Сабақтың
тақырыбы: Бұрандалы біріктірулер
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бұрандалы біріктіру түрлерімен және олардың қолданылатын орындарымен таныстыру. Сызбада ажырата білуге үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, елестету қабілеттерін дамыту арқылы шығармашылық қабілеттерін шыңдау, пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, жауапкершілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сызу дәптері, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Бұрандалы тетікбѳлшектер бекіту тетікбѳлшектері деп аталады. Оларға жататындары - болттар, винттер, шпилькалар, гайкалар және т.с.с. Бекіту бұйымдарының әр түріне ѳз стандарты сәйкес келеді, бірақ оқу сызбаларында оларды кѳрсетпеуге де болады.
Бұрандамалы біріктіру тесігі бар тетікбѳлшектерді біріктіру үшін қолданылады.
![]() |
Бұранда диаметрі 12 мм, ірі адымды, ұзындыгы 60 мм болтты шартты белгілеу үлгісі: Болт М12х60; егер ұсақ адымды болса - Болт М12x1,25x60.
Сомын (гайка) - ортасында бұрандалы тесігі бар, бұрандама мен бұрамасұқпаның ѳзегіне бұрау үшін жасалған тетікбѳлшек. Сомындар пішіндері әртүрлі болады, бірақ ең кѳп қолданылатыны - алтыжақты. Тетікбѳлшектерді біріктіру кезінде гайкалар астына шайбалар қыстырылады, ал біріктірілген тетікбѳлшектер ѳздігінен бұралмау үшін серіппелі шайбалар, шплинттер (5.16, а, ә-сур.), штифтер және т.б. қолданылады.
Тыгырьқ (шайба) - ортасында дѳнгелек тесігі бар сақина тәрізді тетікбѳлшек. Бұраманы белгілеу мысалы: Гайка М12, тығырықты - Шайба 12
Бұрамасұқпа (шпилька) деп бір ұшында біріктірілетін тетікбѳлшектердін біріне бұралынатын, екінші ұшында бұрама бұралатын бұрандалары бар цилиндр тәрізді ѳзекті атайды.
Бұрамасұқпаның тетікбѳлшекке бұралатын бұрандалы ұшынын ұзындығы ѳз диаметріне және бұралатын тетікбѳлшек жасалатын материалға тәуелді болады, мысалы: болат, кола, жезден жасалған тетікбѳлшектер үшін d; шойын тетікбѳлшектер үшін 1,25d; жеңіл қоспалардан, мысалы, пластмассадан жасалған тетікбѳлшектер үшін 2d-га тең болады.
![]() |
Ұзындығы 100 мм, бұранда диаметрі 16 мм, ірі адымды бұрамасұқпаның шартты белгіленуі: Шпилька МІбхІОО.
Бұрамалы біріктіру - тетікбѳлшектерді бірімен-бірін біріктірілетін тетікбѳлшектердін біріне винтті бұрап біріктіру немесе винт, шайба және гайка кѳмегімен бұрап біріктіру.
.Тапсырманы орындау: Бұрандама және бұрамасұқпаның сызбасын дәптерге сызу
Сабақты қорытындылау: Сабақ соңында оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.
Үй тапсырмасы: А4 пішімге жиек сызықтары мен негізгі жазуды толтыру
Профессия: Учитель изобразительного искусства и мировой художественной культуры
Профессия: Преподаватель мировой художественной культуры
В каталоге 6 792 курса по разным направлениям