Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Менің болашақ мамандығым" атты тәрбие сағаты

"Менің болашақ мамандығым" атты тәрбие сағаты

Скачать материал

Күні: 11.03.14

Тақырыбы: Менің болашақ мамандығым

Мақсаты: оқушы бойында мамандық таңдауға деген жауапкершілік қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа қарай бағыттау.

Көрнекілігі:

Жүру барысы:

І. Кіріспе сөз

Ең қиын мамандық - адам боп қалу

Хосе Хулиан Марти

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. 

"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. 

Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.

Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлену қажеттілігі. 

Мамандық таңдаудың екі әдіс-тәсілі бар:
Бірінші әдісі- сынақ және қателік, адам нағыз қажетті мамандықты таппайынша адаса жүріп әр түрлі салаларда жұмыс істеуіне болады, бұл оған жақсы өмір сыйлаумен қатар, еңбектің қуанышын сыйлайды. Бұған адам өмірінің жартысы кетуі мүмкін.


Екінші әдіс- қандай мамандық таңдаса да, әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану, өзінің қызығушылығын, қабілетін ойын, есте сақтауын, қабылдауын, жүйке жүйесінің қалыбын білу.
Өзің туралы білген соң, мамандық әлеміне танысуға, сол мамандықтағы өз мүмкіншілігін білуі қажет.
Тағы бір үшінші жол бар. Ол-өзінің ата-анаңның, атаңның немес бабаларының мамандығын таңдау. Мұндай жағдайда егер отбасында мамандықтың ұрпақтан-ұрпаққа берілу дәстүрі болғанда таңдауға болады. Бірақ ең бастысы-адаманың өз мамандығына деген қарым-қатынасы, өз ісіне деген сүйіспеншіліктен туындамақ.


 

ІІ. «Мен мамандық әлеміндемін»

Кеңес үкіметінің психологі Е. Климовтың ұсынған теориясында мамандықтар әлемін 5 типке бөлген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Адам-табиғат». Кәсіптер: тұқым өсіруші, зоотехник, агроном, кинолог, химиялық-бактериологиялық зертханашы, мал өсіруші шебер және т.б.

«Адам-техника». Кәсіптер: үңгуші, ағаш шебері, инженер-механик, сәулетші, электромонтаждаушы, құрылысшы, техник-металлург, радиомеханик, компьютер құраушы, телекоммуникациялар жөніндегі маман т.б.

«Адам-адам». Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы адамдар болып табылады.

«Адам-белгілік жүйелер». Кәсіптер: аудармашы, сызушы, инженер, топограф, машинист-хатшы, бағдарламашы т.б.

«Адам-өнер». Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы – шығармашылық бейне, оны құру әдістері.

ІІІ. «Тізбекті үзбе» ойыны

Қатысушының бірі мамандықты айтады, келесі оқушы аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықты атайды.

IV. «Қазіргі заманның әрі тапшы, әрі табысты мамандары»

ХХI - ғасыр  адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы  ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.

Ол негізінен, ақпараттық технологиялардың ұшқыр дамуына, қызмет көрсету және саладағы еңбекті жіктеу ережесінің түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде "Сонда, ол маман немен шұғылданады?" деген сауал туындайды. Бірақ даму жолына түскен компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз мекемесінде "орын әзірлеп" жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:

 

бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман;

логистик - бұл мамандық  туралы естуіңіз бар шығар. Қысқаша айтқанда, бұл - жүк тасымалын қадағалайтын маман;

промоутер - компанияның өнімді сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкілі;

супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман;

веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман;

копирайтер - сайт үшін контент құрушы;

коучер - қызметшілердің потенциалын өсіретін маман;

интервьюер - әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;

девелопер - жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман;

сомелье - ресторандарда сусындардың тартылуына (дұрыс құйылып, қонаққа берілуіне) жауапты кәсіби маман;

джобер –  оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды;

рецепшеонист – тұтынушылар қабылдау және келушілерді тіркеумен шұғылданатын қызметші;

Аниматор -суретке жан бітіруші.  Мультипликатор – мультфильмдерге арналған суреттер салушы. 3 D аниматор – үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер.

Витражист – көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар.

Декоратор – түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші.

Интерьер дизайнері – үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар.

Импрессарио немесе продюсер – түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушы.

Көркемдік әрлеуші – көшелерде ілінген жарнамаларды, сауда орындарын, қоғамдық тамақтану залдарын әсемдеушілер.

Клипмейкер – бейне және дыбыс жазу маманы.

V. «Бұл кім?» кәсіби бағдар ойыны

Мұғалім бір мамандықты айтады, оқушылар өздерінің ішінен сол мамандыққа кім көбірек үйлесетінін, және не себепті сол оқушыны таңдағандарын айтуы керек.

VI. «Менен сұрақ, сенен жауап»

1.      Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?

2.      Сен ол мамандық туралы не білесің?

3.      Мамандық таңдамауыңның себебі неде?

4.      Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?

5.      Қай жақта оқығанды ұнатасың?

6.      Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?

7.      Адамның мамандық таңдауына оның әлеуметтік жағдайы әсер ете ме?

VІІІ. Жағдаяттық сұрақтар

1.      Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен не істер едің?

2.      Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?

Қорытынды.

Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады. 

Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс. Өз қалауыңызды білесіз, бірақ мамандығыңыздың қалай аталатынын білмейсіз. Бұндай жағдайа психолог-профконсультант (мектеп психологтары), мектеп мұғалімдері, оқу орындарының оқытушылары, ата-анаңыз, туған-туыстарыңыздың көмектеріне жүгінгеніңіз жөн.

Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Менің болашақ мамандығым" атты тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 236 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.12.2015 29090
    • DOCX 32.5 кбайт
    • 1106 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Доскалиева Гаухар Мураткалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37387
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налог на прибыль и учет доходов/расходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе