Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБатыс Қазақстан Облысы, Ақжайық ауданы, МКҚК «Ақ бота» мектепке дейінгі ұйымы, Тлекбаева Айгүл Жексенқызы-балабақша әдіскері Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылығын дамытудағы ойын білім беру технологиясы

Батыс Қазақстан Облысы, Ақжайық ауданы, МКҚК «Ақ бота» мектепке дейінгі ұйымы, Тлекбаева Айгүл Жексенқызы-балабақша әдіскері Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылығын дамытудағы ойын білім беру технологиясы

Скачать материал

                     Батыс Қазақстан Облысы, Ақжайық  ауданы,

 МКҚК   «Ақ бота» мектепке дейінгі ұйымы,

                                       Тлекбаева Айгүл  Жексенқызы-балабақша әдіскері

    Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылығын дамытудағы ойын білім   беру технологиясы

 

«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәндегі ақыл- ой тәрбиесі деген болмайды» В.А.Сухомлинский.

 

Ғылымда шығармашылылық ұғымы ХІХ-ХХ ғасырларда пайда болып, зерттеліне бастаған. «Шығармашылық-тура мағынасында жаңалық ашу дегенді білдіреді». Ал С.Ожеговтың сөздігінде «Шығармашылық-материалдық және мәдени құндылықтарды жасау» делінді. Жалпы «шығармашылық» деген сөздің мәтініне терең үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысынан көрінеді. Шығармашылық-адамның ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғарғы формасы. Дегенмен шығармашылық объективті және субъективті болатындығы белгілі.

«Шығармашылық проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті» - деп түсіндіріледі философиялық сөздікте.

Шығармашылық әрекеттің мәні мен оның жан қуаттарымен байланыстылығы ертедегі философтардың еңбектерінен бастау алады. Адамның шығармашылықпен өзін-өзі дамыту идеясын ең алғашқылардың бірі болып ұсынған Гераклит өз оқушыларында шығармашылық тапсырма ретінде өздерін зерттеуді тапсырады. Ал Сократ әр адамның тұлға ретінде жетілуіне ерекше мән бере отырып, «интеллектіні» дамыту, қабілеттерді қалыптастыру оқытушының басты міндеттерінің бірі деп есептей отырып, оқушыларға дайын ұсыныстар бермей, «ақиқатқа жетуді» өздеріне тапсырып отырған. Бұл «сократтық әдістің» қазіргі уақытта да құндылығы жоғары деп білеміз.

«Өз рухын өзіне қарату» идеясын әрі қарай белсенді түрде дамытқан ойшылдардың бірі – Платон. Оның философиялық идеяларындағы педагогикалық ойдың түйіні – адам өзі белгілеген биіктіктерге жетуі үшін алдымен өзінің шығармашылық идеяларымен үйлесімділік табуы қажет екендігі жайлы пікірі.

Шығармашылық- барлық еңбек түрінде әрекетке бойлай отырып, оның жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтсақ шығармашылық барлық әрекеттің сапалық белгісі.  Баланың шығармашылық қабілеті шығармашылық әрекеті нәтижесінде ғана дамитындығы мәлім. Осыған орай шығармашылық сияқты көп қырлы, күрделі мәселенің құрылымы қандай, қандай мазмұннан түзіледі, қалай өрбиді деген  мәселелердің басын ашу қажеттілігі туындайды. Ендеше бұл феноменнің практикалық-әрекеттік құрылымына тоқталуға тиіспіз.

Ғылымда шығармашылықтың төмендегідей түрлері анықталған:

1) материалдық-техникалық;

2) рухани-теориялық;

3) әлеуметтік-ұйымдастырушылық;

4) педагогикалық;

5)көркем-шығармашылық т.б.

Осы түрлеріне қарай олардың ішкі құрылымының айырым – өзгешеліктері болуы заңдылық. Біздің қарастырып отырғанымыз педагогикалық шығармашылық.

Шығармашылық – адамға  тән әрекет болғандықтан, осы мәселені зерттеген ғалымдар шығармашылық әрекетке тән белгілерді мына төмендегідей топтастырады:

  • шығармашылық тапсырма мен проблемалық мәселе арасындағы қарама-қайшылықтың болуы;
  • әрекеттің әлеуметтік және жеке адам үшін мәнділігі, прогерссивтілігі;
  • шығармашылық үшін объективті алғышарттардың болуы;
  • шығармашылық үшін субъективті алғышарттардың болуы (тұлғаның жекелік қасиеттері, білімі, білігі, тұрақты мотиві, қабілеттері);
  • үрдістің және нәтиженің жаңалығы, сонылығы.

Бұл белгілер тұтас кіріккен жағдайда байқалады. Аталған белгілердің бірін саналы түрде алып тастайтын болсақ, шығармашылық әрекет орындалмайды немесе ондай әрекетті шығармашылық деп атауға болмайды.

   Сонымен шығармашылық мәселесі көнеден келе жатқан, әр заманда әрқалай түсіндірілген философиялық мәселе болып табылады. Шығармашылық қабілет индивидтің белгілі бір мәселені жаңаша шешуге мүмкіндік беретін мәнді сапасы. Ол тұлғаның өмір сүру барысында байқалады және әрі қарай дамуға қабілетті деген тұжырым жасалады.

    Шығармашылық жолы - ол үміттер мен күдіктер, жеңілістер мен жеңістер жолы. Осы жолдан өзіне сабақ ала білу, жетер биігін белгілей білу,өзінің жетістіктері мен кемшілік тұстарын  талдай алу – баланың шығармашылығын дамытуға стратегиялық бағыттар болып табылады.

    Әр индивидтің бойында болатын шығармашылықтың бастауларының болатындығын жайлы мәселе психологиялық және педагогиклық еңбектерде кең қарастырылған.

    Зерттеушілер  шығармашылық  әрекеттерге  әртүрлі  сипаттамалар  береді. 

Мысалы:И.Я.Бернер: «шығармашылық әрекет деп білім,  білік, дағдыны  жаңа  жағдайға  тасымалдай  білуді, обьектінің  жаңа  қызметін  көре  білуді, жаңа  шешім  табуды  белгілейді.»

    А.Н.Лук  шығармашылық  әрекетті  мәселені  шешудегі  көрегендікке, қырағылыққа  балайды, идеяларды  іске  асыру, болжай  білу  қабілеттерін  атайды.

  Бүгінгі  мектепке дейінгі кезеңде (тәрбиеде) өкінішке  орай, баланың  шығармашылығы төмен. Балабақшада балалар  үнемі  бір  типтес  күн тәртібін орындаумен  айналысады.  Мұндай  жаттығулар,  бір  ғана  шешім  іздеу  баланы  өз  күшін  байқау  мүмкіндігінен  айырады. Сонымен бірге шығармашылық қабілетінің дамуына да кедергі келтіреді.

  Қазіргі кезде шығарамашылық қоғамның өрлеуі мен тоқырауының индикаторы болып саналады. Бұл мәселені зерттеуде де өрлеулер мен құлдыраулар болғаны белгілі. Өйткені шығармашыл адам догмалар мен стереотиптерден арылған, өзгеше ойлаудың, кез келген мәселені өзінше шешудің сипаты болғанымен, ондай адамның қалыптасу барысында жұртшылық тарапынан әр қалай көзқарастардың болғаны, әлі де орын алып отырғаны жасырын құбылыс емес.

Даму жолындағы қоғамда ең алдымен білім дамуға тиіс. Ал мектеп жасына дейінгі кезеңдегі білімнің алғашқы нәрін татудың бірден бір жолы- ойын.

Ойын педагогқа балалар ұжымын қалыптастырып, үндемейтін тұйық балаларды белсендіруде үлкен көмек береді. Шынында да, бала үшін ойын- өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс- әрекеттерін, қарым- қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді. Зейін, ес, қиял сияқты психологиялық процестер қалыптасып, сөйлеу тілі, сөздік қоры дамиды.

Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Педагог ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сана-сезіміне, сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек.

Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін педагог алдын ала жоспар құрып алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:

-Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;

-Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;

-Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. нақтылануы қажет;

-Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;

-Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал- мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;

-Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.

Қазіргі Қазақстан мектепке дейінгі тәрбиесінде жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.

Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді.

Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады. Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар.

Қорыта келгенде, ойын балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл өмірдің заңдылығы.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Батыс Қазақстан Облысы, Ақжайық ауданы, МКҚК «Ақ бота» мектепке дейінгі ұйымы, Тлекбаева Айгүл Жексенқызы-балабақша әдіскері Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылығын дамытудағы ойын білім беру технологиясы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәндегі ақыл- ой тәрбиесі деген болмайды» В.А.Сухомлинский.   Ғылымда шығармашылылық ұғымы ХІХ-ХХ ғасырларда пайда болып, зерттеліне бастаған. «Шығармашылық-тура мағынасында жаңалық ашу дегенді білдіреді». Ал С.Ожеговтың сөздігінде «Шығармашылық-материалдық және мәдени құндылықтарды жасау» делінді. Жалпы «шығармашылық» деген сөздің мәтініне терең үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысынан көрінеді. Шығармашылық-адамның ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғарғы формасы. Дегенмен шығармашылық объективті және субъективті болатындығы белгілі. «Шығармашылық проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті» - деп түсіндіріледі философиялық сөздікте. Шығармашылық әрекеттің мәні мен оның жан қуаттарымен байланыстылығы ертедегі философтардың еңбектерінен бастау алады. Адамның шығармашылықпен өзін-өзі дамыту идеясын ең алғашқылардың бірі болып ұсынған Гераклит өз оқушыларында шығармашылық тапсырма ретінде өздерін зерттеуді тапсырады. Ал Сократ әр адамның тұлға ретінде жетілуіне ерекше мән бере отырып, «интеллектіні» дамыту, қабілеттерді қалыптастыру оқытушының басты міндеттерінің бірі деп есептей отырып, оқушыларға дайын ұсыныстар бермей, «ақиқатқа жетуді» өздеріне тапсырып отырған. Бұл «сократтық әдістің» қазіргі уақытта да құндылығы жоғары деп білеміз.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 320 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2014 1437
    • DOCX 18.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тлекбаева Айгуль Жексеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тлекбаева Айгуль Жексеновна
    Тлекбаева Айгуль Жексеновна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2728
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек