Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы.



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы.


Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, рухани ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс. Оған “Еліміздің білім беру жүйесінің Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігіне қол жеткізудегі негізгі міндеттеріне - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілігі 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Қазақстан халқына жолдауы” негіз боладыБұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет етеді.Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.D:\пед.чтение\президент.jpg

Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екені

мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.

Табиғат – қызықты да тамаша әлем ....

Ол баланы көптеген дыбыстарымен, алуан-түрлі хош иістерімен, жүздеген сыры мен жұмбақтарымен қарсы алып , қоршаған ортасына зейінмен қаратады, тыңдатады және ойландырады.

Адам табиғаттың бір бөлігі, онымен өзара әрекеттесуінсіз адамның өмірі құнды болуы мүмкін емес.

Табиғаттың арқасында дамып, өсіп келе жатқан жас ағза ақырындап күш пен денсаулықты жинақтайды. Табиғат әлемі мен қозғалыс әлемі бірлесе келе , психологиялық жайлылық күйінде баланың жан-жақты дамуының үлкен құралына айналады.






Белгілі педагог Ян Амос Каменский былай жазды: D:\пед.чтение\ян амос коменский.JPG

"Адамды оқытқанда, мүмкіндігінше білімді кітаптардан емес, аспан және жерден, емен ағашы және ғәріптерден, яғни басқа біреудің бақыламалары мен түсініктерін оқып қана қоймай, өздерінің көріп-ұстаған заттарын зертей отырып оқып, үйрену қажет».

Барлық адамзаттың дүниетанымын қалыптастыру,экологиялық сауаттылығын және мәдениетін көтергенде ғана ,адамдардың қоршаған ортамен ,табиғатпен қарым-қатынасының қазіргі мәселелерінің шешімі табылуы шарт. Біздің денсаулығымыздың жақсы болуы аумақтағы, мемлекеттегі, тіпті үйдегі экологиялық ахуалға байланысты және кіріптар екенін ұмытпауымыз керек.Ол біздің рухани құндылығымыз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесі маңызды да қызықты және де көкейкесті сұрақ болып тұр.

Мен балаға ерте жастан табиғатты сүю – ол жақсылық жасау деген сөз екенін , біздің ортақ Үйіміздің бұрынғысынан да әдемі және бай болуына біздер не істеу қерек екені туралы ойландырып, сезім туғызу қажет деп кәміл сенемін.

Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мынандай мақсат тұрады: балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту,өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу.Осы айтылғандарға сүйене отырып мен өз алдыма мынадай мақсат қойдым.

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық мәдениетін тәрбиелеу, табиғи құбылыстар мен объектілерге саналы-дұрыс беталысты көзқарасты қалыптастыру.

Осы мақсатымды мынадай міндеттермен іске асырылады:

  1. Жануарлар, өсімдіктер және табиғи құбылыстар туралы білімдерін тереңдету мен нақтылау .

  2. Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің маңызды да қажетті жағдайы туралы білімдерін қалыптастыру.

  3. Табиғатқа деген сезімдік-тілектестік және жанашырлық қарым-қатынаста болатын ұрпақ  тәрбиелеу.

  4. Мектепке дейінгілердің экологиялық көз қарастарын кеңейту және жүйелеу.

  5. Қоршаған ортасына танымдық қызығушылығын дамыту.

  6. Экологиялық біліктілік пен табиғатқа деген қауіпсіздік ережелерінің алғашқы машықтары мен білімдерін қалыптастыру.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Табиғатқа деген адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда мен балаға : табиғат пен адам бірі-бірімен үнемі байланысты, сондықтан табиғатты аялағанда сен, адамзатты және де оның болашағын аялайсың деп түсіндіруге тырысамын . Табиғатқа қастерлік ,зияндылық жасағандар, адамға да зияндылық келтіреді.

Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өнетін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор.

Бала табиғатты өзіне ғана арналған бір зат ретінде түсінеді,ол іскер, зертханашы: «мынаны былай істесем не болар екен?»деген сауал ойында әрдайым орын алып тұрады, сондықтан балалар жиі өздерінің іс-әрекетіне жауап бере алмайды. Бөбектер әсем көбелекті, көрікті гүлді көргенде шаттанып, және сол мезетте ешқандай ойсыз жерде өрмелеп бара жатқан жәндікті аяғымен таптап тастауы, ағаш бұтағын сындыруы мүмкін. D:\пед.чтение\JJmKgdok0S.jpg

Қоршаған ортамен танысу барысында бала улы өсімдкті жұлып алып , аузына салады, дәмін татады, қолына кез-келген жәндікті алып қысады, ал сол әрекеттері өзіне де жәндікке де зақым келтіруі әбден мүмкін.Сондықтан мен балаларға табиғат туралы білім беріп қана қоймай, сонымен қатар күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді танытуға, өзіміздің ортақ үйіміздегі кіші көршілерімізбен қауіп-қатерсіз өмір сүруді қамтамасыз етуге тырысамын.D:\пед.чтение\1902033-ae2ae7543197b141.jpg

Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақтарға жауаптар іздейді.

Сайф Сарай: - “Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа…” - деген екен. Жас бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы әсемдікке қызығады, содан әсерленеді, көркемдікті түсініп, оның мәнін түсінеді, әсемдікті танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды гүлдермен таныстыру кезінде, олар олардың түрлерімен, пайдасымен тапсырмалар арқылы танысып, хош иісімен далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары келмейді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады.


Осы мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық білім беру міндеттерінің табысты жүзеге асуы үшін мен мынадай жұмыс жүйесіне сүйенемін :

  • педагогикалық   мамандардың экологиялық тәрбие  беру  жөнінде білім деңгейін көтеру;

  • балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын ата-аналар арасында насихаттау;

  • экологиялық дамытушылық орта құру.


Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениет тәрбиесінің тиімді болу үшін , барлық жұмыс мына ұстанымдарды сақтау қажет:

1. Ғылыми.

Ғылыми ұстаным жағынан шамалағанда ол жас ерекшелігін ескере отырып , баланың көзқарасының негізін қалыптастыру,танымдық қызығушылықтарын дамыту және элементарлы экологиялық білімдерінің жиынтығымен таныстыстыру.

2. Қолжетімділік.

Қолжетімділік ғылыми ұстанымымен тығыз байланысты және белгілі жастағы балаларға аса маңызды. Экологиялық мәдениет тәрбиесінен ғылыми терминдерді алып тастау қажет, бірақ кейбірінің мән-мағынасын балаларға жас-шамаларын ескере отырып ,түсіндіріп кету қажет.

3. Адамгершілік.

Айтылмыш ұстаным экологиялық мәдениет ұғымымен тоқулы. Тәрбие беру тұрғысынан бұл ұстанымды қолдану : өз денсаулығына қамқор болатын және салауатты өмір салтын сақтайтын адамдағы жаңа құндылықтарын қалыптастыру деген сөз. Экологиялық білім беру мазмұны адам табиғаттың бір бөлігі екені және табиғаттың құндылығы туралы , планетамыздағы барлық тіршілік етушілерге құрметпен қарауды, бағалауды балада қалыптастыруға мүмкіндік беруі қажет.

4. Болжамдаушылық.

Болжамдаушылық ұстаным – ол әдетті және қоршаған ортаға деген қарым-қатынасқа күнделікті іс-әрекеттеріне баға беруді, табиғатқа зиян келтіру ниетін тоқтата білу қасиеттерін қалыптастыру.

5. Қызметтілік.

Қызметтілік ұстаным –бұл мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениет тәрбиесінің негізі. Қоршаған ортаны аялай отырып қорғауға арналған әр-түрлі игі іс-әрекеттерге қатысу барысында баланың оқыту барысында алған экологиялық білімінің мінезінде қалыптасуына себеп болады. Қызметтілік ұстанымы түрлі экологиялық жобаның негізінде жатады.

6. Интеграция.

Интеграция қағидатының астарында баланың әртүрлі іс-әрекеттерін экологияландыру.




7. Жүйелілік

Жүйелілік ұстанымы бұл баланың алған білімінің бірізділікпен меңгерту: Кейінгі алынып-қалыптастырылған мағлұматтар алдыңғыдан туындау , ал барлық жүйе орталық өзегі сияқты бастапқы деректерге сүйенеді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениет тәрбиесінің бір маңызды шарты ол дамытушы- заттық ортаны дұрыс ұйымдастыру және экологияландыру болып табылады.

Ондай ортаны құрудың негізгі мақсатының мынадай шарттары бар:

- балада экологиялық мәдениеттің қалыптасуына жағдай жасау;

- табиғат аясында экологиялық дұрыс тәртіп орнату, өзіне және қоршаған ортаға қауіпсіз жағдай орнату;

- баланың табиғатпен жанасуына және қарым-қатынасына жағдай туғызу.

Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық заттық-дамытушы ортаның беретін мүмкіндіктері:

  • баланың танымдық дамуына;

  • эколого-эстетикалық дамуға;

  • денсаулығын нығайтуға;

  • адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына;

  • эколого- сауатты тәртіп қалыптастыру

  • әр-түрлі әрекеттерді экологияландыру.

Менің тобымның экологиялық заттық-дамытушы ортасына кіреді:

1. Табиғат бұрышыD:\картинки\куз кіші топ\Изображение 097.jpg

- бөлме өсімдіктері , олар келесі талаптарға лайықталған:

- өсімдіктер қауіпсіз болуы тиіс , улы емес және тікенжапырақсыз ;

- күй талғамайтын, күтім талап етпейтін мазмұндағы гүлдер;

(Қасқыржем, фикус, Хлорофитум, қынагүлі және т.б.)

- ауаны тозаңнан және бактериялардан тазартушы, зарарлы заттарды

жұтқыш өсімдіктер.D:\картинки\куз кіші топ\Изображение 090.jpg

- ауа райының күнтізбесі;

- жыл көріністерінің сызба-суреті;

- экологиялық мазмұнды дидактикалық ойындар;

Мысалы: "Өсімдіктің көмекшілері","Ормандағы көпқабатты үй"т.б.

- өсімдіктерді күтіп баптауға арналған құрал-жабдықтар;

(таяқшалар , су сепкіш, қопсытуыға арналған қалақшалар)

- табиғи материал;

(қарағай бүршіктері, тұқымдар, тастар, және т.б.)

- көкөністің, жемістің көрмелері.

("Көкөністер ертегісі ", "Біздің бақшада ")

2. Зертхана бұрышы:

- лупалар;

- экспериментті ойындар үшін:

мұз, сумен, қармен: бояу, тұз, қант, сабынмен жұмыс жүргізу үшін түтіктер, пластмас стакандар, суға бататын және жүзетін әртүрлі заттар жиынағы.

- магниттер

- резина жүзіктері, доптар, пішіндер)

- алжапқыштар;

- құм терапиясы;

3. Денсаулық бұрышы

- гүлдердің, құрт-құмырсқалардың, аңдардың, және құстардың телпектері оларды қозғалыс имитациясы және қимылды ойындарда қолданамыз.

- саусақ ойындары және жаттығулары

- психогимнастикалық ойындар және жаттығулар

("Бір орныңда айнал - ағашқа айнал! ", "Көңілді құрбақалар" және т.б.

Мысалы: психогимнастикалық жаттығу "Бір орныңда айнал - ағашқа айнал! "

Балалар бір мезетке еменге айналады. Аяқтарымен еденге бар күшін сала басып, қолдарын жұдырықтап түйіп қалады. Күшті жел емендерді зорға шайқайды. Олар төмен дауыспен еңіренеді: "ы-ы-ы". Ал сосын қайыңдарға айналады. Қайыңдарды тіпті жеңіл жел шайқайды. Босаң қолдарын көтеріп, ары – бері жеңіл шайқалады . Қайыңдар жеңіл жоғары дауыспен шырқайды.

- Тыныс жаттығулары.("Кірпі", "қаздар", "қораз" т.с.с.)

«Кірпі» тыныс алу жаттығу жасау барысында басты оңға – солға кезектестіріп бұрып, сол мезетте мұрынмен қысқа кірпі ұқсап пысылдап тыныс алу керек. D:\картинки\12092012.jpg

(танаулары қозғалып , мойын бұлшықеттері күшенеді, тыныс шығарғанда жартылай ауызды ашып жәй тыныс шығарады)

  • Имитациялық жаттығулар

("Өрмекші", "Кенгуру", "Қолтырауын", "Маймыл", "Мысық" , т.б.)

- Қимылды ойындар

("Тышқан мен мысық", "Күн мен жаңбыр", «Ұйқыдағы аю». және т.б.)





4. Театр бұрышы

- көлеңке театры: "Жеті лақ", "Шалқан", т.б.

- ертегі кейіпкерлерінің телпектері.

«Көлеңке театры» «Шалқан» ертегісінің көрінісінен

D:\картинки\куз кіші топ\Изображение 094.jpgD:\картинки\қош бол бб 2014\DSCN3782.JPG










5. Шығармашылық бұрышы

- түсті қарындаштар, фломастерлер, бояулар, шоқтар, мақталы таяқшалар, паралон, сурет салуға арналған қағаз, түсті қағаз, түсті картон.D:\картинки\куз кіші топ\Изображение 092.jpg

- ермексаз

- табиғи материал;

(қарағай бүршіктері, тұқымдар, тастар, және т.б.)






6. Ойын бұрышы

- Сюжеттік-рольдік ойындарға D:\картинки\куз кіші топ\Изображение 093.jpg

арналған материалдар.

- құрастырғыштар

- дидактикалық ойындар











Педагогикалық процесте мен дәстүрлі әдістермен қатар инновациялық әдістерді де қолданамын:

Дәстүрлі әдістер уақыт сынынан өткен және кеңінен қолдануда, олар: көрнекі-иллюстрациялы, әңгімелесу, тусіндіру және т.б.

Инновациялық әдістер.

Модель (үлгі) – бұл объектінің шартты бейнесі, оның орынбасары.

Кіші топтарда заттық үлгілерді қолданамыз, себебі оны танып білу жеңілге соғады , ал орта топтардан бастап баланың ойлау қабілеті өседі, сондықтан модельдер де өзгереді: схемалық – модельдер орын алады.

Эмпатия әдісінде балалар табиғатты көріп және сезінуге үйренеді.Бала бір заттың немесе аңның роліне кіргеннен кейін , сол объектіге көзқарасы өзгеріп, оған құрметпен қарайды. Ең маңыздысы рольге кіру барысында жүргізілетін әңгіме тек қана жақсылық, жылы сезім, қайырымдылық, өзара көмек, қамқорлық туралы болуы шарт.Бізді қоршап тұрған кез- келген объектінің ролін ойнатамыз, мысалы: «Мен тышқанмын...», «Мен таспын...», «Мен сынық бұтақпын...», «Мен солған Гүлмін...» . Балалар ойын барысында өсімдік – тірі екенін , оны сындырғанда ауыратынын , қайғыратынын түсінеді.

      Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.


Балалар мен ересектердің бірлескен іс-шаралар:


  1. Экологиялық мерекелер мен ойын-сауықтар

  2. Тәжірибелер.

  3. Әңгімелер.

  4. Жобалар.

  5. Табиғат бұрышындағы бақылаулар.

  6. Экология тақырыбындағы әдебиеттерді оқу.

  7. Мақсатты серуендерге шығу.

  8. Модельдермен жұмыс.


Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар:

Ата-ана баланың бірінші ұстазы және тәрбиешісі. Жаңа қалыптасатын жеке тұлғаны тәрбиелеуде оның ықпал күші айырықша зор. Ата-ананың балаға әсерінің негізі олардың қалтықсыз сүйіспеншілігі, қамқорлығы болып табылады.

Ата-аналар А.С.Макаренконың “Балаларды тәрбиелеу–біздің өміріміздегі ең жауапты сала.  Дұрыс тәрбиелеу–бұл біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу–бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы, бүкіл ел алдындағы айыбымыз” – деген пікірінің мағынасын түсінуі тиіс.

Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмыстарым балалардың бойында дұрыс мінез-құлық қалыптасуын қамтамасыз етті, дағдыларды, білімдерді, іскерліктерді меңгеру үрдісін тездетті.

Мұндай бірліктің негізі ата-аналардың педагогикалық білімділігі, олардың мектепке дейінгі ұйым жұмысымен хабардар болып табылды.“Баланың экологиялық мәдениеттілігі”, “Отбасындағы бала тәрбиесі” т.б кеңестер дайындайға болады. Ата-аналарға арналған кештер: “Кітап бала өмірінде”, “Бала және табиғат”, “Әжелер мектебі”, “Әкелер мектебі” т.б. өте қызықты өткізіп, нәтежеде бала тәрбиесіне үлкен көмегін тигізеді.


«Отбасы портреті» ойынынан көрініс Құм терапиясы.

D:\картинки\8 наурыз 2014\DSCN3208.JPGD:\картинки\8 наурыз 2014\DSCN3207.JPG






Сонымен қатар ата-аналармен бірігіп саябақтарға, әр түрлі мезгілде мақсатты серуендер мен саяхаттар өз өлкеміздің табиғатын балаларға таныстыруға бағытталу қажет. Табиғатта қызықты ойындар ойналып, бақылаулар жүргізіліп, таза ауаның жанға берер рахатын бірлесе түсіндіру, экологиялық тиым сөздермен таныстыруға болады.

Қорытынды:

1. Балалардың дамуында экологиялық тәрбиенің маңызы зор. Балалардың экологиялық тәрбиесі балабақшамен шектелмейді, мектепте осы білімдерін одан әрі өрбітіп, байытады.

2. Балалар алған білімдерін іс жүзінде тәжірибе, басқа оқу іс-әрекеттерде көрсете біледі..

3. Серуен , экскурсия кезінде балалар құстар мен жәндіктер өміріне қызығушылықпен , белсендірек көңіл бөле бастады. Оларға қамқорлық танытты. Адам табиғатпен тығыз байланыста екенін түсінді. Және де адам қоршаған ортасын қалай сүйіп, қамқорлық танытып , аяласа, алдағы жер бетіндегі болашақ өмірі де сол игі іс-әрекеттеріне тәуелді екенін түсінеді.


9




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 19.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров1013
Номер материала ДВ-170374
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх