Баянауыл. Біріккен сөздер
Предпросмотр материала:
Токымтаева Ақбота Ғалымқызы
ШҚО, Семей қаласы №10 ЖОББМ КММ
Сыныбы: 8
Пәні: қазақ тілі
Авторы: С. Дюсебаев, Г. Байтилеуова, А. Кошкари, Г. Боранбаева
Баспа: Алматы, «Мектеп»-2012
Сабақтың тақырыбы: Баянауыл. Біріккен сөздер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Баянауыл ұлттық саябағы туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға біріккен сөздер туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, пайымдау
қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды жеріміздің табиғатын қорғауға, аялауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау. сұрақ-жауап, сөздік жұмыс, Сабақтың көрнекілігі: табиғаттың суреттері, кестелер, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
Сабаққа дайындықтарың қалай?
Бүгін кім кезеші?
Бүгін нешісі?
Аптаның қай күні?
Сыныпта кім жоқ?
(Сабаққа психологиялық дайындық)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге ереже, жаңа сөздерді жаттау. Жеріміздің табиғаты жайлы шағын әңгіме жазу .
ІІІ. Жаңа сабақ: Баянауыл. Біріккен сөздер.
Біріккен сөз – екі немесе одан көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөз. Мысалы: Тасбақа (тас+бақа), Екібастұз (Екі+бас+тұз).
-Оқушылар, бүгін біз сендермен Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі-Баянауыл туралы өтеміз. Баянауыл туралы не білесіңдер?
1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Берілген мәтінді оқып, аудару (240бет). Оқылым.
1.3- оқушыға мәнерлеп оқыту
2. тізбектей оқыту
Баянауыл ұлттық саябағы
Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі – Баянауыл. Оның сұлу табиғаты қорғауға алынған, мұнда Баянауыл ұлттық саябағы Павлодар облысының оңтүстік батысында, Қарағанды облысымен шектесетін жерде орналасқан. Ол кең даланың ішіндегі жазира, яғни көк арал сияқты. Баянауыл тауларының беткейлерін қарағай және аралас орман жапқан. Желдің, судың, температуралық өзгерістердің салдарынан өзгерген жартастар ертегілердің кейіпкерлеріне ұқсап кеткен. Бір тас дәуге, екінші тас жалмауыз кемпірге, үшінші тас аттың басына ұқсайды, т.б.
Мұндағы ең әсем көлдер – Сабындыкөл, Торайғыр, Жасыбай. Олар туристердің назарынан тыс қалмайды.
Өсімдік және жануарлар әлемі бай. Бұл жерде қарағай, қайың, үйеңкі, т.б. ағаштар, көптеген долана, қарақат сияқты бұталар өседі. Орманда саңырауқұлақтар көп. Аңдардың қырық түрі, құстардың елу түрі кездеседі. Мұнда елік, борсық, тиін, қоян, сілеусін, қасқыр, т,б, бар. Баянауыл жерінің мақтанышы – арқар да көп.
Бянауылдың суретін көрсету.
Ал, ендеше олай болса дәптерге бүгінгі күнді жазып қоямыз.
2-тапсырма. Жазылым. Дәптермен жұмыс (240 бет). Берілген тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құрастырып жазыңдар.
Көрікті жерлер таулар
Сұлу табиғат жартас
Ұлттық саябақ туристер
Кең дала орман
Жануарлар әлемі аңдар
Өсімдіктер әлемі арқар
3-тапсырма. Оқылым. Айтылым. Мәтінді мұқият оқып, өз беттеріңше әңгімелесіңдер.(241бет).
Сілеусін – орман мысығы. Мінездері де мысықтың мінезіндей, тырнақтарын жиып алады, дыбыссыз жүреді, сөйтіп жемтігін іздейді немесе бұғы жолындағы ағаш бұтағына тығылып алып, жалықпай күтеді.
Сілеусін тышқан, қоян, бұғы аулайды. Адам жолбарысты, арыстанды, пілді қолға үйретеді, ал сілеусінді қолға үйрету аса қиын. Аңшылар сілеусіннің соқыр баласын қолға үйретіп көрген, бірақ ол тырнап, тістеп, жолатпай бостандыққа жұлқынумен болған.
ІV. Бекіту: Бүгінгі сабақты бекіту мақсатында оқушыларға үлестірмелі карточкалар таратып, біріккен сөздерді тауып, қалай жасалғанын көрсету.
Баспасөз, үшбұрыш, ақбөкен, шаңсорғыш, ақсүйек.
Қорытынды: Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардан Қазақстанның көрікті жерлері туралы сұрау.
-Оқушылар, сонымен бүгін не үйрендік, не білдік?
VІ. Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысқаны, берген жауаптары бойынша бағалау.
VІІ. Үиге тапсырма беру:
Ереже жаттау. 241 бет, Сілеусін мазмұндау.
Краткое описание материала
"Описание материала:
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Баянауыл ұлттық саябағы туралы мағлұмат беру. Баянауыл. -Оқушылар, бүгін біз сендермен Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі-Баянауыл туралы өтеміз. Баянауыл туралы не білесіңдер? 1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Берілген мәтінді оқып, аудару (240бет). Оқылым. 1.3- оқушыға мәнерлеп оқыту 2. тізбектей оқыту Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі – Баянауыл. Оның сұлу табиғаты қорғауға алынған, мұнда Баянауыл ұлттық саябағы Павлодар облысының оңтүстік батысында, Қарағанды облысымен шектесетін жерде орналасқан.
Баянауыл. Біріккен сөздер
Что Вы хотите изменить?
Например: обновить оформление, добавить задания, изменить класс, сократить текст или адаптировать материал.
Краткое описание материала
"Описание материала:
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Баянауыл ұлттық саябағы туралы мағлұмат беру. Баянауыл. -Оқушылар, бүгін біз сендермен Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі-Баянауыл туралы өтеміз. Баянауыл туралы не білесіңдер? 1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. Берілген мәтінді оқып, аудару (240бет). Оқылым. 1.3- оқушыға мәнерлеп оқыту 2. тізбектей оқыту Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі – Баянауыл. Оның сұлу табиғаты қорғауға алынған, мұнда Баянауыл ұлттық саябағы Павлодар облысының оңтүстік батысында, Қарағанды облысымен шектесетін жерде орналасқан.
Что Вы хотите изменить?
Например: обновить оформление, добавить задания, изменить класс, сократить текст или адаптировать материал.
Найдите подходящий для Вас курс
В каталоге 7 946 курсов по разным направлениям
Другие материалы
Вам будут интересны эти курсы:
- Курс повышения квалификации «Гендерные особенности воспитания мальчиков и девочек в рамках образовательных организаций и семейного воспитания»
- Курс повышения квалификации «Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии»
- Курс повышения квалификации «Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС»
- Курс повышения квалификации «Медико-биологические основы безопасности жизнедеятельности»
- Курс повышения квалификации «Нанотехнологии и наноматериалы в биологии. Нанобиотехнологическая продукция»
- Курс повышения квалификации «Организация и руководство учебно-исследовательскими проектами учащихся по предмету «Биология» в рамках реализации ФГОС»
- Курс повышения квалификации «Основы биоэтических знаний и их место в структуре компетенций ФГОС»
- Курс повышения квалификации «ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии»
- Курс профессиональной переподготовки «Анатомия и физиология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
- Курс профессиональной переподготовки «Организация и выполнение работ по производству продукции растениеводства»
- Курс профессиональной переподготовки «Организация производственно-технологической деятельности в области декоративного садоводства»