Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Кіріспе. «Биохимия және тіршілік»
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Кіріспе. «Биохимия және тіршілік»

библиотека
материалов

Алмасова Гүлнар Бектайқызы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы

38 орта мектептің биология пәні мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. «Биохимия және тіршілік»

қолданбалы курсы және оның міндеттері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға биологиялық химия жайлы ұғым беру

а) Білімділік және тірі ағзалардың химиялық құрамы туралы

ұғымдарын кеңейту.

ә) Дамытушылық Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын

жеткізе білуге дағдыландыру.

б) Тәрбиелік Тірі ағзаға, қоршаған ортаға қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті игеру

Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Кесте «биохимия салалары» интерактивті тақта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа сабақ:

Қызығушылығын ояту.

Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қою.

  1. Биология ғылымы нені зерттейді?

  2. Тірі ағзалардың жасушасының химиялық құрамы неден тұрады?

  3. Органикалық заттарға нелер жатады?

  4. Қоректік элементтерге нелер жатады?

Жоғарыдағы сұрақтар бойынша жауаптары талқыланғаннан кейін жаңа сабақ мазмұны әңгімеленеді.

Биологияның басты ғылыми саласының бірі - биохимия. Өсімдіктер мен жануарлар ағзасында және микроорганизмдерде синтезделетін тіршілік процестеріне аса қажетті түрлі заттардың ағзаға тигізетін әсерін жете білу әр адамның төл ісі. Себебі, соңғы уақытта адамдар арасында әртүрлі аурулар кең таралуда. Ал, ауру дегеніміз ағзада зат алмасу процесінен туатын өзгерістер. Біз «биохимия және тіршілік» курсын оқи отырып денсаулықты сақтау үшін қажетті, негізгі алғы шарттарды оқып үйренеміз. Биологиялық химия, немесе биохимия организмдердің химиялық құрамы мен химиялық айналыстарын яғни адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің тіршілік ету процесі кезіндегі өзгерістерін зерттейтін ғылым. Осы айналыстардың жиынтығы биологиялық зат алмасуды құрайды, мұның негізінде материяның қозғалу түрлері жатады, оны біз өмір сүру немесе тіршілік ету деп танимыз.

Биологиялық химияның атауы гректің bios – тіршілік, өмір деген сөзінен шыққан. Демек, биологиялық химия - тіршілік химиясы деген мағынаны білдіреді. Ал тіршілік дегеніміз – адам үшін және бүкіл тірі ағза үшін ең басты, негізгі құбылыс. Сондықтан тіршілік химиясын зерттейтін ғылым өте қызық және сонымен қатар өте күрделі.

Биологиялық химия XIX ғасырдың ортасында қалыптаса бастады. Ал ХХ ғасырда іргетасы қаланған дербес ғылым ретінде тез дамып, орнықты. Зерттеу обьектісіне және бағытына байланысты қазіргі кезде биохимия бірнеше салаларға бөлінеді.

Биохимия салалары 1 кесте

Биохимия


hello_html_6c43f26f.gifhello_html_e396e8d.gifhello_html_m1eb9f445.gifhello_html_26a7497f.gifhello_html_m49525e2c.gifhello_html_m68b24d8b.gifhello_html_22b31b9b.gifhello_html_mdd1c379.gifhello_html_443f527b.gifhello_html_448dec73.gifhello_html_m33d25fa7.gifhello_html_m1a062740.gifhello_html_m831207d.gifhello_html_m75a21ef9.gif












Т

Биохимия

Статистикалық биохимия

Динамикалық

биохимия

Функциональды

биохимия

hello_html_5efed77f.gifhello_html_b5b55de.gifhello_html_m1f69e990.gifірі материяны зерттеу жолдарына байланысты үшке бөлінеді.












Статистикалық биохимия организмдердің химиялық құрамын зерттеумен айналысады. Динамикалық биохимия организмдегі химиялық қосылыстардың өзгерулері және олармен тіршілік процесіндегі энергия өзгерістерінің байланыстылығын зерттейді. Функцинальды биохимия - бір жағынан химиялық қосылыстар құрылысы мен олардың түр өзгеру процестері арасындағы байланыстарды, ал екіншіден құрамына осы заттар енетін субклеткалы бөліктер, арнайы клеткалар, ұлпалар немесе мүшелердің қызметін зерттейді.

Тірі ағзада химиялық реакциялар үздіксіз жүреді. Сондай реакциялар нәтижесінде қоректік заттардан клетканың құрам бөліктері түзіледі және ыдырап, бұзылып жатады. Қажетсіз өнімдер бөлініп сыртқа шығарылады. Мұндай құбылыс зат алмасу немесе метаболизм деп аталады.

Катаболизм және анаболизм - зат алмасудың екі көрінісі.

Барлық химиялық процестер кезінде энергия өзгеріске ұшырайды. Энергияның бөлініп шығуы клетканың ішінде көмірсулар, майлар және белоктар тотыққан кезде, ауадағы оттегінің қатысуымен жүзеге асады. Қоректік заттардың энергиясы арқасында барлық тірі ағзалар құрылымы ерекше тәртіп бойынша қалыпқа келген. Ағзаға сырттан энергияның келуі тоқтаған кезде қалыптасқан жүйеде ретсіздік басталады да, ол ақырында ағзаның өліміне әкеліп соқтырады.

Сондықтан тірі ағза жүйесінде үздіксіз энергия қоршаған ортадан қоректік заттар арқылы келіп тұруы қажет.

Биохимия ғылымы - цитология, биофизика, органикалық химия, молекулалық биология, биотехнология, генетика, микробиология, өсімдіктер және жануарлар физиологиясымен тығыз байланысты. Биохимияны білу арқылы басқа арнаулы пәндерді жете меңгеруге болады. Сөйтіп, биологиялық химия - тірі материяны түзуші, тіршілік процестеріндегі қосылыстардың сапалық құрамы, сандық мөлшері мен қайта құрылуы туралы ғылым.


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

а) Биологиялық химия нені зерттейді?

ә) Биохимияның қандай салалары бар?

б) Тірі материяны зерттеу жолдарына байланысты биохимия

қандай салаларға бөлінеді?

в) Биохимия қай ғылым салаларымен тікелей байланысты?


IV. Үйге тапсырма.

«Биохимия және тіршілік, оның міндеттері». Оқып келу









2 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Белоктар туралы жалпы түсінік.Биохимиялық

зерттеулердің осы күнгі әдістері.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушылардың белоктар жайлы білімдерін кеңейту,

биохимиялық зерттеулердің әдістерімен таныстыру.

ә) дамытушылығы: Оқушылардың белсенділіктерін дамыту.

б) тәрбиелік: Оқушыларды сабақ барысында жалпы азаматтық

құндылықтар негізінде тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың түрі: Дамытушылық

Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап, ассоциация

Сабақтың көрнекілігі: Сызба

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру


Оқушылардың жаңа сабаққа назарын аудару үшін сұрақтар қою.

1) Белоктар қандай қосылыстарға жатады?

2) Белоктардың жай заты не?

3) Белок жайлы ойымызға не келеді, осыған байланысты ассоциация жасайық.


hello_html_6fb1955b.gif қорғаушы


кhello_html_m369f0e4d.gifhello_html_m23ae42d4.gifатализатор құрылыс материалы


hello_html_mbf6b867.gifhello_html_m6f9b3997.gifБелок

hello_html_m294b5e27.gif

қозғалыс тасымалдаушы


энергия көзі


Белоктар туралы жалпы түсінік

1838 жылы голланд оқымыстысы Мульдер алғашқы рет барлық тірі ағзада кездесетін күрделі органикалық зат "протеин" (белок) терминінің атауын қолданды. Тірі ағзаның құрамына кіретін белоктар немесе протеиндер {protos бірінші, алғашқы деген грек сөзінен алынған) органикалық қосылыстардың 50%-85% - ын кұрайды.

1871 жылы орыс химигі Н.Н. Любавин (1845-1918) белоктардың амин қышқылдарынан тұратындығын анықтады.

Белоктар цитоплазма мен ядроның негізін құрайды. Олар табиғатта кездесетін органикалық заттардың ішіндегі ең күрделісі. Белоктардың ең қарапайым құрамына мынадай элементтер кіреді:

Көміртегі - 50-55% Оттегі - 21-24% Азот - 15-18% Сутегі - 6-7% Күкірт - 0,3-2,5% Кейбір белоктік заттардың құрамына фосфор кіреді, сондай-ақ аз мөлшерде кейде темір, мыс, йод, хлор бром, кальций, мырыш және т.б. элементтер де кездеседі.

Белоктарға тірі ағзадағы жүретін көптеген негізгі функциялар бағынышты. Мысалы: клетканың өсуі мен дамуы, ас қорыту, көбею, нәсілдік немесе тұқым қуалаушылық қасиеттердің берілуі, тітіркенгіштік, бұлшық еттердің жиырылуы, антигендер мен антиденешіктердің пайда болуы, қайтадан байланыстырумен тіршілікке қажетті заттарды алып жүру және т.б.






Биохимиялық зерттеулердің осы күнгі әдістері

Биохимияның айтарлықтай күшті дамуы, әсіресе соңғы он жылдықтарда айқын байқалады. Оны қамтамасыз етуге алдымен биохимиялык зерттеулерде жаңадан ашылған физико-химиялық әдістерді кеңінен колдануға байланысты.

Биохимияда ғылыми зерттеулердің мүмкіндігін арттыруға ерекше үлес қосқан рентген құрылымдык анализ, электронды микроскопия, газды, сұйықтықты, гельді және капиллярлы хроматография, таңбаланған атомдар әдісі, инфрақызыл және ультракүлгін спектрофотометрия, флуоресцентті және полярографты анализ, электрофорез, молекулярлы елек (сит) әдісі, масс-спектрометрия, гравитациялық жазықтыкта заттарды бөлуде ультрацентрифуганы пайдалану, магнитті-оптикалық айналудағы дисперсиялық әдістер, электронды парамагнитті резонанс, ядролық магнитті резонанс және басқалар.

Биологиялық химияның жетістіктері биология мен физиологияның ары қарай дамуын аныктайды, себебі метаболизмге қатысатын заттардың құрылымдық және химиялық өзгерістерін білмей, оның мәнін анықтауға, көбею, тұқым қуалаушылық, жүйке импульсін жеткізу сияқты биологиялық құбылыстарды басқару әдістерін жетілдіруге болмайды.

Сондай-ақ, қазіргі теориялык физика мен эксперименттің күрделі техникасы ғалымдар алдында әртүрлі қосылыстардың құрылысын танып-білуде шын мәніндегі шексіз мүмкіндіктерді, сонымен қатар, өндірісте қолданылатын, қоршаған орта мен бүкіл әлемде өтетін шексіз көптеген химиялык реакцияларды ашты,

ІV Жаңа сабақты бекіту

а) Белоктарға тірі ағзада жүретін қандай функциялар бағынышты?

ә) Биохимиялық зерттеулердің осы күнгі әдістері қандай?

V. Үйге тапсырма беру.

«Белоктар туралы жалпы түсінік» оқып келу.






























3 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушылардың белоктар жайлы білімдерін кеңейте

отырып белоктардың физикалық және химиялық

қасиеттерінің ерекшеліктерімен таныстыру

ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін

қалыптастыру.

б) тәрбиелік: Оқушыларды байқампаздық пен ұжымшылдыққа

тәрбиелу.


Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Сызба

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын еске түсіру


Оқушыларға жалпылама сұрақтар қою

1.Белоктар қандай қызмет атқарады?

2.Белоктар құрамына қандай элементтер енеді?


ІІІ. Жаңа сабақ

Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері

Белоктар үлкен молекулалы органикалық қосылыстар, олар жартылай өткізгіш мембрана не жарғақтан (мал куығынан, целофаннан) өте алмайды. Белоктарды басқа коспалардан диализ аркылы тазарту осындай қасиетіне негізделген.

Молекуласының пішіндеріне қарай белоктар фибриллярлык және глобулярлық болып екіге бөлінеді. Глобулярлык белоктардың құрылымы шағын ғана, олардың полипептидтік тізбектері сфера немесе элипсоид сияқты тығыздала бүктелген болады. Белок глобуласының бетіне негізінен амин қышқылдарының полярлы тобы және зарядталған атомдары жинақталады. Олар сумен әрекеттесуге қабілетті келеді. Глобулярлы белоктардың көпшілігі суда және су ерітінділерінде ериді. Мұндай белоктарға барлық ферменттер, қанның, сүттің белоктары (альбуминдер, глобулиндер және басқалары) жатады.

Фибриллярлық белоктар тұрақты келеді. Суда және сұйық түз ерітінділерінде ерімейді. Белоктағы полипептидтік тізбектер белдік (ось) бойында өзара параллель орналасады, сөйтіп, ұзын талшықтар фибриллдер түзеді. Мұндай белоктардың молекуласы созылған жіп сияқты, өздері екі және көп полипептидтік тізбектерден тұрады. Тізбектері қатты немесе созылмалы жұмсақ келеді және тірі ағзаларда құрылымдық қызмет атқарады. Оларға: коллаген-сіңір, сүйек, тері, тіс және шеміршек сияқты ұлпалардың негізі болып табылады; шашта, жүнде, қауырсында, тырнақта, тұяқта кератин белогы бар, тағы оған жібек фибрионы, кан фибриногені және тағы сол сияқты белоктар да жатады.

Белоктардың кейбір ерекше қасиеттеріне жоғары молекулалық салмағы, жарықты қосарынан сындыруы, электрлік жазықтықта жылжығыштығы жатады. Сонымен бірге поляризацияланған жарықта жазықтықты бұру қабілеті белоктардың арнайы оптикалық қасиетіне тән. Белоктардын, осы көрсетілген оптикалык қасиеттерін, олардың мөлшерін (сандық түрде) анықтауда, молекулалық салмағын есептеуде және т.б. пайдаланады.

Белоктарға тән физикалык қасиеттердің біріне молекулаларының бетіне төмен молекулалы органикалық қосылыстар мен иондарды адсорбциялау (өткізу, қабылдау, copy) қабілеті жатады. Ағзадағы заттардың транспорттық (тасымалдану) қызметі белоктардың осы қасиетімен тығыз байланысты.



Мысалы, кейбір белоктар зат алмасу өнімдерінің тасымалдануын жоғары деңгейде қамтамасыз ете алады.

Белоктар, олардың амин қышқылдары сиякты структуралық элементтері әрі СООН тәрізді қышқыл топтары, әрі NH2 сияқты негіздік топтары бар болуы себепті амфолиттер немесе амфотерлік электролиттер болады.

Белокты заттар молекулаларындағы электрлік зарядтардың пайда болуы, олардың құрамында кездесетін қышқылдық және негіздік қасиеттерге ие топтарға тығыз байланысты. Қышқылдық қасиеттерді карбоксильді және сульфгидрильді, сол сияқты фенолды гидроксильді топтар көрсетсе, ал негіздік қасиеттерді амин, имин және гуанидинді топтар байқатады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту

а) Белоктардың физикалық қасиеті қандай?

ә) Белоктарды неліктен амфотерлік электролиттер деп атайды?

б) Белоктарда қышқылдық қандай топтар көрсетіледі?


V. Үйге тапсырма беру.

Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері





































4 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Белоктардың құрылысы, құрамы және оны

гидролиздегендегі алынатын негізгі өнімдері.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушылардың белоктардың құрылысы, құрамы жайлы

алған білімдерін тереңдету,белоктарды гидролиздегенде алынатын

өнімдерімен таныстыру

Ә)дамытушылық: Оқушылардың танымдық ықыласын молайту,

белсенділіктерін арттыру.

Б)тәрбиелік: Білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау


1) Белоктардың физикалық қасиеттері қандай?

2) Белоктарды молекуласының пішіндеріне қарай неше топқа бөледі?

3) Белоктар денатурациясын тудыратын факторлар не?


ІІІ. Жаңа сабақ

Белоктардың құрылысы мен құрамы туралы мәліметтер, олардың гидролиздену өнімдерін зерттегенде алынды. Қышқыл, сілті ерітінділерін қосып не фермент көмегімен гидролиз жасаған кезде белоктардың амин қышқылдарына ажырап, бөлшектенетіні анықталған. Амин қышқылдары - бұлар органикалық қышқылдар яғни маңызды табиғи қосылыстар түрлерінің бірі. Олардың көпшілігі суда жақсы ериді түссіз қатты заттар болып келеді. Химиялық құрамына және бүйірдегі топтардың құрылымына байланысты амин қышқылдары полярлы (гидрофильді) және полярсыз (гидрофобты) деп жіктеледі немесе оларды бейтарап, қышқылдық және негіздік амин қышқылдары деп бөледі. Әр түрлі белоктар моллекуласын құруға 20 дан астам амин қышқылдары қатысады. Олар екі үлкен топқа бөлінеді.

1) Ациклды 2) Циклды

Ациклды амин қышқылдары моллекуласында кездесетін амин және карбоксил топтарының санына сәйкес: Моноаминомонокарбон, яғни бір амин және бір карбоксил тобы бар; Моноаминдикарбон, диаминомонокарбон амин қышқылдары болып бөлінеді.

Циклды амин қышқылдары карбоциклды және гетероциклды болып бөлінеді.

1) Моноаминомонокарбон қышқылдары:

Гликокол немесе глицин, аланин, валин лейцин, изолейцин, серин, цистейн, цистин.

2) Моноамино дикарбон қышқылдары: Аспарагин, глютамин.

3) Диаминомонокарбон қышқылы: Лизин, аргенин.

4) Диаминодикарбон қышқылы: Диаминопимелин.

ІІ. Циклды амин қышқылдарына жататындар:

Фенилаланин, тирозин, пролин, триптофан, гистидин.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

а) Амин қышқылдарының қандай қасиеті бар?

ә) Амин қышқылдары қандай топтарға бөлінеді?

б) Моноаминокарбон қышқылдарына не жатады?

в) Моноаминодикарбон қышқылдарына не жатады?


ІV. Үйге тапсырма

Белоктар құрылысы, құрамы жайлы оқып келу.




5 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Белоктардың классификациясы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік Оқушылардың белоктар жайлы алған білімдерін кеңейту,

белоктардың жіктелуі жайлы ұғым беру

ә) Дамытушылық: Белоктар жайлы жаңа ұғым меңгерту, биологиялық тіл

байлығын дамыту.

б) Тәрбиелік: Жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың әдісі: Тірек сызба, сұрақ қою, әңгіме, танымдық ойындар.

Сабақтың көрнекілігі: Сызба «Белоктар классификациясы», интерактивті

құралдар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылар сабаққа тез бейімделу үшін өткен сабақ пен жаңа сабаққа байланысты тез жауап беруге арналған 8 сұрақ қойылады.

1. Белоктарды түзетін амин қышқылдарының құрылымы қандай?

2. Амин қышқылдары неше топқа бөлінеді? (2)

3. Ациклды амин қышқылдары неше топқа бөлінеді? (3)

4. Циклды амин қышқылдары неше топқа бөлінеді? (карбоциклды, гетероциклды)

5. Пептидті байланысты кім ашты? (Э. Фишер)

6. Белоктардың бірінші құрылымындағы байланыс түрі қандай?

7. Белоктардың екінші құрылымы арасындағы байланыс қандай?

8. Белоктардың үшінші құрылымы арасындағы байланыс қандай?


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру


Белоктар


hello_html_m4b595c6f.gifhello_html_m5b6ffca.gif

Қарапайым белоктар

протеиндер


Күрделі

белоктар

протеидтер






hello_html_7d25bbe9.gifhello_html_6b79f8e4.gifhello_html_26f1ab01.gifhello_html_m33d25fa7.gifhello_html_m75ded5a6.gifhello_html_ma6e07a2.gifhello_html_16c8f730.gifhello_html_7d25bbe9.gifhello_html_6b79f8e4.gifhello_html_26f1ab01.gifhello_html_m33d25fa7.gifhello_html_m75ded5a6.gifhello_html_ma6e07a2.gif


hello_html_1ef7ef87.gifhello_html_64234b17.gifhello_html_m43a7d53a.gifhello_html_m9bf0483.gifhello_html_f47b5b0.gifhello_html_2bb0d1ec.gifhello_html_45526b4d.gifhello_html_m41c44e96.gifhello_html_6515595b.gifhello_html_m5fff2475.gifhello_html_24b6cb4b.gifhello_html_m567c527.gifhello_html_56970a4c.gif


















Қарапайым белоктар


Олардың негізгі өкілдері және сипаттамасы


1) Альбуминдер – бейтарап тұздармен (аммоний сульфатымен немесе натрий сульфатымен) толық қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді. Қан плазмасында, сүтте, ағза клеткаларында және биологиялық сұйық заттарда, тауық жұмыртқасында, бұршақ тұқымдас өсімдіктерде кездеседі.

2) Глобулиндер - бейтарап тұздармен жартылай қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді, альбуминдер бар жерде кездеседі. Глобулин – сәл қышқылдау белоктарға немесе бейтарап белоктарға жатады.

3) Гистондар (грекше – һistos – ұлпа ) – ағзаның ұлпалық белоктары. Ол хроматиннің ДНҚ – қосылысымен байланысты болады.

Гистондар - өсімдіктер мен жануарлар клеткаларындағы ядро белогі.

4) Протаминдер - ең шағын молекулалы белоктар, м.м. – 4000 – 12000 шамасындай, күшті негіздік қасиеті бар, құрамында аргинин қалдығы көп, гистондар сияқты ДНҚ – мен байланысты.

5) Проламиндер - өсімдіктер белогі, әсіресе бұршақ тұқымдас өсімдіктер дәнінің жабысқақ ұлпасында болады. Суда, тұзды ерітінділерде, қышқылдарда және сілтілерде ерімейді, 70 % этонолда ериді.

6) Глутелиндер де өсімдік белоктарына жатады, сілтінің сұйық ерітіндісінде ериді, астық дақылдары дәнінде болады, оның құрамы глутамин қышқылына және лизинге бай келеді.

7) Протеиноидтер ( склеропротеиндер) – белок тәріздес заттар. Бұларға сүйеніш – тірек ұлпаларының (шеміршектің, сіңірдің, сүйектің, мүйіздің, жүннің, шаштың, т.с сияқтылардың) фибрилл белоктары жатады.

Коллаген – бұл белок жалғастырып тұратын тканьдерінің ( сіңір, сүйек, тері, тіс және шеміршектің) негізін құрайды.

Эластин – жалғастырып тұратын ұлпаның иілмелі – созылмалы белогы. Сіңірде, тарамыста болады.

Кератин - шаш, жүн, тырнақ, тұяқ, қауырсындардың құрамына кіретін фибрилді белоктар.

Фибрион – табиғи жібек талшықтарының негізін құрайтын белок.


Күрделі белоктар, олардың негізгі өкілдері.

1) Нуклеопротеидтер – нуклеин қышқылы бар белоктар кешені, яғни оның құрамы жай белоктар мен нуклеин қышқылдарының қалдығынан тұрады.

2) Фосфопротеидтер – жай белоктар мен фосфор қышқылы қалдықтарынан тұрады. Фосфопротеидтерге сүттегі казеин, жұмыртқа сары уызындағы виталлин, балық уылдырығындағы ихтулин және бірқатар ферменттер (пепсин мен фосфорилаза) жатады.

3) Гликопротеидтер – құрамында қанттар (манноза, галлактоза, гексозаминдер, сиал қышқылы және басқалары) бар күрделі белоктар.

4) Липопротеидтер – белоктар мен липидтерден ( триглицеридтер, фосфолипидтер, холестерол, сфинголипидтер, май қышқылдары) тұратын комплекс.

5) Хромопротеидтер ( грекше chroma - түс, бояу және протеидтер) – боялған күрделі белоктар.

Хромопротеидтерге гемоглобин, миоглобин, цитохромдар, пероксидаза, каталаза, флабиндік ферменттер жатады.

6) Металлопротеидтер. Бұл күрделі белоктардың простетикалық топтарының құрамында металдар (Cu++, Fe ++, Fe+++, Zn++,) кездеседі.

Бұларға ферритин белогі жатады, ол өттің құрамында болады.


Жаңа сабақты бекіту: Оқушыларға 4 деңгейде тапсырма жазылған парақты

тарату.







1. Деңгейлік тапсырма.

1. Кестеде көрсетілген белоктарды сәйкес тобына (+) таңбасымен белгілеу.



Р/с


Белоктар аттары


Протеиндер


Протеидтер


1.

Глобулин

+


2.

Нуклепротеид


+

3.

Гемоглобин


+

4.

Гистон

+


5.

Гликопротеид


+

6.

Альбумин

+


7.

Глутелин

+


8.

Казеин


+


2 – деңгейлік тапсырма

Биологиялық диктант

1. Глобулин ... белоктар өкілі.

2.... Ядро белогі.

3. Сүйек негізін ... белогі құрайды.

4.Шаш, тырнақта ... белогі болады.

5. Қанда болатын ... күрделі белок .

6. Құрамында қанттар бар белок ... деп аталады.


Жауаптары: 1. Қарапайым, 2. Гистон, 3. Коллаген, 4. Кератин, 5. Гемоглобин,

6. Гликопротеидтер.

3 – деңгейлік тапсырма .

Төмендегі «Бас қатырғылар базары» атты танымдық ойынды шешкен кезде бүгінгі өтілген тақырыпқа байланысты анықтама шығады.


Д

М

І

С

Ө

- Р

А

Д

І

К

Т

Е

Л

К

Р

Н

К

А

О

Р

Д

Я

А

О

Т

Л

Б

І

Г

Ы

Л

Т

Е

А

Е

Л

О

Ғ

Р

С

Р

Р

Ы

Н

Д

А

А

И

М

Е

Н

Ж

А

Н

У

Г


Шешуі: гистондар - өсімдіктер мен жануарлар клеткаларындағы ядро белогі.

4. Деңгейлік тапсырма. «Белоктар » сөзін келтіре отырып сөзжұмбақ құрастыру.

Қорытынды: Деңгейлік тапсырмаларды орындаған оқушылардың

жұмыстарының нәтижелері төмендегі кестеге толтырылып

салыстырылады.

Деңгейлер

1- деңгей

5 ұпай

2- деңгей

10 ұпай

3- деңгей

15 ұпай

4- деңгей

Шығар.

тапсырма

Қорытынды

Күні,

айы

Р/с

Оқушының

аты - жөні







1.

Айтбай Фариза

+

+

+




2.

Алмас Перизат

+

+


+



3.

Бектай Абай

+

+

+




4.

Шағанбек Олжас

+

+






Үйге тапсырма: Белоктардың классификациясы.





6 сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Белоктар тарауын қайталау»


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік Оқушылардың белоктар жайлы алған білімдерін

нақтылап жүйелеу, алған білімдерін жинақтауға

бейімдеу.

ә) Дамытушылық: Оқушыларды жеке, өзіндік жұмыс жасауға

дағдыландыру.

б) Тәрбиелік: Белоктардың тірі ағза үшін маңызын еске түсіре

отырып, санитарлық – гигиеналық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Оқушылардың білімдерін, біліктері мен дағдыларын

тексеру және бағалау.

Сабақтың әдісі: Тест, сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: Тест материалдары , интерактивті тақта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Тарауды қайталау.

Оқушыларға тест тапсырмалары жазылған парақты таратып беру.


«Белоктар» тарауын қайталауға арналған тест тапсырмалары.


1) Белоктардың қайсысы суда жақсы ериді?

А – коллаген Е – глобулярлы

В – тері Д – шеміршек


2) Белоктардың құрамында қандай топтар бар?

А - СООН, NН2 Е - NH2 ; NH3

В - СООН, NН3Д – СООН, CO2

3) Белоктардың табиғи құрылымының өзгеруі

А – Катализаторлық Е – Денатурация

В - Фермент Д - Трансляция


4) Нуклепротеидке жатады

А – Ихтулин С - Миоглобин

В – Вирусты белок Д – Гемоглобин


5) Қарапайым белоктарға жатады

А – Глобулин С – Хромопротеид

В – Гликопротеид Д – Фосфопротеид


6) Қанда болатын белок

А – Гистон С - Гемоглобин

В – Глобулин Д – альбумин


7) Ядро белогы болып табылады.

А – Протамин С – Гистондар

В – Коллаген Д – Глобулин

8) Құрамында қанттары бар белок


А – Хромопротеид С - Гликопротеид

В – Липопротеид Д – Фосфопротеид






9) Белок молекуласында қышқылдық қасиет көрсететін топ.

А –Амин С - Карбоксилды

В – Илин Д – Гуанидин


10) Моноаминомонокарбон қышқылы.

А – Лизин С - Аргинин

В – Гликокол Д – Аспарагин


11) Диаминомонокарбон қышқылы.

А – Лизин С - Аспарагин

В – Глицин Д – Глютамин


12) Циклды амин қышқылы

А – Лизин С – Фенилаланин

В - Аргинин Д – Аспарагин


13) Боялған күрделі белоктар

А –Липопротеид С – Фосфопротеид

В - Гликопротеид Д – Хромопротеид


14) Белоктарды басқа қоспалардан тазарту үшін қолданатын әдіс

А – Тұндыру С – Диализ

В - Сүзу Д – Электрофарез


15) Фибриллярлық белок

А – Альбумин С – Фермент

В - Глобулин Д – Коллаген


16) Глобулярлы белок

А – Коллаген С – Фибрион

В - Глобулин Д – Фибриноген


17) Шаш, тырнақ, тұяқ, қауырсындардың құрамында болатын белок

А – Кератин С – Глобулин

В - Протамин Д – Альбумин


18) Тасымалдаушы белок

А – Гемоглобин С – Актин

В - Миозин Д – Фибрин


19) Қозғалыс қызметін атқарушы белок

А – Гемоглобин С – Инсулин

В - Миозин Д – Фибриноген


20) Белок молекуласының құрылым саны

А – 1 С – 3

В - 2 Д – 4


Тест жауаптары: 1 –С; 2 – А; 3 – С; 4 – В; 5 – А; 6 – С; 7 – С; 8 – С; 9 – С; 10 – В; 11 – А; 12 – С; 13 –Д; 14 – С; 15 – Д; 16 – В; 17 – А; 18 – А; 19 – В; 20 – Д;


ІІІ. Үйге тапсырма:

«Белоктар» тарауы бойынша сөзжұмбақ құрастырып келу.




Сабақ №7


Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар, қызметі

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік Көмірсулардың құрамы, қызметі, тірі ағзалардағы ролі

жайлы оқушыларға білім беру.

ә) Тәрбиелік Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке

тәрбиелеу.

б) Дамытушылық Оқушылардың ой - өрісін дамыту

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап , әңгіме.

Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар

Пән аралық байланыс: Химия

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейіні мен ынтасын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ

ТІРІ АҒЗАДАҒЫ КӨМІРСУЛАР

Көмірсулар табиғатта кең таралған органикалық қосылыстар. Оларға кұрамында көміртек, оттек және сутек бар органикалық қосылыстар жатады. Көмірсулар немесе қанттар өсімдіктер организмінде синтезделеді. Олар барлык, тірі ағзада негізгі эиергия беретін зат және көміртегінің көзі. Ал, көміртегі дегеніміз — бүкіл тіршіліктің негізгі элементі.

Өзінің аты айтып тұрғандай, көмірсулар деген термин көміртегі мен су деген екі сөзден құралған. Өйткені, олардың эмпирикалық формуласы - СпН20. Қазіргі кезде кұрамына кіретін сутегі мен оттегінің ара салмағы формуладағыдан өзгеше заттар кездеседі, бірақ олар да сөз жоқ көмірсулар класына жатады.

Орыстың атақты ғалымы К. А. Тимирязев өсімдіктердің жасыл жапырағында ауадан алынатын көмірқышқыл газы мен тамыры арқылы кабылданатын судан күрделі органикалық заттардың құралатынын, осындай физиологиялық процесс кезінде ауаға өсімдіктерден оттегінің бөлініп шығатынын дәлелдеді. Бұл процесс фотосинтез деп аталады. Мұның химиялык тендеуін былай жазуға болады:

hello_html_135e3d1c.gif
6CQ2+6H2O жарық знергиясы С6Н12О6+6О2

hello_html_ma44d570.gif хлорофилл

Фотосинтез процесінің нәтижесінде ең қарапайым қант — глюкоза түзіледі де, молекулалық оттегі бөлініп шығады. Фотосинтез табиғи зертхана, жер бетіндегі тендесі жок физиологиялық процесс. Күн сәулесі жыл сайын жер бетіне 5 1020 ккал энергия береді. Күн сәулесі табиғаттың тыңайткыш күші болып есептеледі. Ал өсімдік болса "зауыттар" мен оның "цехтарында" органикалык заттардың (көмірсулардың) мол қорын жинактауға жағдай жасайды. Ары қарай глюкоза молекуласынан су бөлінеді де, ол сахароза, крахмал, целлюлоза және т.б. күрделі қанттарға айналады.

Көмірсулар өсімдіктердің кұрғақ затының көп бөлігін, яғни оның — 80-90%, ал жануарлардың - 1-2% кұрайды.

Көмірсуларды кейінгі кезде глицидтер деп атайды. Көмірсулар қасиеті жағынан әр түрлі және құрылымдық формада болады. Олардың ішінде үлкен, кіші молекулалы, кристалды және борпылдак, суда жаксы еритін, ерімейтін, гидролизденетін, оңай тотығу процесі жүретін қосылыстар көптеп кездеседі.

Көмірсулардың ағзада аткаратын кызметі көп түрлі. Олар өсімдік клеткаларының негізін кұрайды және қоректік заттардың қоры (крахмал) түрінде жиналады. Жануарлар мен адам ағзасында көмірсулар химиялык энергияның ең басты көзі болып табылады. Адам және жануар ағзасының ұлпаларында гликоген түрінде кор заты болып жиналады. Өсімдіктер тіршілігіне кажетті липидтер, белоктар басқа да заттар синтезделу үшін глюкоза негізгі материал болып есептеледі.





Сонымен фотосинтез дегеніміз — бүкіл жер бетінде органикалык. қосылыстар түзілетін жалғыз ғана процесс және біздің планетамыздағы молекулалық оттегінің бірден -бір қайнар көзі.

Фотосинтез реакциясынын, мәні мынадай: хлорофилге сіңген жарық энергиясы оның молекуласынан электронды қуып шығарады және мұндай шығынның орнын толтыру үшін су молекуласы оттегіне, электрондарға және протондарға ыдырайды.

2hello_html_m53a5d0eb.gifН2О 02+ 4Н +

Мұндай реакция нәтижесінде бөлініп шыққан молекулалық оттегі атмосфера ауасына қосылады. Сөйтіп, жасыл өсімдік ауаға оттегін береді, ал электрондар хлорофилл молекуласын қалпына келтіруге жұмсалады, протондар болса, жасыл өсімдіктің ауадан өзіне сіңірген CO2 молекулаларымен қосылысып, глюкоза түзеді.

Есептеулерге қарағанда бүкіл жер шарында өсетін өсімдіктер бір жыл ішінде атмосферадан 550 млрд тонна шамасындай С02 сініріп, 400 млрд тонна шамасында оттегін қайтарып береді. Өсімдіктер дүниесі мұнымен қатар минералдық элементтерден органикалық заттарды жасап шығарушы, сөйтіп, жануарлар дүниесін дайын органикалық заттармен қамтамасыз етуші болып табылады. Жануарлар ағзасы өзінің тіршілігі үшін қажетті органикалык қосылыстарды минералдық элементтерден синтездей алмайды, олар өсімдіктер дайындаған органикалык заттармен қоректенеді, өзінің денесін құрайды, қуат, энергия алады.

Көмірсулардың қызметі

Көмірсулардың қызметі алуан түрлі және оларды басқа заттармен ауыстыруға болмайды.

  1. Ең алдымен көмірсулар - өсімдіктер мен жануарлар клеткасы үшін энергия аккумуляторы, куат көзі (глюкоза, крахмал, гликоген).

  2. Бірқатар көмірсулар өсімдіктер мен бактерия клеткаларының қаңқасы қызметін атқарады. Мысалы, өсімдіктер клеткаларының қабығы целлюлозаның мықты талшықтарынан тұрады. Оны гемицеллюлоза, пектин және лигнин сияқты полисахаридтер бекемдейді. Бактерия клеткаларының қабырғасы құрамында азотты полисахаридтер бар, қатты да саңылаулы қабықтан құралады.

  3. Жануарлар белоктары мен липидтердің өздеріне тән ерекшелігі де көмірсуларға байланысты. Моносахаридтер және бірқатар дисахаридтер белоктармен ковалентті байланысып гликопротеидтер, ал олар өз кезегінде липидтермен езара әрекеттесіп, гликолипидтер құрайды. Гликопротеидтер мен гликолипидтер клетка мембранасының құрамына кіреді және оның ауыстырылмайтын бөлігі болып табылады. Кейбір гликопротеидтер буынаралыктарын майлау қызметін атқарады және клеткааралық сұйықтар құрамында болады.

4. Көмірсулардың адам қанының кандай топқа жататынын анықтаудағы және клеткаларды ажыратып білудегі клетка сыртының рецепторлы қызметі өте маңызды. Нуклеин қышкылдарының және нуклеотидтердің кұрамына кіретін рибоза мен дезоксирибозаның маңызын ерекше атап өту қажет.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Көмірсуларды неліктен бүкіл тіршіліктің негізгі элементі деп атайды?

2. Көмірсулардың қасиеті қандай?

3. Көмірсулардың қызметі қандай?

ІV. Топтық жұмыс

Төмендегі бас қатырғыны шешкенде тақырыпқа байланысты анықтама шығады


М

І

С

Ө

-

Р

А

Л

У

С

Р

Д

А

К

Т

Е

Л

К

Р

А

Л

І

І

Л

І

З

Ө

К

Т

А

У

Р

М

К

А

Р

Ы

Ү

Ш

І

Н

Қ

А

Ө

Т

Е

Р

М

Е

Н

Ж

А

Н

У

К


Шешуі: Көмірсулар - өсімдіктермен жануарлар клеткалары үшін қуат көзі

V. Үйге тапсырма: Көмірсулар, қызметі.



Сабақ №8


Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар классификациясы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік Оқушыларға көмірсулардың жіктелуі жайлы білім беру және алған

білімдерін кеңейту.

ә) Тәрбиелік Оқушыларды байқампаздықпен ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

б) Дамытушылық Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі, лекция

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап , әңгіме.

Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар

Пән аралық байланыс: Химия

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейіні мен ынтасын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын еске түсіру

1. Көмірсулардың құрамы неден тұрады?

2. Көмірсулар қандай қызмет атқарады?

3. Көмірсулардың қасиеті қандай ?

ІІІ. Жаңа сабақ

Көмірсулар кең тараған қосылыстар тобы. Жалпы формуласы /СН20)n. Көмірсулар өсімдіктер бойындағы тірі заттың негізгі массасын құрайды. Өсімдіктерде олар - кұрылымдық функциясын атқарады және қоректік затгардың қоры.

Көмірсулардың бәрі альдегидтер немесе китондар және олардың молекуласында әрдайым бірнеше гидроксил группалары болады. Химиялық касиеттерін осы группалар анықтайды.

Көмірсулар үш класқа бөлінеді: моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтер.

Моносахаридтер - жай канттар. Молекуладағы көміртегінің атомдарының санына байланысты моносахаридтерді триоза (ЗС), тетроза (4С), пентоза (5С), гексоза (6С) және гептоза деп ажыратады. Табиғатта жиі кездесетіні - пентоза мен гексоза. Молекуласында жеті көміртегінен артық бірде бір қант болмайды. Д-рибоза тірі жүйенің маңызды және универсалды компоненті. Д-рибоза және оның туындысы дезоксирибоза энергия мен информацияны жеткізетін реакцияға қатысады. Моносахарңдтер бір-бірімен қосылып олигосахаридтер (гректің олигоаз және sakkharon - кант деген сөздерінен шыққан) деп аталатын канттың 2-9 калдықгарынан тұратын тізбектер кұрай алады. Олигосахаридтердің ішіндегі ең маңыздысы - дисахаридтер. Дисахаридтердің ең кең тарағандары - мальтоза, лактоза және сахароза. Мальтоза, амилаза ферментінің әсерінен крахмалдың қорытылуы кезінде пайда болады. Лактоза немесе сүт қанты тек сүтте болады. Сахароза барлық фотосинтездеуші өсімдіктерге тән, сонымен бірге жануарларға төменгі молекулалық қоректік зат бола алады.

Көмірсулар классификациясы

Химиялық құрамы және күрделілігіне карай көмірсулар 3 класка бөлінеді. Олар: моносахаридтер, дисахаридтер мен олигосахаридтер және полисахаридтер.

  1. Моносахаридтер немесе қарапайым қанттар. Моносахаридтер гидролизденбейді, оларға: глюкоза, фруктоза, галактоза, манноза, арабиноза, ксилоза, рибоза, дезоксирибоза және баскалар жатады.

  2. Дисахаридтер мен олигосахаридтер. Дисахаридтер гидролиз кезінде моносахаридтердің екі молекуласына ыдырайды. Олар: сахароза, лактоза, мальтоза, целлобиоза. Олигосахаридтер дегеніміз әр молекуласы үш және одан көп (онға дейін) моносахаридтерден тұратын көмірсулар. Мысалы, рафиноза молекуласы глюкозаның, галактозаның және фруктозаның қалдықтарынан тұрады.

  3. Полисахаридтер — молекулалық массасы жоғары, өте күрделі заттар. Олар толық гидролизденген кезде n моносахаридтер молекуласына ыдырайды. Полисахаридтерге жататындар: крахмал — өсімдіктер қанты, гликоген - жануарлар қанты, инулин, гепарин, клетчатка немесе гемицеллюлоза, камедь, агар-агар, пектин заттары және т.б.




ІV. Жаңа сабақты бекіту

1. Моносахаридтерге не жатады?

2. Дисахаридтерге нелер жатады?

3. Полисахаридтерге нелер жатады?

V. Өздігінен жұмыс

Төмендегі сөздерді көмірсулардың өз тобына орналастырыңдар.

Глюкоза, фруктоза, сахароза, гликоген, крахмал, мальтоза, пектин заты, ксилоза.



Моносахаридтер



Дисахаридтер


Полисахаридтер






VІ. Үйге тапсырма: Көмірсулар классификациясы






































9 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Моносахаридтер мен дисахаридтердің қасиеті, маңызы.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушылардың көмірсулар жайлы білімдерін кеңейту, моносахаридтер мен

дисахаридтердің қасиеті жайлы ұғым қалыптастыру

Ә) дамытушылық: Оқушылардың биологиялық сөздік қорларын дамыту.

Б) тәрбиелік: Оқушылардың білгендерін қорытындылап, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Қорыту-түйіндеу

Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: сызба

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

1) Көмірсулардың құрамы неден тұарды?

2) Дисахаридтерге не жатады?

3) Қарапайым қанттарға не жатады?


ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақты сызбалар арқылы түсіндіру.


Пентоза (С6Н10О5) Д-глюкоза (С6Н12О6)

hello_html_m6a3322b.gifhello_html_481d1274.gif

Аса маңызды

hello_html_m68dfed70.gifhello_html_m3bcb7fba.gifhello_html_m32b3fc96.gifмоносахаридтер

hello_html_m47586073.gif

Галактозамин Д-фруктоза (С6Н12О6)



Д-галактоза (С6Н12О6) Д-Манноза (С6Н12О6)


hello_html_190d163b.gifЦеллобиоза Сахароза

hello_html_md5eaa11.gif

Аhello_html_m6935be33.gifса маңызды

дhello_html_m2df47aa7.gifhello_html_1e7588dd.gifисахаридтер



Изомальтоза Мальтоза лактоза (сүт қанты)


Моносахаридтер – ең қарапайым көмірсулар. Олар құрамында бірнеше гидроксил топтары бар альдегидтер немесе кетондар, сондықтан альдозалар не кетозалар деп аталады өзінің құрамына кіретін көміртек атомдарының санына және гидроксильдік топтар санына қарамай, альдозаларда альдегидтік топ ал кетозаларда функционалдық топтар болып табылады. Моносахаридтердің ішінде табиғатта кеңінен таралған гексозалар және пентозалар. Моносахаридтер альдегидтерге, кетондарға және спирттерге тән реакцияларға қатысады. Дисахаридтердің молекулалық формуласы С12 Н22 О11 табиғатта бос күйінде екі дисахарид – сахароза мен лактоза кездеседі. Ал, крахмал, гликоген және целлюлоза полисахаридтері шала гидролизденгенде мальтоза, изомальтоза, целлобиоза түзіледі.






Сахароза өсімдік организімінде, олардың тамырында, сабағында, жемісінде кездеседі. Лактоза сүттің құрамында болады. Мальтоза крахмалмен гликогеннің шала гидролизденуі нәтижесінде алынатын өнім болып табылады. Изомальтоза да крахмалдың және гликогеннің шала гидролиздену нәтижесінде түзіледі. Целлобиоза – целюлозаның шала гидролизінің өнімі. Бұл дисахарид Д глюкозаның екі моллекуласының қалдығынан құралған. Моносахаридтермен дисахаридтер оптикалық активті келеді.


ІV. Жаңа сабақты бекіту

Жаңа сабақты бекіту мақсатында сөзжұмбақ шешу

V. Үйге тапсырма: Моносахаридтер мен дисахаридтердің қасиеті, маңызы.









































10 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Полисахаридтер

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушылардың полисахаридтер, құрамы, қасиеттері

маңызы жайлы білімдерін кеңейту.

Ә)дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру

Б)тәрбиелік: Практикалық іс - әрекетке тәрбиелеу

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Әңгіме сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: Кесте

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

Пhello_html_mbc985e2.gifhello_html_m20ed23a8.gifhello_html_5e97d71c.gifолисахаридтер

hello_html_m294b5e27.gifhello_html_m2aeaa036.gif


Крахмал Гликоген Целлюлоза Гиалурон Гепарин

қышқылы

Полисахаридтер - күрделі көмірсулар, олар гликозидтік байланыстармен жалғасқан моносахаридтерден кұралады. Полисахаридтер моно және дисахаридтерден көптеген қасиеттер жағынан ажыратылады. Олар тотығу - тотықсыздану реакциясын, озазондар түзу реакциясын бермейді және ашытқының әсерінен ашу процесі жүрмейді. Крахмал — өсімдік қанты, гликоген — жануар қанты, инулин, клетчатка немесе гемицеллюлоза, пектин заттары, гепарин, камедь, агар-агар, пентозандар және т.б. жатады.

Кейбір полисахаридтер мукополисахаридтер деп аталады, олар аминосахаридтерден және урон кышкылынан түрады. Мукополисахаридтерге жататындар: гиалурон кышқылы, хитин, лигнин, гепарин т.б. Полисахаридтер өте күрделі, олардың құрамына 1000 - ға дейін, тіпті одан да көп моносахарид қалдықтары кіреді. Сондықтан, олардың молекулалық массасы да өте жоғары, миллион, тіпті одан да жоғары болады.

Полисахаридтер ерігенде коллоидты ерітінділер береді. Крахмалдың кұрылымдық құрамын зерттеуде оның екі заттан тұратындығы анықталды.

  1. амилопектин - 75-80%

  2. амилоза - 20-25%

Амилозаның құрылысы тіке тармақталған болады, мүндағы гликозидті байланыспен байланысқан a , D глюкозаның қалдықтары бір-бірімен a — 1,4 жағдайда байланысады.

Амилопектинде осы a, D — глюкозаның калдықтарынан тұрады, ал бірақта ол күшті тармақталып кетеді. Амилопектин тізбектеріндегі глюкоза калдықтары a — 1,4 жағдайда да және р — 1,6 жағдайда да қосылып тармақтала алады.

Амилоза суда ериді. Иод әсерінен көк түске боялады да, амилопектин кызыл күлгін түске боялады.

Полисахаридтер - молекулалары тоғыз моносахаридтік қалдықтардан тұратын тізбек тәрізді қосылыстар. Гликоген мен крахмал - жануарлар мен өсімдіктердің басты полисахаридтері. Гликоген - жануарлар клеткаларының маңызды энергия көзі. Бауыр мен бұлшық ет клеткаларында көп болады. Бауырдың гликогені өзара – глюкозидтік байланыспен қосылған, глюкозаның 30000 қалдығынан тұратын полимер. Гликоген үнемі ыдырап тұрады және бауырдың глюкозасы мен бұлшық еттің сүт қышқылынан түзіледі.

Крахмал - өсімдіктер клеткаларында жиналатын жарық микроскобында гранула немесе дән күйінде көрінетін қоректік заттың қоры.



Целлюлоза - жеке немесе баска қосылыстармен (лигнинмен) бірігіп кездесетін өсімдіктердің негізгі құрылымдық компоненті. Өсімдіктерде болатын көміртегінің 50% жуығы целлюлоза болады және өзінің жалпы массасы бойынша

21

целлюлоза жер бетіндегі органикалық қосылыстардың ішінде бірінші орын алады. Целлюлоза өсімдіктердің клеткалық қабырғасының кұрылымдық компоненті болуымен бірге ол кейбір жан-жануарлардың, бактериялардың және саңырау құлақтардың қорегі. Целлюлозаны глюкозаға дейін ыдырататын целлюлаза ферменті табиғатта сирек кездеседі. Сондықтан жануарлардың көпшілігі целлюлозаны пайдалана алмайды, тек күйіс кайтаратын малдарда (мысалы, сиырлардың ішегінде) целлюлозаны қорытатын бактериялар болады.

Хитин - өзінің құрылысы мен функциясы жағынан целлюлозаға ұқсас құрылымдық полисахарид. Хиган кейбір саңырауқұлақтарда кездеседі, олардың клеткалық кабырғасында тіректік роль атқарады және кейбір жануарлар тобында (шаян тәрізділерде, насекомдарда) сыртқы каңкасының маңызды компоненті болып есептеледі.

Мукополисахаридтер - органикалық негіздермен және белоктармен қосылған құрамында гексозамин молекулаларының көп саны бар молекулалық массасы жоғары полимерлер. Мукополисахаридтердің екі тобын ажыратады: I) нейтралдық мукополисахаридтер (хитин жатады), 2) қышқыл мукополисахаридтер (гиалураон қышқылы, хондроитинсульфат, гепарин).


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. Полисахаридтерге нелер жатады?

2. Полисахаридтердің құрамы неден тұрады?

3. Маңызды полисахаридтердің өкілдерін ата?


IV. Үйге тапсырма: Полисахаридтер.

V. Өздігінен жұмыс

Төмендегі көмірсуларды өздерінің сәйкес топтарына орналастыр.

Крахмал, гликоген, глюкоза, фруктоза, сахароза, галактоза, манноза, мальтоза,

лактоза, целлобиоза, клетчатка, гепарин.



Моносахарид


Дисахарид


Полисахарид


глюкоза

фруктоза

манноза

галактоза

сахароза

мальтоза

лактоза

целлобиоза

Крахмал

гликоген

клетчатка

гепарин


















11 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Витаминдер жөнінде жалпы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушыларға витаминдер жайлы білім беру, олардың маңызына

тоқталу.

Ә)дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Б) тәрбиелік: Санитарлық-гигиеналық тәрбие

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кесте

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі


ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Витаминдер дегеніміз — барлық тағам мен азық-түлік өнімдерінде, жемшөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында біркалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері ете үлкен.

Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уакытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.

Азық - түлігінде жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия, т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын Азия елдерінде бери-бери (па-ралич) деген ауру кездеседі. Мұндай ауру кезінде жүйке тармақтары қабынады да, қол-аяқ тырысып қалады. Мұндай сырқат әсіресе күрішті машинамен өңдеп, ақтау тәсілдерін енгізу салдарынан көбейіп кетті.

Олардың едәуір бөлігінің құрамында амин тобы да, азот та болмайды. Осыған карамастан мұндай ауыстырылмайтын тіршілік факторлары үшін "витамин" деген тарихи термин сақталып қалды.

Адамның және жануарлардың ағзасында, өсімдік тектес азыктарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. Олар провитаминдер (каротиндер, стеролдар) деп аталады. Мұндай провитаминдер тиісті активті қалыпқа түскеннен кейін сәйкес витаминдерге айналады. Витаминдер жетіспеген жағдайда ағза ауруға шалдығады. Химиялық кұрылысы жағынан витаминдер алуан түрлі. Олар құрамында 18 - 20 көміртек атомы бар а циклді көмірсутектер мен қанықпаған лактандар, аминос - пирттер, қышқылдардың амидтері, циклогександар, хош иісті кышқылдар, нафтохинондар, имидазол, пиррол тағы басқа да циклді қосылыстардан тұрады. Витаминдердің басым кепшілігіне спиртті және карбоксилді топтар тән. Тек кейбіреулерінде ғана амин тобы болады. Кейбір витаминдер ағзада да синтезделеді. Олар қоректік заттармен ағзаға түсіп, зат алмасуға, ағзаның өсіп-өнуіне әсерін тигізеді. Витаминдер негізінен тек өсімдіктерде пайда болады.

Витаминдер, сол сияқты жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті заттар. Кейбір жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің ұлпалары, мысалы тамыры, камбиальды ұлпасы, тұқымнан бөлініп алынған және қараңғыда өсірілген жас өскіндер тіршілік барысында өздігінен витаминдерді синтездей алмайтындықтан, әр уақытта оларды сырттан алуға мұқтаж болады. Сондықтан да қоректік ортаға тиамин мен пиридоксинді аздап қосудың өзі көптеген өсімдіктердің оқшауланған тамыршалары мен жас өскіндерінің өсуіне жақсы жағдай туғызады.

Ағзаға тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың, және минералдық тұздардың алмасуын тездететін және реттейтін де витаминдер. Витаминдерді тек дәрі-дәрмек ретінде қарастырып, оларды түрлі аурулардың алдын алып күресу үшін қолданылатын заттар деп қарау қате. Бұларды тағамдық заттар деп карауымыз тиіс, өйткені витаминдер тағамның құрамына кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.

Ерте көктемде адамдардың әл-қуаты азайып, тез шаршағыш келеді, жиі-жиі салқын тиіп, тұмауратып ауырып, бұрыннан белгілі әр түрлі созылмалы сырқаттары қозады.





Осы жоғарыда аталған себептердің адам ағзасына тигізетін зиянды әсерлерін алдын-ала болдырмауға немесе азайтуға бола ма?

Әрине, болады.

Қазіргі кезде көпшілік адамдардың ерте көктемде әл-қуаты кеміп, тез шаршап - шалдығып, ағзаның әлсіреуінің ең басты себебінің бірі - адам ағзасына қажет витаминдердің жетіспеуі екендігі дәлелденіп отыр.

Витаминдердің адам ағзасы үшін биологиялық мәні өте зор. Олар ағзадағы зат алмасу процестерін жақсартады, ағзаның әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресу қабілетін күшейтеді және адамның жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Сонымен қатар әрбір витаминнің ағзада ерекше орындайтын өз міндеті бар.

Азық-түлікте, жемшөпте ұзак уақыт бойы витаминдер болмаса, ағзаның витаминді сіңіруі қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды. Қоректе ұзақ уақыт С витамині болмаса, ағза құрқұлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құр-қүлақ - С - авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит Д-авитаминоз, бери-бери – В1 — авитаминоз т.с.с.

Авитаминоз ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді. Авитаминоз ауруларының белгісі айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын қойып, анықтау онша қиын емес.

Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл құбылысты гиповитаминоз деп атайды. Гиповитаминоз құбылысы ағзаға қажет витамин мелшерінің қалыптан тыс (нормадан) төмендеп кетуінен болады. Гиповитаминоз белгілерін анықтау өте қиын. Әдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман, азық - түлікте және жемшөпте витаминдер мөлшері өте азайған кезде байқалады.

Кез келген витаминді (әсіресе А және Д витаминін) ағзаға қалыптан тыс көп беру гиповитаминоз ауруына ұшыратады. Витаминді бірден көп мөлшерде қабылдау да ағзаға кері әсер етеді, яғни уландырады.

Жүргізілген ғылыми жүмыстардың қорытындыларына карағанда, ой жұмысымен шұғылданатын адамдардың ағзасы қара жұмыспен айналысатын адамдармен салыстырғанда витаминдерді көбірек қажет етеді.

Витаминдер - әртүрлі химиялық жаратылыстың органикалық қосылуы, тағамның басқа ештеңемен алмастыруға болмайтын заттары.


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.


а) Витаминдер қайда кездеседі?

ә) Гиповитаминоз деген не?

б) Гипервитаминоз деп нені айтады?

ІV. Үйге тапсырма

Витаминдер жайлы материал жинақтау.




















Сабақ № 12


Сабақтың тақырыбы: Суда еритін витаминдер, маңызы.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік Оқушыларға суда еритін витаминдер, олардың маңызы,

адам ағзасындағы атқаратын ролі жайлы білім беру.

ә) Тәрбиелік Оқушыларға санитарлық – гигиеналық тәрбие беру.

б) Дамытушылық Оқушылардың біліктіліктерін, ойлау қабілеттерін

дамыту.

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап , әңгіме, ойын

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық.

Пән аралық байланыс: Химия

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сынып бөлмесінің санитарлық – гигиеналық

ережелерді сақтау әрекетін бақылау.

б) Оқушылардың зейіні мен ынтасын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау

1. Витаминдер деген не?

2. Авитаминоз деген не ?

3. Гиповитаминоз деген не?

ІІІ. Жаңа сабақ

Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы, никотин қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин кышқылы, биотин, инозит холин, рутин, фолий кышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. (В,, В2, В3, В5, В6, В12, В15, РР, С, Н, Р және т.б.) енеді.

В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин).

Тамақ құрамында тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде жүйкелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан - ішек трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендейді, судың алмасуы бұзылады, ісік пайда бола бастайды.

Азия және Оңтүстік Америка материктерінде тұратын халықтардың арасында "бери-бери" ауруы ерте заманнан ақ кең етек алып келгені белгілі. Бүл нерв жүйесінің ауруы әсіресе Жапония, Шығыс Азия, Филлипин аралдары, Оңтүстік Америка сиякты күріш дакылын көп пайдаланатын елдерде жиі тараған. Европа елдерінде "бери-бери" ауруы, керісінше, өте сирек кездеседі. Мұның себебі, ондағы тұратын халықтардың негізгі тағамы күріш емес, қара нан, әр түрлі тағамдар мен көкөністерді жиі пайдаланады. Голланд ғалымы Эйхман 1890-1897 жылдары Ява аралында жүргізген зерттеулері кезінде мынаны байқады: адамның жегенінен қалған таза күріш берілген тауықтарда "бери-бери" ауруының белгілері пайда болған. Ал, әр түрлі тағам қалдықтары берілген тауықтар бұл аурумен ауырмаған. Осы байқауларға сүйене отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде XX ғасырдың басында "бери-бери" ауруының негізгі себебі күріштің кебегінде көп кездесетін В1 витаминінің /тиаминнін/ жетіспеушілігінен екені анықталған.

Организмде В1 витаминінің жетімсіздігінен нервтердің жарақаттануының мәні - бұл витамин фосфор қышқылымен қосылып тиаминпирофосфатдеген зат түзеді. Тиамин /В1 витамині/ тиаминпирофосфат декарбоксилаза деген ферменттің құрамына кіреді. Бұл фермент заттар алмасуынан пайда болатын организмде зиянды пирожүзім қышқылын ыдыратуға керек. Денеде В1 витамині жетіспегенде ферменттің активтілігі азаяды да, қанда пирожүзім қышқылы көбейіп кетеді, ақырында ол нерв жүйесіне зақым келтіріп, адамды ауруға шалдықтырады. Тиамин ашытқы, сәбіз, сүт, бауыр құрамында көп кездеседі. Бұл тағамдарда тиамин таза, не қосынды — тиамин — пирофосфат және кокарбоксилаза түрінде кездеседі. В1 витаминінің таза кристалды препараты 1926 жылы күріш кебегінен белініп алынды.




В1 витамині зат алмасуға, әсіресе көмірсулардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестеріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттердің құрамына кіреді.

В1 витаминінін, организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полиневрит, яғни нерв жүйелерінің ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылган "бери-бери" ауруының негізгі себебі де осында.

В2 витамині (рибофлавин)

В2 витаминінің жалпы формуласы — Cl7H20N4O6. Taмақта рибофлавин болмаса, баланың бойының өсуі тежеледі және ерін, мұрын, көз, құлақ айналасындағы кілегей қабықшасының бұзылуына, көздің мүйіз қабатының қабынуы мен хрусталиктің күнгірттенуіне (катаракта) әсерін тигізеді.

Пантотен қышқылы (В3 витамині)

Бұл витамин 1933 жылдан белгілі бола тұрса да, ол тек бірнеше жыл өткеннен кейін барып кристалдык, түрде алынды. В3 витаминінің жалпы формуласы - C9H17N05


РР витамині (В5 витамині никотин қышқылы)

РР витаминінің аты "Pellagrapreventing" (пеллагра ауруына қарсы) - деген ағылшын сөздерінің бас әріптерінен құралған. Тағамда В5 витамині немесе никотинамид болмаса, адамдар пеллагра ауруына шалдығады. Бұл кезде адамның терісі (дерматит), ауыз қуысының кілегейлі қабаты (стоматит), ал тіл глоссит сияқты дертпен ауырады. Бұл ауруға тән қасиет қолдардың терісі мен бетте жақсы байқалады. Терінің күн тиетін жерлері түгел қызарып, одан кейін қарайып кетеді. Никотин қышқылы клеткалардағы тотығу және қайтадан қалпына келтіру процестеріне қатысады. Қарындағы сөлдің бөлінуін реттеуге, ұйқы безінің жұмысына, бауыр қызметіне, эритроциттердің түзілуіне және т.б. толып жатқан функцияларға әсер тигізеді. Пеллагра ауру, әсіресе қорегі тек жүгері ғана болатын халықтарда кеңінен етек алып тараған. Оның себебі жүгері белоктарында триптофан амин қышқылы өте аз кездесетіндіктен адам ағзасында никотинамид немесе РР витамині аз түзіледі. РР витаминінің негізгі провитамині никотин қышқылы ашытқыда, бауырда, саңырау -құлақта, түрлі жармаларда көп кездеседі.

В6 витамипі (пиридоксин, адермин)

1926 жылы Гольдбергер қолдан жасалған диеталык қорекпен тышқандарды азықтандырғанда, олардың дерматит аурына шалдыққанын байқаған. Бұған қарсы В1 В2 витаминдерімен әсер еткенде жазылмай, ал қоректік заттарға ашытқыны қосып бергенде тышқандардың айыға бастағанын анықтады. Кейіннен бұл витаминнің адам мен жануарлардың қалыпты жағдайдағы тіршілігі үшін де қажетті екені дәлелденді.

В12 витаминінің химиялық құрылымын Дороти Ходжкин /1956ж/ рентген сәулелерімен дифракция жасау әдісі арқылы анықтады.

Пангам қышқылы (ВІ5 витамині)

1950 жылы Томияма деген оқымысты ірі қараның бауырынан В15 витамииін бөліп алды. Бір жыл өткен соң Кребс бұл затты жылқының бауырынан, күріштің кебегінен, ашытқыдан және өрік сүйегінің құрамынан анықтады.

Р витамині (флавон, цитрин, рутші)

1936 жылы венгр оқымыстысы Сент—Дьердьи зерттеулерінің нәтижесінде өсімдіктер өнімдерінде физиологиялык қасиеті жағынан аскорбин қышқылына ұқсас заттар бар екендігін анықтап, оны Р витамині деп атады Н витаминіне бауыр, бүйрек, ет, сүт, қызан, соя, бұршақ әсіресе жұмыртқа сары уызы бай келеді.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

а) Суда еритін витаминдерге нелер жатады?

ә) Суда еритін витаминдер адам ағзасында жетіспесе қандай аурулар пайда болады?






V. Өздігінен жұмыс.

Төмендегі кестеде санмен берілген сұрақтарға бас әріптермен берілген дұрыс жауаптарды табыңдар.

Витаминдер түрі

Ауру түрлері

1. В1

2. С

3. В2

4. РР (В5)

5. В12

А. құрқұлақ

Б. пеллагра

В. бери – бери

Г. катаракта

Д. анемия


Жауаптары: 1 – В, 2 – А, 3 – Г, 4 – Б, 5 – Д.

VІ.Үйге тапсырма: Суда еритін витаминдер


































13 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Майда еритін витаминдер.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушылардың витаминдер жайлы

ұғымдарын кеңейту, майда еритін витаминдер

түрлерімен таныстыру.

Ә)дамытушылық: Оқушылардың танымдық ықыласын молайту,

қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Б)тәрбиелік: Санитарлық-гигиеналық тәрбие

Сабақтың типі: Аралас сабақ..

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейіні мен ынтасын сабаққа бағыттау

ІІ Үй тапсырмасын еске түсіру.

а) Витаминдер неше топқа бөлінеді?

ә) Суда еритін витаминдердің түрлері қандай?

б) Витаминдердің жетіспеушілігінен туындайтын қандай ауруларды білесіздер?


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Майда еритін витаминдер

А витамині (ретинол, антиксерофталмалық) А витамині химиялык құрылымы тұрғысынан каротинге жақыи, 1831 жылы неміс ғалымы Вакенродер оны өсімдіктерден ашты. Эмпирикалық формуласы С20Н30О. Ретинолдың химиялық формуласын 1937 жылы швейцар химигі Каррер тапты.

D витамині (кальциферол, антирахиттік витамин)

XVIII ғасырдың ортасында Глиссон деген ағылшын дәрігері Лондон қаласында тұратын жас балалардың арасында кездесетін ауру туралы жазған болатын. Бұл ауру мен ауырғандардың сүйектері деформацияланатындығы анықталды, кейіннен оның мешел (рахит) ауруы, яғни тағамда Д витамині жетіспеушілігі салдарынан екендігі белгілі болды. Д витаминінің формуласы С28 Н44 О. Химиялық құрылымы жағынан стериндерге жақын.

Е витамипі (токоферол, антистерильдік немесе өсіп-өну витамині)

Е витаминін 1921 жылы Иванс деген зерттеуші ашты. Жануарларды қолдан тек жасанды тамақпен 54% жүгері крахмалы, 18% казеин, 15% шошқа майы, 9% сары май, 4% тұздың қоспасы және 5 % құрғақ сыра ашытқыларымен қоректендіргенде, олардың ұрықтарынын, өсіп-өнуі тоқталып төлдемейтіндігі анықталды. Бұл кұбылыс Е витамині жетіспеуінен екен. 1936 жылы Иванс бидай тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды, ол a - токоферол (грек тілінде tokos - ұрпақ, phew - алып жүру, жалғастыру деген мағынаны білдіреді) деп аталады.

К витамині (филлохинон, антигеморрагиялық витамин)

1929 жылы дат ғалымы Дам алғашкы рет балапандарды төмендегідей құрамнан тұратын жасанды тамақпен: 66% крахмал, 18% казеин, 4,5% тұз қоспасы, 2,5 % клет-чатка мен ашытқылар экстрактысы, А мен Д витаминдері бар балык майымен қоректендіргенде 1—2 аптадан кейін ет пен тері арасында немесе бұлшық еттерге, миға және ішектерге қан кұйылуын байқаған. Бұл К витаминінің жетіспеуінен болатын құбылыс екен. Ал егер жасанды тағамның құрамындағы крахмалды астык тұқымдастары қоспасымен алмастырғанда, жоғарыдағыдай қан құйылу құбылысы мүлдем тоқтаған.



К витамині өсімдіктердің жасыл бөліктерінде, әсіресе беде мен жоңышқа жапырақтарында көп кездеседі. Шіріген балық ұны құрамынан да табылды, оны К2 витамині деп атайды, ал жаңадан дайындалған балык ұнында ол кездеспейді, себебі микроорганизмдер балықта филлохинонды синтездейді екен.


F витамині (қанықпаған май қышқылдары)

Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, егер тағамның құрамында өсімдіктер майы болмаса, онда адам организімінде липидтер алмасуы бұзылып, қан тамырлары қабырғаларында холестерин заты көп мөлшерде жиналады екен. Өсімдіктер майлары құрамында кездесетін 18 және 20 көміртек атомдары бар қанықпаған май қышқылдары липидтер алмасу процесіне, әсіресе холестериннің алмасуына өте қажет.


ІV Жаңа сабақты бекіту.

а) Майда еритін қандай витаминдер бар?

ә) А витаминінің атқаратын ролі қандай?

б) Д витамині жетіспесе қандай өзгеріс болады?

V. Үйге тапсырма беру

Семинарға әзірлік.




































Сабақ №14


Сабақтың тақырыбы: «Витаминдер»

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік Оқушылардың витаминдер жайлы алған білімдерін

нақтылау, белгілі бір жүйеге келтіру, бекіту.

ә) Тәрбиелік Оқушыларды ынтымақтастықпен жауапкершілікті

сезінуге тәрбиелеу.

б) Дамытушылық Оқушылардың шығармашылық бастама мен

белсенділіктерін қалыптастыру.

Сабақтың типі: Жинақтау, жүйелеу.

Сабақтың түрі: Семинар сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап , әңгіме.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сызбалар, буклеттер.

Пән аралық байланыс: Химия

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейіні мен ынтасын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ

1. Кіріспе сөз

«Витаминдер» тақырыбы бойынша семинарда талқыланатын сұрақтар:

1. В1 витамині, маңызы, ағзаға әсері.

2. В2 витамині, маңызы, ағзаға әсері.

3. В9 , В12 витамині, маңызы, ағзаға әсері.

4. Н витамині ( биотин) маңызы.

5. Д витамині, маңызы

6. Е витамині, маңызы

7. Витаминдердердің өзара тәуелділігі.

8. А витамині, маңызы

9. Тамақ құрамындағы минералды заттар және олардың маңызы.

10. Макро және микроэлементтер, маңызы.

ІІІ. Қорытынды:

«Витаминдер - денсаулық қайнары». Витаминдерді тамақпен қабылдау физиологиялық тұрғыдан неғұрлым дұрыс, өйткені олармен бірге өздерінің басқа түрге айналуын катализациялайтын тамақтық заттар болады.

Витамин алмасуды дұрыстау үшін арнайы дене қимылы, жеңіл дене жаттығулары керек.

Таңертеңгі дене шынықтыруда денсаулық «витамині».


ІV. Үйге тапсырма: «Витаминдер» тарауына түрлі сөзжұмбақтар құрастыру.


















15 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Ферменттер - тіршілік негізі, ферменттердің

қасиеттері. Ферменттерді бөліп алу және тазарту.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушыларға ферменттер жайлы ұғым бере отырып

ферменттердің қасиеттері оларды бөліп алу және

тазарту жолдары жайлы білім беру.

Ә) дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Б) тәрбиелік: Ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:Сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ферменттер деп ағзада жүретін алуан түрлі биохимиялық процестерге катализатор ретінде әсер ететін белоктық табиғаты бар қосылыстарды айтады. Әдетте химиялық реакциялардың жүру жылдамдығын шапшаңдататын заттарды катализаторлар деп атайтыны белгілі. Ал ферменттер - өсімдіктер мен жануарлар және микроорганизмдер клеткаларынан бөлінетін белок тектес, ағзадаға биохимиялық реакцияларды сан мың есе шапшаңдататын қабілеті бар зат. Ферменттердің қатысуынсыз қоректік заттардың ағзада сіңуі мүмкін емес. Осыған сәйкес ферменттерді биологиялық катализаторлар деп атайды, өйткені, олар тірі ағзада өтетін зат алмасу процесіне тікелей ат салысады.

Ферменттерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады. Ферменттер қатысатын процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеу XVII ғасырдың орта кезінен басталады. Осы кезде Гельмонт қанты бар сұйық заттардың ашуы ерекше қоздырушылар көмегімен жүретінін анықтаған. XІX ғасырдың ортасында кейбір фермент препараттары бөлініп алынды. Сөйтіп, катализ және катализаторлар жөніндегі ілім жарыққа шықты.

Ферменттер тірі клеткада ғана емес сонымен бірге клеткадан тыс ортадада өз күшін жоймай реакцияны тездетеді. Ферменттер жай және күрделі белоктарға жатады. Ферменттердің физика және химиялық қасиеттері белоктың табиғатымен белгіленген. Олар жартылай өткізгіш мембрана арқылы диализденбейді, тұзбен тұндыруға бейім белок тәрізді түсті және тұнба реакцияларын береді. Ферменттердің қасиеттері химиялық реакцияларды өте шапшаңдатып тездетіп жіберуі және олардың активтілігі. Ферменттерді бөліп алу үшін тұнбаға түсіру, электрофарез, ион алмасу, хроматография тағы басқа әдістерді қолданады.

Ферментті препараттарды өнеркәсіптік жолмен өндірудің түрлі жолдары бар. Көп жағдайда арнаулы қоректік ортада өсірілген микроорганизмдерден өндіреді. Сол секілді ферменттерді алдын – ала аздап өсірілген арпа, тары, соя дәндерінің сығындысынанда алады.

Ал жануарлар тектес пепсин, трипсин, мәйек ферменттерін қарын сөлінен немесе олардың тиісті ұлпаларын түрлі жолдармен өңдеу арқылы алады.

Ферменттерді әр – түрлі өнеркәсіптерде пайдаланады. Әсіресе тамақ өнеркәсібінде қолдану өнімдердің сапасын, дәмін және басқа да пайдалы қасиетін жақсартады, өндірістік процестерді шапшаңдатады.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

а) Ферменттер деген не?

ә) Ферменттердің қасиеті қандай?

б) Ферменттерді қалай бөліп алады?

в) Ферменттерді қалай тазартады?

ІV Үйге тапсырма

Ферментер тіршілік негізі.




16 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ферменттердің химиялық құрамы және құрылымы.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушыларға ферменттердің химиялық

құрылымы, құрамы жайлы білім беру.

Ә)дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Б)тәрбиелік: Оқушыларды техникалық іс-әрекетке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ..

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, әңгіме.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кесте

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Фермент дегеніміз биохимиялық реакциялар кезінде катализдік активтілік көрсететін белоктар. Ферменттердің бәрі де үлкен молекулалы қосылыстар, олардың молекулалық. массасы (м.м.) 10 мыңнан 1 миллионға дейін, тіпті одан да көп шамаға жетеді. Мысалы, кейбір ферменттердің молекулалық массасын қарастырып көрейік:

Рибонуклеаза, ұйқы безінікі 12 640

Химотрипсин, ұйқы безінікі 23 000

Пепсин, шошқа қарынынікі ..34 000

Гексокиназа, бауырдікі 100 000

Фосфорилаза, бауырдікі 185 000

Каталаза, бауырдікі 232 000

Уреаза 480000

Глутаматдегидрогеназа, бауырдікі 1 000 000

Синтетаза, қышқылдарынікі 2300000

Барлық баска белоктар сияқты, ферменттер де химиялық құрамы бойынша екі топка бөлінеді. Олар қарапайым ферменттер және күрделі ферменттер.

Қарапайым ферменттер дегеніміз — карапайым белоктар, олар гидролиз кезінде амин қышқылдарына ғана ажырап бөлінеді. Қарапайым ферменттерге мыналар жатады: рибонуклеаза, пепсин, трипсин, химотрипсин, папаин, амилазалар және гидролаза класына жататын басқа да ферменттер.

Күрделі ферменттер дегеніміз — күрделі белоктар. Күрделі ферменттер екі бөліктен: белоктік және белоктік емес бөліктен тұрады. Ферменттердің белоктік бөлігі апофермент деп, ал белоктік емес бөлігі простетикалык топ немесе кофермент деп аталады.

Күрделі белоктар типімен құрылған ферменттер белоктік компонент пен простетикалык, топтар арасындағы байланыстың күштілігі жағынан айырылады. Кейбір ферменттердің простетикалық тобы белоктік компоненттен еркін диссоцияланады және диализ аркылы бөлінуі мүмкін. Кейбір тотығу тотықсыздану ферменттері бірдей коферменттен тұрады, бір-бірінен өздерінің апоферментгері арқылы ажыратылады. Кофермент бір апоферменттен бөлініп басқа апоферментке косыла алады.

Апофермент коферменттей (простетикалық топсыз) активті болмайды, дәл солай кофермент апоферментсіз активті емес.

Күрделі ферменттердін кофакторлары металл иондары немесе белоктық емес органикалык заттар. Мұндағы металл иондары активаторлар деп аталады. Активаторлар мына иондар: Na+, K+, Fe3+, Cu2+, Co2+, Zn2+, Mg2+, Mn2+, Ni2+, Mo2+. 180 шамасынан астам ферментте металл иондары активатор қызметін атқарады.

Кофактор (простетикалык. топ) белоктық емес зат болғандықтан кофермент деп аталады. Мәселен, гемоглобиндегі темірпорфирин комплексі (гем) белокпен берік байланысқан. Коферментті толығырақ қарастырамыз, өйткені ол ферменттік реакцияларда айтарлықтай қызмет атқарады.





Коферменттер (латын тіліндегі Ко - бірге және фермент деген сөзден шыкқан) — құрамында белок жоқ органикалык қосылыстар, олар апоферментпен тығыз байланысқан. Ферменттін, мықты байланысқан кофакторы-простетикалық топ. Көптеген ферменттердің активтігі үшін екі фактордың да - металл иондарының да, простетикалык топтың да (немесе коферменттін) болуы кажет. Оксидоредуктазаның құрамындағы флавинадениндинуклеотид (ФАД) осындай коферментке мысал бола алады.

Коферменттер — төменгі молекулалы заттар, олар жоғары температураға төзімді келеді және ферменттік белоктық бөлігінен оңай ажырайды. Мысалы, диализ кезінде осылай болады. Олар сөзсіз қажетті кофактор ретінде ферменттердің катализдік жұмысына қатысады.

Осылай катализдік процесті фермент өзінің бүкіл молекуласымен жүзеге асырады. Оның белоктік бөлігі ферменттік талғампаздык (іріктеушілік) қасиетін және реакцияның жылдамдығын анықтайды. Апофермент субстратты уақытша қосып алады, ал кофермент осы кезде оның өзгеруін қамтиды. Ал бір кофактордың өзі бірнеше ферменттің құрамды бөлігі болуы мүмкін. Мысалы, фосфопиридоксаль 30-дан астам ферменттің кофакторы болып келеді.

Көптеген ферменттер витаминге жатады немесе витаминдер туындысы болып табылады. Коферменттерге активтік тобы бар витаминдер — тиаминпирофосфат (В, витаминнің туындысы), никотинамидті коферменттер (РР витамині бар) жатады. В2, В6, В12 витаминдері және басқа да витаминдер кіреді. Сондыктан да витаминнің жеткіліксіз болуы коферменттердің синтезін бұзады, соның салдарынан тиісті ферменттердің түзілуі тежеледі. Осыдан кейін зат алмасу бұзылады және адам мен жануарлар ағзалары бірқалыпты тіршілік ете алмайды. Витаминдік емес коферменттер де бар, мысалы, металлпорфириндер (цитохромдағы гемдер), нуклеотидтер (УДФ - глюкоза), пептидтер (глутатион), т.б. осындай коферменттер. Мұндай коферменттер зат алмасудың аралық өнімдерінен түзіледі және әрқашан да ағзада болады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

а) Ферменттер қандай қосылыстарға жатады?

ә) Қарапайым ферменттерге нелер жатады?

б) Күрделі ферменттер деген не?

в) Кофермент деген не?

V. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Ферменттер деген не?

ә) Ферменттерді зерттейтін биохимия бөлімі қалай аталады?

б) Ферменттердің қандай қасиеті бар?

ІІІ. Үйге тапсырма

Ферменттердің химиялық құрамы.






















17 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Фермент активаторлары мен ингибиторлары.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушыларға фермент активаторлары және

ингибаторлары жайлы білім беру.

Ә)дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Б)тәрбиелік: Білгендерін қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, әңгіме.

Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Ферменттердің химиялық құрамы неден тұрады?

ә) Қарапайым ферменттерге нелер жатады?

б) Күрделі белоктардың түрлері қандай?


ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.

Фермент активтілігі ортадағы әр түрлі химиялық затгардың болуына байланысты. Ондай заттардың кейбіреуі фермент активтілігін арттырады, мұндай қосылыстар активаторлар деп аталады. Ал екінші бір заттар фермент әрекетін керісінше, баяулатады, тіпті оны тежейді. Мұндай заттар ингибиторлар (тежегіштер) деп аталады.

Активаторлар ферменттік реакцияларды тездетеді. Мысалы, қарын сөлінде тұз қышқылы пепсинді активтендіреді, сөйтіп белок гидролизі тездейді. Ұлпаларда кездесетін кейбір ферменттерді (оксидоредуктазаларды, катепсиндерді) құрамында бос сульфгидрильдік топтар бар қосылыстар (глутатион, цистеин) активтендіреді.

Ингибиторлар ферменттік реакцияларды біршама немесе мүлде тежейді. Мысалы, инсектицидтер холинэстераза ферментінің әсерін тежейді, ол ферменттің активті орталығымен байланысады да, жүйке жүйесін тырыстырып істен шығарады, парализдейді.

Бір ферментке активатор ретінде әсер ететін, ал екіншісі ферментке ингибитор ретінде әсер ететін заттар да бар. Мысалы, тыныс алу жүйесінде цианидтер цитохромоксидаза ферментінің әрекетін түгелдей тыяды, ал папаин, каталаза ферменттерінін активтілігін айтарлықтай арттырады.

Фермент ингибиторларының медицинада, фармакологияда, малдәрігерлікте, ауыл шаруашылығында маңызы зор. Бірқатар дәрілердің, антибиотиктердің емдік әсері ферменттік процестерді тежеумен байланысты. Көптеген пестицидтер насекомдарды және басқа да зиянды организмдерді құртады, өйткені олар жүйке жүйесінін ферменттеріне әсер етеді.

Ферменттер әсерінің бәсекелес және бәсекелес емес тежеушісін ажыратып бөледі. Бәсекелес тежеуші өзінің құрылымы бойынша субстратқа ұқсайды, ол сондыктан да ферментті "алдай алады", оның активті орталығымен байланыс жасайды да, ферменттін, әсерін шектеп тастайды. Мысалы, сульфамидтер өздерінің құрылымы жөнінде парааминобензой қышқылына ұқсайды, бұл қышкыл кофермент құрамына кіреді.

Сульфамид ферментпен байланысады да, оны шектейді, осылайша биокатализатордың жұмысын басады. Сульфамидтердің бұл қасиетін фармакология практикасында кең қолданады. Сульфамидтер, әдетте парааминобензой қышқылы әрекеттесетін микроорганизмдердің белоктарымен (ферментімен) реакцияға түсіп олардын құруына себепкер болады.

Сөйтіп, сульфаамидтер ферменттер әрекетінің бәсекелес ингибиторы болып табылады. Мұндай тежеуші әрекеттің қайтымдысы да болады, яғни сульфамид концентрациясы өте төмен болған кезде оны парааминобензой қышқылы активті орталықтан ығыстырып шығарады. Сондыктан да ауруды емдеген кезде ағзада белгілі мөлшерде сульфамид болуы керек. Фолаттық кофермент синтезі бәсекелесті тежеуге белгілі бір микроорганизмдердің дамып жетілуі кедергі жасайды. Атап айтқанда, сульфамид препараттарының осы қасиеті олардың бактерияны жоюына негіз болады.

Бәсекелес емес ингибитордың құрылымы субстраттан бөлек және ол ферменттің субстрат байланысатын активті орталығымен байланыспайды, басқа маңызды жерімен, мысалы, HS-тобымен байланысады. Бұл кезде фермент молекуласының пішіні өзгереді де, оның катализдік орталығында қайтымды инактивация болады.

ІV Жаңа сабақты бекіту.

а)Фермент активаторлары деген не?

ә)Фермент ингибаторлары деген не?

б)Активаторлар қандай реакцияларды тездетеді?

V. Үйге тапсырма

Фермент активаторлары мен ингибиторлары



18 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ферменттер атаулары және жіктелуі.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушыларға ферменттердің жіктелуі, олардың негізгі

кластары, қызметі жайлы білім беру.

Ә)дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Б)тәрбиелік: Санитарлық - гигиеналық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:Сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

а) Фермент активаторлары деген не?

ә) Фермент ингибиторлары деген не?

б) Ферменттер қандай топтарға бөлінеді?


ІІІ Жаңа сабақ

Ферменттердің қазіргі кезде қолданылып жүрген атауларын Халықаралык, биохимиялық одақтың комиссиясы 1961 жылы бекіткен болатын. Фермент атаулары екі түрлі: жүйелік (рационалды) атау және тривиалдық (жұмысшы, іскерлік атау).

Ферменттердін, жүйелік атаулары айтарлықтай күрделі, бірак ол реакцияға кірісетін субстрат және фермент катализдейтін химиялық реакция жөнінде толық мәлімет береді. Бұл атаулар әдетте ғылыми әдебиеттерде қолданылады. Жүйелік атау бойынша әр ферменттің нөмірі (шифры) болады, ол төрт саннан тұрады және бұл сандардың арасы нүктемен бөлінген. Бірінші сан ферменттің класын білдіреді, екінші сан класс тармағын, үшінші сан класс тармағы бөлігін, төртінші сан өз қатарындағы рет санын керсетеді. Ферменттердің шифрындағы әрбір сан бір-бірінен нүктемен бөлінеді.

Ферменттердің тривиальдық атаулары қысқа да қолдануға ыңғайлы. Мысалы, бір ферменттің жүйелік атауы 2.7.1.2. АТФ: глюкоза-6-фосфотрансфераза. Ал осы ферменттің тривиальдык. атауы глюкокиназа (гексокиназа).

Тривиальдық атаулар негізінен екі жолмен пайда болады:

1) фермент әсер ететін субстрат атауына "аза" жұрнағы қосылады. Мысалы, мальтозаны ыдыратып, глюкозаның екі молекуласына айналдыратын фермент мальтаза деп аталады;

2)фермент катализдейтін реакция атауына "аза" жұрнағы қосылады. Мысалы, субстратты ыдыратып, су қосып алуды катализдейтін фермент гидролаза деп аталады, субстраттың сутексізденуін жүргізетін фермент дегидрогеназа деп, химиялық топтарды тасымалдайтын ферментті трансфераза деп атайды.

Кейбір ферменттердің тарихи қалыптасқан атаулары бар. Мысалы: пепсин, трипсин, папаин, эластаза т.б.

Өздері катализдейтін реакциялар түріне байланысты ферменттер 6 класқа бөлінеді.

  1. Оксидоредуктазалар 4. Лиазалар

  2. Трансферазалар 5. Изомеразалар

  3. Гидролазалар 6. Лигазалар (синтетазалар)


ІV. Жаңа сабақты бекіту.

а) Ферменттердің қандай кластары бар?

ә) Оксидазалар нені тасымалдайды ?

б) Дендрогеназалар нені тасымалдайды?


V.Үйге тапсырма

Ферменттер атаулары және жіктелуі.







19 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ферменттердің практикалық маңызы.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Оқушыларға ферменттердің маңызы, медицинада алатын

орны жайлы ұғым беру.

Ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Б) тәрбиелік: Санитарлық - гигиеналық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі лекция

Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:Сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

а) Ферменттердің қандай түрлері бар?

ә) Ферменттер қандай реакцияларды катализдейді.


ІІІ Жаңа сабақ

Организмде тіршілік процестерінің бірқалыпты жүрісі ферменттер әсеріне байланысты. Ферменттік реакциялардағы қандай болмасын жайсыз өзгеріс әртүрлі патологияға, дертті өзгеріске әкеліп соғады. Клеткалардағы немесе биологиялык, сұйықтықтағы (мысалы, қан плазмасындағы) белгілі бір ферменттің активтілігін аныктау арқылы әртүрлі мүшелерде және ұлпаларда болып жатқан өзгеріс жөнінде тұжырым жасауға болады. Мұндай фермент активтілігіне қатысты зерттеулер адамның және жануарлардың ауруы жағдайын, оның диагностикасын бақылау үшін қажет. Жүрек ауруға шалдыққан кезде, әдетте, қан плазмасында креатинкиназа, лактатдегидрогеназа және аспартатаминотрансфераза сияқты ферменттердің активтілігі артады. Аминотрансферазалар (әсіресе аланиндік түрі) бауырдың зақымдалуына (мысалы, сары ауру кезінде) әсіресе сезімтал келеді.

Қан кұрамында ұйқы безі амилазасының көбеюі ұйқы безінің ауруға ұшырағанын білдіреді. Панкреатиттің ауыр түрі басталғаннан кейін бірнеше сағат ішінде амилаза активтілігі қанда тез артады, ал бір тәуліктен кейін, қалыпты көрсеткішімен салыстырғанда, 5 -10 есе көбейгені байқалады.

Сүйектің барлық ауруы кезінде қан сарысуында сілтілік фосфатазаның активтілігі артады. Емханаларда кейбір ауруларды емдеу үшін пепсин, трипсин, химотрипсин сияқты протеолиттік ферменттерді қолданады. Бірқатар ферменттер тамақ өнеркәсібінде және женіл өнеркәсіпте қолданылады. Қажет болған жағдайда етті протеолиттік ферменттермен (көбінесе папаинмен) өндейді, оның нәтижесінде ет жұмсарады да дәмді бола түседі.

Былғары өндірісінде ферменттер тері өңдеу үшін және былғары шикізатын жұмсарту үшін қолданылады. Химозин ірімшік өндіру үшін баяғыдан бері қолданылып келеді.

Крахмалды гидролиздейтін амилаза (зеңнен алынған) ұннан жоғары сортты нан-тоқаш пісіру кезінде қамырдың ашуын тездетеді. Киімге түскен "белокты" дақтарды кетіру үшін протеолиттік фермент препараттарын жуғыш ұнтақ сабынға қосады.

Зең ферменттерінің көмегімен мұнайдан жануарларға арналған белок алады.

Кейбір ферменттер активтілігі деңгейін анықтаудың жануарлар мен өсімдіктер селекциясында маңызы бар. Мысалы, етті-жүнді дегерес тұқымды малдың элита класына жататын салмағы үлкен және жүнді көп беретін еркек койларда аспартатаминотрансфераза, аланинаминотрансфераза сияқты ферменттердің активтілігі де басым екені анықталды. Бұның, малды ерте сұрыптауда тәжірибелік маңызы зор болып отыр.

ІV.жаңа сабақты бекіту.

а) Ферменттердің практикалық маңызы қандай?

ә) Тамақ өнеркәсібінде қандай ферменттер қолданылады?

б) Өсімдіктер селекциясында қандай ферменттер қолданылады?

V.Үйге тапсырма

Ферменттердің практикалық маңызы.




20 сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Витаминдер» және «ферменттер» тарауларын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушылардың витаминдер және ферменттер тарауы бойынша алған

білімдерін жинақтау.

Ә)дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Б)тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қорытынды, қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: Тест жұмысы

Сабақтың көрнекілігі: Тест материалдары.

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Оқушыларға тест тапсырмаларын тарату.

1.Суда еритін витамин

А - аскорбин қышқылы (С) С - ретинол (А)

В-кальциферол (Д) Д - токоферол (Е)

2.Майда еритін витамин

А-аскорбин қышқылы (С) С- кальциферол (Д)

В-пиридоксин (В6) Д-пантотен қышқылы (В3)

3.Адам ағзасында В1 витамині жетіспегенде пайда болатын ауру.

А-ақшам соқыр С-рахит

В-бери-бери Д-құрқұлақ

4. Ағзада кальций мен фосфор жетіспесе тері ауруы дерматит пайда болады?

А)-Н В)-А С)-К Д)-С

6. ... дәрумені жетіспегенде қан ұюы баяаулайды.

А) – К В)- А С)-Д Д)-В1

7. Химиялық реакцияларды жылдамдатады.

А-майлар С-фермент

В-көмірсулар Д-глюкоза

8. Биологиялық катализаторлар

А-тұздар С-сулар

В-ферменттер Д-көмірсу

9. Қарапайым фермент

А-амилоза С-фруктоза

В-глюкоза Д-дезоксирибоза

10.Ферменттік реакцияларды тездетуші

А- ингибитор С-активатор

В-катализатор Д- кофермент

11.Ферменттік реакцияларды тежеуші.

А- активатор С-кофермент

В- ингибитор Д- химозин

12.Ірімшік өндіруде қолданылатын фермент

А-лактоза С-химозин

В-липоза Д-фосфотаза

13.Майды ыдырататын фермент.

А-лактоза С-мальтоза

В-липоза Д-амилоза

14.Пектин заттарын ажыратушы фермент

А-липаза С-пектиноза

В-лактоза Д-мальтоза

15. Крахмалды ыдыратады.

А-липаза С-малттоза

В-лактоза Д-амилоза

Жауаптары:

1-А 5-А 9-А 13-В

2-С 6-А 10-С 14-С

3-В 7-С 11-В 15-Д

4-А 8-В 12-С




21 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Эндокринологияға кіріспе

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушыларға денедегі барлық ішкі және сыртқы

секреция бездерінің құрылысы, қызметі, маңызы

жайлы білім беру.

Ә)дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту.

Б)тәрбиелік: Санитарлық-гигиеналық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы

Сабақтың көрнекілігі:Сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Қызығушылықты ояту.

- Гормон деген не?

- Ағзада қандай бездер болады?

- Бездердің адам ағзасында атқаратын ролі қандай?

- Оқушылар, ішкі және сыртқы секреция бездері бойынша венн диаграммасын жасаңдар.

Сыртқы Ішкі

hello_html_7285b3c4.gifhello_html_56c4dd5a.gifhello_html_2ec56900.gif










ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақ сызбанұсқа арқылы түсіндіріледі.


hello_html_m5c2db4f.gifhello_html_m9693fa4.gifhello_html_m4b601d69.gifБездер




Сыртқы секреция Аралас Ішкі секреция

сілекей,қарын,май, ұйқы, жыныс гипофиз, эпифиз,

тері, ішек. қалқанша, қалқанша

маңы, тимус, бүйрек үсті.

Жоғары сатыдағы жануарлар ағзасының миллиардтаған клеткалардан тұратыны белгілі және олардың бәрі бір-бірімен тығыз байланыскан. Осыншама көп клеткалар өзара үйлесімді әрекет жасайды, сондықтан тірі ағза денесі біртұтас болып табылады.

Клеткалардың үйлесімді әрекетін жүйке жүйесінде және эндокрин бездерінде жасалатын заттар реттеп отырады.

Жүйке жүйесі нейрондардан, жүйке клеткаларынан тұрады, оларда нейромедиатор заты түзіледі, жүйке жүйесіндегі қоздыру, хабар беру осылар арқылы іске асады. Жүйке жүйесі арқылы хабар беру өте тез миллисекунд ішінде беріледі. Жүйке клеткалары бірімен-бірі өзара тікелей байланысқан.




Денедегі барлық бездерді ішкі және сырткы бездер деп екі топқа бөледі. Сырткы секрециялык (секреция - сөл бөлу, шығару) бездерінің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғии секреттері қуыс мүшелерге кұйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі - сілекей) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер). Сондықтан оларды сыртқы секрециялык немесе экзогендік бездер деп атайды. Бұларға сілекей, карын, май, тер, ішек, ұйқы безінің кей клеткалары, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал ішкі немесе эндокриндік бездердің өнімінің сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де қанмен бүкіл денеге тарап мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқанша серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті бездері жатады. Ұйкы және жыныс бездері қос секрециялық бездерге жатады, себебі әрі сыртқы, әрі ішкі секрециялық қызмет аткарады.

Эндокрин (грек endokrin ~ ішке шығарамын) бездерінде немесе ішкі секреция бездерінде гормондар түзіледі, ол гормондар қанға қосылады да, қан арқылы синтезделген жерден қашықта орналаскан нысанаға алынған — клеткаға жетеді. Эндокрин бездерінің гормон арқылы берілетін хабары тез емес, баяу жетеді, бірақ оның әсері ұзак, болады. Гормондардың түзілуін жүйке жүйесі, әсіресе ми қабығы реттеп отырады. Адамның және жануарлардың бүкіл өмір бойы тіршілік әрекетін, ағзадағы зат алмасуын орталық жүйке жүйесі басқарып отырады.

Сонымен, гормон дегеніміз — биохимиялык процестерді реттейтін және адам мен жануарлардың аса маңызды тіршілік қызметіне қоздырушы әсер ететін химиялық зат. "Гормон" деген термин гректің қоздырамын деген сөзінен шыққан (һогтао — қоздырамын, қозғалтамын), оны ғылыми ұғым ретінде 1904 жылы У.Бэйлисс пен Э.Стерлинг енгізген.

Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйесіне, тіпті бүкіл ағзаға әсер етеді. Ішкі секрециялык бездер осыған байланысты қан тамырларына бай келеді. Химиялык құрамына карай гормондар — белок, полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады. Гормондар ішкі секрециялык бездерден басқада, ас қорыту жолының мүшелерінде, бүйректе, бауырда да түзіледі. Барлык гормондар ағзадағы зат алмасу процестеріне әсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенімен тек қана клетканың мембранасымен қабысқанда ғана активтеледі. Адам денесіндегі гормондардын ішінде гипоталамусгипофиз бүйрек үсті бездері гормондарының маңызы өте зор. Олар ағзаның біртұтастығын сактауға қатысатын физиологиялык және биохимиялық қызметтердің негізгі және маңызды реттеушісі.


hello_html_4cb802af.gifhello_html_3b4722dc.gifАралас бездер




hello_html_5d031345.gifhello_html_m1f3abec4.gifhello_html_m71abb782.gifhello_html_m6ab28a08.gifhello_html_m54525f79.gifҰйқы Жыныс



инсулин глюкагон андроген тестостерон


эстроген

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1) Секреция бездері қандай топтарға бөлінген?

2) Ішкі секреция бездері нешеге бөлінеді?

3) Сыртық секреция бездеріне не жатады?


V. Үйге тапсырма

Эндокринологияға кіріспе.








22сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің гормондары.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушыларға ішкі секреция бездерінің гормондары және

олардың маңызы жайлы білім беру.

Ә)дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Б)тәрбиелік: Санитарлық - гигиеналық тәрбие

Сабақтың типі: Аралас сабақ..

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, интерактивті тақта, электронды оқулық.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі


ІІ Жаңа сабақты түсіндіру.

Қалқанша безі

Қалқанша без - ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең негізгілерінің бірі. Ағзада айналып отыратын барлық қан тәулік бойы бірнеше рет қалқанша безі арқылы өтеді де, оның бөліп шығарған секретін барлық ұлпаларға және мүшелерге жеткізеді. Қалқанша безінен бөлінетін гормон тироксин мен трийодтиронин.

Қалқанша маңындағы бездердің гормондары

Сүтқоректі жануарларда қалқанша маңындағы безі жұптасқан екеу болады. Олар қалқанша бездің үстіңгі жағына орналасады. Олардың рөлін 1925 жылы Коллип деген зерттеуші анықтап кальцийдің алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейтінін білген.

Химиялық табиғаты. Қалканша маңындағы бездерде екі пептидтік гормон-паратгормон (паратирин) және кальцитонин түзіледі. Бұл екі гормон да бірқатар жануарлардың және адамның қалқанша маңындағы бездерінен таза күйінде бөлініп алынған. Олардың бірінші реттік құрылымы анықталған. Паратгормон дегеніміз — полипептид. Ол 83 амин кышқылы қалдықтарынан тұрады, м.м. 9500. Ал кальцитонин 32 амин қышқылы қалдықтарынан түрады, м.м. 3600.

Буйрек үсті безінің гормондары

Бүйрек үсті безі дегеніміз — жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлардың кос эндокрин безі. Әр бүйректің ең жоғарғы шегіне жақын осы без орналасады. Бүйрек үсті безінің екі кабаты бар: сырткы қыртыс қабаты және ішкі ми сияқты заты. Бұл екеуі екі дара без сияқты және екі түрлі гормон жасап шығарады.

Ми затының гормондары

Ми заты екі түрлі гормон бөліп шығарады. Олар адреналин және норадреналин, бұл екеуі де катехоламиндер тобына жатады, олар - жүйке жүйесінің медиаторы.

Химиялық табиғаты. Адреналин мен норадреналин таза күйінде де, синтездік жолмен де алынған. Адреналин бүйрек үсті бездерінде ғана ал норадреналин басқа мүшелердеде пайда болады.

Буйрек үсті қабыгының гормондары

Бүйрек үсті бездерінің кыртыс кабаты 40-тан астам кортикостероидтар деп аталатын гормондар түзеді. Олар химиялық түрғыдан өзара өте үқсас, бәріде холестериннің өніміне жатады.

Химиялық табиғаты. Физиологиялық кызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді:

  1. Глюкокортикоидтар (ГКС);

  2. Минералкортикоидтар (МКС);

  3. Андрокортикоидтар (АКС).





Ішкі секреция бездері.


Р/с


Бездердің аты


Гормондар

1


2


3


4



5




6


7

Қалқанша


Қалқанша маңы бездері.


Бүйрек үсті безі


Бүйрек үсті қабығының бездері



Гипофиз( алдыңғы бөлігі)




Гипофиз (артқы бөлігі)


Гипофиз (ортаңғы бөлігі)

а) тироксин б) трийодтиронин


а) паратгормон б) кальцитонин


а) адреналин б) норадреналин


а) глюкокортикоид

ә) Минералкортикоид б) Андрокортикоид


1.Өсу гормоны, самототропин

2.Адренокортикокотропин

3.Гонадотропин 4.Меланотропин


1.Вазопрессин 2.Окситоцин


1.Меланоцит 2.Меланотропин

ІІІ . Жаңа сабақты бекіту.

а) Гормондардың қандай түрлері бар?

ә) Гормондардың маңызы неде?

ІV. Үйге тапсырма

Ішкі секреция бездерінің гормондары.

V. Өздігінен жұмыс

Ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуынан болатын ауытқуларға арналған кестеден берілген өзгерістерге сәйкес келетін жауапты тауып жазыңдар:

Болатын

өзгерістер

Ауру

түрі.

1.Жас кезінде бойдың өспей қалуы

2.Глюкоза көбейіп зәрмен бөлініп

шығады.

3.Терісі қола түсті өзгереді.

4.Көздері бадырайып, шарасынан

шығады

А) Қан диабеті

Б) Гипофизді ергежейлілік


В)Аддисон ауруы

д) Базедов ауруы.




Жауаптары: 1 - Б ; 2 - А; 3 - В; 4 - Д;



















23 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Гипофиз гормондары

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушыларға гипофиз гормондары, түрлері,

адам ағзасына әсері жайлы білім беру.

Ә)дамытушылық: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру.

Б)тәрбиелік: Санитарлық - гигиеналық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Өзіндік ізденіс жұмыстары

Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

а) Ішкі секреция бездеріне нелер жатады?

ә) Ішкі секреция бездері қандай гормондар бөледі?


ІІІ. Жаңа сабақ

Гипофиз безі немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің "түрік ері" деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол омыртқалылардағы ішкі секрецияның аса маңызды безі. Гипофиз мидың астында орналасқан. Жаңа туған нәрестенің гипофизінің салмағы 0,1-0,15 г, ересек адамда 0,5-0,8г. Құрылысы жағынан гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, ортанғы және арткы бөліктср. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гистологиялық құрылысы күрделі алдыңғы бөлімі негізінен хромофобты без клеткаларынан, ортаңғы бөлімі - базофильді клеткалардан, арткы бөлімі питуицидтер мен жүйке талшықтарынан тұрады. Жалпы алғанда гипофиздің ортаңғы бөлімі адамда нашар дамыған және қызметі әлі күнге дейін айқындалған жоқ деуге де болады.

Гипофиздің алдыңғы бөлігініц (аденогипофиздің) гормондары. Аденогипофизде 7 гормон түзіліп қанға күйылады: соматотропин немесе өсу гормоны (СТГ), тиреогропин (ТТГ), адренокортикотропин (ЛКТГ) және үш түрлі гонадотропиндер (ГТГ) - лютеиндеуші (ЛТГ), лютеотроптық (ЛСГ), фолликулстимулдаушы (ФСГ) және ортаңғы бөлімде түзілетін меланотропин (МТГ).

Гипофиздің артқы бөлігінің (нейрогипофиздін) гормондары

Сүтқоректі жануарлардың нейрогипофизі (жүйке гипофизі) негізінен екі түрлі гормон бөліп шығарады: вазопрессин мен окситоцин. Қазіргі кездегі негізгі болжам бойынша бұл гормондар гипоталамуста синтезделеді және нейрогипофиз бөліп шығарады.

Вазопрессин — 9 амин кышқылы қалдығынан кұралған қысқа пептид, ол гипофизден бөлініп алынған және синтездік жолмен де алынады.

Вазопрессин антидиуреттік гормон деп саналады, ол организмде су , тұз алмасуын біршама тұрақты қалыпта ұстап тұруды реттейді, бүйрек талшыктарында (каналдарында) суды кері қарай соруды белгілі деңгейде ұстап тұрады, яғни бөлінетін зәр мөлшерін азайтады. Вазопрессин түзілу процесі бүлінген кезде адамда зәр көп бөлінеді, оның мөлшері тіпті тәулігіне 20л шамасына дейін жетеді. Мұндай сырқатқа ұшырағандар суды көп ішеді, сусамыр болады, қатты шөлдегіш келеді.

Вазопрессин қан тамырлары саңылауын тарылтады және қан қысымын көбейтеді.

Окситоцин. Бұл гормон химиялық табиғаты жөнінде вазопрессинге ұқсайды. Окситоцин жылтыр бұлшық еттерді қатты жиырылтып қысқартады, әсіресе бұл жағдай малдың тууы кезінде, әйелдін босануы кезінде жатыр бұлшык, етінде байқалады. Окситоцин желіннің (емшектің) альвеолдарын жиырылтады да, сүттің бөлініп шығуына себеп болады. Желіннің емшегін түршіктіріп қоздырған кезде окситоцин босап шығады, бұл жағдай малды сауған кезде және баланы емізген кезде пайдаланылады.



Туып босану қиындап ұзап кеткен кезде окситоцин қолданылады.

Гипофиздін аралық (ортаңғы) бөлігінің гормоны. Мұнда меланоцит колдаушы (стимулдаушы) гормон (МСГ) немесе меланотропин жасалып шығады.

МСГ екі полипептид, олар а - меланотропин және р - меланотропин деп аталады. Маймыл, жылқы, өгіз, шошқа, қойдың және түйенің гипофизінен а-меланотропин бөліп алынған. Оның тізбегі 13 амин кышқылы қалдығынан құралады және барлық жануарлар түрінде құрылымы бірдей болады.

Адамның (3-меланотропинінің құрамына 22 амин қышқылының қалдығы кіреді.


ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Гипофиздің алдыңғы бөлігінен қандай гормондар бөлінеді?

2. Гипофиздің ортаңғы бөлігінен қандай гормондар бөлінеді?

3. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары қандай ?


V. Үйге тапсырма беру

Гипофиз гормондары .








































24 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Гипоталамус гормондары.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушылардың ішкі секреция бездері жайлы алған

білімдерін кеңейту, гипоталамус гормондары жайлы

ұғым беру.

ә)Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б)Тәрбиелілік : Оқушыларды жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме.

Көрнекілігі: Сызба

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Гипофиздің алдыңғы бөлігінен қандай гормон бөлінеді?

  2. Гипофиздің ортаңғы бөлігінен қандай гормон бөлінеді?

  3. Гипофиздің артқы бөлігінен қандай гормон бөлінеді?


ІІІ Жаңа сабақ.

Жануарлар мен адам ағзасындағы гормондардың ішінде гипоталамус — гипофиз — бүйрек бездері гормондарының маңызы өте зор. Олар ағзаның біртұтастығын сақтауға қатысатын физиологиялық және биохимиялық қызметтердің негізгі және маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда мидың гипоталамус бөлігі жоғары дәрежедегі қыртыс асты негізгі эндокриндік реттеуші болып есептеледі. Оның бұл қызметі гипофиз безінің жұмысына дем беруші нейросекреттерді өндіріп шығару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болған нейросекрет гипофизге құйылып, оның басқа бездерге әсерін тудырады. Аралық мида орналаскдн гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі секрециялык, бездердің қызметтерін реттейді. Сондықтан ол мидың барлық бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысып жатыр.

Аденогипофиздің гормондарының синтезделуін реттейтін гипоталамус заттары жақында, 60 - жылдары ашылды. Оны Р. Гиллемин мен Э.Шелли ашты. Сол үшін олар 1977 жылы Нобель сыйлығын алды. Алғаш, олар рилизингфактор (ағылшынның release босату деген сөзінен шыққан) нейрогормондар деп аталады. Ал қазір либериндер және статиндер деп аталды. Нейрогормондарды бөліп алу, олардың химиялық табиғаты мен құрылымын анықтау өте қиын. Мысалы, Р.Гиллеминнің ғылыми тобы (1968 ж) 1 мг таза тиреолиберин беліп алу үшін 300 мың қойдың гипоталамусын өңдеуге тура келді.

Ішкі секреция бездерінің гормондары ағзада белгілі бір нысана - мүшелердін, жұмысын басқаратынын біз енді білеміз. Ал эндокрин бездерінің гормондық әрекетін гипофиз реттеп отырады. Нейрохимик Г.Харрис болжағандай (1954 жылы), қазір былай болды: гипофиз жұмысын ми баскарады, ол үшін мидың гипоталамусы "асқын гормондары" түрінде химиялық делдал бөліп шығарады екен. Бүкіл эндокрин жүйесіндегі негізгі реттеуші қызметін гипоталамус атқаратынын атап айту қажет.

Қазіргі кезде 10 нейрогормон бөліп алынды, олардың құрылымы анықталды және атқаратын қызметі белгілі болды. Бұл заттардың бәрі химиялық тұрғыдан төмен молекулалы пептидтер екен. Олардың кейбіреуі гендік инженерия әдісімен алынады.

Бөліп алынған нейрогормондардың жетеуі аденогипофиз гормондарыныц түзілуіне (босап шығуына) қолайлы әсер етеді, стимулдайды. Оларды либериндер деп атайды. Нейрогормонның үшеуі тежеуші әсер етеді, олар статиндер деп аталады. Бұл заттар әсерінің өздеріне тәи ерекшелігін көрсету үшін, аденогипофиз гормондарының атауына "либерин" немесе "статин" деген сөз жалғанады.

1. Тиреолиберин — биологиялық белсенділігі жоғары ең кішкентай табиғи пептидтердің біреуі, ол үш амин кышқылы қалдығынан құралады. Формуласында N — соңында циклды пироглутамин қышқылы бар, ал С — соңында амидтелген пролин бар.





Мидың жүйке клеткалары көмегімен әсер еткен гипоталамустан тиреолиберин бөлініп шығады. Енді сол гормон өз кезегін тиреотроптық гормондардың гипофиз клеткаларынан босату процесін туғызады.

ТТГ қалқанша безі клеткаларының өзінде тироксин және басқа да тиреоидтық гормондарды синтездеуге және оларды бөліп шығаруға итермелейді.

Сөйтіп, тиреолиберин тиреотропиинің, сондай-ак пролактиннің бөлініп шығуына жағдай жасайды.

2. Люлиберин — декапептид, оның N-соңында пироглутамин кышқылы, С — соңында глутамин бар. Яюлиберин (гонадолиберин) аденогипофиздің лютеиндеуші гормонының (люттропиннің) бөлінуіне жағдай жасайды.

Ұзақ әсерлі люлиберин әйелдерде болатын ұрыксыздык дертінің кейбір түрлерін емдеуге табысты қолданылады, оның әсерінен әйелдерде овуляция басталады. Экстралдік циклды синхрондау үшін оны мал шаруашылығында да қолдануға болады.

3. Соматостатин - 14 амин қышқылы қалдығынан құралған циклды дисульфид, мұндағы - S - S - байланысты 3 және 14 амин кышқылының қалдығы аралығына орналасады.

Соматостатин өсу гормонының (соматотропиннің) синтезін тежейтін фактор. Онын басқа да бағалы жағы бар. Ол аденогипофиздің соматотропині бөлінуін тежеп қана қоймайды, сонымен қатар ұйқы безіне әсер етеді, инсулин мен глюкагонның бөлінуін төмендетеді. Соның нәтижесінде қан құрамындағы глюкоза мөлшері азаяды. Сондықтан соматостатин қант диабеті (сусамыр) дертін емдеу үшін қолданылуы мүмкін.

4. Соматолиберин — өсу гормоны, соматотропиннің бөлінуіне жағдай жасаушы гормон. Бүл гормоннын бар екені радиоиммунологиялық әдіс арқылы дәлелденген.

  1. Фоллиберин — декапептид, ол аденогипофизде гонатропты гормондар түзілуге әсер етеді және жыныс бездерінің жұмысын реттейді (люлиберинді караңыз).

  2. Пролактолиберин — аденогипофизде пролактин бөлінуін дамытады. Сөйтіп, сүттің түзілуіне және оның шығуына әсер етеді. Бұл гормонның құрылымы әлі белгісіз.

  3. Пролактостатин — пролактолиберин әсеріне қарсы әсер етеді, пролактин түзілуін тежейді. Бұл гормонның да құрылымы әлі анықталмаған.

  4. Кортиколиберин — адренокортикотропты гормонның пайда болып бөлінуін қолдайды. Құрылымы әлі белгісіз.

9. Меланолиберин - трипептид.
Про - Лей - Гли - NH2

10. Меланостатин — пентапептид
Цис — Тир — Иле — Гли — Асп

Соңғы аталған бұл екі гормон да гипофиздің аралық бөлігінде меланотропиннің бөлінуін тиісінше қолдап та, тежеп те әсер береді. Меланотропиннің тері қабаты мен жүннің бояуына жауапты екені белгілі.

Гипогаламус нейрогормондарының әсер ету механизмі әлі де анықталған жок. Болжауға қарағанда, олар нысана - клеткаларда тиісті рецепторлармен өзара әрекеттескеннен кейін өздерінің әсерін тигізетін көрінеді, бұл кезде аденилатциклазаны активтендіреді немесе оған кедергі жасайды.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1) Гипоталамус гормондары қандай?

2) Бұл гормондар қандай мүшелер қызметін реттейді?

3) Не себепті нейрогормон деп аталады?

4) Қазіргі кезде қанша нейрогормон бөлініп алынған?

V. Үйге тапсырма

Гипоталамус гормондары







25 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Өсімдік гормондары.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Оқушылардың ішкі секреция бездері жайлы алған

білімдерін кеңейте отырып өсімдік гормондары жайлы

білім беру.

Ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Б) тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға үйрету.

Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті игерту.

Сабақтың әдісі: Әңгіме, ой-қозғау.

Сабақтың көрнекілігі:Сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

а) Гипофизден қандай гормондар бөлінеді?

ә) Өсу гормоны аз бөлінгенде адам ағзасында қандай өзгеріс жүреді?

ІІІ Жаңа сабақ

Өсімдіктердің өсу процесі сыртқы орта жағдайдары мен өсудің ішкі жағдайларының қатынасынан тұрады. Жасыл өсімдіктер организмінде зат алмасуы, фотосинтез және тыныс алу нәтижесінде тек қана бірнеше түрлі қоректік қосылыстарды түзіп коймай, сонымен қатар бірнешелеген физиологиялық белсенді (витаминдер, ферменттер, гормондар) қосылыстар түзіледі. Физиологиялык белсенді қосылыстар өсімдік тіршілігі үшін маңызды қызмет атқарып, аз мөлшерде пайдаланылады. Шындығында өсімдік организміндегі қоректік қосылыстар мен физиологиялық белсенді заттар аралығын айыру бүгінгі күнге дейін анықтала койған жоқ.

Қазіргі кезде өсімдіктердің немесе олардың жеке органдарының өсуін қалыптастыратын, мәселен тамырын өсіруші бірқатар қосылыстар ашылды. Өсімдіктердің өсуіне әсер етуші заттарды зерттеу тарихы Ч.Дарвин мен көптеген ботаниктердің сұлы колеоптилінің өсуі зандылығын бақылаудан басталады. Осы тәжірибелердің нәтижесінде колеоптилдің ең ұшында өсімдіктің өсуін және оның клеткаларының созылуын қарқынды түрде жеделдететін белгілі бір заттың болатындығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік туды.

Өсімдіктерде болатын амин қышкылдары гормондар түзуге қатысады. Түрлі зерттеулерде триптофанның өзгерістерге ұшырау барысында өсімдіктер организмінде никотин қышқылы түзілуі мүмкін. Жүгері ұрықтарына азотты қоректену ретінде триптофан беріліп жүргізілген тәжірибелерден никотин қышқылы мөлшерінің артқаны байкалмаған. Триптофанның химиялық жолмен никотин қышқылына айналуы жануарлар ағзасында дәлелденген.

Алғашқы рет өсімдіктің өсуіне қоректік қосылыстардан басқа физиологиялык белсенді заттардың қажеттілігі, өсімдіктен бөліп алынған тамыр ұшын, қолдан дайындалып, стерилденген қоректік қоспада өсіру нәтижесінде анықталады. Өсімдік жемістері де өзінің өсуінде физиологиялық белсенді заттарды қажет етеді.

Өсімдік гормондары

hello_html_mf867f1a.gifhello_html_463f4a12.gifhello_html_m2df47aa7.gifhello_html_m767b4bbf.gifhello_html_m3facf97.gif


Ауксин Гиббереллин Цитокинин Этилен Абсциз қышқылы


ІV. Жаңа сабақты бекіту

а) Фитогормондар деген не?

ә) Өсімдік гормондарының түрлері қандай?

б) Өсімдік тіршілігінде гормондар қандай қызмет атқарады?

V. Үйге тапсырма беру

«Сөзжұмбақ» құрастыру





26 сабақ



Сабақтың тақырыбы: Гормондар тақырыбын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушылардың гормондар, тарауы бойынша

алған білімдерін жүйелеп, нақтылау.

ә) дамытушылық: Оқушылардың биологиялық сөздік қорын байыту,

шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікті сезінуге

тәрбиелеу, сауаттылығын арттыру.

Сабақтың типі: Қайталау, қорыту.

Сабақтың түрі: Семинар сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар, суреттер, электрондық оқулық, интеракивті

тақта, жабдықтар.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың оқу-құралдарын дайындап, балаларды жинақтап, зейіндерін бір арнаға шоғырландыру.


ІІ «Гормондар » тақырыбы бойынша семинар сабақ


Семинарда талқыланатын сұрақтар

1. Эндокринология ғылымы, қазіргі кездегі табыстары мен жетістіктері.

2. Сыртқы секреция бездері, маңызы.

3. Ішкі секреция бездері, маңызы.

4. Қалқанша безі гормондары, маңызы.

5. Гипофиз безі гормондары, маңызы.

6. Бүйрек үсті безі, гормондары, маңызы.

8. Өсімдік гормондары, маңызы.



ІІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.


Қорыта айтқанда, гормондар адам және жануарлар ағзасында маңызды рол атқарады. Медицинаның, ауыл шаруашылығының көптеген маңызды проблемаларын шешу, гормондар жайлы табыстар мен зерттеулер нәтижесіне тікелей байланысты.



ІV. Үйге тапсырма беру.


«Нуклеин қышқылдар» тақырыбына бас қатырғыштар, сөзжұмбақтар құрастырып келу.














27 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Нуклеин қышқылдары - тұқым қуалау негіздері.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушыларға нуклеин қышқылдары, оның тірі ағзаларда

атқаратын қызметі және маңызы жайлы білім беру.

Ә)Дамытушылық: Оқушылардың ойлау шеберлігі мен ауызша сөйлеу

дағдыларын дамыту.

Б)Тәрбиелілігі: Оқушылардың жауапкершіліктерін арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, химия.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын, зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Оқушыларға сұрақтар қою.

-Нуклеин қышқылдары деген не?

-Нуклеин қышқылдарының қандай түрлері бар?

-Нуклеин қышқылдарының мономері не?

2.Жаңа сабақты баяндау.

Алғашқы тіршілік нышандары бұдан 3,2 млрд жыл бұрын пайда болған. Ұзаққа созылған эволюция нәтижесінде табиғи сұрыпталу жолымен қазіргі тіршілік иелері - жануарлар, адам, өсімдіктер, микроорганизмдер дүниеге келді. Тірі ағзалардың аса ғажап қасиеті — ата тегіне ұқсас өзіндей жаңа ағзаны жарыққа шығаруы. Осы бір табиғаттың ұлы жұмбағы ғылым үшін әрқашанда аса маңызды проблема болып келді. Оны шешуге бүкіл дүние жүзінің ғалымдары ат салысты.

Сөз жок, тірі ағзаның аса ғажап қасиеті — тұкым қуалайтын белгілерді өзінде сақтау және оны ұрпаққа беру ағзаның өз құрамындағы заттармен байланысты екені аян. Осыған орай, "Тұрақты түрде тұқым қуалайтын осы белгілерді ұрпақтан-ұрпаққа беру кілті кандай зат құрамында?" деген заңды сұрақ туады.

Тірі ағзада жоғары молекулалы үш қосылыс бар. Олар - нуклеин кышқылдары, белоктар және полисахаридтер. Қазіргі кезде аталған биологиялык жоғары молекулалардың әрқайсысының атқаратын қызметі дәл анықталып, тұқым қуалайтын қасиеттің негізі, тірі ағзаның барлық ерекшеліктерін қайталап жарыққа шығарушы — нуклеин қышқылдары екені белгілі болды.

Тұқым қуалаушылықтын материалдык негізі клетканың ядросында орналасады. XIX ғасырдың аяқ кезінде (1869ж) Ф.Мишер сельді балықтарының спермасы клеткасының ядролары құрамында С, О, Н, Р және N бар, белоктардан өзгеше затты бөліп шығарды. Ғалым ядролардан қышқыл қасиеттері бар затты (латын сөзі nucleos — ядро) бөліп алғандықтан, ол заттарды нуклеин қышқылдары деп атады. Нуклеин қышқылдарының құрамы күрделі келеді.

Нуклеин қышқылдарының екі түрі бар.

1) Дезоксирибонуклеин қышқылы

2) Рибонуклеин қышқылы

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

а). Нуклеин қышқылдарын не себепті тұқым қуалау негіздері деп атайды?

ә). Нуклеин қышқылдарының басқа органикалық қосылыстармен байланысы бар ма?

ІV. Үйге тапсырма беру.

Нуклеин қышқылдары

V. Өздігінен жұмыс

Төменде ДНҚ - ның қос тізбегінің бір тізбесі берілген. Комплементарлы принцип бойынша екінші тізбекті құрастырыңдар.

ДНҚ-ның 1-ші тізбегі.

А-А-А-Т-Г-Г-Ц-Ц-А-Т-Ц-Г-Г-Ц-Т






28 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы.

ДНҚ және РНҚ құрылымы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушылардың нуклеин қышқылдары жайлы білімдерін

кеңейту.ДНҚ мен РНҚ құрылымының ұқсастығы мен

айырмашылығын көрсету.

ә) дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиелік: Табиғи тірі жүйелердің құрылымдарының бірлігін

ұғындыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Дамытушылық

Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Сызба


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын еске түсіру

Оқушыларға жалпылама сұрақтар қою

1.Нуклеин қышқылдарын неліктен тұқымқуалау негізі деп атайды?

2.Нуклеин қышқылдарын кім, қай жылы ашты?


ІІІ. Жаңа сабақ

Нуклеин қышқылдарын 22 жастағы швейцариялық дәрігер Фридрих Мишер 1870 жылы іріңнің клеткаларынан ашқан. Нуклеин қышқылдары клеткалардың бәрінде де болады, ол ерекше биологиялық маңызы бар химиялық қосылыс. Барлық жануарлар организмдерінің гендік материалы. Тірі организмдердің бәрінде дезоксирибонуклеин қышқылы ДНК және рибонуклеин қышқыл РНК күйінде болады. Кейбір вирустарда мысалы, темекі мозайкасының вирусында, полимелиттің вирусында тек қана РНК, ал басқаларында мысалы бактериофагтарда, аденовирустарда және осповакциндерде тек ДНК болады. Бактериялар мен жоғарғы сатыдағы организмдерде нуклеин қышқылдарының екі типі де кездеседі. ДНК негізінде ядрода орналасқан, интерфаза кезінде хроматиннің құрамына кіреді. Ядродағы ДНК белоктармен қосылып, нуклеопротеидтер құрайды. ДНК митохондрияларда, хлоропластарда және басқа өзін - өзі құраушы органоидтарда да болуы мүмкін. РНК ядрода да, цитоплазмада да болады. Ядрода ол ядрошықта, нуклеоплазмада және хроматинде орналасқан. Цитоплазмада рибосомалардың негізгі бөлігін құрайды.

Нуклеин кышқылдары көмірсу компонетінен (пентозадан немесе дезоксипентозадан), азоттық негіздерден (пуриндер мен пиримидиндерден) және фосфор қышқылынан тұрады. Нуклеин қышқылдарының мономері фосфор қышқылының бір молекуласының, пентозаның бір молекуласының және бір пуриндік немесе пиримидиндік негіздің қосылуының нәтижесіңде пайда болған нуклеотид.

Нуклеотидтің құрамындағы пентоза мен негіздің комбинациясын нуклеозид деп атайды, мысалы, Дезокситимидин тиминнің нуклеозиді болып есептеледі. Полинуклеотидтің тізбегіндегі фосфор қышқылы байланыстырушы роль атқарады. Нуклеин қышқылдарының құрамына пентозалардың екі типі кіреді: РНК-да рибоза, ДНК - да дезоксирибоза. Басты пиримидиндік негіздер цитозин тимин және урацил. Цитозин ДНК мен РНК-да табылған, ал тимин ДНК - ға тән, урацил РНК-ға тән. ДНК мен РНК пентозаның құрылымымен ғана ажырамайды, сонымен бірге пиримидиндік негізбен де ажырайды. ДНК мен РНК-да болатын басты пуридиндік негіздер - аденин мен гуанин.

Организмдегі нуклеотидтердің ролі нуклеин қышқылдарын кұраумен аяқталмайды. кейбір маңызды коферменттер де нуклеотидтер немесе олардың туындылары, мысалы, аденозинмонофосфат (АМФ), аденозиндифосфат (АДФ) және аденозинтрифосфат





ТФ), кофермент А, никотинамид-аденин-динуклеотид (НАД) никотин-амидаденин-динуклеотид фосфат (НАДФ) және флавинаде-ниндинуклеотид (ФАД).

Американдық және ағылшын биологтары Уотсон мен Крик ДНК-ның екі полинуклеттидтік тізбектен тұратынын анықтады (4-сурет). Тізбектің әркайсысы оңға қарап ширатылған. РНК- ның ДНК-дан айырмасы көпшілігінде бір тізбектен тұрады.

РНК барлық тірі клеткаларда кездеседі. Оның ДНК - дан айырмасы - кұрамында пентоза ретінде рибоза, ал пириминддік негіздерден - урацил болады.

РНК-ның үш типі бар: матрицалық немесе информациялық РНК (мРНК), тасымалдаушы РНК (тРНК) және рибосомалық РНК (рРНК). РНК-ның үш типі де тікелей ДНК-да синтезделеді. Клеткадағы РНК мөлшері клетканың өндіретін белогінің мөлшеріне байланысты.

Матрицалық немесе информациялық РНК клеткадағы барлық РНК-ның 3-5% құрайды. Матрицалық РНК-ның молекуласы шамамен 300-дей нуклеотидтерден тұрады. Матрицалық РНК-ның көпшілігі клеткада қысқа мерзімде болады, бактериялық клеткалардың олардың өмірі бірнеше минутқа созылады, ал сүтқоректілердің эритроциттерінде ядро жойылғаннан кейін де гемоглобиннің синтезі бірнеше күнге созылуы мүмкін. Рибосомалык РНК клетканың барлық РНК-ның 80%-нен астамын құрайды. РНК цитоплазмада болады, белок молекулаларымен байланысып, рибосомалар деп аталатын клеткалық органеллаларды құрайды.

Тасымалдаушы РНК-ның (тРНК) болатынын Крик жорамалдаса, ал оны 1955 жылы Хогленд ашты. Әрбір аминқышқылының ерекше тРНК бар.Бұлардың бәрі цитопоазмадағы аминқышқылдарын рибосомаларға жеткізеді. Клеткадағы РНК 15% жуығы тРНК-ның үлесіне тиеді. Белгілі амин қышқылдарын тасымалдайтын түрлі тРНК-ның саны 20 - дан анағұрлым көп.

ІV Жаңа сабақты бекіту

а) Нуклеин қышқылдарының құрамы неден тұрады?

ә) ДНҚ мен РНҚ құрылымының ұқсастығы неде?

б) РНҚ ның қандай түрлері бар?

V. Үйге тапсырма беру.

Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы.


VІ Өздігінен жұмыс

Оқушыларды есептер құрастыруға үйрету және шығару

1-есеп

ДНҚ молекуласының бір тізбегі мынадай нуклеотидтер қатарынан тұрады.

ТААТГЦЦАТТГЦ

а) Комплементарлы тізбектегі нуклеотидтердің қатарын анықта

ә) Комплементарлы тізбекте синтезделетін РНҚ кодонының қатарын анықта.



Шешуі

А) ТААТГЦЦЦАТТГЦ - ДНҚ бірінші тізбек

АТТАЦГГГТААЦГ –ДНҚ екінші тізбек

Ә) АТТАЦГГГТААЦГ - ДНҚ екінші тізбек

УААУГЦЦЦАУУГЦ – аРНҚ молекуласы транскрипция
















29 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Генетикалық мәлімет. Мутация

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушылардың нуклеин қышықылдары жайлы

алған білімдерін кеңейтіп, генетикалық мәлімет және

мутация жайлы ұғымдар беру.

Ә)Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,

биологиялық тілін дамыту.

Б)Тәрбиелілігі: Оқушыларды еңбек етуге, мақсатқа жетуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың әдісі: Әңгіме, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:Сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру.

А)Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы неден тұрады?

ә)ДНҚ-ның құрамы қандай?

б)РНҚ-ның құрамы қандай?


ІІІ Жаңа сабақ.

Қазір мынадай жағдай дәлелденген: клетканың, бүкіл ағзаның құрамы, құрылымы, қасиеттері және олардағы зат алмасу ерекшеліктері белок молекулаларының құрылысына байланысты, ең алдымен фермент-белоктарға тәуелді. Барлық ферменттер тек қана белоктар.

Кез-келген клетканың ерекшелігі, жеке ағзаның немесе ағза түрінің өзіне ғана тән ғажап көріністері белок ерекшеліктеріне тәуелді болады. Белоктар ағзада жүретін химиялық реакцияларды басқарады (ферменттер) немесе барлық клеткаларының құрамына кіреді (құрылым бөлігі ретінде).

Белгілі бір белоктың құрылымын, яғни оның полипептидтік тізбектегі амин қышқылдарының өзара байланысып орналасуын нуклеин қышқылдары, ең алдымен ДНҚ басқарады. ДНҚ молекуласында генетикалык мәлімет орналаскан. Ондай мәлімет-пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтерден құралады. Осыдан мынадай қорытынды байқалады: аденильдік, гуанильдік, тимидильдік және цитидильдік нуклеотидтердің ДНҚ құрамындағы белгілі тәртіппен орналасу реті генетикалык, мәлімет жазылған тіл болып табылады. Тұқым куалайтын мәліметтің мұндай жазуын генетикалык код (код- шартты белгі) деп те атайды.

Генетикалық код дегеніміз — тіл, сол тілде гендер қандай белокты қанша мөлшерде синтездеу қажет екенін клеткаға хабарлайды.

Жыныс клеткалары ұрықтанған кезде зигота ары қарай өсіп жетілу үшін шифрланған түрде аталық-аналык, клеткалардан дәл нұсқау алады. Сондай нұсқау сол ағзаның бүкіл тіршілігінде қайталанып отырады. Бұл айтылғаннан мынадай маңызды қорытынды шығады: мал тұқымын жақсарту үшін аталық және аналық малдардың өнімділігін ескере отырып, тандап алудың ерекше мағынасы бар.

Генетикалык мәлімет өзгере ме?

Ғылым мен тәжірибе бұл сұраққа "өзгереді" деп жауап береді. Ал тұқым қуалайтын белгілер калай өзгереді?

Репликация немесе транскрипция кезінде кездейсок үшырасатын қате салдарынан ДНҚ немесе иРНҚ құрамындағы нуклеотидтердің орналасу реті өзінен-өзі ішкі себептердің әсерінен өзгереді. Бұл жағдай ДНҚ-ның немесе иРНҚ-ның құрылымын өзгертеді. ДНҚ мен иРНК, құрылымындағы қандай болмасын өзгеріс ұрпақтың өзгерісіне, мутациялық өзгеріс дегенге әкеліп соғады. Тұқым қуалайтын касиеттердің қандай болмасын өзгерісі мутация деп аталады.

Нуклеин қышқылдары деңгейіндегі мутация оларды бір нуклеотидтің орнын баска біреуінің басқанын білдіреді.

Мутацияның молекулалық механизмін көрсету үшін мынадай мысал келтірейік. Азотты қышқыл күшті мутаген болып табылады. Ол қышқыл пуриндік және пиримидиндік негіздермен мынадай тендеу бойынша реакцияласады:





R NH2 + HNO3R - OH + N2 + Н20

Азоттық негіз Басқа азоттық негіз

Реакция барысындаNH2 тобының орнын - ОН тобы басады, осының нәтижесінде аденин гуанинге, ал цитозин урацилге айналады. Бұл өзгеріс кезегінде белок моллекуласындағы амин қышқылдарының орналасу ретін сәйкестендіріп өзгертеді. Қайта құрылған белокта аспарагин орнына аланин немесе лейцин орнына фенилаланин пайда болады.

Әр түрлі физикалык факторлар (рентген сәулесі, ультракүлгін сәулелер) мен химиялык, факторлар (бензантрацен, афлатоксин, азотты қышкыл, т.б.) мутаген бола алады.

Генетикалық кодтың азғындауы салдарынан кодон негіздерінің біреуінің орны алмастырылса да белоктағы оған сәйкес амин қышқылы кейде өзгермейді.

Сол сияқты көпшілік жағдайда кодонның үшінші негізін өзгерту оның мағынасын өзгертпейді.

Бір амин қышқылының құрылымы ұқсас екінші амин қышқылы алмастырған кезде белоктің кеңістік құрылымы, сол сияқты биологиялық қасиеттері айтарлықтай өзгермейді. Мұндай жағдайда мутацияны бейтарап мутация деп санайды.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

а) Ген деген не?

ә) Генетикалық мәлімет деп нені айтады?

б) Мутация пайда болуының себептері.


V. Өздігінен жұмыс.

Бірінші бағандағы сөйлемдердегі түсіп қалған сөздердің орнына екінші бағаннан қажетті сөздерді тауып жаз.



Сөйлемдер

Қажетті сөздер

  1. .............тұқым қуалау негіздері.

  2. .. .......... молекуласы қос тізбектен тұрады.

  3. ............. молекуласы бір тізбектен тұрады.

  4. ДНҚ молекуласында ........... көмірсу болады.

  5. РНҚ молекуласында ............ көмірсу болады.

  6. Аденинге комплементарлы ..............

  7. Цитозинге комплементарлы .............

  8. ДНҚ негізінде ............ орналасқан.

ДНҚ

Дезоксирибоза


Тимин

Гуанин

Нуклеин қышқылдары

Рибоза

Ядро



VІ. Үйге тапсырма беру.

Генетикалық мәлімет. Мутация
















Сабақ №30


Сабақтың тақырыбы: Липидтер, оларды топтарға бөлу.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік Оқушылардың липидтер жайлы білімдерін кеңейту,

липидтердің құрамы, негізгі топтары жайлы білім беру.

ә) Тәрбиелік Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке

тәрбиелеу.

б) Дамытушылық Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап , әңгіме.

Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар

Пән аралық байланыс: Химия

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейіні мен ынтасын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақ төмендегі сызба нұсқаны түсіндіруден басталады.


Липидтер

hello_html_4d252583.gifhello_html_m6b95948a.gif



Қарапайым Күрделі

липидтер липидтер

hello_html_630da52b.gifhello_html_2040f2ef.gifhello_html_m23155956.gifhello_html_620987bc.gifhello_html_1be47f3c.gifhello_html_m6c186c01.gif






Липидтер дегеніміз - табиғи органикалык, заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ түрлі еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, күкіртті көміртегінде) ериді. Белоктармен, көмірсулармен катар липидтер де мал, адам және өсімдіктердің барлық ұлпалары клеткаларының құрамына кіреді. Липид - гректің lipos - май деген сөзінен шыққан.

Липидтер мынадай биологиялық қызмет атқарады: І.Липидтер энергия қорының (депосының) негізгі түрі және тірі ағза үшін көміртегі атомдарын беруші; қор болып жиналған липидтердің құрамы және мөлшері мал азықтандыруға және олардың қоңдылығына байланысты болады;

2. Липидтер клетка мембранасының құрылымдық және рецепторлық бөлігі; белгілі бір мүшедегі немесе ұлпадағы құрылымдық липидтердің тұрақты мөлшері және белгілі химиялык құрамы болады; ондай липидтер жануарды азықтандыруға және олардың ауруына байланысты өзгермейді;


  1. Липидтер баска да биологиялык. тұрғыдан маңызды органикалық қосылыстардың алғы заты бола алады;

  2. Қорғаныс кызметін атқарады, ағзаларды ыстык - суықтан, электр және механикалык, әсерлерден (соққыдан, қағылып-соғылудан, қатты суыктан) қорғайды;

  3. Липидтерде көптеген витаминдер ериді, олардың құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары бар, ондай қышқылдар ағзаның қалыпты тіршілігі үшін қажет.




Липидтер құрамына, құрылысына және организмде атқаратын рөліне қарай олар екі үлкен топқа бөлінеді.

Қарапайым липидтер. Бұлар негізінен екі компонентті заттардан яғни жоғары май қышқылының күрделі эфирі — глицериннен және бір компонентті заттар: бос түріндегі жоғары қышқылдардан не полициклды спирттерден тұрады. Мұндай липидтерге майлар (триглицеридтер) — жоғарғы май қышқылдарының күрделі эфирлері және үш атомды спирт (глицерин) жатады.

Балауыз - жоғары май қышқылдарының күрделі эфирлері мен жоғары спирттер.

Стеридтер - жоғары май қышқылдарының күрделі эфирлері мен полиииклды спиртгер - стеролдар.

Бұл топтардың барлығы дерлік қарапайым липидтердін сабындалатын фракциясы болып табылады. Ал бос (еркін) түрдегі жоғары май қышқылдары, жоғары спирттер мен полициклды спирттер (стеролдар) қарапайым липидтердің сабынданбайтын фракциясын құрады. Сол сиякты бұларға стерол туындылары — стероидтар жәнеде каротиндер мен оларға жақын заттарды жатқызады.

Курделі липидтер көп компонентті молекулалардан тұрады, олардың компоненттері бір-бірімен түрлі химиялық типтегі байланыстармен қосылысады. Бұған жататындар:

фосфолипидтер, сфинголипидтер, гликолипидтер,


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Липидтер қандай топтарға бөлінеді ?

2. Жай липидтерге нелер жатады?

3. Күрделі липидтерге нелер жатады?

IV. Үйге тапсырма: Липидтер, оқып келу.































31 сабақ

Сабақтың тақырыбы: Майлар құрамы, майларды алу, майлардың физикалық,

химиялық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушылардың майлар жайлы алған білімдерін

кеңейту, майлардың құрамы, қасиеттерімен таныстыру.

Ә)Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін,

шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Б)Тәрбиелілігі: Алған білімдерін сабақ барысында меңгерту, ойларын

жинақтап айта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: Кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А) Липидтер қандай топтарға бөлінеді?

Б) Липидтердің жай заттары неден тұрады?

ІІІ Жаңа сабақ.

Майлар тобына негізінен кәдімгі майлар жатады, не оларды бейтарап майлар немесе глицеридтер деп атайды. Бұл нейтральды майлар негізгі құрамы глицериннің күрделі эфирі мен жоғары май қышқылдарынан тұрады. Липоидтар тобына жататын заттар адам, жануарлар мен өсімдіктер организмінде, майлардың химиялық құрамына тәуелсіз болады.

Майлар өте ертеден белгілі зат, оны адам баласы құрылысы белгісіз бола тұрса да, ертеде ақ әр түрлі қажетгігіне қолдана білген. Мысалы, ас үшін, майлау, жарық үшін пайдаланған. Бертін келе XVIII және XIX ғасырларда, оның құрылысы ашыла бастады. 1928 жылы Шеврель деген оқымысты майлар гидролизденгенде глицериннен басқа органикалык. қышқылдардың да қатарын беретінін ашып, ол майлардың құрамына кіретін маңызды қышкылдарының құрылысын зерттеп, оларға ат берді: стеарин, пальмитин, олеин. Бертін келе Бертло майларды синтездеді, ол Бутлеров көмірсутектерін синтездеуде қандай жетістікке жетсе, оның еңбегі де дәл сондай орын алды. Мүндағы R,R,,R2 - радикалдары әр түрлі май қышқылдарының келіп жалғанатын қалдықтарының орны.

Майлар өсімдіктер мен жануарлар ағзасындағы негізгі қор заты болып саналады. Майлар табиғатта кең тараған: бактерияларда, саңырау құлақтарда, балдырларда, жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлар ағзасында майлар кездеседі. Майлар өсімдікте, әсіресе оның тұкымында көп жинакталады. Өсімдіктерде көмірсулармен салыстырғанда майлар аз болады. Мысалы: жоңышқада - 0,8% бидай ұнында — 1,2% бөрі бұршақта — 6% зығырда - 27% Майлар суда ерімейді, органикалык. еріткіштерде жақсы ериді. Майлар бір-бірінен иісі, түсі, қаттылығы жағынан әр түрлі болады, майлардың әр түрлілігі өсімдіктердің, жануарлардың түріне, тұкымдарына, қорек заттарына, өмір сүретін ортасына байланысты болады. Майлардын, құрамына кіретін органикалық қышкылдардың қаныкқан - қанықпағанына байланысты майлар қатты және сұйық күйде кездеседі. Өсімдікте майлар түзілетін негізгі заттар - көмірсулар, олардың ішінде глюкоза мен фруктоза.

Кейбір микроорганизмдер пентозалардан майды синтездейді. Жемісте майлар манниттен түзіледі.

Майлардың синтезі тұқым мен жемістің жетілген кезінде карқынды жүреді. Ағзада майдың мөлшері көбейгенде көмірсулардың мөлшері азаяды. Жас жаңғақ жемісінде 3 % май, 21% крахмал болады, ал жетілген жаңғак жемісінде 62% май, 2,6% крахмал кездеседі.

Жоғарыда көрсетілгендей, майлардың негізгі массасын глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдары — глицеридтердің күрделі эфирлері түзеді. Май қышқылдары төмен молекулалы, молекуласында 1-ден 10-ға дейін көміртек атомы бар және үлкен молекулалы, молекуласының құрамында 10-нан артық көміртек атомы бар болып бөлінеді.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

а) Майлардың құрамы неден тұрады?

ә) Майлардың қандай қасиеті бар?

б) Майлардың қызметі қандай?

V . Үйге тапсырма беру.

Майлар, құрамы, қасиеттері.


32 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Майлардың қарында және ішекте қорытылуы.Май

гидролизі өнімдерін сіңіру.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушыларға майлардың қарында және ішекте

қорытылуы, май гидролизі өнімдері жайлы білім беру. Ә)Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын

арттыру, дүниетанымын кеңейту.

Б)Тәрбиелілігі: Оқушыларды жауапкершілікке сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Ой қозғау,сұрақ-жауап, әңгіме.

Сабақтың көрнекілігі: Сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Майлардың құрамы неден тұрады?

ә) Майлардың физикалық қасиеті қандай?

б) Майлардың ағзадағы ролі қандай?


ІІІ. Жаңа сабақ.

Ағзаға түскен қоректік заттар ішінен майдың қорытылуы қарында басталады. Бірақ онда толық ыдырап қорытылып бітпейді. Қарынның қозғала алатын ерекшелігіне байланысты, майдан қою эмульсия түзіледі. Бұл құбылыс ферменттердің әсерін жеңілдетеді.

Қарындағы қоректердің ішінде липаза бар. Бірақ оның қасиеттері ұйкы безі липазасынан өзгеше. Ұйқы безі липазасының ең қолайлы рН деңгейі 6—7 болса, қарын липазасы рН көрсеткіші 3,5 болғанда активті. Бұл липаза көбінесе көміртегі атомдарынын, тізбегі ұзын емес, орташа болатын май қышкылдары эфирлерін гидролиздейді. Бұл кезде босап шыққан май қышқылдары тікелей қарын арқылы сіңеді. Жаңа туған сүтқоректілерде липаза ерекше қызмет атқарады. Өйткені сүтте төменгі молекулалық май қышқылдарының триглицеридтері болады.

Майлардың негізгі қорытылуы он екі елі ішекте өтеді,оған әсер етуші ұйқы безінің липаза ферменті. Мұнда қоректік заттар жиынтығы өттің, ұйқы безі сөлінің және ішек секреттерінің әсеріне ұшырайды. Липидтердің қорытылуында және олардың гидролизі өнімдерінің сіңуіне өт қышқылдары маңызды рөл атқарады.

Өт кышқылдары етпен бірге өт қалтасынан шығады. Төрт түрлі өт қышқылы белгілі. Олар: холь қышқылы, хенодезоксихоль кышкылы, дезоксихоль қышқылы, литохоль қышқылы. Бұл қышқылдар өт құрамында тиісінше 50,30,15,5% мөлшерінде кездеседі. Бүлар пептидтік байланыс арқылы глицинмен немесе тауринмен байланысқан. Соның әсерінен осы қышкылдар ас қорытушы барлық ферменттерге төзімді келеді. Мұндай комплексті байланысу өт қышқылдарынын, ерігіштігін жақсартады. Өт кышқылдарының байланыспаған тұздары рН көрсеткіші 7-ден төмен кезде тұнбаға шөгеді. Өт қышқылдарының глицинмен немесе тауринмен қосылған комплекстері натрий тұздары түрінде кездеседі. Өт қышқылдарының қызметі - липидтердің эмульсияға айналуын және еруін стимулдеу. Сөйтіп липаза ферментінің әсерін жеңілдету.


ІV. Жаңа сабақты бекіту.


а)Майлар қарында қалай қорытылады?

ә)Майлардың ішектегі өзгерісі қалай жүзеге асады?

б) Май гидролизі нәтижесінде қандай өнім түзіледі?

V. Үйге тапсырма беру.

«Маңызды органикалық қосылыстар» жоба әзірлеу.








33 сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Маңызды органикалық қосылыстар»

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушылардың органикалық қосылыстар жайлы алған

білімдерін нақтылау жүйелеу, бекіту.

Ә)Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін

дамыту, дүниетанымын кеңейту.

Б)Тәрбиелілігі: Оқушыларды биологиялық сөздіктерді пайдалана білуге

тәрбиелеу, жауапкершіліктерін арттыру.

Сабақтың типі: Жинақтау, жүйелеу сабағы.

Сабақтың түрі: Конференция сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме.

Сабақтың көрнекілігі: Буклеттер, кестелер,сызбалар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі


Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жүргізушіні тағайындау.


ІІ Конференцияны ашу.

1.Кіріспе сөз.

Бүгін, «Маңызды органикалық қосылыстар» атты конференция өткелі отыр. Биылғы «биологиялық химия және тіршілік» оқу курсы бойынша ағзалар денесін құрайтын органикалық заттар, олардың құрылысы, қызметі жайлы оқып үйрендік. Осы оқығандарымызды одан әрі толықтырып, дамыту мақсатында жеке тапсырмалар алған оқушылар қазір ортаға шығып, өздерінің ізденген, зерттеген қосылыстарына тоқталады.

Талқыланатын тақырыптар

1. Белоктар – тіршілік көзі.

2. Витамин және денсаулық.

3. Нуклеин қышқылдары - тұқым қуалау негізі.


ІІІ. Қорытынды.


Қорыта айтқанда «ХХІ ғасыр-биология ғылымының ғасыры». Сондықтан тірі организмдер тіршілігінде жан-жақты зерттеулерді ғылыми деректерді, жаңалықтарды, жетістіктерді оқып біліп отыру, әрбір жас ұрпақтың міндеті. Адамзаттың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы әрекеттері тікелей биологиямен байланысты. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, қоршаған ортаны, адамның өзінің денсаулығын қорғай білуі, тәрбие мен білімді игеруге байланысты.Адам баласы өз денсаулығын қорғай білуі керек, ал дені сау адам қоғамды өркендетуші, дамытушы. Сондықтан бүгінгі органикалық қосылыстар жайлы алған білімімізді практикада қолдана отырып, ғылыми - техникалық прогресті, елімізді өркендетуге ат салысайық.












34 сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Органикалық қосылыстар» курсын қайталу.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік: Оқушылардың оқу жылы ішінде органикалық

қосылыстар жайлы алған білімдерін нақтылау, жүйелеу,

қорыту.

Ә)Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, біліктілік үрдісін,

жаратылыстану ғылымдары саласында ғылыми

көзқарастарын, биологиялық тілді меңгеру қабілеттерін

дамыту.

Б)Тәрбиелілік: Оқушылардың жалпы ой - өрісін кеңейту, әр салалардағы

білімпаздықтарын арттыру.

Сабақтың типі: Сынақ сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме.

Сабақтың көрнекілігі: Тапсырмалар, кестелер,сызбалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сынақ жұмысы.

Сынақ сұрақтары әр тараулар бойынша құрастырылған.

І. Белоктар тарауы бойынша

1.Белоктардың құрылысы.

2.Белоктардың қасиеттері.

3.Белоктардың түрлері.

4.Белоктары мол тағам түрлері.


ІІ.Тірі ағзадағы көмірсулар.

1.Көмірсулар, құрылысы.

2.Көмірсулардың түрлері.

3.Моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер, өкілдері.


ІІІ Витаминдер.

1.Витаминдер, құрылысы, маңызы.

2.Суда еритін витаминдер.

3.Майда еритін витаминдер.


ІV Ферменттер.

1.Ферменттердің қасиеттері, құрамы

2.Фермент активаторлары мен ингибиторлары.

3.Ферменттердің маңызы.


V. Гормондар

1.Ішкі секреция бездері, гормондары

2.Сыртқы секреция бездері, гормондары

3.Өсімдік гормондары.


VІ. Нуклеин қышқылдары.

1.Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы.

2.ДНҚ-ның қызметі, құрылысы.

3.РНқ-ның қызметі, құрамы.


VІІ. Липидтер

1.Липидтердің топтары.

2.Майлардың құрамы, қасиеті.


ІІІ. Қорытынды жасау.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. «Биохимия және тіршілік» қолданбалы курсы және оның міндеттері Сабақтың мақсаты: Оқушыларға биологиялық химия жайлы ұғым беру а) Білімділік және тірі ағзалардың химиялық құрамы туралы ұғымдарын кеңейту. ә) Дамытушылық Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру. б) Тәрбиелік Тірі ағзаға, қоршаған ортаға қызығушылықтарын арттыру. Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті игеру Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ – жауап. Сабақтың көрнекілігі: Кесте «биохимия салалары» интерактивті тақта Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың назарын сабаққа аудару ІІ. Жаңа сабақ: Қызығушылығын ояту. Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қою. 1) Биология ғылымы нені зерттейді? 2) Тірі ағзалардың жасушасының химиялық құрамы неден тұрады? 3) Органикалық заттарға нелер жатады? 4) Қоректік элементтерге нелер жатады? Жоғарыдағы сұрақтар бойынша жауаптары талқыланғаннан кейін жаңа сабақ мазмұны әңгімеленеді.

Общая информация

Номер материала: 170348090509

Похожие материалы