Инфоурок Другое СтатьиМақала "Тиімді оқытудағы жаңаша көзқарас"

Мақала "Тиімді оқытудағы жаңаша көзқарас"

Скачать материал

                         Тиімді оқытудағы жаңаша көзқарас

 

           Мемлекеттік тілді оқытуда қоғамдағы  өзгерістерге байланысты бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңаша әдіс - тәсілдерді, технология жетістіктерін, тың бастамаларды пайдалана отырып, ұстаздардың өз еңбектеріне жаңашылдық  көзқараспен қарауын талап етеді. Қоғамның ХХІ ғасырдың алғы шебіне, яғни ғылыми-техникалық жетістік пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде заманауи  уақытқа лайықты саналы білімді, мемлекеттік тілді еркін меңгерген жеке тұлға қалыптастыру – білім ордасының   негізгі міндеті. Мемлекеттік тілді оқытып,үйретудің маңызы күннен-күнге арта түсті.Оқушылар мемлекеттік тілді үйрену арқылы ұлы қазақ халқының тілін біліп қана қоймай, халқымыздың мәдениетімен,тарихымен, салт-дәстүрімен танысады. Өмір талабына сәйкес оқу-тәрбие жұмысын жақсартып,заман көшіне ілесу үшін, мұғалім өз білімін жетілдіріп , ізденіс жолында жүруі қажет. Мемлекеттік тілді орыс мектептерінде оқыту барысында  оқушыларды мемлекеттік тілде  дұрыс сөйлеуге,оқуға, сауатты жазуға,бір-бірімен қарым-қатынас жасауға (айту,жазу,оқу, сөйлеу ) үйрету, ойлау қабілетін дамыту, өз ойларын қазақ тілінде мүдірмей жеткізе алуы басты назарда.

Кезекті өзекті мәселе – «мұғалім оқушыны сабаққа қалай қызықтырып, тілді нәтижелі үйрете алады?»  деген сұраққа жауап беру.Сабақты қызықты, әрі тартымды өткізуі әр ұстаздың тілді оқытудың әдіс-тәсілдерін күнделікті еңбек барысында осы салаға сіңірген сапалы қызметінің нәтижесінде байытып, кеңеюімен белгілі бір жүйеге түскен жаңашыл сабақтарды  шеберлікпен ұйымдастыра білуінде.

       Мұғалім оқушының қызығушылығын арттыра алмаса,берген білімі еш нәтиже бермейді. Мемлекеттік тілді оқыту үшін,ең алдымен оқушының  тілді қаншалықты меңгергендігін анықтап алып,оның жасына , өзіндік ерекшелігіне,  сұранысына қарай одан әрі дамыту көзделеді. Өз тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын мұқият талдап,зерделеп, қабылдаған шешімім, оқушылар білімді тиянақты меңгеріп қана қоймай, алған білімдерін өмірде қолдана алатындай,

өз пікірлерін, көзқарастарын еркін түрде жеткізіп, жетістіктерді бағындыра  алатындай тұлға етіп қалыптастыру жолдарын қарастырудамын.

Бүгінде  Қазақстан Білім министрлігінің талабы бойынша орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнін қазақ сыныптары бағдарламасы бойынша оқыту жолға қойылды. Бұл мәселенің нақ ортасында , дәмін татып, қиындығын бастан кешіп,қолмен ұстап,көзбен көріп келген ұстаздар қауымы үшін қиындықтар туғызбай қоймады.

Соған қарамастан басқа ұлт өкілдеріне мәтін нұсқасын қазақша меңгертіп келеді. Осы жаңаша көзқарасқа ата-аналар қауымы арасында  да қарсы пікірлерін білдіріп жүргендер кездеседі. Мұғалімдер тарапынан бұл жағдай ата-аналарға түсіндіріліп, мәтіндердің басқа ұлт өкілдерінің түсінуіне қиыншылықтар туғызатынын ескере келе,оларға ұстаздар да мәтінді жеңілдетіп ұғындыру үшін, түрлі жаңа технологияларды пайдалана отырып, қызықты әдістер арқылы меңгертіп қол жеткізуге болатынын түсіндіру қажет.

         Күтілетін нәтиже жоғары болу үшін баланы дәстүрлі оқыту жарамайды, олардан өзі отырған ортаға бейім болып,өз шешімін қабылдай алатын, өзгенің пікірін тыңдай білетін,бағалап, қорытындылай білетін жеке тұлға дайындауымыз керек. Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында сабақтарымда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны ,баланың жас ерекшелігіне қарай қызықты түрлі ойлау әрекетін дамытатын,  ізденуге, дәлелдеуге мүмкіндік беретін тәсілдердің молдығы.Бұл бағдарлама: қызығушылықты ояту, үйрену процесі – оқушының алдағы білетіні мен жаңа білімді ұштастыра білуінен тұрады.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жүргізілген сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімдісі «Миға шабуыл», «Топтастыру», «Түртіп алу»,»Ой шақыру», «Жұпта талқылау», “Болжау”, “Әлемді шарлау” тағы басқа да толып жатқан әдіс - тәсілдерді енгізе отырып өткізілген сабақтар өз нәтижесін береді.

Сабақтарда қолданылатын  сыни тұрғыда ойлау технологиясы элементтері: «Блум таксономиясы», «Венн диаграммасы», «5 жол өлең», «Инсерт әдісі», «Автор орындығы», «Тақырыптық түйінді сөздер», «Сұрақты ұстап ал», «Көршіңе әңгімелеп бер», «Бірге ойлаймыз» тағы да басқа көптеген әдіс-тәсілдер ұтымды пайдаланылған жағдайда оқушылардың сыныптастарымен жылы қарым-қатынас орнатуына,сондай –ақ,мұғалім мен оқушы арасында үлкен сенімділік пайда болуына ықпал етеді.Ойларын еркін айтуға, өздеріне деген сенімділік  артып, сыныптастары арасында пікірінің құндылығына сенеді.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жүргізілген сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттырады, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімдісі «Миға шабуыл», «Топтастыру», «Түртіп алу»,»Ой шақыру», «Жұпта талқылау»,“Болжау”, “Әлемді шарлау” тағы басқа да толып жатқан әдіс - тәсілдерді енгізе отырып өткізілген сабақтар жоғарғы нәтижесін береді. Сабақтарда қолданылатын  сыни тұрғыда ойлау технологиясы элементтері: «Блум таксономиясы», «Венн диаграммасы», «5 жол өлең», «Инсерт әдісі», «Автор орындығы», «Тақырыптық түйінді сөздер», «Сұрақты ұстап ал», «Көршіңе әңгімелеп бер», «Бірге ойлаймыз» тағы да басқа көптеген әдіс-тәсілдер ұтымды пайдаланылған жағдайда оқушылардың сыныптастарымен жылы қарым-қатынас орнатуына және мұғалім мен оқушы арасында үлкен сенімділік пайда болуына зор ықпал етеді. Ойларын еркін айтып, өздеріне деген сенімділік артады, сыныптастары арасында пікірінің құндылығына сенім білдіреді.

- «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды» дамытуға негізделген сабақ оқушының ой – өрісін дамытып, жан-жақты терең білім  алуына зор ықпал етеді;

- Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Осы әдіс - тәсілдерді мұғалім іздену арқылы іріктеп  қолданады.

- « Оқу мен сын тұрғысынан ойлау» технологиясымен жұмыс істеу барысында мол тәжірибе жинақтайды.

«Орташа мұғалім - айтып береді,

Жақсы мұғалім - түсіндіреді,

Үздік мұғалім - көрсетеді,

Ұлы мұғалім - қанағаттандырады, шабыттандырады»- деп А. Уорт айтқандай, оқушының  құзіреттілігін дамытудағы еңбегіміздің әр сәті жүйелі түрде атқарылып нәтижелі болуға тиіс. Өйткені, заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай өз тәжірибемде сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдаланудың маңызы зор екені анықталды. Қорыта келе М. Жұмабаев айтқандай:жеке тұлғаның жан көріністерінің үш түрінің:

Ақыл көріністері:

Ішкі сезім немесе көңіл көріністерінің:

Қайрат көріністерінің дамытуы – сын тұрғысынан ойлауымен байланысты.

Сөзімнің соңын Абылай ханның мына даналық сөзімен аяқтағым келеді.

Білекке  сенген  заманда ешкімге дес бермедік,

Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік!

Ұлы мұғалім - қанағаттандырады, шабыттандырады»- деп А. Уорт айтқандай, оқушының  құзіреттілігін дамытудағы еңбегіміздің әр сәті жүйелі түрде атқарылып нәтижелі болуға тиіс. Өйткені, заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай өз тәжірибемде сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдаланудың маңызы зор екені анықталды. Қорыта келе М. Жұмабаев айтқандай:жеке тұлғаның жан көріністерінің үш түрінің:

Ақыл көріністері:

Ішкі сезім немесе көңіл көріністерінің:

Қайрат көріністерінің дамытуы – сын тұрғысынан ойлауымен байланысты.

Сөзімнің соңын Абылай ханның мына даналық сөзімен аяқтағым келеді.

Білекке  сенген  заманда ешкімге дес бермедік,

Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала "Тиімді оқытудағы жаңаша көзқарас""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 943 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.06.2017 619
    • DOCX 16.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есенбекова Алия Абдуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есенбекова Алия Абдуллаевна
    Есенбекова Алия Абдуллаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20796
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой