Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалы"Менің құнды қасиеттерім" (10 сынып)

"Менің құнды қасиеттерім" (10 сынып)

Скачать материал

«Шетпе лицейі» мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Менің бойымдағы құнды қасиеттер»

Психологиялық тренинг

 

Өткізген:педагог-психолог: Айтова Г.Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            2017-2018 оқу жылы

Тақырыбы: «Менің бойымдағы құнды қасиеттер»

Мақсаты: Өмірде  адам өзі байқамайтын  құндылықтарды бағалау. Таңдау қабілетін, өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту, пікірін анықтау және негіздеп айта білу.

Уақыты: 1с. 30м.

 Материалдар: қағаз (А3 парақтары, А4 қағаз, ватман); қайшы; желім; бояу; қарандаш;  фломастерлер; журналдар және т. б.

Кіріспе:

 - Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Cіздерді көргеніме өте қуаныштымын! Бүгінгі тренинг сабағымызда маңызды тақырыпты талқылайтын боламыз.Біз сіздермен бірге, өзімізді, өз құндылықтарымызды түсініп, құрдастарымызбен  ұқсастықты білетін боламыз.

Аңыз бойынша, бірнеше мың жыл бұрынғы Ежелгі Грекияның жеті дана ақсақалдары, Дельфадағы Аполлон ғибадатханада жиналып, қабырғаға:  "Өзіңді-өзің таны" - деп жазады. Қалай ойлайсыздар,  бұл сөздер нені білдіреді? Адами құндылықтар дегеніміз не? Әр адам үшін құндылықтар әр түрлі, ендеше бүгін, сіздің сынып оқушылары үшін құнды, бағалы не екенін білетін боламыз.

Біздің тренингіміз қызықты және жемісті болу үшін белгілі бір, ережелерді ұстану қажет. Мен солардың кейбіреуін атап өтейін:

1. Белсенді болу.

2. Қарым-қатынас принципі бойынша "осында және қазір" деген қағиданы ұстану.

 3. Микрофон заңы.

 4. Ізгі ниет білдіру.

1. Белсенділік заңы. «Сіз қандайда бір жаттығуға қатыспауыңызға болады. Өз ойыңызды алдын ала білдіріңіз».

2.«Қазір және осында» заңы. Тренинг барысында болып жатқан оқиғалар , сол жерде , сол уақытта болып жатқандығын, сол кезге тән екендігі және ол өткенмен де, болашақпенде байланысты еместігін түсіндіріп, оны сыртқа шығармау қажеттігін .

3. Микрофон заңы. Бұл заң кімнің қолында микрофон болса, сол сөйлейді қағидасын көздейді.

4.Бұл заң келесі формада беріледі: «тренингке қатысушылардың барлығының өзіндік жетістігі мен кемшілігі бар. Сондықтан басқаның ерекшелігіне сабырлықпен,шыдамдылықпен қараңыз».

 

Негізгі бөлім.

1.     Жаттығу «Ассосиация»  

«Құндылық» сөзін айтқан кездегі, ассоциацияларыңды айтыңыздар.

2.      «Кім екеніңді біл» Ойын

Мақсаты: оқушыларға өмір құндылықтары туралы білімін нақтылау.

     Кәзір сіздермен бірге,  өздеріңіз атаған құндылықтарды және кейбір басқа да ұғымдарды, сезінуге арналған , шағын сюжетті-рөлдік ойын өткізейік. Яғни, әр оқушы белгілі бір рөлді алады: бұл әр түрлі құндылықтар .Ойын ережесі мынадай: қазір мен кейбір қатысушылардың  басына шеңбер кигіземін, онда оның рөлінің атауы жазылған, бірақ ол нақты қандай рөл екенін әлі білмейді. Кімге қандай рөл бұйырғанын, өзінен басқа барлығы көріп отырады.  сонымен әрбіреуіңіздің міндетіңіз өзін білу және "Мен кіммін?" - деген сұраққа жауап беру. Шеңбер бойынша, оң жақтан бастап кезекпен табамыз. Барлық қатысушылар бұл ұғымды тікелей атамай, оны сипаттауы керек. Қатысушы өз рөлін тапқасын, келесі қатысушы «өзін біледі» және әр қатысушы сыныптың көмегімен өз рөлін тапқанша жалғаса береді. Егер ереже түсінікті болса, біз бастаймыз.                                                  Құндылықтар: махаббат, бақыт, достық, адалдық, шындық, отбасы, түсіну, ізгілік, сұлулық, өмір, бейбітшілік, денсаулық, байлық, күш, нәзіктік. Мансап ( белгілі бір дәрежеге жету)Таза табиғат.Ата – ананың денсаулығы.Сәттілік.

3.     Аңыз:  Бай отбасының әкесі, бір күні, өзінің кішкентай ұлын, адамдар қаншалықты кедей болуы мүмкін екенін, көрсету үшін ауылға фермаға апаруға, шешім қабылдайды. Олар  фермада өте кедей отбасының үйінде бір күнді өткізеді. Олар үйлеріне оралған кезде, әкесі ұлынан сұрайды:

 — Саған саяхат ұнады ма?

— Әке,  бұл өте керемет болды!

—Адамдар қаншалықты кедей болуы мүмкін екенін көрдің ба? — деп сұрады әкесі.

— Иә.

— Осыдан сен неге үйрендің?

 — Біздің үйде ит бар, ал оларда төрт итті көрдім. Біздің бақшада бассейн бар, ал оларда — шеті көрінбейтін бухта бар. Біз өз бақшамызды шамдармен жарық қыламыз, ал оларға жұлдыздар жарық қылады. Біздің ауламыз дуалмен қоршалған, ал оларда — кең дала.

Баласының бұндай жауабына әкесі таңғалады.

 Ал ұлы: — Рахмет, әке, маған бұл адамдар қаншалықты бай екенін көрсеттің - дейді.

Денсаулық, достар, отбасы, сүйіспеншілік, жақсы көңіл-күйді  сатып алуға болмайды.

 

4.      «Менің құндылықтар әлемім» жаттығуы

Мақсаты: Өзінің және өзгелердің құндылықтарын ұғыну.

Нұсқау: Қағазға сіздің өміріңіздегі ең маңызды 5 құндылықты жазыңыз,  оларды маңыздылығы бойынша нөмірлеп шығыңыз. Шеңбер бойынша кезекпен оқып шығу.

Талқылауға сұрақтар:

-       Қандай ортақ құндылықтар болды?

-       Неге нақ осылар анықталды?

-       Неге өмірде жеке құндылықтардың болуы маңызды?

5.       "Құндылық" түсінігі психологияға философия және социологиядан келді. Құндылық – тұлғаның психологиялық құрылымының бір бөлшегі. Өмірлік құндылықтар өте маңызды, өйткені олар өзімізді,  біздің қарым-қатынасымызды,  мінез-құлқымызды және шешімдерімізді қалыптастырады. Сондықтан, өмірлік құндылықтарды анықтамай, өзінің өмірін  қалағанымыздай құру мүмкін емес. Сондықтан өмірде не маңызды екенін түсіну үшін, алдымен өмірлік құндылықтары анықтау керек. Кейде құндылықтар туралы сұрақ туындағанда, оған жауап беру өте қиын. Тіпті ең батыл адам бірден ол үшін бірінші не маңызды болып табылатынын анықтауда қиналады. Өмірлік құндылықтар бір күнде пайда болмайды. Олар – біздің тәжірибеміздің нәтижесі. Адамның өмірлік құндылықтары бала кезінен қалыптасады. Бұл процесте үлкен рөл ойнайтын, біздің ата-аналарымыз, мұғалімдер, оқитын кітаптарымыз, біз көретін фильмдер, қарым-қатынас жасайтын адамдар және сайып келгенде, өмір сүріп отырған қоғам. Адамның өмірлік құндылықтары – бұл оның бүкіл өмірінің мәнінің іргетасы.

Құндылықтарға, мыналар жатады:

1.     Денсаулық

2.     Махаббат, отбасы, балалар, үй

3.     Туыстар, достар, қарым-қатынас

4.     Жұмыста өзі-өзі жетілдіру.Жұмыстан қанағат алу

5.     Материалдық әл-ауқат

6.     Рухани құндылықтар, дін

7.     Бос уақыт – қызығушылық, ойын-сауық

8.     Шығармашылық өзін-өзі жетілдіру

9.     Білім алу

10. Бостандық (таңдау бостандығы, сөз бостандығы т.б)

6.     «Сиқырлы қол» жаттығуы.

Нұсқау:Әр қатысушы  қағаздың жоғарғы жағына өз атын жазады, содан кейін  өз қолын қарындашпен бастырып шығады. Әрбір саусаққа қандай да бір өзінің қасиетін жазу керек, саусақтарды түрлі түсті боямен бояуға болады. Содан кейін "алақандар"  шеңбер бойынша жүреді және басқа да қатысушылар

Талқылау: Өзің  туралы не білдің? Өзіміз туралы жазылған қасиеттер рас па?Қабылдаймыз ба?  

7.      Жаттығу:  «Құндылықтар коллажы (арман)»

Мақсаты: Мақсатын анықтау, қалауын айқындау.

Уақыты: 40м

Материалдар: парақ А4 форматты қағаз, фломастерлер; коллаж үшін материалдар дайындау: газеттер, журналдар, открыткалар, бояулар, қарындаштар, фломастерлер, ПВА желімі, қайшы, музыкалық жазба.

Рәсім: 1. өмірдің түрлі салаларында не туралы армандайсың ойлан.  Кем дегенде,  5 аймағы ескерілуі тиіс: қарым-қатынас, отбасы, материалдық саласы, өзін-өзі жетілдіру, денсаулық.  Сен қай саласын толықтырар едің, саралаймыз,  бірақ басқаларын да ұмытпау керек. Енді әр түрлі суреттерді құрастыру арқылы, коллаж жасаңдар . Егер лайықты суреттер таба алмасаң суретін салу керек. Дайын шығармаға атау беріңдер. Сіздерге жемісті жұмыс және сәттілік Тілеймін.

Талқылау үшін сұрақтар:

 Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Бұл тапсырманы орындау оңай болды ма?

 2. Қандай қиындықтар  болды?

Қорытынды.

8.     «Күннің шуағында » Жаттығу

Өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтау, оларды қиын жағдайларды жеңу үшін ресурс ретінде қолдану.

 Нұсқау: Қазір сіздің міндетіңіз кішкентай балалар сияқты күннің суретін салу.  Қағаздың ортасына шеңбер және көптеген шуақтарын салыңыздар. Шеңбердің ортасына өз атыңызды жазыңыз. Әрбір  сәуленің қасына өзіңіз жайлы жақсы нәрсе жазыңыз. Бұл қағазды  өзіңізбен бірге барлық жерде алып жүріңіз.Ал егер сіздің көңіл-күйіңіз болмаған кезде, осы күнді алып, оған қараңыз және сол қасиеттерді не үшін жазғаныңызды еске түсіріңіз.

Рефлексия

 келесі сөз тіркестерін жалғастырыңыз:

 Маған ..........ұнады.

Маған ............ пайдалы болды.

Сіздің тілегіңіз................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хаттама

Тренинг тақырыбы: «Менің бойымдағы құнды қасиеттер»

 Мақсаты: Өмірде  адам өзі байқамайтын  құндылықтарды бағалау. Таңдау қабілетін, өзін-өзі бағалау дағдыларын дамыту, пікірін анықтау және негіздеп айта білу.Адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту. Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту.Балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру .

Қолданылған көрнекіліктер: ереже, интербелсенді тақта.

Өткізілген уақыты:   09 Ақпан 2017-2018оқу жылы.

Қатысқандар:10 - сынып оқушылары.

 

Тренинг барысы.   «Шетпе лицейі» ММ – де ақпан айында  9-11 сынып оқушылары арасында  «Менің бойымдағы құнды қасиеттер» тақырыбында тренинг жүргізілді.

Оқушыларға жүргізілетін тренинг мақсаты, ережелері толықтай таныстырылды. Тренинг барысында адам үшін өмірдің құндылығын, оның қымбат екендігі жөнінде мағлұматтар беріліп, «Майшам», «Кім екеніңді біл» «Күннің шуағында » ,  «Құндылықтар коллажы (арман)», «Сиқырлы қол» жаттығуларын қызығушылықпен орындады.

Қорытынды: Қатысқан оқушылар тренингке қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, жаттығуларды ықыластарымен орындап, өзінің және өзгенің құндылықтары туралы білуге мүмкіндік алды.

 

Психолог:                   Айтова Г.Н.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Менің құнды қасиеттерім" (10 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 674 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.03.2018 3638
    • DOCX 26.8 кбайт
    • 22 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кунтуарова Айдана Азанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кунтуарова Айдана Азанқызы
    Кунтуарова Айдана Азанқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31516
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные проблемы психологической поддержки детей и подростков с учетом концепции развития психологической службы в системе образования в Российской Федерации на период до 2025 года

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 312 человек

Курс повышения квалификации

Инновации в патопсихологии детского возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс повышения квалификации

Психологические особенности обучающихся с сахарным диабетом

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Мини-курс

Спортивная подготовка: теория и практика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Самоконтроль и организация отдыха

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе