Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Мен зорлық зомбылыққа қарсымын
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Мен зорлық зомбылыққа қарсымын

библиотека
материалов

hello_html_6683e534.gif

Сабақтың тақырыбы:

«Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ»

Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Сабақтың барысы:

І. Кіріспе сөз: Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып екіге бөлінеді.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру т.б.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету.

Бейнеролик «Сәбидің бәрі бақытты бол үшін жаралған»

ІІ. Баяндама "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" Исенгулов Индира

Бейнеролик «Оқушыларға жасалтын зорлық зомбылық»

ІІІ. Баяндама "Зорлық-зомбылықсыз қарсымын" Журунгужиева Айгерім

Бейнеролик «Жанұяда тұрмыстық зорлық-зомбылық туындамас үшін не істеу керек»

ІҮ. Эссе "Қатыгердіксіз әлемді қалай орнатуға болады?"

ІҮ. Қорытынды: Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. (Н.Ә.Назарбаев) - деп елбасымыздың сөзімен қорытындылай келе Сөз соңында мынандай тілекпен аяқтағым келеді.

ХХІ ғасырға – 21 тілек

ХХІ ғасыр,қазақ халқының ғасыры болсын.
                               Қазақ елі мәдениетті дамыған ел болсын.
                               Қазақстан тәуелсіз егемендігін сақтасын.
                               Елде бейбітшілік орнасын.
                             Данышпан адамдардың саны көбейе берсін.
                             Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын.
                             Сырт елдермен достығымыз нығая берсін.
                               Экономикамыз өрге бассын.
                             Салт –дәстүрімізді сақтай,қадірлей білейік.
                              Қазақстан елі – байтақ ел болсын.

                              
Демография жағынан қазақ халқының саны көбейе берсін.
                              Отандық өнеркәсіп дамысын.
                              Жастарымыз білімді,мықты болсын.











































Бөрлі негізгі жалпы білім беретін қазақ мектебі















( ашық тәрбие сағаты)











Өткізген: 9 «ә» сынып

жетекшісі А.М.Муфтиев







2013-2014 оқу жылы



"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"

Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып,қалыптасады.
Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады.
 
   Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында, алдағы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта,қалай дамуы керек екендігін белгілеп берді. Әрине, осы міндетті болашақта жастардың жүзеге асыратындығы күмәнсіз. Олай болса,сол жастардың білім деңгейі,ата-анадан алған тәлім-тәрбиесі қандай дәрежеде деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа толық,жан-жақты жауап беру әзірге қиындау,оған дәлел – бүгінгі қоғамымызда қылмыстың күнен-күнге көбеюі. Біздің ойымызша, оның себебі жастарымызға уақытында ұлттық тәрбиені бере алмағанымыздан туындағаны жасырын емес. Әрине, қазіргі таңдағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың нашарлауы да бұған әсер етуде. Кеңес дәуірі кезінде балаларымызды мектеп тәрбиелейді деп отбасындағы ата-ананың рөлін тым босаңсытып алдық. Мектептер оқу мәселесін өздерінің басты міндеті деп санады да, тәрбиелік сабақтарға аса көңіл бөлмеді. Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл Фараби:"Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы".
   Балалар–еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата-ананың міндеті. Ал, ата –анасыз жетімсіреген бала қайтеді?! Осы басты мәселе. Осы орайда оларға көп көңіл бөлінуде. Оларға қаражат бөлініп,оқытып,тоқытып отыр. Дегенмен "Бес саусақ бірдей емес" дегендей оларды қанша жерден бағып, қағып отырса да, бәрін бірдей қорғауға жағдай жетіңкіремейді.
 
   Тек балалар үйінің тәрбиеленушілері ғана емес, қарапайым отбасы балаларыда зорлық көруде. Барша адамның жауына айналған алкоголь ішімдіктері көптеген адамдарға зардабын шектіруде. Ішімдікке масайған ата-ана, балаларын қараусыз қалдырып,оларға қол жұмсап, тағдырдың тәлкегіне салуда. Бұның аяғы неге әкеліп соғарын білмейтін ата-ана бала алдындағы өздерінің міндеттелген борышына жауапкершіліксіз қарайды.
 
  Айтылғандары біреудің мәпелеуінде және ата-анасы,панасы бар балалар. Ал, өмір есігін ашқалы жатқан балалардың, өмірге келе сала далада қалатынына не дерсіз?! Жеңіл жүрісті аналар, үлкен күнә жасап, кейін оған жауапкершіліксіз қараған болашақ әкелер осыған себепкер. Біреулердің етегіне ерген жас қыздар өздерінің алдында не күтіп тұрғанын білмей,нәпсі қуып,зор мақсат жетелеп, артынша балалы болып, ол баланы асырауға жағдайы жетпейді. Әрине, сосын ол өз құрсағынан шыққан баланы далада қалдырып, өз болашағына, баланың болашағына балта шабады.
 
    Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінез-құлықн қалыптастыратын тәлімдік мұра.







"Зорлық-зомбылықсыз қарсымын"

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.
Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.
Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар.
Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.
Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.
Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар.
Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен.
Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық.
«Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек.
Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.
Зорлықтың түрлері:
- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;
- Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.
Қазақстандағы тұрмыстық зомбылық туралы заңды қабылдау қажеттігі туды.Зорлық зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі адамзат әлеуетіне қажеттігі де туындап отырғандығын ескертеді.
Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді.
Заң жобасының негізгі мақсаттары
- Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беруді көтермелеу.
- Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау.
- Тұрмыстық зомбылықсың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу
Аталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтарын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету.
Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу керек ісі болып табылады.
Тұрмыстық зомбылық қылмыстық іс болып табылады.
Бұл қасақана адам денесіне жүйелі зомбылық әрекет немесе ұрып соғу жолымен денесіне зақым келтіру немесе психологиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.
- Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квилификацияланады:денеге әсер ету, кемсіту, сөзбен тиісу, үй тыныштығын бұзу, азаматтарды сыйламау, жеке өміріне қол сұғу.
- Зорлықшы әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері де, болмаса қылмыстық істер де байқалмайды. Бірақ ол өзінің мінез құлқы мен жәбірленушінің өміріне қолайсыз жағдайлар жасайды.
Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.
Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттілігі туды.
Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.
Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті...



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Тәрбие сағатты қазіргі таңдағы проблема болып отырған таұырыпьа өрбейді, яғги зорлық - зомбылық. Зорлық - зомбылыққты көріп жүрген үлкенде кішіде бар осыны алдын алу және оқушыларға тәрбие бере отырып, болашақта ондай қадамдарға бармауға тәрбиелеу. тасанды бала, жетім үйдегі балдардын мұны, үй тауқыметін көрмей жүрген ана мен баланың бейне көрністерін көрсету.

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров6848
Номер материала 282981
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх