Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Мектеп бітіру кешінің сценариі 11- сынып

Мектеп бітіру кешінің сценариі 11- сынып



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

2014 – 2015 оқу жылының мектеп бітіруші түлектеріне арналған «Сәт сапар, жас түлек!» атты салтанатты жиынының сценарийі

20.06.2015 Жезді кенті Мәдени сауықтыру орталығы

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі «Сәт сапар, жас түлек !» атты аттестат алу кешіне қош келдіңіздер.

Бүгінгі күн әрбір жас түлектердің жүрек түкпірінде мәңгі сақталып қалатын мектеп өміріндегі соңғы салтанаты. Сонымен қатар, биылғы жыл - Қазақстан жылнамасында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдық, Қазақ хандығына 550 жылдық , Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық, ҚР-ның Конституциясына 20 жыл толу мерейтойын атап өтетін ерекше жыл. Бүгінгі мектеп бітіруші жас түлектеріміздің алдағы өмір жолдары сәтті болып, ашық аспан, Отанымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! – деп салтанатты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші: Балалық шақты артқа тастап, үлкен өмір жолына аттағалы отырған бүгінгі салтанаттың иегері – мектеп түлектерін қошеметпен ортаға шақырамыз.

(Әуен ырғағымен түлектер көрермендер залының екі есігінен халық ортасынан өтіп, сахнаның төменгі тұсына екі қатар болып тұрады.)

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға,

Шын пейілімізбен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді шақырайық ортаға!

Қарсы алыңыздар, «№ 6 Жезді жалпа орта білім беретін мектебі базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ахметова Тынымкүл Төребайқызы, 11-сынып түлектерінің жетекшісі математика пәнінің мұғалімі Базылбекова Маржан Оңдасынқызы, 11-сынып түлектері Асқар Айым Алмасқызы, Әли Мәдина Әлиқызы, Дәуімбай Жұлдызай Талғатқызы, Досымбек Динара Берікқызы,Ғабдулла Елжас , Ғалым Жаңылсын Ғалымқызы, Қазыбек Әлихан , Қойшағара Ербол Нұрланұлы,Қуанышбек Мәлік , Құрмаш Асылан , Төлеубай Сұңғат , Хамза Ырысбек Жұмабекұлы.

Қарсы алыңыздар, Жезді аралас мектеп интернатының директоры Есенғалиев Серік Диханбайұлы, 11-сынып түлектерінің жетекшісі 11-сынып түлектері:

  • Жүргізуші

Тарихы бар қазағымның ежелгі,

Егемен боп мол бақытқа кенелді.

Сарыарқамда есті самал кенділеп,

Аспанда тұр көк байрағым желбіреп. Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің туы мәңгі желбіресін. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру мәртебесіне егемен еліміздің түлектері Асқар Айым, Қуанышбек Мәлік,

ие болды.

Таусылмаса жүректегі асқақ әнім,

Тек биікте самғатам жыр қыранын.

Азатпыз, Тәуелсізбіз, Еркінбіз! – деп,

Шырқайық ұлы Отанның әнұранын. ҚР Әнұранына түзу, тік тұрамыз!

(Әнұран орындалады)

Жүргізуші: 2014-2015 оқу жылының мектеп бітірушілер салтанатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

(Музыка ойналып , мектеп бітіруші түлектер мен сынып жетекшілері көрермендер залынан орын алады.)

(Музыкалық сәлемдеме)



Кешіміз басталды салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты,
Мың бұралып бишілер би билейді.
Халайық қол соғыңыз мархабатты.- дей келе, жас бишілердің «Шашу» биін қабыл алыңыздар!



Бүгінгі « Сәт сапар, жас түлек! » атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.
1

2

3.

4.

5.

Қош келдіңіздер.



Мектебімнің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,

Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. – дей келе алғашқы құттықтау сөз кезегі Жезді кенті әкімі Абдраимов Бағдат Қабденұлына беріледі.



Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берійік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
құрметті қонағымыз беріледі.


Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі беріледі.


(Музыкалық сәлемдеме) Жарқырайды бейтаныс жұлдыз
Қымбат бізге бек мектептен тыс.
Сарқыраған болашақ өзен
Жаңа өмірдің айқын ұраны боп!
Бізді үйретті біліп - жеңуге,
Достыққа сеніп, жігер - күшіңе!
Ешқашан да ұмыта алмаймыз
Мұғалімнің жылы, айқын жүзін
Мектебім, саған рахмет!
Сенім, махаббат - үмітіңе!
Өшпессің жүрегімде
Мектебім мақтан үнемі бізбен – дейтін мектеп бітіруші түлектер құрметіне №6 Жезді орта мектебі музыка пәні мұғалімі ,
Базарбек Динараның ән шашуын қабыл алыңыздар. « » әні



Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың осынау ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.

Шығыңдар білім шыңына,
Батамыз осы сендерге
Болыңдар үздік тағыда,
Оқуда да еңбекте- дей келе,

Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директорлары Ахметова Тынымкүл Төребайқызы мен Есенғалиев Серік Диханбайұлы және оқу ісінің орынбасарлары Талипова Күлпаш Саметқызы мен Қыдырманова Айгүл Сабырқызын ортаға шақырамыз.
(Салтанатты түрде куәлік , мақтау қағаздарын қоса тапсыру)


Ән шашу Бакирател Ақбота
Уақытың ақ желкенді бір кеме бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге біл.
Алтын ұя мектеппен қоштасқан соң,
Алдыңнан тосып тұрар – үлкен өмір –дей келе құттықтау сөз кезегін
мәдени сауықтыру орталығының директоры Бейсенбаев Айтбек Сапарұлына береміз.

( МСО іс-шараларына белсенді қатысқан түлектерге марапаттау қағаздары мен сыйлықтар табыс етіледі.)



Ән шашу
Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.
Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары: Аширбекова Бибіғайша Балтабекқызы( ), Қалиева Ақбаян

Құттықтау сөз кезегі түлектеріміздің алғаш қолдарына қалам алғызып, әріптерін үйреткен алғашқы ұстаздары атынан беріледі.

Тіршіліктің дүрсілдетіп жүрегін,
Мен өзіңнен қанаттанар түлегің.
Саған деген махаббатым – әнімді
Асқақтата шырқай салып жүремін.

Ән шашу. Мәдени сауықтыру орталығының көркемдік жетекшісі, өлкеміздің жезтаңдай әншісі Қадырова Алма Сарықызының ән шашуын қабыл алыңыздар. «Ұстазым

Ата-ана тәрбиелеп балапанын,
Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата-аналары атынан Асқар Айымның ата-анасы Нұрмағамбетов Алмас Асқарұлына , беріледі.

Анашым! Қайда жүрсем сен – күш, арым,

Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.

Қайда барсам, өзіңдей қарсы алады

Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым! Жаратылдың бағыма шын,

Білемін көңілсізсің, сағынасың.

Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар Алдарында жарқын болашағы бар түлектеріміз - Қазыбек Әлихан, Қойшығара Ербол, Құрмаш Асылан, Хамзе Ырысбекті сахна төріне шақырамыз. «Мама» әні



Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз-қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Он бір жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе,
балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз атынан сөз кезегі Қойшығара Ербол Нұрланұлына беріледі.



(Музыкалық номер) Хор «Ұстазым» әні» Әні Әбілахат Еспаевтікі
Сөзі Аманжол Шамкеновтікі





Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің.
Ән: «Мектеп вальсі» (Түлектер мектеп вальсін билейді)
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді .
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
-.деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.
Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері « Сәт сапар, жас түлек!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1456
Номер материала ДВ-287460
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх