Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                  -Патриоттық сезімге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Бөренеден жүру.

Мақсаты: -теңдікті ұстауға, жүру техникасының жақсы болуына жету;

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазан.

Карточка №6.

 

Мысықты бақылау.

Мақсаты: -мысық – үй жануары, сүтқоректі, анықтайтын белгілері бар

                   екені туралы білімдерін бекіту;

                    -адам қолға үйреткен жануарға адамгершілік сезіміне тәр-

                    биелеу;

 

Мысықты бақылау

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады, сұраққа жауап беруін сұрайды.

Шықпайды үйден,

Тоны – жібектен.

Күндіз ұйықтайды,

Түнде дамыл таппайды.

Аңға барады,

Сол аңды үйден табады. (Мысық.)

v Неге мысық – үй жануары?

v Үй мысығы қалай көрінеді?

v Мысық баласын қалай атайды?

v Мысықтың қандай тұқымын білесіңдер?

v Мысық адамға қандай пайда әкеледі?

v Қандай жабайы аң үй мысығының жақын туысы?

v Мысық –жабайы жануар екенін дәлелде?

v Мысық пен иттің мінездері  мен қабілеттілігін салыстыр?

 

Еңбек: Бақшадағы өнімді жинау.

Мақсаты: - жинаған өнімнен ризашылық сезімдерін тәрбиелеу;

 

Қимылды ойын: «Тығылмақ»

Мақсаты: -белгі бойынша тез әрекет етуге үйрету;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Ұшты-ұшты»

Мақсаты: - Балаларды аз қимылды ойын түрімен таныстыру;

                  -Сөздік қорын дамыту. Қызығушылықтарын арттыру;

                  -Адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылдарды дамыту.

Мақсаты: -орнында тұрып секіру;

 

 

 

 

Қазан.

Карточка №7.

 

Бағдаршамды бақылау.

Мақсаты: -бағдаршам жұмысы мен түстердің белгісі туралы білімдерін

                    кеңейтіп, бекіту;

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді.                (Бағдаршам)

 

Балаларды жол қиылысындағы бағдаршамға апару. Әңгімелеу, біз үлкен, әдемі, әсем, көшелері жалпақ және тұйық көшесі бар қалада тұрамыз. Көшеден көптеген жеңіл және жүк машиналары , автобустар жүреді, еш қайсысы бір-біріне кедергі жасамайды. Себебі оларға  жолда жүру ережесі бар. Бір көшеден екінші көшеге өту қиын. Бағдаршамның белгілері  көмектеседі: қызыл, сары, жасыл.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Бағдаршам не үшін қажет?

v Бағдаршамның қандай белгісінде жаяу жүргінші жүреді?

v Бағдаршамның қандай белгісінде жолдан жүруге болмайды?

Не болуы мүмкін? Неге?

v Егер бағдаршам сынып қалса оны кім ауыстыра алады? (Реттеуші)

Жолды кесіп мен қамдансам,

Қиылыста қарсы алады бағдаршам.

Менікіндей екеу емес, үш көзді,

Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.

 

Еңбек: Сынған ағаштар мен бұтақтарды жинау.

Мақсаты: -адамдар өсімдіктерге қысқа дайындалуға көмектесу керек

                   екені туралы білімдерін бекіту;

 

Қимылды ойын: «Бағдаршам»

Мақсаты: -бағдаршамның мағынасы туралы білімдерін бекіту;

 

Аз имылды ұлттық ойын: «Алақан соқпақ»

Мақсаты: - Балаларды аз қимылды ойын түрімен таныстыру.

                   -Ойын барысын түсіндіру. Сөздік қорын дамыту.

                   -Қызығушылықтарын арттыру.

                   -Ұлттық ойынды қастерлеуге тәрбиелеу.

 

 

 

Қазан.

Карточка №8

 

Күзгі ағаштарға бақылау.

Мақсаты:  -Балалардың ағаш туралы білімдерін бекіту.

                    -Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту.

                    -Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

                    - Адамгершілік сезімге тәрбиелеу.

                                             Бақылау жүргізу

Көркем сөз:
Отырғыз ағаш көктемде,
Жөн болар еңбек еткенің.
Келмесе шамаң еккенге,
Сындырма жұрттың еккенін
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:

v Қазір жылдың қай мезгілі?

v Ағаштардың жапырақтарының түсі қандай?

v Неге күзді Алтын күз деп атайды?

v Неге күзде жапырақтар жерге түседі?

v Жерде жатқан жапырақтар неге ұқсайды?

Алтын күз келді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұрады. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады. Күз мезгілінде бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі.

Көркем сөз:

Күз мезгілі келді,

Жемістерін беріп түр.

Жапырақтар сарғайып,

Құс атауы көшіп тұр.

Еңбек: Ойын алаңындағы жапырақтарды жинау.

Мақсаты: -еңбек етуге тірбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Арқан тарту»

Мақсаты: - Балаларға қазақ халқының әдет-ғұрыпымен,

                    салт-дәстүрімен таныстыра отырып, ұлттық ойын түрімен

                    танысу;

          -Эстетикалық мәдениетін дамыту;

          -Еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -кедергілерден өткенде тепе-теңдікті ұстауға үйрету;

 

 

 

 

 

 

Қазан.

Карточка №9.

 

Жылқы жануарын бақылау.

Мақсаты: -жылқыны көлік түрі ретінде және адамға көмек көрсететін

                     тірі жануар туралы білімдерін қалыптастыру;

 

Бақылау жүргізу

Көркем сөз:

Құрық алып қолыма,
Қамшы салып торыға,
Жылқы айдаймын жайлауда,
Шаң ілеспей соңыма.

 

Жылқы төрт түліктің бірі. Жылықы көмегімен адам жер жыртып, ауыр жүктерді тасыған, соғыста да ат бірнеше рет адам өмірін құтқарған. Бұл ақылды жануар біздің ата-бабамыздың ең бірінші көлігі болған.Саусаң - қымызы сусын, мінсең - көлік. Суыққа төзімді. Оның майы салқында тоңазымайды. Еті де, қымызы да ем.

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:

v Адам жылқыны не үшін үйретті?

v Ертедегі адамдарға көлік ретінде не қызмет етті?

v Біздің заманымызда жылқыны не қолданады?

 

Еңбек: Әдемі жапырақтарды гербариге жинау. Түскен жапырақтарды ағаш түбіне тырмалау.

Мақсаты: -табиғатты аялауға тәрбиелеу;

 

Қимылды ойын: «Өз жұбыңды тап»

Мақсаты: -тәрбиешінің белгісі бойынша қимылды жасау;

                  -өз жұбын тапқанда дұрыс бағдарлау;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Сақина жасыру»

Мақсаты: - Балаларды аз қимылды ойын түрімен таныстыру;

                   - Сөздік қорын дамыту. Қызығушылықтарын арттыру;

                   -Ұлттық ойынды қастерлеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс:Қимылды дамыту.

Мақсаты: -затты қашықтыққа лақтыру дағдаларын бекіту;


 

 

 

Қазан.

Карточка№10.

 

Тұманды бақылау.

Мақсаты: -тұманның қайдан пайда болғанын түсіндіру;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Қара таудың басында,

Киік кетіп барады.

Қол-аяғы баурына,

Тиіп кетіп барады.    (Тұман)

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Тұман деген не?

v Тұман қайдан пайда болады?

v Тұман қай жыл мезгілінде көп кездеседі?

Тұман ол табиғаттың керемет бір құбылысының бірі. Тұман – бұл ауадағы су кептерісі.Тұман – бұл аспандағы көретін бұлтардың бірі, бір айырмашылығы ол жер бетіне төселеді. Тұман әсіресе, жазда, күзде жиі болады. Ол жер бетін, ағаштарды аппақ түкке орайды. Әсіресе, ол таң алдында болады, күннің көзі шыққанда ол жоғалып кетеді.

Ауа-райы туралы белгі: Таңертең тұман болса – ауа-райы ашық болады.

 

Еңбек: Ауланы жапырақтардан жинау.

Мақсаты: -үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу;

 

Қимылды ойын: «Доппен соқ»

Мақсаты: -нысанаға лақтыруға үйрету;

                  -тез жүгіруге дағдыларын қалыптастыру;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Тауық күрес»

Мақсаты: - Қазақтың ұлттық ойынымен таныстыру;

                   -Ойын барысын түсіндіру;

                   -Шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Жүгіру, секіру.

Мақсаты: -жүгіруде тапсырмаларды орындауға үйрету;

                 -кеңістікте бағдарлауға (жүгіргенде бағытын өзгерту,)

                   секіргенде (екі аяқпен секіру);

 

 

 

 

 

Қараша.

Карточка №1.

 

Бақшадағы үлкендердің еңбегін бақылау.

Мақсаты: -бақылауға қызығушылықтарын арттыру, танымдық

                    іс-шараларын іске қосу;

                    -белсенді өнімді жинауға итермелеу;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:

Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде!

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне!     (Қияр)

 

Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.  (Жуа)

v Біздің бақшада қандай көкөністер өседі?

v Тәрбиешімен бірге сендер қандай жұмыс істедіңдер?

v Үлкендер бақшада не істейді?

 

Еңбек: Гүлдердің тұқымын жинау.

Мақсаты: -тұқымды қағаз пакетіне ұқыпты жинауға үйрету;

                   -табандылыққа, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Белбеу соқ»

Мақсаты: - Балаларға ойын түрімен таныстыру;

                   -Ұлттық ойындардың сан түрлігін айту;

                   -Шапшандылықтарын, ептіліктерін дамыту;

                   -Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылдарды дамыту.

Мақсаты: -допты екі қолмен жерге соғуды үйрету;

 

 


 

 

 

 

Қараша.

Карточка №2.

 

Көші-қон құстарын бақылау.

Мақсаты: -көші-қон құстары туралы білімдерін бекіту;

                   -құстарға деген махаббатқа және қызығушылыққа тәрбиелеу;

                   -тірі ағза белгілерін бөлуге үйрету;

Бақылау жүргізу

Көркем сөз:

Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.

 

Жазда құстарға азық көп, сондықтан олар балапан басып оларды шығарады. Күзде азық саны қатты азаяды. Ен алдымен жәндіктер жоғалады, сосын қсімдіктер сола бастайды, жеміс пен тұқым саны да азаяды. Көп құстар үйір болып жиналып, содан соң жылы жаққа ұшып кетеді.Алдымен жәндіктермен қоректенетін құстар ұшып кетеді, сосын жемістер мен тұқыммен қоректенетін құстар ұшып кетеді.Бұл құстардың барлығы көші-қон құстары.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Қандай құстарды көші-қон құстары деп атайды?

v Неге құстар балапандарын көктемде шығарады?

v Неге күзде көші-қон құстары жылы жаққа ұшып кетеді?

v Қандай көші-қон құстарын сендер білесіңдер?

 

Еңбек: Ауладағы жапырақтарды жинау.

Мақсаты: -тату жұмыс істеуге үйрету, бір-біріне көмектесу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Теңге ілу»

Мақсаты: - Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы;

                    -Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                    -Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -жүру техникасын жақсарту (өкшеден аяқ ұшына көшу, қол

                    қимылының белсенділігі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қараша.

Карточка №3.

 

Терек ағашын бақылау.

Мақсаты: -терек - ағашы, оның құрылысы, жапырағымен таныстыру;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға мақал-мәтел айтады:

Жаңбыр бір жауса,

Терек екі жауады.

Терек – тез өсетін ағаш, биіктігі 45 метрге дейін барады. Терек әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Ерте көктемде жапырағы шықпай тұрып, сырға секілді ақ гүл жарады. Жапырағы – жұмыртқа пішіндес, жиектері аратісті. Аналық терек мамыр-маусым айларында маамық шығарады.Терек ағашын құрылыста, жиһаз жасауда пайдаланады. Қағаз, сіріңке жасау өндірісінде терек ағашының діңі жұмсақтау, ақшыл түсті түрлері қолданылады. Құнарлы топырақта, күн көзінде жақсы өседі. Жазда аптасына бір рет мол суару керек. Көктем, күз мезгілінде көңмен қоректендірген жөн.

Көркем сөз:

Теректер биік өседі,

 Алатұғындай Ай ұстап.

Діңдері жұмсақ бірақ та

Сондықтан аздап майысқақ.

Жел соққанда ән айтар Жапырақтары “дауыстап”.

Дауыл тұрса тербеліп

Теректің белі қайыспақ.

 

Еңбек: Бір топ балалар-ойын алаңының жолдарын сыпырады, екінші топ балалар-құмды қопсытады.

Мақсаты: -еңбекқорлыққа тәрбиелеу, бірге еңбек етуге үйрену;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Атқаума»

Мақсаты: - Балаларды ойын барысымен таныстыру;

                    -Эстетикалық мәдениетін дамыту;

                    -Еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: «Допты ұста»

Мақсаты: -допты лақтырып ұстау білімдерін бекіту;

 

 

 

 

 

Қараша.

Карточка №4.

 

Жүргізуші жұмысын бақылау.

Мақсаты: -әр түрлі машина түрлерін басқаруды және

                    жүргізуші жұмысын елестету, көрсету;

                    -танымдық қызметін дамыту;

                    -үлкендердің жұмысын сыйлауға және қызығушылыққа

                    тәрбиелеу;

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға жүмбақ жасырады:

Елге қызмет істеген,
Көлік айдап үйренем.

Ол кім?   (Жүргізуші)

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Бұл мамандық не үшін қажет?

v Жүргізуші жол ережесін білу қажет па?

v Машинаны жақсы жүру үшін, жүргізуші нені білу керек?

v Жүргізушілер қандай машинаны басқара алады?

 

Еңбек: Өсімдіктер мен жапырақтарды кептіруге дайындық.

Мақсаты: -өсімдік пен ағаш атауларын бекіту;

                  -өсімдік әлеміне махаббатын тәрбиелеу;

                  -өсімдік жапырағын дұрыс жинауға үйрету;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Ақ серек, көк серек»

Мақсаты: - Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы;

                 -Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                 - Патриоттық сезімге тәрбиелеу;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Сымсыз телефон»

Мақсаты: - Балаларды аз қимылды ойын түрімен таныстыру;

                   - Ойын барысын түсіндіру;

                    -Сөздік қорын дамыту. Қызығушылықтарын арттыру;

                    -Ұлттық ойынды қастерлеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Қимылды дамыту.

Мақсаты: -екі аяқпен алға секіруді жұмыс жасау;

 


 

 

Қараша.

Карточка №5.

 

Итті бақылау.

Мақсаты: - ит-үй жануары, оның тән ерекшелігін, қоршаған

                     ортаға бейімдеуі туралы білімдерін бекіту;

                    -адам қолға үйреткен жануарға адамгершілік сезіміне тәр-

                     биелеу;

Бақылау жүргізу

Иеме қызмет етемін,

Иемнің үйін күзетемін.

Ырылдап мен үремін,

Басқаларды қуамын.

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Ит неге үй жануары?

v Ит қалай көрінеді?

v Немен қоректенеді?

v Иттің қандай тұқымын білесіңдер?

v Ит баласын қалай атайды?

v Иттің адамға қандай пайдасы бар?

v Ит қысқа қалай дайындалады?

Қыста иттің жүні өзгереді. Жазғы түсіп, жануар қалың және қалау жүні шығады.

 

Еңбек: Тырнақ гүл (календула) гүлінің түқымын жинау.

Мақсаты: -орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарауға

                   тәрбиелеу;

                   -экологиялық сана қалыптастыру;

 

Қимылды ойын: «Бүркіт пен балапандар»

Мақсаты: -шапшандылыққа, аңғарпаздыққа тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Жүйріктер жеңеді»

Мақсаты: -Ойын балаларды белгілі бір мақсатта коллективтік

                  әрекет жасауға, шапшаңдыққа, тыныс мөлшерін

                  ретті, қалыпты басқара білуге үйретеді;

 

Жеке жұмыс. Қимылдарды дамыту.

Мақсаты: -секіру кезінде дұрыс итеріліп, жұмсақ отыруға білімдерін

                   бекіту;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қараша.

Карточка №6.

Қайың ағашын бақылау.

Мақсаты: -қайың ағашымен таныстырып, жыл мезгіліндегі өзгерістерін

                    атап өту;

 

Бақылау жүргізу

Тұр ақ қайың түнде де,

Сұңғақ бойын сақтап тік.

Құйылады гүлдерге

Айдан саулап аппақ сүт.

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:

v Балалар неге қайың жапырақтары сарғайды?

v Күзде ағаштарға не болады?

v Ағаштар қысқа қалай дайындалады?

Күзде қайың ағаштарының жапырақтары ең алдымен төбесі сарғайады, ауасы суық болғандықтан, ал сосын төменгі жақтары сарғайады. Жел ағаш жапырақтарын жұлып алып, жапырақтар алтын күміс сияқты жерге төгіледі.

Балаларға ағаш жапырақтарын жинауға ұсыну.

 

Еңбек: Жолдарды сыпырып, қоқыстарды жинау.

Мақсаты: -еңбекқорлыққа тәрбиелеу, ұжыммен еңбек етуге білу;

                   -еңбектен кейін құрал-саймандарды жинау;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Алакүшік»

Мақсаты: - Ойын балалардың таза ауада дем алуларына,

                     жүгіруге, жылдамдыққа, тез шешім қабылдай білуге,

                     сергектікке үйретеді;

 

Жеке жұмыс: «Қармақ», «Кедергіден, кедергіге»

Мақсаты: -секіруге жаттықтыру;

                  -өз күштеріне сенуге тәрбиелеу;

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қараша.

Карточка №7.

 

Теректі  бақылау.

Мақсаты: -күзде терекпен таныстыру (адамға қандай пайдасы бар;

                    қашан және неге терек бораны болады);

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші. Халықта айтқан: «Егер ағаш жапырағы таза түспесе, қыс қатты  болады» - деген. Сендер бұл сөзді қалай түсінесіңдер? Неге? Біздің аулады бұндай құбылыс бақыланады ма?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші балалармен әңгіме жүргізеді:

v Кім айтады, неге күзде жапырақтар қызыл, сары, қынасары түстерге боялады?

v Көбі жапырақтардың түсуі үскіріктің болуына байланысты деп ойлайды, себебі үскірік нәзір қорғалмаған жапырақты өлтіреді. Бірақ, ол солай ма? Егер орманға не саябаққа серуен жасасақ, онда ағаштардың әр түрлі жапырақ түсуі әр уақытта болатыныны байқауға болады. Біз сендермен терек ағашының жапырақ түсуі қай кезде болатынын бақылау жүргіземіз.

v Терек ағашынан қандай өнім шығарады? Ең бастысы, қағаз, ал терек бүршігін крем, әтірлерге қолданады.

v Терек бораны, терек мамығы қай кезде болады? Неге?

v Терек мамығы деген не?

 

Еңбек: Гербариге жапырақ жинау, кептіруге; құм салғышты ретке келтіру.

Мақсаты: -еңбек ету дағдыларын ары қарай жалғастыру;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Арқан тарту»

Мақсаты: - Балаларға қазақ халқының әдет-ғұрыпымен,

                    салт-дәстүрімен таныстыра отырып, ұлттық ойын

                    түрімен танысу;

                    -Эстетикалық мәдениетін дамыту;

                    -Еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Доппен жаттығу: жерге соғып екі қолмен ұстау.

Мақсаты: -қимыл үйлесімділігін дамыту;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қараша.

Карточка №8.

 

Аула сыпырушының жұмысын бақылау.

Мақсаты: -аула сыпырушының жұмысын бақылауға жалғастыру;

                   -сөздік қор арқылы тілдерін дамытуын жетілдіру;

                   -аула сыпырушының жұмысын сыйлауға, қызығушылыққа

                    тәрбиелеу;

                    табиғатқа деген махабатын, қоршаған ортаны

                    аялауға, қорғауға тәрбиелеу;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Қай жыл мезгілі?

v Оны қалай білдіңдер?

v Аула сыпырушы неге жолдардан жапырақтарды жинайды?

 

Еңбек: Аула сыпырушыға жапырақ жинауға көмектесу.

Мақсаты: -үлкендерге көмек көрсетуге үйрету;

 

Қимылды ойын: «Бүркіт пен балапандар»

Мақсаты: -бірін-бірін ұстап жүгіруге, жүргізушінің белгісін

                    тындауға үйрету;

                   -назарларын, жылдамдылықтарын, шапшандылықтарын

                    дамыту;

 

Аз қимылды ұлттық ойын: «Киіз үй»

Мақсаты: - Балалардың киіз үй туралы түсініктерін кеңейту;

                    -Киіз үй бөліктерімен таныстыру;

                    -Ойлау, есте сақтау, сөздік қорларын дамыту;

                    -Қазақ халқының ұлттық ойындарын қадірлеуге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Доппен жаттығу.

Мақсаты: -доппен жаттығу жасауға жалғастыру;

                   -тез жүгірулерін дамыту;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қараша.

Карточка №9.

 

Арнайы көлік – «Жедел жәрдем» бақылау.

Мақсаты: -арнайы көлік – «жедел жәрдем» туралы білімдерін кеңейту,

                     адам өмірін құтқаруда жүргізушінің рөлі;

                    -сипаттама бойынша керек көлікті табуға білімдерін бекіту;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Бұл қандай машина?

v Оны қайдан білдіңдер?

v Бұл машиналар не үшін керек?

v Бұл машиналарды қандай жүргізушілер жүргізу қажет? Қызыл сызық, қызыл кресті бар автокөлігі белгілі мекен-жаймен науқасқа көмекке лезде барады. Жыпылықтаған белгісі мен гуілді сиренасы басқа көліктерге және жаяу жүргіншілерге: «Өтінеміз, біз асығыспыз, бізді өткізіңіздер!» дейтін сияқты.

 

Еңбек: Ойын алаңындағы қоқыстарды жинау.

Мақсаты: -тапсырманы орындауға қол жеткізу;

                   -бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу; 

 

Қимылды ойын: «Ормандағы аш қасқыр»

Мақсаты: -балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру;

                   -достыққа тәрбиелеу;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Ақ серек, көк серек»

Мақсаты: - Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы;

                    -Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                    -Патриоттық сезімге тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Допты қашықтыққа лақтыру.

Мақсаты: -сол қолмен, оң қолмен допты лақтыруға дағдыларын бекіту;

 


 

 

 

 

Қараша.

Карточка №10.

 

Тал (ива) ағашын бақылау.

Мақсаты: -біздің айналамыздағы ағаш пен бұталармен олардың

                    әр түрлі түрлерімен таныстыруды жалғастыру;

 

Бақылау жүргізу

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

v Тал – бұта ма, ағаш па? Неге?

v Тал ағашы қалай көрінеді?

v Қандай топырақты жақсы көреді?

v Тал адамдарға не береді?

v Күзде тал ағашына не болады?

Тал - бұталы және ағаш тектес өсімдік. Биіктігі - 10-15 м, кейбір түрлері 40 м-ге дейін жетеді. Тал түрлерінің көгалдандыруда көбінесе бойы аласа, бұтақтары ирек, жайыла өсетін жалғанбалы сұрыптары қолданылады. Сопақтау келген ұзын жапырақтары бар. Түсі - сұрғылт-жасыл, жас жапырағы ақшыл түсті жаңа жарған гүл секілді көрінеді.Талдың діңінің қабығын суық тигенде және ыстықты қайтару үшін қолданған.Талдан, шыбығы жұмсақ болғандықтан иіп, себеттер тоқиды.

 

Еңбек: Тәрбиешімен бірге сынған бұталарды секатормен кесу.

Мақсаты: -секатормен пайдалануға үйрету, керек емес бұталарды

                    жинау;

 

Ұлттық қимылды ойын: «Теңге ілу»

Мақсаты: -Балаларды ұлттық ойын туралы түсінігінің болуы;

                   -Шапшандылықтарын арттыру, сөздік қорларын дамыту;

                   -Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;

 

Жеке жұмыс: Ойын жаттығу қысқа скакалкамен.

Мақсаты: -алға, артқа айналдырып, скакалкадан секіруге үйрету;

 

 

                

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" серуен картотекасы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 016 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.06.2017 4393
    • DOCX 176 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Суйеубаева Гульдана Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 90129
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Современные подходы к содержанию и организации образовательно-воспитательного процесса в условиях введения ФГОС ДО

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 491 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Реализация комплексной программы «Радуга» с учетом требований ФГОС ДО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Курс повышения квалификации

Нормативно-правовые и организационные основы деятельности учреждений дошкольного образования

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек