Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыМұғалімдерге әдістемелік көмек. 7 сынып Қазақстан тарихы. "Тест құру жолдары"

Мұғалімдерге әдістемелік көмек. 7 сынып Қазақстан тарихы. "Тест құру жолдары"

Скачать материал

Мұғалімдерге арналған  әдістемелік көмек ретінде жұмыстарында

қолданылатың «Тест құру жолдары» еңбегімнен үзінді.

 

 Ұсынылып отырған әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептің

7 - сыныбына арналған «Орта ғасырлар Қазақстан тарихы» оқулығына негізделіп жасалды.

Оқушылардың білім деңгейін дұрыс та әділ бағалау жалпы білім сапасының негізгі көрсеткіші болып табылады. Бұл көрсеткіш білім жүйесі үшін де, оқушылар үшін де өте маңызды.

Сондықтан бұл  жинақта тесті құру талаптарына, нұсқауларына, құру кезеңдеріне, түрлеріне және өлшемдеріне тоқталып ашып көрсетуге тырыстым.

Оқу - әдістемелік құралындағы тапсырмалар тақырып мазмұнына қарай түрлендіріліп беріледі. Мұның өзі оқушылардың өздігінен жұмыс істеп, тақырып материалдарын тереңірек түсінуіне, естеріне сақтауына мүмкіндік туғызады. Сондай ақ берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өздерінің білімдерін жетілдіріп, толықтырып отыратын болады. Тестілерді сабақ барысында, үй тапсырмасын тексергенде, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық бақылау алғанда пайлалану өте тиімді.

Мұғалім тарихты оқыту барысында өзіде үздіксіз үйрену үстінде болады, әр сабақты өзінше құруда тәжірибе жинақтайды.

Оқу - әдістемелік құралдың - тест тапсырмаларының маңыздылығы: мемлекеттік стандартқа сай, жаңа бағдарламаға сәйкес және жаңа буын оқулықтары бойынша жасалды.

Мұғалімдер мен оқушылар үшін білім деңгейін тексеруде көмекші және мектепте тақырыптық, тоқсандық, жылдық бақылау жұмыстары мен емтихандарына дайындалуда тиімді құрал болады деген сенімдемін.

Оқушылардың білімін және біліктілігін ойлау қызметінің даму дәрежесін, тәрбиелілігін тексеру аса маңызды жұмыс болғандықтан, оны үлкен дайындықпен және жауапкершілікпен, жоспарлы түрде жүргізіп отыру қажет. 

Тарих пәнінен тест бойынша білім тексеру үшін, мұғалімдер алдымен мұны өткізу әдістемесінен жақсы хабардар болғаны дұрыс, сондықтан тестілерді құру талаптарына тоқталайық:

1) Тестілер курстың оқу бағдарламасы негізінде құрылуы және неғұрлым маңызды тараулар мен тақырыптарды қамту тиіс.

2) Тестің көлемі білімді бақылаудың мақсаттарына сай тапсырманың формасына байланысты болады.

а) Сабақтық - үй тапсырмасын тексеруге арналған шағын тестілер.

ә) Тақырыптық - бір тақырыпта бірнеше сұрақ берілгенде.

Мысалы: «Сақтар» параграф № 8 - № 12, онда сақтардың тарихы, мекенденген орны, тұрмысы, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы, мәдениеті т. б. кіреді.

б)  Қорытынды - ірі көлемді - тарау немесе тоқсан бойынша білімін тексеруге арналған.

в)   Салыстырмалы  - бірнеше тақырыптағы мәліметтерді салыстыруға арналған және білімдерін тереңдетуге арналған. Мысалы: Сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің т. б. билеушілері қалай аталды? 

а)   патша                   ә) көсем                         б) шанью                в) гуньмо

Жалпы пән бойынша білім деңгейін анықтауға арналған тестілер материалдың міндетті шағын көлеміне, яғни осы оқу курсының басты «өзегіне» сүйенеді.

3) Тестінің бірнеше нұсқасын әзірлеу қажет (5 - ден кем емес, яғни біршама көп болуы тиіс).

4) Тестегі бірнеше сұрақтар  немесе тапсырмалар енеді, олардың әр қайсысы дұрыс жауапқа - 1 балл, бұрыс жауапқа - 0 балл жүйесімен бағалануы тиіс. Тестіде тапсырмалар неғұрлым көп болса, соғұрлым нәтиженің анықтығы (нақтылығы) жоғары болады.

5) Тест сұрақтарына жауап қысқа,  жинақы берілуі тиіс.

6) Тестіге ескірген, күрделі, қарапайым немесе маңызды емес материалдарды енгізуге болмайды.

7) Тест сұрақтарын екі топқа бөлуге болады:

а)  абстрактілі, олар курстың негізгі ережелерімен пәнаралық байланысты айқындайды;

ә) нақты, бұлар орташа күрделілік дәрежесіндегі нақты материалдар бойынша білімін айқындайды.

8) Алынған жауаптар негізінде оқушының білімін бағалауда эксперттік комиссия қабылдаған сапаны анықтау жүйесін қолдануға болады:

а)  дұрыс жауаптар 75% - дан жоғары болса - жақсы немесе жоғары      үлгерім;

ә)  дұрыс жауаптар 50% - дан 75% - ға дейін болса - қанағаттанарлық;

б)  дұрыс жауаптар 50% - дан аз болса - білім деңгейі төмен.

9)  Тест сұрақтары анық, қысқа құрылып, оған біржақты жауап берілуі тиіс.

10) Тапсырманы құрғанда жалпыға бірдей қабылданған, бәріне түсінікті атаулар мен терминологияны қолдану қажет.

Тестіні құру кезеңдері:

1) Тестілеудің мақсаттарын анықтау.

2) Осы мақсаттарға сүйене отырып бақылануға тиісті көлемін белгілеу.

3)    Тестінің түрін және формасын таңдау.

4)    Тестінің мазмұнын құру.

5)    Тест тапсырмаларын орындауға қажетті уақытты есептеу.

6)    Тест мәтінінің сыпайлығын тексеріп, оларға түзетулер енгізу.

7)    Тест нәтижелерін өңдеу (жіберілген қателерді есептеу, қателер саны, орташа қателер, нұсқаның орташа қатесі, қиындық дәрежесі және т. б. көрсеткіштері).

8)    Тестілеудің мөлшерлік көрсеткішін түсіндіру.

         Тестінің түрлері:

Сабақтық, тақырыптық,  қорытынды. Сабақтық - 5 тапсырмадан тұрады, белгілі бір курстың жекелеме сұрақтарын оқыту кезінде қолданылады. Тақырыптық  тестер - 10 тапсырмадан тұрады, курстың негізгі тақырыптарын тексеруге бағытталған. Қорытынды тест - 20 тапсырмадан тұрады тарихтың қорытынды бөлімдері бойынша.

1)    Толықтыру қажет ететін тестілер.

2)    Еске салушы тестілер.

3)    Балама жауаптары бар тестер.

4)    Таңдамалы тест.

5)    Сәйкестілік (салыстыру) тестісі.

6)    Реттік бірлікке берілген тест.

7)    Құрама тест.       

         Тапсырма құру жолы әр - түрлі: ұқсас жауаптармен, таңдау жауаптармен, сәйкестендіре жауап беруі,  жүйемен жауап табуы,  ақпарат тобымен, ашық сұрақтармен әр - түрлі нұсқалы тестер. Оқушыларға дұрыс жауап табу, дұрыс емес жауап табу, түсініктемені атау, елеулі тарихи жағдайды немесе тарихи кейіпкерді, тұлғаны, сипаттамаға сәйкес анықтамаға атау. Фавктілерден белгілі бір қорытынды шығару олардың арасындағы байланысты табу т.б.

         Тестің мазмұны тек оқушының білімін тексеру үшін ғана емес, оның ой - өрісін дамытуға да қажет, оқушының жеке қабілетін анықтау үшін де керек. Сондықтан оқушы тестік тапсырмаларды жан - жақты колдана білу керек. Сабақтағы оқушының білімін бағалау оның тек қана мазмұнына емес, мақсатына да байланысты.

 

Осы тестерде мынандай тапсырмалар беріледі:

І.  Дұрыс  жауабын  табыңыз.

1. Алтын  Орда 

1)    Монғолия  жеріндегі  мемлекет

2)    Қазақстан  жеріндегі  мемлекет

3)    Жәнібек  құрған  мемлекет

2. Ақ  Орда

1)    ХІІ-ХІІІ  ғасыр  басында  өмір  сүрген  мемлекет

2)    ХІІІ-ХІҮ  ғасыр  басында  өмір  сүрген  мемлекет

3)    ХІІІ-ХҮ  ғасыр  басында  өмір  сүрген  мемлекет

3. Моғолстан

1)    Оңтүстік-шығыс  Қазақстан  мен  Қырғызстан  аумағында  құрылған  мемлекет

2)    Шығыс Дешті  Қыпшақта  құрылған  мемлекет

3)    Монғолия  жеріндегі  мемлекет

4)    Батый  хан

1) Қазақ  хандығын құрушы монғол ханы

2) Алтын Орданы құрушы  монғол ханы

3) Ақ  Орданы  құрушы  қазақ   ханы

5. Сұлтан   Бейбарыс .

1) Алтын   Орда   сұлтаны

2) Ақ   Орда   сұлтаны

3) Египет   сұлтаны

ІІ. Мына   анықтамаға  сәйкес   термин  сөзді   табыныз.

1.

1) Моғолстандағы  хан  кеңесшісі                                         1. Иқта

2) Оғыз   мемлекеті   билеушісінің   мұрагері                      2. Иман

3) Феодалдарға   шартты  түрде  берілетінжер  үлесі           3. Инақ

4. Инал

2.

1) Моңғолдар билігі  орнаған  жерлерде егіншілерге салынатын салық

1. Қонтайшы.

2) Жоңғар  мемлекетіндегі ең  жоғарғы билеуші  хан          2. Қаңқаш.

3) Оғыз   мемлекетіндегі  жоңғарлардан   құрылған кеңес   3. Қалан.

3.

1) Діни  құрылыс  ислам  дінің ұстанушылардың  мінажат  орны.

1. Сардоба.

2) Су сақтау  әрі  белгі   мақсатымен  тұрғызылатын  күмбезді құрдық.

2. Дың.

3) Қаза  болған  адамдардды   жерлеген  жерде   тұрғызылатын  мазар

3. Мешіт.

4.

1) Жуынды  су  ағатын құдық.

Оны  жер  астынан  қыш құбұрмен қала сыртына да           1. Тағар.

шығаратын  болған.                                                              2. Тандыр.

3. Ташнау.

2) Әскерді  қамтамасыз  ету   үшін  заттай  алынатын  салық 

5)    Нан пісіретін  пеш .

5.

1) Ортағасырлық   қаланың  егін  егушілері  мен                 1. Шахристан 

 мал өсіруші қарапайым халық тұратын сыртқы бөлігі        2. Минарет.

                                                                                                    3. Рабат.

2) Ортағасырлық қалалардағы қолөнершілері, саудагерлер мен жасақшылар  мекені.

3) Мінажат  етушілерді намазға шақыратын, мешіт жанынан салынатын  биік мұнара.

ІІІ. Бос  орынды  толтырыныз.

1. Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық   мемлекеттердің  бірі  …

2. Түрік қолбасшысы      …Жужан  қағаны     … мен  шайқасудың  сәтін  күтеді.

3  ..… қаған  қытай  әмірінің  қызына  үйленеді.

4 ..… жылы  Жужан қағандығы  тас- талқаны   шығып , жеңіліске  ұшырады.

5. Алайда  Бумын  сол  жылы   қаза  болып  ,оның  орнына   баласы …   қаған болды.

6.     ..… - көптеген түрін тілдес тайпалардың ортақ атауы.

7. Қағанат халқы негізінен … және .. көшпелі … шаруашылығымен айналысады.

8.     ..… ескерткіштерінде қала туралы сөздер кездеседі.

9. Түрік қағанаты 603 жылы …         , …      болып бөлініп кетті.

10. Түріктер жерлеу рәсімінен ең алғашқы кезеңдерде мәйітті … , оның       ….. қойғаны байқалады.

                                    ІҮ. Мына сөздерге қандай принцип ортақ

1.     Тардуш, Шегу, Тон? 1.Түрік қағанатын басқарған адамдар  2.Батыс Түрік қағанатының билеушілері  3. Шығыс Түрік қағанатының батырлары.

2.     Суяб, Мыңбұлақ: 1.Батыс Түрік қағанатының орталығы

2.Сауда орталығы  3. Шығыс Түрік қанатының қалалары

3.     Бұрықтар мен Тархандар: 1.Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар

2.Сот істерін атқарған адамдар 3.Қаған руынан шыққан ақсүйектер

4.     Шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық: 1. Қазақ халқының үйінде бар

2.Киіз үйдің құрамдас бөлімдері  3.Жертөленің құрамдас бөлімдері

5.     «Күлтегін», «Тоныкөк»:1.Түрік халықтарының архитектуралық ескерткіштері

2.Түрік жазба әдебиетінің ескерткіштері  3. Түріктердің наным-сенімдері мен діні

                                    Ү. Артық нұсқасын табыңыз.

1.     Түріктердің наным-сенімдері мен діні:


1)    Отқа табынған

2)    Табиғатқа табынған

3)    Көк бөріге табынған

4)    Ұмай анаға табынған

5)    Брахма құдайына табынған


2.     Түрік жазба әдебиеттерінің ескерткіштері


1)    Күлтегін

2)    Тоныкөк

3)    Оғызнама

4)    Шыңғыснама

5)    Қорқыт ата кітабы


3.     Соңғы 30-40 жылдың ішінде осы өзендері бойынан ежелгі түрік  жазуларынан көптеген ескерткіштері табылды


1)    Талас

2)    Іле

3)    Сыр

4)    Ертіс

5)    Жайық


4.Қарахан мемлекетіңде билік иелері қатарына ханның ұрпақтары жатты олар


1)    Тегіндер

2)    Ілік хандар

3)    Шад

4)    Бектер

5)    Нөкерлер


5.Қарахан сәулет өнерінің туындылары


1)    Айша-бибі

2)    Аққорған

3)    Бабаджа-қатын

4)    Қарахан кесенесі

5)    Ахмет Иасауи кесенесі


                                  ҮІ. Сәйкестендіріңіз

1.     Жүсіп Баласағұни.                               1. «Тарих - Рашиди»

2.     Қадырғали Жалаири.                           2. «Жылнамалар жинағы»

3.     Махмұд Қашғари.                                3. «Хайуандар табиғаты»

4.     Мұхаммед Хайдар Дулати.                 4. «Құт негізі - білік»

5.     Рашид – ад – Дин.                                5. «Жылнамалар жинағы»

6.     Марвази.                                              6. «Диуани Лұғат-ат-Түрік»

                                 ҮІІ. Тіркесті жалғастырыңыз

1.     Жібек жолымен қандай тауарлар тасылды

1)    Жібек матаны                                      4

2)    Асыл тұқымды жылқылар                   5

3)    Пілдер                                                  6

 

2.     Ұлы Жібек жолы арқылы Қытай қай мемлекеттермен сауда жүргізді?

1)    Египетпен                                            4

2)    Қазақстанмен                                       5                               

3)    Батыс елдермен                                   6

3.     Х-ХІІ ғ. қалаларында құрылыс жүйесінің тағы бір жаңа түрі – Шығыс моншасы, қай қаларда болды? 1)Тараз  2)Иасы    3)                      4)               

4.     Жібек жолы арқылы Қазақстан территориясына таралған діндерді тізіп жаз

1)    Христиан        2)Ислам              3)                         4)

5.     Шыңғысханның балалары, немерелері

1)    Жошы             Шағатай    Үгедей..................                          

ҮІІІ. Бекітуді (қолдауды) бағалаңыз

1)    Дұрыс         2) дұрыс емес

Отырар қаласы 6 ай уақыт қорғанды


1)    дұрыс

2)    дұрыс емес


1206 ж. Шыңғысхан ұлы құрылтайында алашаға отырғызылып хан етіп сайланды. 1)дұрыс         2)дұрыс емес


Жошы бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады.


1)    дұрыс

2)    дұрыс емес


Шыңғысхан Қазақстанның жерін өзінің төрт баласына берді


1)    иә

2)    жоқ


Европаға жорығын Жошы басқарды


1)    дұрыс

2)    дұрыс емес

ІХ. Мына сипаттама қай адамға сәйкес келеді:

1.     Шыңғысханның үлкен баласы. Оның Ұлысына Шығысы Ертіс өзенінен Батысы Европа жерлеріне дейінгі ат тұяғы жететін жерлердің барлығы қарайтын болды. Сарысу мен Кеңгір өзендерінің бойында күмбезі тұр.  

2.     Шыңғысханның екінші баласы. Оған Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен орта Азия жерлері берілген. Ұлыстың орталығы – Алмалық қаласы.

3.     Монғолдың түркіленген барлас тайпасынан Тарағайбектің баласы. Ол 1336-1405 жылдар аралығында өмір сүрген. 1370 жылы Мауараннахрды басып алып, 35 жыл бойы жеке-дара билік жүргізген.

4.     ХҮІ ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығын басқарды, Жәнібек ханның ұлы. Ол билік құрған кезінде қуаты мен беделі өсіп, хандықтың кенейюі мен нығаюына белсене араласып, өз елін алыс-жақын елдердің бәріне танымал еткен тарихи тұлға.

1)    Үгедей                          3) Әмір Темір                         5) Қасым

2)    Шағатай                       4) Батый                                 6) Жөшы

Х. «Ойлан, тап!» ойыны: «Қай жылы болды?»

1.     Сырым Датұлы бастаған көтерілкшілер қатары 1000 адамға жетті.

2.     Көтерілісті басуға арнайы генерал-майор Смирновтың әскері келді.

3.     Орынбор губерниясы таратылды.

4.     Сырымның Орал казактарымен кескілескен күресі.

5.     Орал казактарымен кактығыста Сырым балалары каза табады.

6.     Сырым тобы Мұғалжар тауларына карай ойысты.

7.     Ералы Кіші жүз ханы болып сайланды.

8.     Казак әскерінің атаманы Д. Донсковтың қатыгездігі туралы шетелдер коллегиясының мүшесі граф А.А. Безбородкоға шағым жасалды.

9.     Есім хан болып сайланды.

          10.Көтерілістің жеңілуі, аяқталу

Осы тестер түрлерін үлгі ретінде алып , алуан түрлі тестерді құрастыра аласындар деген сенімдемін.


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мұғалімдерге әдістемелік көмек. 7 сынып Қазақстан тарихы. "Тест құру жолдары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 354 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.04.2017 1651
    • DOCX 39.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Чиющалинова Карлыгаш Елюбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 56233
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 113 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 157 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 277 человек

Мини-курс

Финансовые аспекты и ценности: концепции ответственного инвестирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Методы анализа и прогнозирования по финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе