Инфоурок Школьному психологу СтатьиМен және менің мамандығым

Мен және менің мамандығым

Скачать материал

«Глазунов орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

Эссе

 

«Мен және менің мамандығым»

 

Мектеп психологі: Бокаева Ж.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 жыл

 

Мен және менің мамандығым

Мен кіммін? Болашақта қандай мамандық иесі болғым келеді? Осы  сұрақ әр адамды толғандырары сөзсіз. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұраққа жауап та таптым. Ол әлем психология әлемі болатын.

Психология әлемі, психолог мамандығы мені несімен қызықтырады? Психолог жанның емшісі дегендей, мен де адам жанының емшісі болғым келді. Сонымен психолог, ол кім? Психолог-өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін ізгі жан. Психолог өзгелердің жан-дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Психолог жан-дүниесі күйзеліске түскен жандарға өзінің психология әлемін шарлап, жанына дауа іздейді. Міне, осыншама жақсылық атаулыны жүрегіне, ақылына, санасына шоғырландыра алатын ізгі жан иесі психология мамандығын таңдауымның басты себептері осындай. Себебі мен адамдарға жақсылық жасағанды бар жан-дүниеммен қаладым.

Жақсы психолог болу үшін не қажет? Ең алдымен терең білім, еңбек,  ұқыптылық,  қойған мақсатына жетуге деген өз күшіне сенімділік. Бұл қасиеттер кез-келген мамандық иесіне тән емес пе? Әрине солай. Ал психолог мамандығы бұдан да гөрі зор қасиеттерді талап ететін еңбек ету барысында сезініп, білудемін.

Қазір мен Қостанай ауданы, Глазунов орта мектебінде психолог бола жүріп, әрдайым оқушылар мен ата-аналар, тәрбиешілерде кездесетін қиыншылықтар мен проблемаларымен бетпе-бет кездесіп өз білігімді шыңдау үстіндемін. Жалпы мені қоғамдағы басты проблемалардың бірі жасөспірімдер мәселесі қатты толғандырады. Соңғы кездерде психолог мамандығына қажеттілік көбірек туындап отыр. Сондықтан мен өз мамандығымды қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, ерекше жақсы көрем және жақсы психолог болу үшін бар ерік-жігерімді сарп етуге әзірмін.

Оқушының ішкі жан дүниесінің есігін қағып кіріп, үңіліп, сезіне білетін, оның ішкі сезімімен санаса білетін, ол психолог-маман. Оған дәлел тәжірибе барысында әрбір оқушының ішкі жан дүниесіне үңіле білу керек. Ал, оған қалай үңілесіз? Қазіргі мынау ақпараттану заманы жаңа технология дамыған, интернет жүйесіне отырып, саусағынын ұшымен білімді игеру заманында ішкі жан-дүниесін танитын адамға айтып, содан ақыл-кеңес алған ұрпаққа сен өзіңді қалай тыңдатасың? Әрине, ол үшін сегіз қырлы бір сырлы, оқушы үшін өн бойыңда бір мін жоқ, оқушы қиялындағы идеал болу керек. Оқушының алдында мен психологпын, маған бәрін айтуың керек деген пікірде болсаң қатты қателесесің. Барынша пікірлесу барысында ешқандай жасандылықсыз, шынайы тыңдаушы бола біліп, оқушының жан күйзелісіне салыстырмалы түрде өзіңнің басыңнан өткен деректерді мысалға келтіре отырып нәтижелі болғанын дәлелдей отырып пікірлессең, оқушы міндетті түрде өзіңмен сырласуы тиіс. Өз тәжірибемде көптеген оқушылармен пікірлесу барысында, көзімнің жеткені – оқушы жүрегі асыл қазына сияқты, егерде қазынаға барар жолды дұрыс біліп, қазынаның кілтін аша білу үшін оқушы жүрегінің қалаулысы болуы керек.

             Мен жұмыс барысында  көптеген  психолог-ғалымдардың, ойшылдардың  еңбектерімен танысып, халқымыздың ұлттық тәрбиесі негіздерінде бүгінгі психологтар қажетіне жаратар көп қазына бар екендігіне көзім жетті. Шығыстың аристотелі атанған ұлы бабамыз Әл Фараби  “Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы” деп көрсеткен. Бала тәрбиелеу өте қиын, жауапкершілікті  үрдіс екені белгілі. Барлық ұстаз білім мен тәрбиені қатар алып жүруі керек. Бұл мақсатта әсіресе психолог мамандарға үлкен міндеттер жүктелген.  “Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың” деген халық сөзіне сүйене отырып, әрбір оқушыны жеке тұлға деп танып, ғылыми, рухани мұраларды игерген, шығармашылық ой-өрісі бар, компютерлік сауаттылығы мен ақпараттың мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі деп ойлаймын.

           Психолог маман  аса сезімтал, ерекше  жанашыр, мықты, шыдамды болу арқылы  шәкіртінің сырына бойлай алады.  Айталық: Егер мен бір шәкіртімнің қатты жасық, жасқаншақ екенін анықтап шықсам, оны «шалқайғанға шалқай, ол атаңның ұлы емес, еңкейгенге еңкей, ол атаңның құлы емес» деген қағиданы санасына сіңіріп, оның ешкімнен кем емес екендігін, жұртпен бірдей екендігін  дәлелелдеп, жігерін ұштап, өзін-өзі тануына, қабілетін жетілдіруіне бар мүмкіндігімді жұмсаймын.

 

Бокаева Жадра Арапшаевна,

Глазунов орта мектебі псигологі

Қостанай ауданы

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мен және менің мамандығым"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 268 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2017 674
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Берсугурова Дарига Сапабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5937
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Расстройство пищевого поведения у детей разного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Курс повышения квалификации

Инструктор по трудовой терапии для детей с девиантным поведением

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 73 человека

Курс повышения квалификации

Психологические приемы АВА-терапии и игровых методов

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические методы и тесты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе