Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыМерекелік іс-шара. "Жасыл шырша жанында" Бастауыш сыныптар

Мерекелік іс-шара. "Жасыл шырша жанында" Бастауыш сыныптар

Скачать материал

«Жасыл шырша жанында»

/Бастауыш сыныптар арасында өткізілген мерекелік шара/

Қатысушылар: Мектепалды даярлық «А» және «Б» тобы, 2 «А»және 2 «Б» сыныптары

Басталуы: ( көңілді әуен ойналып тұрады,ортаға сиқыршы шығады,шыршаның шамдары өшіп тұрады)

Сиқыршы: /даярлық тәрбиешісі Ж.Баяхметова/

Сыйқырлы таяқша жандан,

Орындалсын арман! Суф-суф!(шыршаға сиқырлы таяқшаны тигізгенде шамдар жарқырап жанады)

Армысыздар халайық, армысыздар ата-ана,

Қамқоршысы қорғаны сіздерсіздер балаға.

Құтты болсын бүгінгі, жаңа жылың шуақты,

Құт әкелсін ырыс пен пейіл берсін баршаңа.

Тай тұяғың қалмастан жиылыңыз кешіме,

Жарқыраған жаңа жыл қалсын мәңгі бір есте,

Арманымыз асқақ боп жаңа жылмен жадырап,

Ілесейік ілгері, қадам басып бұл көшке.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын құрметті ұстаздар, жиылған ата-аналар, оқушылар! Ергежейлілер елінің шаһарындағы Жаңа жыл мерекесіне қош келдіңіздер!

« Келіп жеткен жаңа жыл табысты, шуақты, жайлы, жадыраңқы боп келсін! Әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш ,бақыт пен береке,тоқшылық пен тыныштық әкелсін! Еліміздің іргесі тыныш, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміздің ертеңі кемел болсын!» -деген тілекпен мерекелік құттықтау сөзді мектебіміздің басшыларына береміз!

(Мерекелік құттықтаулар)

Сиқыршы:

Кел жаңа жыл біздерге, кел жаңа жыл, жаңа нұр,

Қарсы алайық өзіңді жаңалыққа балап бір.

Бақыт нұры төгілсін, шуақ күні көрінсін,

Жаңа жылда ән айтып, ақтарайық жаңа сыр!- дегендей, қане, ергежейлілер елінің кішкентай тұрғындары босқа қарап тұрмайық, жаңа жылды тойлатайық, ән салайық,жырлайық! Шаттанайық, күлейік, көңілдірек,қанеки, көңілдірек «Буги-буги» үйректер биін билейік.

Би: «Буги-буги»

Сиқыршы:Балалар, бізге сонау қиыр шеттен  Санта Клаустар яғни, аяз аталар келіпті,өздерінің сый-сияпаттары бар секілді, қане солардың өнерлерін тамашалайық!

Ой, мыналар қатып тұр ғой! Сыйқырлы таяқшамды көмекке шақырайын.

Сыйқырлы таяқша жандан, Орындалсын арман! Суф

(Қатып тұрған Санта клаустарға сыйқырлы таяқшаны тигізгенде оларға жан бітіп билей жөнеледі.)

(Қолдарына шар ұстаған Санта Клаустар келіп билеп, қолдарындағы шарларын таратып береді де, қолдарын бұлғап кетіп қалады.)

Сиқыршы: Неткен көңілді Санта Клаустар, ия балалар?! Бүгінгі мерекелік кешімізге ерекше көңіл күй сыйлады солай емеспе, ия?!

(Есік қағылады)

Сиқыршы: Балалар, есік қағылып жатыр, бізге тағы қонақтар келген сияқты.Бұл кім екен?

(Есіктің арғы жағынан: Кішкентай ергежейлілер еліне тосын сыйлық келді, қабыл алыңыздар!)

-Тосын сыйлық, ғажап,ол қандай тосын сыйлық екен? (Оралған қораптағы сыйлықты сүйретіп әкеледі. Ішінен қатып тұрған қуыршақтар шығады)

Міне, ғажап, Балалар сендер Барби қуыршақтарын білесіңдер ме? Білсеңдер  сол Барби қуыршағы бізде бүгін қонақта, мінеки, қараңдар. Бірақ бұлар қатып тұр ғой.

Сыйқырлы таяқша жандан,

Орындалсын арман! Суф-суф!

(Қуыршақтарға тигізіп қалғанда қуыршақтар жанданып билей жөнеледі «Чунга-чанга» әуені қосылады)

Қуыршақтар: Сәлем достар, Жаңа жылдарың құтты болсын! Ал, қане тұрмаймыз, көңілдене билейміз. Біз сендерге әсем ән де ала келдік, сендер билемесеңдер біз өкпелеп қаламыз.

Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл!» Қуыршақтар

Сиқыршы: Балалар мен тоңып бара жатырмын, сендер тоңдыңдар ма (Боранның дауысы шығады,бәрі тоңған кейіп танытады.)

(Ортаға Аяздар шығады да ,бір-бірімен құшақтасып амандасады)

1-Аяз: Достарым қалдарың қалай? Мен қыс басталғалы тоңдырмаған,үсітпеген нәрсем жоқ. Үй-үйдің терезелеріне небір өрнектер салып, далаға шыққан адамдардың бетін,қолын шымшылап,қарып әбден қызыққа батып жүрмін, ал сендер қалайсыңдар?

2-Аяз: Әй,достым, менің қалымды сұрама, мен үсітіп, тоңдырайын деп барған адамдарым, үсімек тұр ғой тоңбайды да. Өткенде қар тазалап жүрген Бейімбет деген баланы шымшылап көріп едім, түк шықпады. Қайта ол мені мазақ еткендей, үстіндегі киімдерін шешіп жеңілденіп тастады.Мені тіпті кәпер де қылған жоқ.

3-Аяз: Әй ақымақ досым-ай, сені де Аяз дейді-ау! Қатты қимылдап, жұмыс істеп жүрген адамға сенің де, сенің де, менің де тіпті қандай Аяз болсын ешбірінің әлі келмейтінін білмеуші ме едің? Аяздардың әлі тек жалқауларға ғана келеді. Ұғып ал осыны.

Сыйқыршы: Охо, Аяздар сендер мұнда неғып тұрсыңдар, төрлетсеңдерші!  Бәсе,бәсе бізді тоңдырып жіберген сендер екенсіңдер ғой,Мұнда даярлық тобы балалары мен 2 сынып балалары Жаңа жыл мерекесін тойлатып жатыр. Бізбен бірге жаңа жыл мерекесін тойлатыңдар.

1-Аяз: Не дейсің ,Жаңа жыл дейсің бе?!  Жүр, достарым, көрейік. Мүмкін сен тоңдыратын билемей, ән салмай тұрған жалқаулар бар шығар, соларды тоңдырып қызыққа батармыз.

Сиқыршы: Қой Аяз батыр олай деме, мұнда бәрі көңілді, бәрі ән айтып, би билеп жаңа жылды қарсы алуға әзір ,солай ма, балалар?

Ендеше, Жаңа жылда елемейміз суығың мен мұзыңды,

Өнер десе алау кеуде алас ұрып қызынды.

Аяздарды қане, бимен таңдандырып, тамсандыр,

Бес түрлі би түрін билеп, жаңа жылды жандандыр.

(Бәрі бірге 5 түрлі би билейді)

Сиқыршы: Балалар, осы біз Тәуелсіздік мерекесін, Жаңа жыл мерекесін қай мезгілде тойлатамыз, қыстың айларын атап жіберейікші?

(Қыс айында, желтоқсан,қаңтар,ақпан)

Ақ киімді ,денелі ,ақ сақалды,

Соқыр , мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау түсі суық,

Басқан ізі сықырлап келіп қалды- деп Абай атамыз қыс бейнесін өлеңмен өрнектемеп пе еді.

Олай болса, бізге осы Қыс анамыз өзінің сүйікті үш қызын жіберіпті, қане қарсы алайық;

(Бәрі бірге: «Қош келдіңіздер қыс айлары»- дейді. Ортаға: Желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары шығады)

Желтоқсан:(Ү.Мұқаметжанова,сынып жетекші)

Жүздерің неткен жарқын балаларым,

Желтоқсан, мен сендердің аналарың.

Жаңа жыл құтты болсын сәтті болсын,

Ұшқын атсын қуаныштан жанарларың. (Құттықтау сөз сөйлейді)

Қаңтар: (А.Ердібаева, сынып жетекші)

Жаңа жылға келген бүгін қонағың,

Қаңтар деген әпкелерің мен болам.

Өсіремін өздеріңді бір жасқа,

Жетелеймін жаңа жылды алдыға. (Құттықтау сөз сөйлейді)

Ақпан: (М.Түсіпжанова,даярлық тәрбиешісі)

Ақ қардан ақ тон жамылып,

Ақ күміс сырға тағынып.

Ақпандай әпкең мен келдім,

Баршаңды бүгін сағынып. (Құттықтау сөз сөйлейді)

Жүргізуші: Рақмет сіздерге қыс айлары, бізге құр қол келмеген боларсыздар,қане қандай өнерлеріңіз бар?

(Үшеуі балаларды шырша айналдырып ән айтқызады)

Бәрі: «Ақша қар» әнін айтады.

Сиқыршы: Балалар, біз осы қай жылды шығарып салушы едік, біздің ескі жылымыз қайда, орманнан әлі келмеген бе,әлде жаңағы аяздар бір жерге қатырып қойды ма? Жан-жақтарыңды қараңдаршы көрінер ме екен?!

(Әуен ойналады да ортаға қоянды қуып қасқыр келеді, қоян шыршаның тасасына тығылып қалады)

Қасқыр: - Қап бәлем, қоян! Қайда тығылып қалды, а?!

Сиқыршы: -Қасеке, уа, қасеке сізге не болды?,

Қасқыр: Қоянды қайда тықтыңдар, айтыңдар, тез шығарыңдар!

Сиқыршы:Оу, қасеке, ашуыңды бас, мұнда жаңа жыл мерекесі өтіп жатыр, көрмейсіз бе? Мына кішкентай балаларды қорқытып жібердіңіз ғой.

Қасқыр: Жаңа жыл! Қайдағы жаңа жыл? Жаңа жыл, саңа жылыңды білмеймін, менің қарным аш, тез маған қоянды тауып беріңдер, тез!

Сиқыршы: Қасеке, біз бағанадан ескі жыл Қоян жылын шығарып салайық деп тосып , іздеп жүрсек, сіз қуып кеткен екенсіз ғой. Мұныңыз ұят емес пе, ескі жыл Қоян жылын құрметпен шығарып салуымыз керек емес пе?!

Қасқыр: Солай екен ғой,кешіріңдерші балалар, мен білместік жасадым. Ой ,ақымақ басым-ай!

Сиқыршы:

Жарайды, қасеке,қамықпаңыз!

Олай болса,

Уа халайық, халайық,

Қараңыздар,көріңіздер!

Ескі жылды шығаруға,

Тегіс көңіл бөліңіздер.

Шығарып салып ескі жылды,

Жаңа жылды қарсы алайық.

Әнге бөлеп,жырмен тербеп,

Қызыққа бір шаттанайық

Еске алайық Қоян жылы,

Өткен қызық күндерді.

Кел ортаға қоя жылы,

Қуантып мына біздерді.

(Қоян қорқып шыршаның түбінде отырады)

Қасқыр: Қоян,а, қоян! Сен мені кешір, мен білместік жасадым, мына кішкентай балалардың алдында қатты ұялып тұрмын. Саған тиіспеймін, балақайлармен бірге сені шығарып салайын.

(Қоян шыршаның тасасынан шығады)

Қоян: Мен өздеріңмен бір жыл бірге жүрдім, жақсы –жақсы істер атқардым.Енді қоштаспақпын.

Ал, достарым,достарым,

Міне, мен де қоштастым.

Келер жылың құт болсын,

Бұлт шалмасын аспаның.

Он екі ай жүрдім мен,

Қимаймын да сендерді

Қош болыңдар достарым,

Асайын асу белдерді.

Кел, қасеке екеуміз құшақтасып қоштасайық.

Сиқыршы: Рақмет, қоян жылы! Қане балалар ескі жыл қоян жылын қазақтың «Қара жорға» биін билеп шығарып салайық.

Би: «Қара жорға» бәрі билейді.

(Есік қағылады.Жалмауыз кемпір келеді.)

Сиқыршы: Жалмауыз апа, амансыз ба ?Ергежейлілер елінің жаңа жыл мерекесіне қош келдіңіз.Бізбен бірге жаңа жыл мерекесін тойлатыңыз. Айтпақшы, біз жаңа жылды тосып, қарсы алайық деп едік, сіз жолдан Жаңа жылды  көрген жоқсыз ба ?

Жалмауыз: Көрдім,бірақ айтпаймын.

Сиқыршы: Ой жалмауыз апа, неге айтпайсыз? Бізге Жаңа жыл ұлу жылы  өте қажет қой .

Жалмауыз: Ол менің қалтамда, бірақ бере алмаймын,айттым бітті қайта-қайта сұрап мазамды алмаңдар

Сиқыршы: Апа, сізге әсем ән айтып,көңілді би билеп берейік.

Жалмауыз: Жарайды, бірақ өте көңілді болмаса қалтамнан шығармаймын, ескертіп қояйын.

Сиқыршы: Жарайды ендеше, бізге әсем бір ән арқалап кішкентай Фея келіпті. Феяның әнімен кәне көңілдірек билеп, жалмауыз  кемпірді көңілдендірейік, балалар, әйтпесе қалтасынан Ұлу жылын шығармай қойып жүрер, келістік пе?

Ән: «Жаңа жыл» Аружан Айдарова

Жалмауыз: О, мына ән маған ұнады,өте ұнады. Ұлу жылын бағана ауылға кіре берісте көргенмін, ендігі келіп те қалған шығар.

Сиқыршы: Ой, Жалмауыз апа, сөйтуге бола ма екен, бізді алдамасаңызда сізге әсем ән-жыр айтып берер едік қой. Олай болса,

Келеді жаңа жыл,

Келеді жаңа жыл.

Қарсы ал, халайық,

Төгілсін жаңа нұр.

Ұлу деп аталар,

Денесі жарқырар.

Жақсылық әкелсін,

Дариядай сарқырар.-деп Ұлу жылын қарсы алайық.

 (Ортаға жаңа жыл Ұлу келеді)

Сиқыршы:

Қош келдің ,Ұлу жылы,

Қуанттың мына біздерді.

Өзіңмен бүгін бұл төрге

Шуағын шашқан нұр келді.

Ұлу: Армысыңдар, жиылған қауым! Мені қарсы алып қошамет көрсетіп жатқандарыңа қатты қуанып тұрмын.Талай жыл салып орталарыңа келдім, өздеріңмен жақсы –жақсы игі істер атқарсам деймін.

Ендеше,

 Қызықты бірге тойлайық,

Ән салып, ойын ойнайық.

Шаттығына шыршаның

Қуанайық, тоймайық!

Сиқыршы:

Балалар, ескі жылды шығарып, жаңа жылмен табыстық, бағанадан ән де айтып би де биледік. Бүгінгі мерекеге тағы бір нәрсе жетпей тұрған сияқты, ол не болды екен? Менің түк есіме түспей тұрғаны.

Балалар: Аяз ата мен Ақша қар керек!

Сиқыршы: А, солай екен ғой! Аяз ата мен Ақша қар қайда жүр екен? Жан-жақтарыңа көз салып қараңдаршы көрінер ме екен?

Аяз ата әбден қартайды деп еді, жалғыз шығып адасып кетті ме екен? Мен қазір ұялы телефонмен хабарласып көрейін.

-Алло, Аяз ата, қалдарыңыз қалай? Біздің шаһарға жеттіңіздер ме? Сіздерді мұнда кішкентай балақандар асыға тосып отыр. Жарайды,жақсы ендеше.

Балалар, Аяз ата мен Ақша қар біздің қақпамыздан кіріп келеді екен. Қане, ендеше қаттырақ дауысымызды шығарып оларды ортаға шақырайық.

Бәрі: Ау-у-у, Аяз ата, Ақшақар!

Сиқыршы:

Ау-у-у Аяз ата, Ақшақар,

Тез келіңдер, күтуде сені бұл шаһар.

Мұнда қызық сені күткен ән- жырмен,

Әсем сазды думан бар.

(Ортаға Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата:

Армысың балаларым,балғындарым,

Жиылған жаңа жылға өңкей дарын.

Алыс-алыс жерлерден әрең жеттік

Асығып көруге өнер жарқындарым.

Ақшақар:

Сәлем менің достарым,

Сәлемімді қабыл ал.

Жаңа жылың құтты боп,

Жарқырап оттай жаныңдар.

Жаңа жылда жаңаша,

Табыстарға жетіңдер

Жақсы оқып сабақты

Бақытты боп өтіңдер.

Сиқыршы: Балалар, Аяз ата мен Ақшақар сендердің жақсы-жақсы өнерлеріңді көргісі келеді.Қане, аянып қалмайық! Аяз атамыз бен Ақшақарымыз жылынсын, бәріміз бірге әдемі шыршамызды айналып «Жаңа жыл» әнін айтып берейік.

Ән: «Жаңа жыл,жаңа жыл» (бәрі)

Сиқыршы: Аяз Ата, бізге әкелген базарлығыңыз мол сияқты, балалар да сол базарлықты алуды асыға тосып тұр. Ендеше, балалардың өздеріңізге арнаған ән-жыр шашуын қабыл алыңыз.

Әнің қайда Аяз ата, Қаршаға,

Көрсет өнер ал, балалар, баршаға.

Өнеріне көрген адам сүйсінсін,

Аяз ата дайындасын сыйлығын- деп, ең бірінші даярлық «А» тобының өнерін тамашалаңыздар, Аяз ата!

(Әр сынып өз өнерлерін көрсетеді)

 (Аяз ата кәмпиттерін,сый-сияпаттарын таратады)

Сиқыршы: Аяз ата,Ақшақар, сіздерге мына балалардың өнерлері ұнады ма? Сіздердің сый-сияпатарыңыз бізге де ұнады, ал Қарша қыз сен бізге қандай өнер әкелдің?

Қарша қыз «Ұшты-ұшты» ойынын ойнатады.

Сиқыршы: Қане, балалар, Аяз ата мен Ақшақардың қайтатын уақытыда таяп қалған сияқты, ендеше сүйікті Аяз атамыз бен сүйкімді Қарша қызды ортаға алып «Біз шадыман баламыз» әнін айтайық.

Аяз ата: Ал енді ,балаларым, сендермен біраз бірге жүріп көңіл көтердім. Дем алып, сергіп қалдым. Біз енді Ақшақар екеуміз қайтайық.Алыс-алыс ауыл бар, өздеріңдей қауым бар, өнерлерің рақмет.Қош сау болыңдар!

Бәрі: Қош сау болыңдар, Аяз ата, Ақшақар!

Айман Ердібаева:

Өтті осылай жаңа жылдың дүрмегі,

Шарпымасын жүректерді мұң лебі.

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары,

Таусылмасын қуаныш, бақыт күндері.

Маржан Түсіпжанова:

Қош айтысып кетті Аяз, Қарша қыз,

Қимастықпен қол бұлғаумен қалдық біз.

Жаңа жылды қабылдадық жүрекпен,

Жалғастырып ән мен жырға салдық біз.

Үмітхан Мұқаметжанова:

Жыл келді жақсылықпен келсін игі,

Жоғалып жамандықтар кетсе игі.

Жаңа жыл жаңа бақыт, шуақ әкел,

 Бақытың баршамызға жетсін игі.

Жанат Баяхметова:

Тәуелсіздік туы бекем тұр елім,

Жұмыр әлем жұдырықтай жүрегім.

Жаңа ғұмыр, жаңа өмір, жаңа жыл,

Адамзаттың арқала ақ тілегін.-дей отыра жаңа жыл мерекемізді аяқтаймыз. Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын! Қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мерекелік іс-шара. "Жасыл шырша жанында" Бастауыш сыныптар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 188 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2016 1486
    • DOCX 22.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баяхметова Жанат Жанахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Баяхметова Жанат Жанахметовна
    Баяхметова Жанат Жанахметовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 44557
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогическое сопровождение детей с ТНР в условиях ДОУ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 466 человек

Курс повышения квалификации

Организация музыкального воспитания детей в дошкольной организации

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 715 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация услуги по воспитанию детей в специальной (коррекционной) школе-интернате

Специалист в области воспитания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 10 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 671 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 391 человек

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек