Инфоурок Начальные классы Рабочие программы«Армысың, әз Наурыз!»

«Армысың, әз Наурыз!»

Скачать материал

Армысың, Әз – Наурыз! 22 наурыз – жыл басы

Күн мен түн теңелетін, Самарқанның көк тасы жібитін, «көгіне күнін өрлетіп, ешкі мен қойын төлдетіп, қаймақ пен сүтін көлдетіп» келетін 22 наурыз – Шығыс халқында жыл басы. Бұл жөнінде ұлылардан қалған ұлағатты сөздер көп.

Описание: http://www.info-tses.kz/upload/iblock/76a/11-2.jpgҰлылар Наурыз туралы Абай: «Ол күнде Наурыз бір жазғытұрым мейрамы болып, Наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «ұлыстың ұлы күні» дейді екен».

Шәкәрім: «Наурыз» парсы тілі: Жаңа күн деген сөз. Ескі қазақта (ескі түрікте) Жаңа жыл күнінің атты – Ұлыс. Жыл басының аты Ұлыс екенінің дәлелі мынау: «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы болар», - деген ескі мақал.

Ахмет Байтұрсынұлы:
«Наурыз – қазақша жыл басы. Бұрынғы кезде һәр елде наурыз туғанда мейрам қылып бас асып, қазан-қазан көже істеп ауылдан-ауылға, үйден-үйге жүріп кәрі-жас, қатын-қалаш бәрі де мәз болып, көрісіп, араласып қалушы еді. Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында қалып бара жатқан секілді, Хұты наурыздың қай айда, қай күні болуы хақында һәр түрлі сөйленеді. Біреулер Наурыз марттың бірінде, екіншілері тоғызында келеді деседі, һәр жұрттың белгілі күнде жаңа жылы туады, ескі жыл бітіп, жаңа жыл басталғанда: «Жаңа жыл қайырлы болсын! Жаңа бақыт нәсіп болсын!» деп құттықтасады, ол күнді мейрам қылып шаттықпен өткізеді.

Рустың жаңа жылы қыс ортасында, нағыз сақылдап тұрған суықта келеді; біздің Жаңа жылымыз – Наурыз марттың басында болсын, ортасында болсын, әйтеуір мартта келетін болса, шын мағынасымен Жаңа жыл деп айтуға лайық. Күн жылынып, қар еріп, жан-жануар жаз-дың жақындағанын сезіп көңілденген кез. Шаруа адам- дарының бейнеттен қолы шешіліп, алты ай қыс баққан арықтарын үмітті күнге жеткі-зіп, демалып отырған кез. Ағаш, шөптер қар астынан сілкініп шығып, гүлденіп жасаруға даярла-нып, күн де қыстай бір бүйірлеп жүруін қойып жоғары көтеріліп, бүтін ғаламға нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңгеріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле беруге тұрған кез. Міне, табиғаттың осындай көңілді өзгерісінің кезеңінде біздің Жаңа жылымыз – Наурыз туып, ата ғұрпымызды ұмыт-пай белгілі бір күнді жыл басы қылып алсақ ұнамды іс болар еді».

Міржақып Дулатов:
«Жер жүзіндегі жұрттар-дың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады. Мәсе- лен, дін мейрамы ұлт мейрамы, мемлекет мейрамы секілді. Өзгелерді былай қоя тұрып, өзіміздің сыбайласы-мыз орыс жұртын алсақ, бұл туралы қазақтың мақалы да бар: «Орыста мейрам көп, қазақта айран көп». Біздің қазақ айранға бай болғанымен: мейрамға жар- лы екендігі осыдан да көрі-неді. Жалпы мұсылман жұрт-тарына ортақ жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз-ақ мейрам бар, ол – Наурыз.

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа: Күншығыс жұрттарының көбі, мәселен, Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар, Кавказ, Түркістандықтар да мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды бізідң қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, марттың ескіше 9-да, жаңаша 22-інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп шаруа кенеледі. Қыс бойы ақ кебінін жамылып өлім төсегінде жатқан табиғаттың, жанды, жансыздың тірілуі кімнің болса да көңіліне шаттық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуіне, жаз-дың жетуіне қазақтан артық тілектес, қазақтан артық қуанатын ел жоқ деуге сыяды.

Наурыз мейрамдағы адам, хайуан, жанды-жансыз-ға бірдей секілді. Күн мен түн теңеледі. Қабағы қатың- қы, ызғарлы қыстың жүйесі босап, жан-жануар жайла-нып, арқасына шуақ, бауыры- на қара иіп, дүниенің тұсауы алынғандай болады. Қар еріп, жер жұмсап, егін-шөп, орман-тоғай тірілуге қамданғандай болады. «Нау- рызда Самарқанның көк тасына шейін елжірейді» деген сөз осыған мысал бол-са керек. Қуанышты күнің – Жаңа жылың құтты болсын, қазақ! Дүниеге көрік берген шы-райлы жыл басы – Наурыз, қош келдің!».

Мағжан Жұмабаев:
«Әр халықтың өзінше Жаңа жылы, жыл басы болады. Азияда Жаңа жыл – жазғытұрым, қазақ елінде – Наурыздың жиырма екісі. Жаңа жыл күні қазақ күн райына қарай алдағы жазды рақатты, рақатсыз болады деп болжау жасайды. Қар тез кете ме, жаз жылдам бола ма деп болжам жасайды. Қазақтың Жаңа жылы – жызғытұры күн мен түннің теңелген (22 наурызда) күні болады. Жаңа жылдың ертеңіне жарық, жылы күн қараңғы суық түннен ұзара бастайды. Бұл ретте қазақ Жаңа жылы ғылым қойнына да барып кіріп қалады».

Сәбит Дөнентаев:
«Марттың 22 күні – Наурыз мейрамы (Жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі. Бұл мейрам – дін мейрамы емес, ұлт мейрамы. Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болған- дығының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаз-дың келетіндігіне барлық жаратылыспен қат-ар қазақ елі де қуанатын. «Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп, үңгірде жатқан кәрі құйрық, мертік – шор-тықтар да қыбырлап дүние- де бар екендіктерін білгізе бастайтын, аурулар сауыға-мын деп, аттар тойы-намын деп, жалаңаштар киімсіз де күн көремін» дегендей жұрттың бәріне үміт, әркім де жылы шырай сезіне бастап, «бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз» дегендей сағыны-шты көрісулері, жалынды құшақтасуларымен Жаңа жылды қарсы алатын. «Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті» - десіп Наурыз күні пейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп, аңыз қылысатын.

Еңбекші қазақ елі, шығынды тыртаңнан аттары-ның басын тарта ұстап, тарихи мейрамдардың Наурызды жаңа тұрмысқа лайықты мейрамдап өткізудің жолына түсіңдер. Жаңа жылға жаңа тілек, игі үмітпен шығуымыз керек».

Ежелгі түркілердің Наурызды қарсы алуы Көшпелі түркілер Наурыз- дың теологиялық – мифоло-гиялық мазмұнына айрық-ша назар аударған. Ол түркілердің Наурыз мейрамын тойлаудағы әдет-ғұрыптар-ында жарқын көрінісін тауып, біздерге тарихи жазбалар арқылы танылып отыр.

Белгілі этнограф-жазушы Ақселеу Сейдімбекұлы кезін- де ежелгі түркілердің наурызды қарсы алуы жөнінде былай деп жазып кеткен-ді:
«... Грек тарихшысы Квинт Руф (б.з.д.1ғ.) өзінің «Ескендір жорығы» деп аталатын еңбегінде Орта Азия көшпелілерінің ұлыс тойын қалай той-лайтынын тамсана жаза- ды. Ұлыстың ұлы күні таң шапақ шашып, күн шығар сәтте қаған ордасының үстіне күн бейнелі жалау көтеріліп, қотанға шымқай қызыл мауытыдан киім киген 365 бозбала шығатын болған. Балалардың саны бір жыл ішіндегі тәуліктердің айғағындай болып, 365 өнерпаз бозбала тойдың шырайын келтірген. Бір жыл ішіндегі әрбір тәуліктің шежіре-баяны сияқты 365 күй тартылған. Сонан соң, бүкіл елдің батагөй абызы, Тәңірмен тілдес бақсысы ортаға шығып, қағанаттың үміт-тілегін Тәңірге жеткі-зетін 9 күй тартқан. Бұл 9 күй міндетті түрде қобызбен тартылатын болған. Мұнан әрі, Ұлыс- тың ұлы күнін тойлау бүкіл халықтық қуаныш-қы-зыққа ұлас-қан» (Квинт Курций Руф. Поход Александра. ҮІІ-ҮІІІ тараулар. Мына кітапта: Хрестоматия по истории древней Греции. В.В.Струвенің сарабымен шыққан. М., 1951).

Байырғы қазақ елінің Наурызды қарсы алуы Қазақ халқының ежелгі наным-сенімі бойынша, Нау-рыздың 21-і түні даланы Қызыр аралайды. Осы аңызға байланысты бұл түн – «Қызыр түні» деп аталған. Негізінен, Қызыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақ киімді ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып бейне, қасиетті әулие, жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен – Күн нұрының символы. 21 наурыз күні қазақтың дархан даласын кезіп келе жатқанында оның көзі жерге түссе, қара жердің кеудесі жібіп қоя береді, оның көзі (назары) тасқа түссе, ол еріп кетеді.

Қызырды Қыдыр ата деп те атайды. Ислам, дінінде Қыдыр – ел аралайтын адам бейнесіндегі «әулие», адамдарға қамқоршы, «дәу-лет» беруші. Бұрындары қазақтар Қызыр түні Жаңа жыл табалдырықтан аттап, үйге енгенінде оның іші жап-жарық болып тұрсын деп, төрге қос шырақты жағып қоятын болған. Және де біздің ата-бабаларымыз «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деп сеніп, Наурызға дейін үй ішіндегі мүлік, жиһаздардың шаңын сүртіп, жуып, төсек орынды, киім-кешекті сыртқа шығарып қағып-сілкіп, бәрін де тазартып қоятын болған, - дейді этнографтар.
Қазақ халқында да «Береке басынан басталады», «Жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген наным бар. Осыған орай бұрындары ата, әжелеріміз: «Жыл бойы ақ мол, дән тасқын-тасқын, жауын-шашын көп болсын», - деп Қызыр түні үйдегі ыдыстардың бәрін ырысқа (бидайға, тарыға, сұлы, жүгеріге, т.б.), аққа (сүтке, айранға, шұбатқа, шалапқа, уызға, т.б.) және кәусар бұ-лақ суына толтырып қоятын-ды.

Қызыр түні хақында этно- граф-жазушы Ақселеу Сей-дімбекұлы былай деп те жазған еді («Қазақ әлемі», 228 бет): «Байырға салт-жора бойынша қазақ арасында Ұлыс тойы түн ортасы ауа басталады. Бұл түн – «Қызыр түні» деп аталады. Халықтың нан-ым-сенімінде Қызыр (Қы-дыр) қасы көзін жапқан қарт адам болса керек. Қызыр атаны Бақ жетелеп жүреді екен дейді. Ұлыс тойының таңын көзімен атыруы үшін Қызыр ата түн ортасы ауа дала кезеді... Қызыр түнін ұйықтамай өткеру үшін ауыл жас-тары алуан түрлі ойын ұйымдастырып, Қызыр назарын аударып бақыт-ты боламыз деп, небір тосын тамаша-қызықтар көрсетеді... Осынау қыз-ық-думанның ішінде «жанды-қуыршақтың» жөні бөлек. Ол үшін жастар ауылдағы ноқта көрмеген ең асау тай-ыншаны ұстап, ең ескі ашамайды салып, ашамай үстіне ең ескі киім-кешек пен құрым киізден жас-алған қуыршақ орнатып, тайыншаның құйрығына ескі шелек байлайды да: «Ұлыс ы атып қояды, бар елге хабар бер!» - деп, шабына шыбық жүгіртіп, сауырға бір салып қоя береді. Асау тайынша өкіріп – бақырып жөнеле-ді. Ит үреді, қотандағы мал үркеді, үй-үйден шал-шауқан ербиіп шы-ғады, жастар мәз-мәйрам болысады...».

Уақыт көшіп зерттеушіле-рдің айтуынша, күн сәулесі жер шарының шығыс бө-лігінен таңғы сағат 6да себезгілеп атқан кезде біз-дің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа-тұс келеді екен. Сол себепті қазақ халқы Ұлыстың ұлы күні – Наурызды, Жыл басын (Жаңа жылды) наурыздың 22-сі күні таңғы сағат 3-те қарсы алады. Яғни, Жаңа жылды ұйықтамай ақ тілек, ақ ниетпен қарсы алу үшін қызық думан құрып, арнайы салт-дәстүрлерді орындап, жыл басын қарсы алуға ерекше дәм дайындап, ішкен. Біз енді Наурызға байланысты ұғымдар мен салт-дәстүрлерге тоқталсақ.

«Ұлыс» Ш.Құдайбердіұлы мен М.Кө- пейұлы бұрын наурыз мей- рамының «Ұлыс» деп атал-ғанын жазады. Жалпы халқы- мызда Шыңғыс хан дәуірінен бері келе жатқан, қазақтағы хандықтың әкімші-лік бөлігі- нің бідіретін атау да – «ұлыс». Т.Өмірзақов бол- са, ұлыстың ескі түркіше «ғала-мдық жаратылыс күні» деген ұғымды білдіретінін айтады. Осы орайда Нау-рызға қатысты ұлыстың мәнін «наурыз - әрбір пен-деге Көктен бір жылдық ырыздық бұйыратын күн» деп пайымдайтындар да бар. Мырза Мұхаммед Дулати- дың жазуынша («Тарих-и Рашиди»): «Ұлыс – көшпелі елдердің біріккен одағы». Әйтеуір, Наурыз – ұлыстың ұлы күні, ол талас туғызбайтын ақиқат.

«Қызыр түні» (Ырыс түні) Наурыздың 21-нен 22-не қараған түні таңның алғашқы сәулесін қарсы алып, Жаңа жылға, жаңа күнге, жаңа таңға сәлем жасау, жаңа нұрға шомылып, жан мен тәнге қуат алу уақыты – «Қызыр түні» деп аталады. Бұл түні адамдар жаратқанға құлшылық жасап, береке-бірлік тілейді, «Қызыр түні-не» құрмет көрсетіп, уақытты таң атқанша сән-салтанатпен өткізеді.

«Қос шырақ жағу» Бұл – Қызыр (Қыдыр) атаны құрметтеп күтудің бір рәсімі. Қос шырақ жағады. Оның мәні: Қызыр атаның жолына жарық түсіру, ота-уды отпен аластау, оны лас қуат пен кірден тазарту, үйдегі құт пен ырысты, жылу мен ошақты қадірлеу белгісі, аруақтарды еске алып, олар-ға құрмет көрсету.

«Ұйқыашар» Бұл – «Қызыр түні» дай-ындалатын дәм. Ауыл бой-жеткендері өздері ұнататын жігіттерге арнап соғымның соңғы етін уызбен бірге пісіріп, Жаңа жылды өзімен қарсы алғалы отырған ғашы-ғына ұсынады.

«Селтеткізер»
«Қызыр түні» өздеріне «Ұйқыашар» беріп, ынта-ықыласын білдірген, ұйықтап қалмай Жаңа жылды қарсы алуға көмектескен бойжет-кендердің қолақысын қайта-ру мақсатында бозбалалар оларға алдын-ала әртүрлі сыйлықтарды дайындап қо-яды. Оны «Ұйқыашардан» соң бойжеткендерге сыйлайды. Мұны «селтеткізер» деп атайды. Осы сыйлықтардың ішінде айна - пәктік пен жас-тықтың, тарақ - әдемілік пен сұлулықтың, иіссуі – бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі болып саналады.
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы еліміз бен жерімізге ынтымақ, ырыс, бақыт сый-ласын, ардақты ағайын!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Армысың, әз Наурыз!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  Наурыз мейрамы- өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.Ол парсымыз «Нау-рыз» жаңа күн деген сөзнен шыққан.Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай,Шәкәрім,Мұхтар Әуезов,Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған.Күн мен түн     теңелген,мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген,жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен. . Наурыз- күні жаңарудың,өсудің, түлеудің басы.Наурыз күні имандылық мереке.Алдына келген атанның құны болса да кеш.Наурыз көктем мерекесі,еңбек тойы,ырыс мошылық бастауы.Наурыз мерекесі мейірімділік,қайырымдылық мейрамы.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 111 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2014 2499
    • DOCX 86.5 кбайт
    • 19 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нугуспанова Шынар Туленовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нугуспанова Шынар Туленовна
    Нугуспанова Шынар Туленовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1846
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 613 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Мини-курс

Теория и практика инвестиций в контексте устойчивого развития

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 173 человека