Инфоурок Дошкольное образование СтатьиМектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілі пәнінен балалардың тілін дамыту

Мектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілі пәнінен балалардың тілін дамыту

Скачать материал

 

Халел Досмұхамедов атындағы

 №4  жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қаракөзова Жанар Шаяхметқызы.

Жалпы еңбек өтілі: 22 жыл I санат

Тақырыбы: Мектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілі пәнінен балалардың тілін дамыту

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі – білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Осыған сәйкес бүгінгі күн талабы – баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, тілін дамыту, заман талабына сай оны жүйрік етіп тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Қазақ тілін оқыту «Біз мектепке барамыз», «Зерек бала» бағдарламалары арқылы іске асады.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңында қазақ тілін орыс топтарында жүргізу балабақшадан бастау керектігі атап көрсетілген, себебі баланың болашақ тұлға ретінде қалыптасуы балабақшадан басталады.

Әсіресе балабақшада, мектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілін үйрету – аса үлкен жауапкершілікті жүктейді, себебі бірінші рет мектеп табалдырығын аттап, даярлық тобына келіп отырған бала, бірінші кезеңде не жазуды, не оқуды білмейді, не әріп танымайды, сондықтан баланың болашақта қазақ тілінде қалай сөйлеуі, қазақ тілін қалай меңгеруі баланың мектепке дейінгі алған біліміне де байланысты.

Мектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілін үйрету ең бірінші тіл дамыту жұмыстарымен жүргізіледі, себебі, жаңа атап өткендей не жазуды, не оқуды білмейтін бүлдіршіндер үшін бұл кезеңде балалармен ауызекі сөйлеп, тіл дамыту жұмыстарын жүргізу үлкен рөль атқарады.

Мектепалды даярлық орыс топтарында балалардың тілін дамыту жұмыстарын мен ең бірінші кезекте фонетикадан бастаймын. Себебі фонетика әрбір тілді үйретудің алғашқы баспалдағы деп ойлаймын. Тіл білімінің маманы Адамбаева «Жаңа бір тілді меңгеруді фонетикадан бастамайынша, жаңа тіл игерілмейді» деп атап өткен екен.

Даярлық орыс топтарында балалардың тілін дамытуда ерекше орын алатын жұмыстардың бірі - ол фонетикалық жаттығулар, себебі орыс топтарында дыбыс жүйесін терең меңгерту – басты мәселе. Қазақ тіліне тән дыбыстарды бала жетік меңгермейінше, ол сауатты оқу мен жазу дағдысын игере алмайды.

Фонетиканы меңгерту жұмыстары сөздік жұмысымен бірге атқарылады. Осы жұмыс түрлерін мен сабақта қалай қолданатыныма тоқталып өтсем:

Мысалы «Оқу құралдары» тақырыбын өткенде мен келесі жұмыс түрлерін жүргіземін:

1.     Ең бірінші оқу құралдарының атауларын сурет арқылы таныстырамын. (орысша-қазақша аудару арқылы)

2.     Енді сөздерге фонетикалық жаттығу жасаймыз. Әсіресе, қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалаймын. Дыбыстарды сыныпта әр түрлі формада (хормен, жұппен, жеке) айтқызамын.

3.     Кейін сөздерді іс-қимылды білдіретін сөздермен байланыстырып айтамыз (мысалы кітапты не істейміз? оқимыз, дәптерге жазамыз, сызғышпен сызамыз, т.б.) ең бірінші өзім тіркестіріп айтып шығамын, кейін оқушылар қайталайды.

4.     Кейін оқушылар жалпы сурет бойынша әңгіме құрастырады. (Бірінші өзім әңгімелеп беремін, кейін сұрақ қою арқылы оқушыларға әңгімелетемін).

5.     Кейін балаларға сөздерді грамматикалық тұлғада өзгертуді үйретемін. (-дікі, -тікі, -нікі жұрнақтарын жалғап сөйлеуді үйретіп, дағдыға айналдырамыз. (әрбір оқушыға бір-бір оқу құралдарын таратып сұрақ қойып үйретемін (кітап кімдікі? (Еркіндік)

Дәптер кімдікі? (Ангелинанікі

Сызғыш кімдікі? (Олянікі)

                  I.      Балалардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда үндестік заңымен таныстырудың рөлі ерекше, себебі қазақ тілінің тірегі – бұл үндестік заңы. Осы үндестік заңын білмеуі, балалардың кейін мектепте жазба жұмыстарында қате жіберуіне, сөздерді дұрыс айтпауына әкеп соқтырады. (Суретте оқу құралдары айтылуына қарай жуан және жіңішке болып көрсетілген) Жабайы жануарларға да байланысты.

               II.      Балалардың тілін дамытуда, сөздік қорын молайтуда антоним, синоним сөздерді қолданудың да маңызы зор. Мысалы: «Менің күн тәртібім» тақырыбын өткенде балалар күн тәртібі туралы әңгімелейді. Осы әңгімелеуде «мен әдепті баламын» деген сөйлем бар. Осы сөйлемдегі әдепті сөзіне балалар әдемі, жақсы, ақылды, тәртіпті синонимдерін енгізеді.

а) Антоним сөздерді мына тақырыптарда да қолданамын

«Адамның дене мүшелері» (Еркіннің шашы қысқа Ангелинаның шашы ұзын Еркін-бала, Ангелина-қыз).

«Оқу құралдары» (дәптер-жұқа кітап-қалың)

«Біздің қала» (мына үй биік мына үй аласа)

           III.       Жалпы атаулар. Балалардың тілін дамытуда жеке және жалпы атауларды меңгертуге баса назар аударамын.

Мысалы: қасқыр, аю, түлкі – жабайы жануарлар.

кітап, дәптер, өшіргіш – оқу құралдары, т.б.

            IV.      Диалог, монолог. Балалардың тілін дамытуда, сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйретуде диалог пен монологты қолданамын. Мысалы «Менің отбасым» тақырыбын өткенде балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.

               V.       Сөздерді көпше, жекеше түрде айтып үйрету.

Балалардың тілін дамытуда сөздерді жекеше және көпше түрде айтқызып үйретудің маңызы зор.

Мысалы қарындаш – қарындаштар

Сызғыш – сызғыштар

Бояу – бояулар

Дәптер – дәптерлер

            VI.       Лексикалық қателерін жөндеу.

Балалардың тілін дамытуда лексикалық қателерді үнемі жөндеп отырудң маңызы бар.

Мысалы: Бетімді жуамын

Жүзімді жуамын.

Жүзім (үзім)

Сиыр не береді (ет (гөш))

        VII.       Ертегілер айтып беру. (Балаларға қазақша ертегі айтып беру, кейін балалар монолог түрінде осы ертегіні өзі айтып беруі, (мысалы бауырсақ, үш торай).

Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айтқызу. Санамақтар үйрету.

Балалар ц, р, с, ш, ч, қ, ү, щ, з, ж дыбыстарын дұрыс айта алмайды, осы дыбыстарды дұрыс айтуға және тіл дамытуға арналған жаттығулар

Шақ-шақ-шақ-кішкентай құйыншақ

Са-са-са –шағады маса

Ыр-ыр-ыр-ырылдайды қасқыр

Ян-ян-ян-секіреді қоян.

Сөз соңында айтарым:

«Тіл жеке адамның шаруасы емес. Мемлекеттің де басыбайлы дүниесі емес. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәртебесі – елдің мерейі. Оның мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Сондықтан тілдің мәртебесін өсіру баршамыздың міндетіміз деп айтқым келеді.»

 

   

 

   

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепалды даярлық орыс топтарында қазақ тілі пәнінен балалардың тілін дамыту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 129 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2016 7450
    • DOCX 640.5 кбайт
    • 71 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каракозова Жанар Шаяхметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каракозова Жанар Шаяхметовна
    Каракозова Жанар Шаяхметовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7823
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование ресурсов пластилинографии в художественно-эстетическом развитии детей дошкольного возраста с учётом требований ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 446 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя по реализации программы воспитания в образовательной организации

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 393 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 486 человек

Курс повышения квалификации

STEM-образование для детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 648 человек

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе