Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Мені шабыттандырады, мен шабыттандырамын" өзін - өзі тану пәні эссе

"Мені шабыттандырады, мен шабыттандырамын" өзін - өзі тану пәні эссе

Скачать материал

 

ШҚО, Глубокое ауданы, Верх – Березовка кенті

«Верх – Березовка орта мектебі» КММ

Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі: Мырзаханова Сая Торехановна

 

Ш. А. Амонашвилидің «Улыбка моя, где ты?»  еңбегіне пікір

 

Мен өзін – өзі тану пәнінен сабақ бергеніме бірер жылдың көлемі болды. Осы пән арқылы мен айнала, айналадағы адамдардың қарым - қатынасы, рухани адамгершілік, шынайы қуана білу, біреудің қуанышы мен қайғысын бөлісу  сияқты адамзат бойындағы қасиеттерге терең бойлап, сусындағандаймын.  Ш. А. Амонашвили еңбектерінен осы айтылған рухани адамгершілікті, шынайылықты көруге болады. Мәселен, Амонашвилидің «Улыбка моя, где ты?»,  «Как любить детей», «Школа жизни», «Об оценках» атты еңбектері педагог мамандарды заманауи бала тәрбиесіне көңіл бөлуге шақырады. Яғни, бұл еңбектерден бұрынғы авторитарлық тәрбиеден гуманды тәрбиеге  ауысатын кез келгендігін анық ұғынуға, түйсінуге болады.

«Улыбка моя, где ты» атты еңбегін оқу барысында алдымен кітаптың тақырыбына көңіл аудардым. «Қалай аударсам? «Улыбка» сөзіне қандай балама берсем? Қай сөз жақынырақ осы кітаптың мазмұнына?»  - деп ойландым. «Күлкі», «Күлімсіреу», «Езу тарту», «Күлу» немесе тағы қандай балама бар?  Әлде шынайы күлу ме, әлде шынайы қуану ма? Білмедім... «Қайдасың менің, шынайы күлкім?» деген тоқтамға келдім. Автордың шығармасы Марианна Озолиняның «Кто улыбкою жизнь встречает» атты өлеңімен бастаған. Өлеңнің өн бойынан қандай іс – әрекет жасасаң да тек қуанышпен, күлумен, күле жүріп өмірді қарсы алуға, балаңды мейіріммен күле жүріп құндақтауға, қандай қиындық болса да мойымай күле қарсы тұра білуге шақыра келе,  күннің шапағы да күлімдеп жылуын, сәулесін, нұрын мейіріммен жер бетіне шашатынын,  адам баласы бәрін жеңе алатынын, адамзат деген ұлы атқа лайықты болатынын осы өлең жолдарынан  дөп басып көрсете білген.

Амонашвили оқушылардың жан дүниесін, олардың ішкі ойлары мен істерін зерттей келе, мұғалім мен оқушы арасындағы  «қатып қалған» авторитарлық стильді өзгерту керек екендігіне баса назар аударып, өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білген. Мысалы: «В этих учебниках — и в прежних, и в современных — я вычитываю «научные» сведения о неких высушенных традиционным авторитаризмом понятиях, приемах, принципах, методах, законах и тому подобных вещах, которые тянут меня в болото формализма и равнодушия, внешнего благополучия и показухи..» - деген сөздерінен-ақ мен расында да мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың шектеулі - авторитарлық түсінік, әдістер, принциптердің қазіргі заман талабына, ондағы өскелең ұрпақтың дамуына сай еместігін аңғардым. Заман даму үстінде, «Заманына қарай адамы» демекші әлемдегі болып жатқан өзгерістерге төтеп бере алатындай ұрпақ тәрбиелеу әрине ұстаздардың құзіретінде екенін Амонашвили дөп басып айтты. Балаларды тәрбиелеу, рухани адамгершілік қасиетке ие азамат қалыптастырудың жолдарын көрсете білді: «Улыбка» сөзін ешбір педагогикалық оқулықтардан, сөздіктер мен энциклопедиялардан көре алмаған автор оқырмандарына «Сіз кездестіре алдыңыз ба?» -  деп сауал түрінде қоюының өзі мені ойландырды. Шындығында да біз ұрпақты тәрбиелеуде, және өзіміз білім алған кезде де осы сөзді педагогикада кездестірмегенбіз бе? «Учебники по педагогике были безжизненными и

сто лет тому назад. И как ни раздвинула наука свои границы, они и сегодня такие же: хмурые, сухие, строгие, грубые, требовательные и приказные, самодовольные и авторитарные» - ия шынымен де солай екен ғой... «Жақсы сөз – жарым ырыс» - деп ата – бабамыз тегін айтпаған, сондықтан қамшының сабындай қысқа өмірде тек қуанышпен, шаттықпен өмір сүрген абзал. Автордың да айтпағы осы -  ұрпақты мейірімге бөлеп тәрбиелеу.

Амонашвилидің бұл еңбегінде  жансызға жан бітіру «кейіптеуді» нәзік жолмен оқырманға жеткізе білді. Мысалы: ғарыш – мәңгілігімен; аспан – жұлдызарымен және жаңбырдан кейін әртүрлі түспен күлімдеп шығатын кемпірқосағымен; күн – жарығымен, сәулесімен; жер – ұлы өмірімен; өмір – асқақтығымен – дей келе, кім күле біледі сол – өмір сүреді деген тұжырымға келеді. Мұғалім жүрекпен күле білсе ғана мұғалім. Бала өзіне емес өзгелерге күлімсірейді, гүл де басқаларға шаттық сыйлау үшін өседі, күн де шапағын өзі үшін емес өзгелер үшін шашады, жаңбырдың жауғаны да жер үшін т. с. с. Автор еңбегінде нені меңзегісі келді? Әрине, айналамызға шаттық сыйлау, жақындарымымызға, достарымызға, әріптеске, ұстаз оқушыға, оқушылар ұстазға, өздеріне, тіпті табиғаттың өзі де бір - біріне күлімдеп қарап, жылуын, шуағын шашашатындығын дәлелді оймен, тұжырыммен, мысалдармен шебер жеткізе білген. Біз көбінесе осы уақытқа дейін «Ана» сөзінен (әйел, қыз бала, бір сөзбен айтқанда нәзік жандардан) ғана мейірімді іздедік, бүкіл әлемдегі жақсылықты бойына жинадық. Әрине «Ана»  ұғымына тең келер еш нәрсе жоқ екені шындық, бірақ  мейірімді барлық бізді қоршаған дүниеден, адамзат баласынан, тіпті жас сәбиден  алу керектігін міне Амонашвили өз еңбегінде толық дәлелдеп берді деп ойлаймын.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мені шабыттандырады, мен шабыттандырамын" өзін - өзі тану пәні эссе"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 305 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2017 2586
    • DOCX 18 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мырзаханова Сая Торехановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мырзаханова Сая Торехановна
    Мырзаханова Сая Торехановна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74996
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Государственная политика и федеральные программы в сфере общего образования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личностный рост и развитие: инструменты для достижения успеха

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 845 человек из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 422 человека