Инфоурок Всеобщая история Статьи31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Скачать материал

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

     31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап-қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн.

    ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады. Әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Біздің ендігі жердегі борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау.

       ХХ ғасырда қазақ ұлты тартқан ең ауыр зардап  осы зұлматты жылдармен байланысты. 1931-1933 жылдың ашаршылығы миллиондаған  қазақтың басын жұтты, 1937-1938-дің репрессиясы қазақтың бетке ұстар қаймағын   қынадай қырып салды. Қызыл империяның қаны тамған заманда елімізде 20-дан астам лагерь жұмыс істеп, оларда 800 мыңнан астам асыл азаматтарымыз азап шекті. 1937-1938 жылдар аралығында 103 мың адам қуғындалып, 27 мыңнан астам адам атылды. Бұл күні тек қуған-сүргін құрбандарының туған-туыстары ғана емес, бүкіл ел бабалар рухына тағзым етеді. Кейінгі ұрпақ тәуелсіздік тұғырын қалаған боздақтарын ұмытпауы тиіс.

      Лагерлерде қазақ мәдениеті мен ғылымына, ағарту саласына еңбегі сінген интеллигенция өкілдері азап шекті.

      Бүгін мыңдаған қуғын-сүргін құрбандарын – Ахмет Байтұрсыновты, Әлихан Бөкеейхановты, Сәкен Сейфуллинді, Бейімбет Майлинді, Ілияс Жансүгіровті, Мағжан Жұмабаевты, Міржақып Дулатовты, Тұрар Рысқұловты, Санжар Асфендияровты, Темірбек Жүргеновті, Жаһанша және Халел Досмұхамедовтарды  еске алмауға болмайды.

     Жаппай қуғын-сүргін бұрынғы Кеңес Одағының бірде-бір халқын айналып өткен жоқ.Қазақстанға әр жылдары 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корей отбасылары, 507 мың Солтүстік Кавказ халқы жер аударылды. Бұл жылдары барлығы 1 млн. 500 мың ұлт өкілдері жер аударылған. Тұрмыс тауқыметіне қарамастан қазақ халқы еріксіз жер аударылған бауырластарымызды жылы қабылдап, соның нәтижесінде тоталитаризмнің қанды шеңгеліне бірлесе төтеп берді.

     НКВД-ның ерекше бұйрығымен сол бір зұлмат жылдары қазақтың қамын ойлаған ұлт серкелеріне жөнсіз жала жабылып, аяусыз атылып, итжеккенге айдалса, отбасылары да қуғынға ұшырап, лагерлерге қамалды. Ардақты

арыстарымыздың әйелдері мен балалары «АЛЖИР» - «Ақмоладағы «Отанын сатқандар» әйелдерінің лагерінде де азап шекті.  АЛЖИР лагері 1938-1953 жылдар аралығында жұмыс істеді, 20 мыңға жуық әйел қамалып, олардың 7 мыңнан астамы азап түрмесінде көз жұмды.  Солардың ішінде Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің, Жұмат Шаниннің, Санжар Асфендияровтың, Темірбек Жүргеновтің, Тұрар Рысқұловтың т.б. әйелдері де бар еді.

       Біздің жүрегімізде жазықсыз жапа шеккен репрессияға ұшырағандардың әйелдері, отбасылары мен туған-туыстарының есімдері мәңгілікке қалады.

       Бүгінде Астананың жаңа әкімшілік орталығында саяси репрессияның құрбандарына арналған ескерткіш пен мемориалды мұражай ашылған.

       Мемориалды-мұражай кешені кешегі күннің шерлі шежіресін шертеді.
Бұл Отаным деп, арысым деп, намысым деп ошақ отын өшірмей қалған аналарға қойылған ескерткіш. Елдіктің, егемендіктің қойған ескерткіші. Бұл – кейінгі ұрпаққа сабақ үшін, болашаққа бағдар үшін қойылған таңғы шықтай таза, тамшы судай мөлдір белгі.

      Мыңдаған адамдарды күшпен қуғындау арқылы дамыған, гүлденген қоғам құруға болмайтынын тарих тағы да дәлелдеп берді. Сондықтан бүгін біз өткенге салауат айта отырып, көпұлтты Қазақстан халқы бірлігіміз бен татулығымызды сақтап, бейбітшіл бақытты мемлекет құру жолындамыз.

       ...Жыл сайын мамыр айында жер бетінде жауқазын шығады. Қып-қызыл қызғалдақтар құлпырып, көздің жауын алады. Және ол барлық жерде шыға бермейді. Жота-жотаның, белес-белестің баурайына шығады. Сол қызғалдақтар кейде маған құрбан болған қазақтардың қанына малынып, жер бетіне қайта шыққандай елестейді...

 Енді міне қайта оралды заңғарлар,

Сталиндік тозақтарда жанғандар,

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар...

       Біз сол жастай солған жасампаз тұлғалардың алдында ғұмыр бойы бас иіп өтуге міндеттіміз.
       Бұл– тарихқа мінәжат!  Бұл – тағзым!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 852 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.04.2017 9527
    • DOCX 14 кбайт
    • 79 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Панияз Шолпан . Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Панияз Шолпан
    Панияз Шолпан
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 118949
    • Всего материалов: 36

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 192 человека

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов
Сейчас в эфире

Исторический роман "Муравьёв-Амурский, преобразователь Востока"

Перейти к трансляции