Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Другие методич. материалы / "Ұлттық спорт ойындары" (7-сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Физкультура

"Ұлттық спорт ойындары" (7-сынып)

библиотека
материалов

Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі

________Т.Дауылбай

Ұлттық спорт ойындары


Өткізілген жері: спорт алаңы. сыныбы________

Өткізілген күні:___________ уақыты________

Ашық Сабақтың тақырыбы: Ұлттық спорт ойындары

Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын, ой өрісін, икемділігін,

шапшаңдығын, ұлттық ойынға қызығушылығын дамыту.

Міндіттері: А) Білімділік – Оқушылардың ұлттық ойындар туралы білімдерін жинақтау, бекіту

Б) Тәрбиелік – Оқушыларды жауапкершілікке, ұйымшылдыққа,

салауатты өмірге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, машықтық, топпен жұмыс, ойын.

Құрал-жабдықтар: Ысқырық, доп, асық, тастар, кедергілер, тоғыз құмалақ ойынының тақтайшасы және құмалақтары, дротик құралы, т.б.

Сабақтың жоспары:

Кіріспе. Дайындық бөлімі: (15 мин)

Негізгі бөлім: (25 мин)

Қорытынды бөлім: (5 мин)


Сабақтың барасы

1.Кіріспе дайындық бөлімі.

1. Сапқа тұру. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптағы жаттығулар. Оңға! Солға! Айнал! (Нұсқау: оқушылардың дайындығына спорт киіміне көңіл бөлу және қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.)

2. 1. Жүріспен орындалатын жаттығулар:

А) қарқынды өзгерте отырып, кең адымдап жүру;

Ә) қолмен және кеудемен қарапайым қыймыл жасап жүру;

Б) қолмен аяқтың ұшынан ұстап отырып, төмен еңкейіп, аяқты тура ұстап жүру;

В) қолды сермеп, алға қарай және бір жақ бүйірге қарай, кең адымдап жүру;

(Нұсқау: Басты, денені, қолды түзу ұстап жүрулерін қадағалау).

2. 2. Жүгіруде орындалатын жаттығулар;

А) бір қалыпты баяу жүгіру.

Ә) әр адымда секіре жүгіру. (бір аяқпен, екі аяқпен скіру).

Б) артпен шегіншектей жүгіру.

В) қолды желкеге қойып, оң, сол бүйірмен жүгіру.

Г) қолды алдыға созып, тізені алақанға тигізіп жүгіру.

Ғ) алақанды артқа ұстап, өкшені артқа лақтыра жүгіру.

Д) жүріспен демалысты қалпына келтіру.

(Нұсқау: Денені тік, қолдарын дұрыс қойып ұстауларын, дұрыс демалуын қадағалау).

Жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

  1. Жаттығу. Б.қ; аяқ иық деңгейінде, сол қол белде, оң қол жоғарыда, 1-2 сол жаққа иіліп, оң қолды сол жаққа иеміз, қолдарды ауытырып, сол қолдарды жоғары көтереміз 3-4 оң жаққа иілеміз.

  2. Жаттығу. –Ж.Б аяқты ашып қолды бүгіп кеуде алдына ұстау. 1-2 қолды түзетіп оң жаққа бұрылу, 3-4 қолды түзетіп сол жаққа бұрылу.

  3. Жаттығу. –Ж.Б. аяқты ашып, қол белде 1-4 денені оң жаққа айналдыру, 1-4 денені сол жаққа айналдыру.

  4. Жаттығу. –Ж.Б. аяқты аласа ашып қол белде 1-3 оң аяққа отыру, 1-3 сол аяққа отыру.

  5. Жаттығу. 1- аяқтың ұшына көтерілу. 2- қайта түсу.

Қолды белге қойып тұрып 1-3 дегенде бір орында үш рет секіру; 4-дегенде кері айналып, орнында тұрып секіру (6-8рет қайталау)

(Нұсқау: денені түзеу, жаттығуды сан арқылы орындау).


Негізгі бөлім: 25-30 мин

«Жаяу көкпар» - ұлттық ойыны.

Бұл ойын жазды күні, кең жазықта ойналады. Ойын өтетін жердің ұзындығы 50-60 метр, көлденеңі 25-30 метрден кем болмайды. Сол жазық алаңның бір шетіне шағын дөңгелек шеңбер сызылады да, ішіне құм түйілген ақ, шүберек қойылады. Алаңның екінші шетінен де сондай сызық сызылып оны көмбе деп белгілейді. Ортадан сызық сызылады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сол ортадағы сызықта сан құрып тұрады. Ойынды жүргізу үшін екі топқа ортақ бір басқарушы тағайындалады. Орамал жатқан және көмбе етіп белгіленген жерде екі ойыншы бақылаушы болып тұрады. Басқарушының берген белгісі бойынша ойын басталады. Әр топтың ойыншысы құм түйілген шүберекке бұрын жетіп, оны көмбеге жеткізуге тырысады. Топтың қалған ойыншылары оған көмекке келеді. Ал қарсы топ, одан шүберекті алып, өздері апаруға тырысады. Қызу тартыс басталады. Ойынға қатысушылар айла – амал қолданып, алаңның ішінде бұлтарып қаша жүріп, өз тобының көмбеге бұрын әкелуін қарастырады. Бірақ белгіленген межелі жерден шығуға болмайды. Көмбеге белгіленген мерзімде жеткізген ойыншы ұпайды көбірек алады, ойынға допты пайдалануға болады. hello_html_93fad9f.png


Ойын оқушылардың дене күшін, жүгіру қабілетін жетілдіріп, денелерін шыңдап, денсаулықтарын жақсарта түседі.

hello_html_1771bdf.png



















hello_html_m3a9c0958.png

Асық ойыны.

Асық- қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Бұл ойын негізінен күндіз де, түнде де ойналады. Асықтың күндізгісі адамды – мергендікке, түнгісі- ептілікке үйретеді. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп аталады. Ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқай аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке, омпы, алшы, хан ( хан ату), қақпақыл.


hello_html_m75aa5893.png

«Алшы ойыны» асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді.

«алшы ойынын» ойнаушыларға шек қойылмайды. Ойын басталар алдында, ойын жүргізуші барлығының сақаларын жинап алып, ойында әр кімнің кезегін белгілеу үшін, яғный, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды игереді. Игерген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссеекінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады. Шеңбер сызылады, шеңбердің ішіне ұзын сызық сызылады ұзын сызықтың ішіне ойыншылар тіккен асықтарын тізіп қояды. Асығы алшы түскен ойыншы ойынды бірінші бастайды. Асықты атқан кезде құлатса құлаған асықты алады, егер құлата алмаса, келесі асығы тәйке түскен ойыншы атады солай ойын жалғаса береді кім көп асық жыйнаса сол жеңген болып саналады.

hello_html_189fc0b9.png



Тоғыз құмалақ:

«Тоғыз құмалақ» ойынының тақтасы.

Тоғыз құмалақ ойыны жас жеткіншектерге спорт әліппесін үйретумен қатар, олардың ой-өрісін, сана-сезімін, дамытуға оқу үлгерімін жақсартуға және саналы тәрбие өзіндік септігін тигізеді.

Бұл ойынды арнайы ағаштан жасалған төрт бұрышты тақтада ойнайды. тақтаның екі қатарға тоғыз-тоғыздан ойылған сопақша келген ұясы (кіші отау), әр қатар үшін бір-бірден жасалған екі қазан (үлкен отау) болады. Олар ақ және қара түске боялған. Әр оқушыға 81-ден, екі ойыншыға 162 құмалақтан беріледі. Олар әр ұяға 9-дан орналастырылады. Әр ұяның 1-ден 9-ға дейін реттік саны болады, олар солдан оңға қарай есептеледі. Ойын ережесі: тоғыз құмалақтың партиясы ақ пен қараның кезектесіп отыратын жүрісінен тұрады. Ойынды бастаушы өзінің кез келген отауына бір құмалақты ғана қалдырып, өзгесін қолына алып, оларды сағат тіліне қарсы жақтан бастап, бояу түсіне қарамастан, бір-бірден ұяларға салады. Егер ең соңғы құмалақ түскен бәсекелестің ұзындығы тас саны (2, 4, 6, 8, 10, ...) жұп болса, онда ойыншы сол ұядағы құмалақты алып, өз қазанына аударады. Ойын барысында біреудің ұясында 2 құмалақ қалса, серіктесі ең соңғы тасын түсіріп үлгерсе, ол үшін тасты түгел алады, ұя ойын аяғына дейін «тұздыққа» айналады. Әр ойыншы өз қарсыласының жағында тек бір ғана «тұздыққа» ие болады. Қазанына 82 құмалақ жинаған ойыншы ұтады.

hello_html_m1f8e5e2e.png

Алтын қабақ (жамбы ату) ойыны. Бұл ойын негізінен нысананы дәл көздеп атпен шауып келе жатып ату. Біз сабақта бұл ойынды басқаша түрде пайдаланып қолданамыз. Бүкіл спортзалдың басынан 50-60м жүгіріп келіп, 5 метр жер қалғанда оқушы нысанада тұрған жамбыға кіші допты дәл тигізуі керек. Немесе (дротик) деген ойынның құралын пайдаланып, нысананы көздеп дәл тигізіп үйретуге болады. Бір дөңгелек картон ілулі тұрады, соны ұшы үшкір құралмен атады. Бұл ойын түрі оқушыларды мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа үйретеді. Дротик құралы. «Бес тас» ойыны.

Бестас – қазақ халқының ұлттық ойынына жатады. Бұл адамға өмірде жиі кездесетін қажетті қозғалыс дағдыларын жетілдіреді. Мұның адам бойында ептілік, жылдамдық, байқампаздық, санау, реттеу, топтау, жылдам ойлап, шешім шығару қасиеттерін жақсы дамытумен қатар, көз жанарын жетілдіруге, сауықтыруға да көп пайдасы бар, сонымен қатар қол , дене бұлшықеттерініңжақсы дамуына әсер етеді. Оны жылдың барлық мезгілінде, барлық жастағы адамдардың ойнауына болады. Ойын адамның шаршағанын басып, сабырлыққа шақырады, көңіл- күйін жақсартады. Ойынды сабақ үзілістері, жұмыс арасында ойнағанда тиімді. Ойынға домалақтау келген кішірек бес тас таңдалып алынады. Ойынды жеке адам немесе бірнеше адамдар топ құрып ойнауларына болады. Ойнау үшін тегіс жер немесе жазық тақтайүсті алынады.

hello_html_m6dea131e.png



Аяқтау бөлімі:


Қалыпқа келтіру. Мұрынмен дем алу, ауызбен дем шығару.

Сапқа тұрғызу. Саптал, түзел, тік тұр бұйрықтары.

Бағалау. Әркімнің жіберген қателіктеріне қарай

Қоштасу. Киінуге жіберу.


















hello_html_m21a1c863.png


Өткізген: Нұрқасынова Қ.Қ



2015-2016 оқу жылы



Автор
Дата добавления 18.04.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров236
Номер материала ДБ-039291
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх